Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет5/37
Дата06.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
1638940762302 (1)

 
 
 
 



ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ИНКЛЮЗИВТІ
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ 
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім 
беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар 
немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының 
білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және 
психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі. Қазіргі таңда әр 
оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір 
талабы болып табылады. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі 
шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін 
мекттептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл 
сыныптың мақсаты: әр сыныптағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір 
сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына 
сай білім беру.
Инклюзив
— сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, 
ағылшын 
тілінен 
аударғанда 
«араластырамын» 
деген 
мағынаны 
білдіреді. 
Инклюзивті білім берудің мақсаты:
даму мүмкіндігі шектеулі 
балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, 
дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру 
жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру - мүмкіндігі шектеулі 
балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беу жүйесінде 
дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. 
Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-
біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі 
оқушыларды бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру боп 
табылады. Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «
Кемтар балаларға 
әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау 
туралы
» № 343 заңы бойынша ПМПК, ТДТ, ППТК, ППТК сыныптары үйден 
оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) 
бағдарлама бойынша 5 түрлі куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі 
балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, 
оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже 
тәртіптерінде қаралған. Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар 
балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда 
қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың 
қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция 
процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.Инклюзивті 
оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында –тобында оқиды және 
дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай ( жеке балалар күннің 
жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. 
Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, 
сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі. Толық дамуында 


10 
ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым 
топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-
аналар көрсетеді. Кемтар балалардың ата-аналары көмекші не арнайы 
мектептерге, арнайы интернаттарға немесе балабақшаға баласын бергісі 
келмесе жалпы балалалар оқитын мектептерге ПМПК-ның ұсыныс бойынша 
жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім 
беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша 
көрсетілген баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге 
тәрбиешілермен мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. 
Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын 
жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, 
сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай 
қалыптастырудың идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру 
жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан 
жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды. Инклюзивті 
бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру 
мүмкіншілігін қалыптастырады. 
Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу 
орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік 
береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым 
іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына 
қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық 
балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім 
алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру 
балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ 
берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту 
мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері 
бар балалардың жағдайын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан 
мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. 
Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және 
әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды 
айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға 
балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы 
қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне 
жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет