Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
18-дәріс. Пунктуацияны меңгерту әдістемесі
Жоспар:
1. Пунктуацияны оқытудың әдістері.
2. Пунктуацияны оқытудың кезеңдері мен ұстанымдары.
3. Пунктуациялық дағдыларды қалыптастырудың негіздері.
4. Пунктуациялық жаттығулар мен талдау түрлері.
Пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндеттері. Пунктуация және синтаксис. Пунктуация және мәнерлеп оқу. Пунктуация және интонация. Пунтуациялық ережелерді оқыту. Пунктуациялық қателер мен оларды болдырмау әдістемесі. Пунктуациялық жаттығулар мен талдау түрлерін түсіндіру. Қазақ пунктуациясы – қазақ тыныс белгілері жөніндегі ережелердің жиынтығы. Ол – тыныс белгілерінің түрлерін және олардың әрқайсысының қызметін қарастырады.
Қазақ тілінің пунктуациясы грамматикаға, мағынаға және интонацияға негізделеді, екінші сөзбен айтқанда, сөйлемнің грамматикалық құрылысына мағынасына қарап қойылады.
Қазақ пунктуациясының негізгі қызметі – тілдің ішкі заңдылықтарына сүйеніп, сөйлеуді сөйлемдерге, сөйлемдерді белгілі бір бөліктерге бөліп, ажыратып жазу және оларды дұрыс, мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуға, сонымен бірге жазылған ойды я оның бөлшектерін дұрыс түсінуге мүмкіндік жасау.
Пунктуация жазу мәдениетін көтерсе, интонация оқу, сөйлеу мәдениетін арттырады; пунктуация жазу арқылы ой білдірудің құралы болса, интонация – ауыз екі тілде ой білдірудің құралы. Қазақ пунктуациясы мағынаға, грамматикаға және ішінара интонацияға негізделеді; бұл жағдайда қазақ тыныс белгілерінің бір мағынаны білдіруіне және белгілі бір қызмет атқаруына тірек бола алады.
Қаза пунктуациясының қызметін сөз ету дегеніміз – қазақ тілінде қандай тыныс белгілерінің барын, оларды қандай мағына білдіретінін және қолданылуын баяндау.
Пунктуациялық ережелерді түсіндіріп, сабақ барысында талдау жүргізіп отыру қажет.
Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
Достарыңызбен бөлісу: |