Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан Республикасы Шардара ауданы


З.Ахметованың «Шуақты күндер» кітабындағы ата бейнесі



бет22/24
Дата06.01.2022
өлшемі181 Kb.
#14383
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
З.Ахметованың «Шуақты күндер» кітабындағы ата бейнесі

Б.Момышұлының келіні Зейнеп Ахметованың атасы жайындағы естелік кітабы – отбасылық қарым-қатынастағы шешуі қиын түйткілдерге толы сәттерден қалай шығып, атасының ғибратты сөздерін көкірегі ояу келіннің көңілге түйіп, күнделік ретінде жазған жазбаларынан алынған жиынтығы. «Шуақты күндердің» кіріспесінде автор былай деп жазады:

«Атам туралы көрнекті әскери қолбасшылар, атақты жазушылар, белгілі журналистер жазды.Ақындар поэма, өлең арнады. Кино экранына, театр сахнасына шығарды. Осының бәрінен кейін ата жөнінде қалам тарту үлкен жауапкершілікті, нақытылықты талап ететінін қорқып та, қуанып та мойындаймын. Өйткені мен жазушы да, ақын да емеспін. Мен тек атамның келінімін. Тұла бойы қайшылықтарға тұнып тұрған, қайталанбас адамның биік шаңырағының кең дастарханын ұстаған, шамам келгенше иіліп қызметін істеп, өнегелі өсиетін де, өңменімнен тесіп өтер айқайын да естіген маңдайлы келінімін. Атам көпке ортақ, ел-жұртының, халқының адамы еді. Дегенмен, аз жыл болса да атамды күту құрметіне ие болып, үнемі үнін естіп, сәт сайын дидарын көріп алдында жүрген туған келінімін...

Мен өз жазбаларымда атамның асыл бейнесіне титтей де көлеңке түсіруден аулақпын. Барынша әділ болуға, шындықты бүркемеуге тырыстым, өйтпесем атамның өлмес рухы алдында кешірілмес күнәлі адам болар едім.»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет