«Москва үшін шайқас» романындағы сәттілік пен сәтсіздік көріністері
Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас» атты романында басты кейіпкердің, Бауыржан Момышұлының, сәтті шешімдері мен оған қарама-қарсы өкініш оты өртеген келеңсіз сәттерін зерттей отырып, оның ойшыл-философтық, батыл да ақылды жақтарын ашып көрсеткіміз келді. Себебі, Бауыржан Момышұлының тақырыбы – соғыс тақырыбы.Соғыстың тағдырын шешетін нәрсе сәттілік не сәтсіздік, жеңіс не жеңіліс, қуаныш сезімі не өкініш сезімі сияқты екі қарсылас жақтың ішкі жан дүниесіндегі үлкен толқулар емес пе?
Автордың негізгі мақсаты - шындықты жазу және Ұлы Отан соғысында бірге болып, қаза тапқан қаруластары жайында естелік - әскери мемуар жазып қалдыру болғандықтан ондағы оқиғаның барлығын шындық деп бағалау негізді. Адамның сәттілікке қандай ұшқыр ойын сарп етіп жететінін, ал есепке алмаған титімдей кемшіліктің арты қандай орны толмас өкінішке ұрындырарын өскелең жасқа ұғындыру парыз. Сәттілік пен сәтсіз жағдайлар әр адамның басында күнделікті кездесіп отыратын жағдай, оны шешуде мойымай күресе білу үшін, Б.Момышұлының өнегелі ерлік істері арқылы келер ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында оқушыларды екі топқа бөліп, бір топқа осы романнан жауынгерлердің, автордың өзінің сәттілікке жеткен жерлерін тауып сипаттау, екінші топқа сәтсіздікке тап болған жерлерін тауып сипаттау тапсырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |