Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата02.03.2017
өлшемі0,93 Mb.
#5090
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ж.Т. Измайлова, Г.Б. Туралина, С.А. Абилева 
 
 
 
 
Олигофренопедагогика негіздері 
Оқу-әдістемелік құрал 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Павлодар 
2012 

 

УДК 616. 899 (075) 
ББК 74. 3я73 
И 37 
 
 
Баспаға Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Ғылыми кеңесінің  
шешімімен ұсынылған 
 
 
 
Пікір жазғандар: 
Абай атындағы Қаз МПУ психология ҒЗИ-ның директоры,  
академик Ж.И. Намазбаева, 
п.ғ.д., ПМПИ профессоры А.Қ. Нұрғалиева 
 
 
 
Олигофренопедагогика  негіздері.  Оқу-әдістемелік  құрал  /  құрастырушылар: 
Ж.Т. Измайлова, Г.Б. Туралина, С.А. Абилева. – Павлодар, ПМПИ, 2012 – 101 бет. 
 
 
 
 
«Олигофренопедагогика негіздері» оқу-әдістемелік құралында ақыл-ой кемістігі 
бар  балалардың  оқу  үдерісі,  оның  мазмұны  мен  оған  негізделген  дидактикалық 
қағидалары  талданады;  арнайы  түзету  мектебінде  сабақты,  сыныптан  тыс  сабақтарды 
өткізу  мен  ұйымдастырудың  ерекшеліктері  қарастырылады.  Аталған  құралдағы 
маңызды орын ақыл-ой кемістігі бар балаларды тәрбиелеу жұмысына арналған. 
Бұл 
оқу-әдістемелік 
құрал 
050105 
«Дефектология» 
мамандығының 
студенттеріне,  сонымен  қатар  ерекше  қажеттілікті  талап  ететін  балалардың  ата-
аналарына арналған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
© Ж.Т. Измайлова, Г.Б. Туралина, С.А. Абилева, 2012. 
© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2012. 
И 37 

 

Кіріспе 
 
Оқу-әдістемелік құралдың мақсаты «Олигофренопедагогика негізде-
рі»  оқу  курсы  бойынша  білім  жүйесін  беру  болып  табылады.  Бұл  оқу-
әдістемелік құралда студент білім жүйесіндегі қарастырылатын ғылымның 
теориялық  негіздері  туралы,  ақыл-ой  кемістігі  мен  тұлғаның  педагоги-
калық  мінездемесінің  негізін,  арнайы  түзету  мектебі  оқушыларының 
мүмкіндіктері  мен  таным  ерекшеліктерін,  жалпы  және  спецификалық 
міндеттері,  мақсаттары,  арнайы  түзету  мектебінің  педагогикалық  қызметі 
жайлы мәліметтерді табады. 
Оқушылардың  оқу  үдерісіндегі  ерекшеліктері,  оның  мазмұны  мен 
оған  негізделген  дидактикалық  қағидалары  талданады;  білім  берудің 
жалпы  педагогикалық  әдістерін  қолданудың  спецификасы,  сыныптан  тыс 
сабақтар, сабақты өткізу мен ұйымдастырудың ерекшеліктері жайлы білім 
жүйесі баяндалады. 
Аталған  құралдағы  маңызды  орын  тәрбиелiк  жұмысқа  арналған. 
Мұнда басты назар ақыл-ойы кем оқушылардың эмоционалдық саласы мен 
мінез-құлығындағы  ауытқуларды  тудыратын  қиыншылықтарды  талдап, 
тәртібіндегі  кемшіліктерді  анықтап,  олардың  жағымды  тұлғалық 
қасиеттерін тәрбиелеу мүмкіндіктеріне көңіл бөлінеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

1-тарау. ОЛИГОФРЕНОПЕДАГОГИКАНЫҢ МАҚСАТЫ  
МЕН ПӘНІ, ӘДІСТЕРІ 
 
1.1 Олигофренопедагогиканың пәні, мақсаты мен әдістері 
Олигофренопедагогиканың  негізгі  объектілері  интеллект  бұзылысы 
бар  балалар  мен  жасөспірімдердің  әлеуметтік  бейімделуі,  оқытуы  және 
тәрбиесі болып табылады. 
Олигофренопедагогиканың  пәні  интеллектісі  бұзылған  оқушыларды 
қоғамға  енгізу,  құқықтық  бейімдеу  және  оңалту,  дамыту,  тәрбиелеу  және 
оқыту теориясы мен тәжірибесі болып табылады. 
Олигофренопедагогика педагогика ғылымдарының бір саласы болып 
табылады  да,  ақыл-ой  кемістігі  бар  балалар  мен  жасөспірімдерге  білім 
беру  және  тәрбиелеу  құралын  және  түрлерін,әдістерін,  ұстанымдарын, 
теориялық негіздерін құрайды. 
Олигофренопедагогикада  оқу-тәрбиелік  үдерісті  және  оқытудың 
дидактикалық  негіздерін  ұйымдастыруда  жалпы  педагогикалық  ұстаным-
дармен қаралады. 
Тарихи нақтылаумен олигофренопедагогиканың пәні экономикалық, 
саясаттық, мәдени және философиялық жақтан бірнеше рет өзгертілді. 
Олигофренопедагогиканың  субьектісі  ретінде  ақыл-ой  кемістігі  бар 
балалар  болып  табылады.  Зерттеуде  қағидалы  негізді  тәлім-тәрбиенің, 
тәрбие және бала дамуының үлкен үлес қосқан ғалымдар, олигофренопеда-
гогтар және психологтар: Л.С. Выготский, М.Ф. Гнездилов, Г.М. Дульнев, 
И.М. Еременко,  Х.С. Замский,  Л.В. Занков,  В.И. Лубовский,  В.Г. Петров, 
М.С. Певзнер енгізді. 
Олигофренопедагоиканың негізінің басында дәрігерлер-физиологтар 
В.М. Бехтерев,  И.В. Маляревский,  Г.М. Россолимо  тұрды.  Олигофренопе-
дагогиканың  ғылым  ретінде  дамуы  Т.А. Власова,  А.Н. Граборова, 
В.П. Кащенко сияқты аттармен байланысты. 
Олигофренопедагогиканың  ғылым  ретінде  өз  алдына  келесі  міндет-
тер қойылған: 
1. Интеллектуалды  бұзылыстары  бар  балалар  мен  жасөспірімдерді 
тәрбиелеу  және  оқытудың  мазмұнын,  қағидаларын,  міндеттерін,  мақсат-
тарын қарастыру. 
2. Интеллектуалды  бұзылыстары  бар  балалар  мен  жасөспірімдердің 
оқыту мен тәрбиелеу шарттарын және ұйымдастыру формаларын анықтау. 
3. Интеллектуалды  бұзылыстары  бар  балалар  мен  жасөспірімдердің 
даму  ерекшеліктерін  ескеріп,  оқыту  мен  тәрбиелеудің  нәтижелі  құралда-
рын, тәсілдерін және әдістерін құрастыру. 
4. Интеллектуалды  бұзылыстары  бар  жастар  мен  ересектер  үшін 
педагогикалық көмек көрсетудің жолдарын қарастыру. 
 
 
 

 

1.2 Олигофренопедагогиканың басқа ғылымдармен байланысы 
Олигофренопедагогика  ғылым  ретінде  аралас  ғылымдармен  тығыз 
байланыста  дамиды  және  де  оларды  шартты  түрде  үш  блогқа  бөлуге 
болады: медициналық, психологиялық және педагогикалық ғылымдар. 
Медициналық  ғылымдар  –  ақыл-ой  кемістігінің  пайда  болуының 
биологиялық  себептерін  көруге,  ағзадағы  болған  өзгерістерді  түсінуге, 
ақыл-ойы  кем  баланың  дамуының  ерекшеліктерін  түсінуге  және  оның 
жалпы  білім  беру  бағытын  дұрыс  таңдауға  көмектеседі.  Осы  блогқа: 
анатомия, физиология, нейрофизиология, невропатология, психопатология, 
психиатрия, генетика, педиатрия жатады. 
Психологиялық  ғылымдар  –  интеллектуалдық  бұзылыстары  бар 
балалардың  дамуының  заңдылықтарын  және  психикалық  үдерістердің 
даму  ерекшеліктерін  айқындауға,  қолданылатын  педагогикалық  әдіс-
тәсілдердің ғылыми негіздерін беруге мүмкіндік береді. Осы блогқа жалпы 
психология, адам психологиясы, жас ерекшелік психологиясы, педагогика-
лық психология, арнайы психология және олигофрено-психология кіреді. 
Педагогикалық  ғылымдар  –  интеллектуалдық  бұзылыстары  бар 
балалардың  оқыту  мен  тәрбиелеу  мазмұнын,  қағидаларын,  міндетін, 
мақсаттардың  спецификасын  және  осы  категориядағы  балаларға  қатысты 
қолданылатын  педагогикалық  әдіс-тәсілдер  мен  құралдардың  қолдану 
ерекшеліктерін  анықтайды.  Осы  ғылымдарға:  жалпы  педагогика,  дидак-
тика,  тәрбиелеу  жұмысының  әдістемесі,  әлеуметтік  педагогика  және 
арнайы педагогика жатады. 
 
1.3 Олигофренопедагогиканың зерттеу әдістері 
Олигофренопедагогика  ғылым  ретінде  келесі  әдістерді  қолданады: 
бақылау,  сұхбаттасу,  сауалнама,  психологиялық-педагогикалық  зерттеу-
лердің құжаттары мен тәжірибелер. 
Бақылау – бақылаудың өзіне тән мақсаты мен талабы және обьектісі 
болады.  Белгілі  бір  бақылау  әдісі  талданады.  Бақылау  арқылы  зерттеу 
обьектісінен керекті ақпарат жиналады. Жиналған ақпарат интерпретация-
ланады және өнделеді, сонымен қатар жазбалар жүргізіліді. 
Сұхбат  –  өзіндік  немесе  қосымша  әдістер  арқылы  жүзеге  асыры-
лады. Керекті ақпаратты алу мақсатында қолданылады. Сұхбат алдын ала 
дайындалған жоспар және сұрақтар арқылы алдына қойылған (сұрақтарға) 
мақсаттарға жетеді. 
Сауалнама  –  анкета  көмегімен  жалпы  ақпаратты  жинау  әдісі. 
Сауалнамада берілген сұрақтарға олар жазбаша жауап береді. 
Психологиялық-педагогикалық құжаттарды зерттеу – білім беру 
процесін  ұйымдастырудың  шынайы  қалыптасқан  тәжірибесін  сипат-
тайтын  кейбір  обьективті  мәліметтерді  алуға  көмектеседі  (балалардың 
жеке  құжаттары,  медициналық  картасы,  психологиялық-педагогикалық 
мінездеме, бақылау күнделіктері, сынып журналдары, оқушы күнделіктері 
және т.б.). 

 

Олигофренопедагогика  ішіндегі  әдістердің  ерекше  рөлін  экспери-
мент  атқарады.  Эксперимент  –  осы  немесе  басқа  мазмұндыны  арнайы 
ұйымдастырылған  тексеріс,  оның  педагогикалық  нәтижелігін  анықтау 
үшін арналған әдістер немесе тәсілдер. Эксперимент төрт кезеңнен тұрады: 
Теориялық  –  мәселені  қою,  мақсатын  анықтау,  зерттеу  пәні  мен 
обьектісі, оның міндеттері мен гипотезасы. 
Әдістемелік – алынған нәтижелерді өндеу әдістері, зерттеу әдістеме-
сін жасау. 
Эксперимент  –  тапсырмалар  сериясын,  жаттығулар  кешенін  және 
т.б. өткізу. 
Аналитикалық  –  алынған  мәліметтердің  сандық  және  сапалық 
анализі,  олардың  интерпретациясы,  тәжірибиелік  ұсыныстар  мен 
қорытындылары.  
 
 
2-тарау. АҚЫЛ-ОЙЫ КЕМІСТІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ 
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ 
 
2.1. Ақыл-ойы кемістік ұғымы және оның классификациясы 
Ақыл-ой кемістігі – бұл диффуздық сипатқа ие бас ми қыртысының 
органикалық  зақымдалуымен  шартталған  таным  іс-әрекетінің  тұрақты 
қайтымсыз бұзылысы.  
Қалыпты қалыптасқан мидың зақымдалуы нәтижесінде пайда болған 
ақыл-ой  кемістігін  (3  жастан  кейін)  деменция  деп  атайды.  Бас  миының 
жарақаттарынан, әртүрлі орталық жүйке жүйесі ауруларының нәтижесінде 
қалыптасқан психикалық қызметтердің жойылуына және ерте қалыптасқан 
дағдылардың  жоғалуына  әкеледі.  Мысалы,  деменциясы  бар  4 жастағы 
балада,  онда  фразалық  сөйлеудің,  өзін-өзі  күту  дағдыларының  жойылуы 
және  ойынға,  суретті  салуға  деген  қызығушылықтары  төмендеуі  немесе 
жойылуы  арқылы  көрінеді.  Танымдық  үдерістеріне  қарағанда,  көбінесе 
зейіннің,  естің  тез  бұзылуы  байқалады.  Есейген  сайын  олардың  патоло-
гиялық белгілері төмендейді. 
Ақыл-ой  кемістігімен  қатар  болатын  орталық  жүйке  жүйесінің 
аурулары  бар  адамдарды  ерекше  топқа  жатқызуға  болады:  шизофрения, 
эпилепсия  және  т.б.  Осы  аурулардың  қарқынды  төмендеуі  нәтижесінде, 
психикалық  бейнелер  жойылады,  ақыл-ой  кемістігі  тереңдейді  және  де 
ауыр дәрежеге жетеді. Оларда эмоционалдық-ерік саласының, іс-әрекеттің 
және  жалпы  тұлғалықтың  спецификалық  ерекшеліктері  пайда  болады. 
Уақытылы  емдеу  аурудың  қарқынды  төмендеуін  болдырмауға  немесе 
тежелуге мүмкіндік береді.  
Қазіргі кезде балаларда жиі ақыл-ой кемістігімен қатар психопатоло-
гиялық синдромдармен күрделінген болады: гипердинамикалық, психоло-
гиялық тәрізді, эпилептикалы, неврозды тәрізді. 
 

 

2.2. Ақыл-ой кемістігінің классификациясы 
Ақыл-ой  кемістігі  клиникалық  белгілеріне  байланысты  оның  үш 
дәрежесін  ажыратады:  дебил  (миақы,  мешеулік,  әлсіз,  қауқарсыздық), 
имбецил  (милау,  өз  бетінше  өмір  сүре  алмайды)  және  идиотия  (мәңгүрт, 
нақұрыс). 
Дебилдік  дәреже  (миақы,  қауқарсыздық)  –  (латын  тілінен  “debilis”- 
әлсіз,  қуатсыз)  олигофренияның  жеңіл  дәрежесі.  Дебилдердің  интеллек-
туалдық коэффициенті (IQ) 50-70-ті құрайды. Ересек дебилдердің психоло-
гиялық дамуы 8-12 жастағы баланың дамуына сәйкес келеді. Дебилдердің 
интеллектуалды  дамуының  зақымдалу  деңгейіне  байланысты:  орташа, 
жеңіл және ауыр түрлері анықталған. 
Мешеулік  ерте  балалық  шақтан  біліне  бастайды.  Бұл  балалар 
бастарын ұстауды, отыру, жүру және сөйлеуді өте кеш бастайды. Балалық 
шақта  сөз  қоры  жетілмеген,  қысқа  болады.  Бірақ,  жылдар  өте,  егер 
дебилдік жеңіл түрінде болса және асқынбаса, көп нәрсеге үйренеді және 
психикалық  жетіспеушіліктері  азая  бастайды.  Дебилдіктің  жеңіл  түрінде 
балалардың  сөздік  қоры  жеткілікті,  олар  жалпы  мектепте  де  оқи  алады, 
бірақ  мәліметтерді  ұғыну  оларға  қиын  болады,  әсіресе  математика 
амалдарын игере алмайды. Дебилдер қарапайым еңбекпен ғана шұғылдана 
алады. 
Дебил  балалардың  танымдық  әрекетінің  бұзылуы  қиын  түсініктерді 
талдап, қорытуға қабілетсіз екендігін көрсетеді. Олар  маңызды, басты істі 
жалпыдан  айыра  алмайды;  абстракты  ойлауы  нашар  дамыған  немесе 
мүлдем жоқ; нақты-жазылу, көрнекі құралдар арқылы ғана қабылданатын 
нәтижесіз  ойлау  басым  болады.  Бірақ  кейбір  балалар  интеллектісінің 
жетіспеушілігіне  қарамастан,  көп  нәрсені  аңдамай  (механикалық  түрде) 
жаттап  алумен,  еліктеушілікпен    кемістіктерін  аз  да  болса  толықтырып, 
жеңілдетеді.  Бірақ  оларда  инициатива,  өз  бетінше  шешім  қабылдау 
байқалмайды,  барлық  психикалық  үдерістерде  селсоқтық,  енжарлық,  мән 
бермеушілік байқалады. 
Дебилдер  өз  беттерінше  өмір  сүруге  бейім,  бірақ  көбіне  басшылық 
пен  қолдауды  қажет  етеді,  тек  айтқанды  ғана  істейді.  Олар  өз-өздеріне 
қарапайым  қызмет  көрсете  алады,  интеллектуалды  іскерлікті  қажет 
етпейтін жерде белгілі, қарапайым мамандандықты игеруге де қабілеттері 
жетеді  және  осы  істерімен  белгілі  мөлшерде  интеллектісінің  жетіспеу-
шілігін  бүркемелейді.  Оларда  жанұя,  бала  да  болады.  Бірақ,  жоғарыда 
айтылғандай,  ол  балалар  тұқым  қуалайтын  кемақылдылыққа  ұшыраған 
бала болуы да мүмкін. 
Имбецил  (милау)  (латын  тілінен  “imbecillus”  –  әлсіз,  елеусіз)  –  бұл 
психикалық дамудың орташа зақымдануы. Ересек имбецилдің психикалық 
дамуы  салыстырып  қарағанда  3-7-жастағы  қалыпты  дамыған  баланың 
деңгейіне  сәйкес.  Интеллектуалды  коэффициенті  (IQ)  20-50,  ауыр 
имбецилдік  кезінде  20-35,  ал  жеңіл  кезінде  35-50.  Имбецилдердің  барлық 
психикалық процестері баяу, селқос. Имбецилдер жұмысқа жарамсыз, тек 

 

өздеріне қарапайым қызмет етеді, білім алуға қабілетсіз, бірақ жай сөздерді 
түсінеді,  ал  өздерінің  сөздік  қорлары  аз,  сөйлеу  әрекеті  нашар  дамыған. 
Имбецилдердің  сөздік  қоры  небары  200-300  қарапайым  сөздерден 
құралған. Логикалық ойлау, тұжырымдау және абстракты түсінік – оларға 
тән  емес.  Ойлауы  өте  төмен  деңгейде,  нақтылық  жоқ  және  тиянақсыз. 
Кейбір  имбециалдерде  жақсы  механикалық  есте  сақтау  қалыптасуы 
мүмкін,  бірақ  олар  санау,  оқу,  оқығанының  мағынасын  түсінуге  және 
жазуға бейім емес. 
Имбецилдердің ортаға бейімделуі үйреншікті, жақсы таныс жағдайда 
ғана  болуы  мүмкін.  Олар  ең  оңай  жұмыс  әдістері  –  үй  жинау,  кір  жуу, 
ыдыс  жуу  немесе  ең  қарапайым  өндірістік  процестерді  еліктеу  әрекеті 
арқасында  ғана  үйренуге  қабілетті.  Олар  ынтасыз,  бір  әрекеттен  екіншіге 
әзер ауысады, сондықтан еркін әрекеттенуге қабылетсіз, олардың эмоцио-
налды реакциялары өте әлсіз және бірыңғай. 
Имбецил  дәрежесіндегі  кемақыл  балалар  үздіксіз  қамқорлықпен 
арнайы  бақылауды  қажет  етеді.  Олар  еркін  өмір  сүруге  бейімделмеген. 
Жағдайдың  аз-кем  өзгеруі  имбецилді  тығырыққа  тіреп,  олар  таныс  емес 
жағдайда сасқалақтап, мүшкіл және өте жәрдемсіз болып қалады. 
Идиотия  (мәңгүрт,  нақұрыс)  –  (латын  тілінен  „idiotea”  – 
тұрпайылық)  –  олигофренияның  ең  ауыр  дәрежесі,  оның  да  ауыр  және 
жеңілдеу  түрлері  болады.  Интеллектуалды  коэффициенті  (IQ)  20-дан 
төмен.  Идиотия  дәрежесіндегі  ересектердің  психикалық  дамуы  3  жасқа 
жетпеген баланың деңгейінде қалады, олар қорғансыз, көрсетілген көмекті 
қабылдай алмайды және үнемі бақылау мен күтімді қажет етеді. 
Идиотия  дәрежесіндегі  кемақылдар  қоршаған  ортаға,  айналасына 
көңіл аудармайды, олар ыстықты суықтан, жейтінді жемейтіннен ажырата 
алмайды. Олар бәрін ауызға апарады және қандай болмасын қолына түскен 
затты  шайнай  бастайды.Идиотия  дәрежесіндегі  балалар  жоғары,  биік 
немесе  аласа,  төмен  туралы  түсініктері,  қауіпті  сезінбейді,  сондықтан  әр 
уақытта жарақаттанып жүреді. 
Идиотияның  ауыр  түрінде  сөйлеу  қызметі  қалыптаспайды,  буынға 
бөлінген дыбыстармен шектеледі. Аурулар өздерін күте алмайды, өз әреке-
тінше  киіне  алмайды,  кесе,  қасық,  шанышқыны  пайдалануды  білмейді, 
кейбіреулері  шайнай  да  алмайды,  сондықтан  оларды  сұйық  тамақпен 
тамақтандыру  керек  болады.  Кейбіреулері  салақ,  сұрануды  және  дәретха-
наны  пайдалануды  білмейді,  бірақ  осы  жағдайсыздыққа  қарамастан 
суланған және ластанған киімдерінде ұзақ уақыт қала береді. 
Білім  алуға  талпынысы  мүлдем  жоқ,  оларға  ең  қарапайым  ақыл-ой 
операциялары  да  түсініксіз.  Есте  сақтауы  дамымаған  және  өте  әлсіз. 
Кейбіреулері  өз  туғандарын,  шешесін  де  танымайды.  Олардың  сезінуі 
қарапайым  және  қанағаттануын  немесе  қанағаттанбауын  ашумен,  айқай-
лармен  және  қозғалу  –  қимылмен  білдіреді.  Бұған  қоса,  оларда  ақауды, 
жарақаттануды  ауырсыну  сезімі  төмен,  сондықтан  олар  ешқандай  ауруға 

 

мән  бермейді.Психиканың  күрделі  зақымдануы  физикалық  даму 
кемістіктерімен әруақытта қосарлана білінеді. 
Идиотия  дәрежесіндегі  балаларды  үйде  бағып-қағу  өте  қиын  және 
оларды  негізінен  психохрониктерге  арналған  арнайы  емдеу  мекемелеріне 
орналастырады. 
 
2.3 Интеллектісі  бұзылған  балаларға  көмек  көрсетудің  даму 
тарихы 
Интеллект  дамуының  бұзушылығы  олардың  тәрбиесі  және  оқыты-
луы  үш  үлкен  кезеңге  бөлінеді:  Қазан  төңкерісінен  кейін,  КСРО-да  және 
қазіргі  уақытта.  Әрбір  кезең  нақты  бағыттармен  ерекшеленеді.  Қазан 
төңкерісіне  дейін  қоғам  ойшылдары,  философтар,  педагогтер,  дәрігерлер 
ақыл-ойы  кем  тұлғаларды  тәрбиелеу  және  емдеу  туралы  өз  ойларын 
жеткізеді.  Ерекше  көзқарастар  А.И. Герценде,  Белинскийде,  Чернышев-
скийде,  Добролюбовта  болды,  тек  Добролюбов  қана  «икемі  аздардың» 
жағдайын ашып, оларға шыдамдылық танытты. 
Ақыл-ойы  кем  балалар  саны  жылдан-жылға  көбейе  береді,  бірақ 
оларға  оқыту  және  тәрбиелеу  көмек  беруі  қолға  алынбады,  ал  сондай 
көмектер  болған  уақытта,  олар  тек  жеке  пайдасында  және  қамқорлық 
жолдарында  ғана  жүзеге  асырылды.  Олигофренопедагогика  дамуында 
үлкен  рөлді  дәрігер-психиатрлар  атқарды  (В.И. Яковенко,  И.Г. Игнатьева, 
П.И. Ковалевский). 
Ақыл-ойы  кемтарларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің  маңызды  рөлін 
Ресейде 2-съезде  орыс іскерлік,  технологиялық және кәсіби білім арқылы 
көрсетті. 
Қазіргі  заманғы  дефектология  үшін  үлкен  қызығушылықты 
Г.И. Россолимоның  сөз  сөйлеуі  тудырды.  Революция  съезінде  көмекші 
мектептің  іс-әрекетінің  көптеген  сұрақтары  көрініс  тапты.  Терең  ақыл-ой 
кемістігі бар балаларға көмек көрсетуді дамытумен ұйымдастыруда үлкен 
рөлді Е.К. Грачеваға (1866-1934) берілді.
 
– ақыл-ойы  кем  балаларды  оқыту  және  тәрбиелеу  шарттарын 
қалыптастыру; 
– дәрігерлік – педагогикалық кездесуді даярлау; 
– қажетті оқу бағдарламасын құрастыру. 
Революция  съезінде  көп  сұрақтар  арнайы  ретінде  мектептерде 
табылды.  Ақыл-ой  кемістігі  бар  балалардың  терең  көмек  көрсетті  және 
олар үлкен рөлі пайда болуына Грачева жатады. 
Ақыл-ой  кемістігі  бар  балалар  ұйымының  пайда  болуына  үлкен 
үлесін  қосқан  орыс  ғалымы  Е.К. Грачева  (1866-1939).  Грачева  алғаш  рет 
Ресейде идиот және эпилептик балаларға арналған балалар үйін ашты. 
В.П.  Кащенко  (1870-1943)  анамальды  балаларды  оқыту  мен 
тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырудың белсенді қатысушысының бірі болды. 
Дәрігер  В.П.  Кащенконың  кемістіктері  бар  балаларға  арналған  мектеп-
санаториі  бұл  уақыттарда  емдеу  тәрбиелеу  және  оқыту  жолдарымен 

 
10 
балалардың  даму  жетістіктері  түзетіліп,  оларды  пайдалы  өмірге  еңбекке 
дайындаған,  алғашқы  емдеу  -  тәрбиелеу  мекемесі  болып  есептеледі.  Бұл 
ОЖЖ  әр  түрлі  бұзылыстары  балаларды  оқытумен  тәрбиелеу  сұрақтары 
бойынша ғылыми әдістемелік орталықтардың бірі болды.
 
Кащенко дәрігері ғылыми-әдістік орталығы сол уақытта ең алғашқы 
орталықтарының бірі болып табылады. 
Олигофренопедагогиканың  қарқынды  дамуына  өз  үлесін  қосқан 
ғалым Граборов А.Н. (1885-1949). 1915 жылы Граборов ғалымы Петербург 
қаласында  ең  алғаш  рет  жеке  меншік  мектеп-пансионатты  ашты,  уақыт 
өтегеле пансионат орталық арнайы мектеп деп есептелді. 
Ақыл-ой  кемістігі  бар  балаларды  тәриелеу  және  оқытуды  дамытуда 
осы кезең ең басты болып есептелді. 
1917  жылы  Қазан  төңкерісінен  кейін  бұзықтылыққа  қарсы  күресу 
жолдары қарастырылды. 
Осы  уақытта  дефектологияда  ең  маңызды  мәселе  болып  бүкіл 
Ресейлік съезд болып саналды. Осы съездің негізгі мәселесі болып балалар 
диферентілері  мен  күресу  шаралары  есептеледі.  1966  жылдан  бастап 
олигофренопедагогикасы арнайы мектептерде белгілі әдістер арқылы жаңа 
арнайы пәндері енгізілді. 
Қазіргі  уақытта  түзету  мектепке  керекті  оқулықтар,  дидактикалық 
жәрдем мен безендірілген. 
 
 
3-тарау. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДАМУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ 
БАР ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ 
 
3.1 Интеллект  дамуында  бұзылыстары  бар  оқушыларды  оқыту 
міндеттері 
Интелект  бұзылыстары  бар  оқушы,  тіпті  жасөспірім  немесе  ересек 
мектеп  жасында  заттармен  құбылыстар  арасындағы  байланыстармен 
тәуелділіктердің негізін ешқашан өз бетімен аша алмайды.
 
Оқу  материалын  қабылдау  оқушылардың  танымдық  әрекетінің 
бастапқы  кезеңі  болып  табылады.  Интеллектуалдық  дамуында  бұзылыс-
тары  бар балаларда дәл  осы  қабылдау  жетілмеген,  бұл  оның  оқытылатын 
материалды  түсінбеуіне,  тез  ұмытуына  әкеледі.  Зерттеулер  «арнайы 
мектептің  оқушыларында  сезіну  мен  қабылдаудың  белсеңділігі  мен 
мақсаттылығы төмен, талғамдылығы, түсінуі бұзылған» екенін анықтаған. 
Демек, қабылдау мазмұны жағынан ғана емес, сондай-ақ олардың білімінің 
сипаты бойынша да жұтаң. 
Оқу  материалын  түсіну  –  оқытылатын  дүниелерді  түсіну  үдерісі. 
1966  жылдан    бастап  олигофренопедагогикада  арнайы  мектептерде  жеке 
оқу пәндерін оқытудың әдістемелерін жетілдіру бойынша жұмыс енгізілді. 
Оған  талдау,  синтез,  жіктеу,  жалпылау  үдерістері  қолайсыз,  демек 
оқушылар  ойлау  операцияларын  өздіктерінен  қиындықпен  жасайды, 

 
11 
негізінен  олардың барлығы терезе, үй, бақша; түтін, бұлт, бу; қорқыныш, 
үрей,  толқу  сияқты  көріп  тұрғандарын  еске  түсіреді.  Етістікке  айналдыру 
көрнекілік бейнесінің ауысуынсыз жүзеге асырылады. 
Сондықтан  бұл  кезеңдегі  жұмыстың  мазмұны  нақты  құбылысты 
нақтылау, салыстыру және оның сипаттамасы болуы тиіс. Мұғалім оқушы-
ның оқу материалын түсіну үдерісін басқарады.  
Алған  білімді  бекіту  үдерісі  оқушының  білім  нық  және  жеткілікті 
көлемде  қабылдай  алуы  мүмкін  екеніне  мұғалім  көз  жеткізген  жағдайда 
ғана түзетулік оқыту жүйесінде жүзеге асырылады. Есте сақтау және еске 
түсіру, түсіне білушілік сипатына ие. Қайталау үлкен рөл ойнайды, бұл тек 
білімді бекіту және жүйелендіру мақсатында ғана емес, сонымен қатар бар 
ойлау үдерістерін түзетуге де пайдаланылады. 
Меңгерілген  білім  мен  ептілікті  қолдану  интеллект  бұзылыстары 
бар  балаларда  кемістікке  ғана  емес,  сондай-ақ  тәжірибелік  әрекет  кезінде 
пайдаланған  ақпаратты  өңдеу  қажеттілігіне  байланысты  қиындық  туғы-
зады.  Көптеген  қиындықтар  оқыту  үдерісінде  еңсеріледі,  бірақ  алынған 
білімді қолдану тетігінің өзі жаңа жағдайларда жүзеге асырылмайды. Міне, 
сондықтан  да  білім  мен  ептілікті  пайдалану  үдерісінде  білім  мен  ептілік 
қалыптасқан  жағдайларға  тұрақты  түрде  қайта  оралып  отыру  маңызды 
талап болып табылады. Оқушыларды тәжірибелік әрекеттерге тарту келе-
сідей реттік жолмен жүзеге асырылады: 
– оқыту  мазмұнын  интеллект  бұзылыстары  бар  балалардың 
танымдық мүмкіндіктеріне қарай бейімдеу; 
– оқыту  көрнекілігімен  қамтамасыз  ету,  ол  «толық  анықталғанға 
дейін» жеткізілуі тиіс; 
– оқыту үдерісін баяулатқан қарқында ұйымдастыру; 
– оқытуда жүйелі қайталауды ұйымдастыру; 
– оқушыны  оқу  әрекетіне  жаттығулардың  әр  алуан  түрлерін  пайда-
лану арқылы біртіндеп кірістіру; 
– оқыту үдерісін жекелеу және дифференциялау; 
– ойындарды дидактикалық тәсіл ретінде білімді меңгертуге пайдалану; 
– әрекеттің  қорғаушылық,  педагогикалық  және  ауыртпалық 
түсірмейтін тәртібін сақтау; 
Еңбекті  түзету  құралы  ретінде  пайдалану  (әлеуметтік  –  тұрмыстық, 
қоғамдық, өндірістік). 
Түзетушілік – дамытушылық міндеттер жалпы дидактикалық міндет-
терімен  толығымен  байланысты.  Бұл  міндеттер  интеллект  бұзылыстары 
бар  балаларды  оқытудың  барлық  бөлшектерін  толықтырады,  өзара 
әрекеттестіреді  және  тұтастығын  қамтамасыз  етеді.  Білім  беру  мазмұны, 
оқыту  үдерістерінің  ерекшеліктері,  дидактикалық  қағидалар,  педагогика-
лық  үдерісті  ұйымдастырудың  тәсілдері  мен  түрлері  оқу  бағдарлама-
ларында, оқулықтарда көрініс тапқан. 
Оқыту  тәрбиелеушілік  сипатқа  ие,  оның  мәні  білім  мен  ептілікті 
меңгеру  үдерісінде  оқушылардың  бойында  еңбекқорлық,  шыдамдылық, 

 
12 
оқу  және  еңбек  әрекеттеріне  деген  жауапкершілік,  балалар  ұжымында, 
болашақта  еңбек  ұжымында  жұмыс  істей  білу  сияқты  тұлғалық  жағымды 
қасиеттерінің қалыптасуында жатыр. 
Арнайы  (түзету)  мектеп  оқушыларын  еңбектік  тәрбиелеу  және 
оқытуға зор рөл беріледі. Мұндай мектептерде еңбектік дайындық үдерісі 
балаларды  материалдық  өндіріс  саласындағы  еңбекке  араластыруға, 
олардың  жалпы  білімдік,  еңбектік,  кәсіптік  білімдермен,  ептілік  пен 
дағдылармен  қарулануына;  олардың  бойында  адамгершілік  қасиеттерді 
қалыптастыруға  кәсіби  түрде  бағытталған  және  осыны  көздейді.  Еңбекті 
оқыту  әлеуметтік-еңбектік  оңалтудың,  қоғамдық-еңбектік  бейімдеудің 
негізгі құралы болып табылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет