Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан Республикасы Шардара ауданы



бет20/24
Дата06.01.2022
өлшемі181 Kb.
#14383
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Авторлық бағдарлама Бауыржан

Айтылмаған ақиқат

Бауыржан Момышұлының 30 томдығынан (2010ж) «Айтылмаған ақиқат» кітабынан өмірінің әр кезеңіндегі әр түрлі қызметте жүрген кезіндегі кездесулер, оқиғаларды қамтыған әңгімелермен танысу. Көпшілік біле бермейтін жаңа қырларымен таныс болу. Оқушылардың қалауымен сол әңгімелер бойынша «Мен қандай шешім қабылдар едім?» деген тақырыпта эссе жазу.



Алыстан сәлем жолдаймын (Хаттары)

Бауыржан Момышұлы өмірінің әр кезеңінде өкімет басшылары, әскери әріптестері мен қаламгерлерге, дос-жарандарына, жақындарына жазған хаттарының мазмұнымен танысу. Әскери-эпистолярлық жанрда алғашқы жазушылардың бірі болып саналатын Бауыржан Момышұлының хаттарынан ерекше тіл нақыштарын, терең ой иірімдерін, тартымды мазмұнды байқауға болады.

М.Әуезовке, Қ.Сәтпаевқа, Н.Оңдасыновқа, Қ.Әбдіхалықовқа жазған хаттарын оқып, онда айтылған негізгі идеяларға мән беру. Мазмұнын ашу. Өз мақсаты мен өтініші жайында мектеп директорына хат жазу.

Куба әсерлері

1962 жылы Фидель Кастро батырды арнайы шақырту жібереді. 1963 жылы Куба үкіметінен қайта-қайта шақырту келе бергендіктен, әр түрлі мамандық иелерінен құралған делегация құрамында Б.Момышұлы да жазушы ретінде 10 күндік сапармен барып қайтады.

Ұшақтан түскеннен бастап, қайтқанға шейінгі оқиғалары жазылған бұл кітаптан, куба халқының батырды ерекше ықыласпен қарсы алғандығын байқаймыз. Куба халқының алдында, ешқандай дайындықсыз, сөз сөйлеп, өз елінің абыройын асқақтата айтқан әңгімесіне тыңдармандар риза болады. Куба сапарынан алған әсерлерін қағаз бетіне түсіріп отырған автордың бұл шығармасынан, ол елдің салт-дәстүрлері жайында біраз мағлұматтар беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет