Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата02.03.2017
өлшемі0,93 Mb.
#5090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
5.3 Мұғалімнің сабаққа дайындығы 
Мұғалімнің  сабаққа  дайындығы  аралары  өзара  байланысты  үш 
сатыдан  тұрады:  диагностика,  болжамдау  және  жоспарлау  –  бұларды 
буындар деп те атайды: сабақтар жүйесін жоспарлау және әр сабаққа бұл 
жоспарлауды  нақтылау.  Жалпы  педагогикалық  дайындық  сабақ  өткізудің 
барлық  жағдайларын  (жалпы  сабақтар  жүйесіндегі  сабақтың  орнын, 
оқушылардың мүмкіндіктерін, олардың қызметінің уәждемесін, зияткерлік 
қабілеттерін,  оқыту  материалының  сипатын)  анықтауды  қарастырады. 
Болжамдау  мен  жоспарлау  оқушылардың  білім  көлемін,  жоспарлаудың 
түрі мен нысанын анықтауға мүмкіндік береді. 
Жалпы және арнайы түзету білім беру жүйесінде  жоспарлаудың екі 
түрі анықталған – тақырыптық және күнтізбелік.  
 
Тақырыптық жоспарлау мазмұнын келесі кесте арқылы  
көрсетуге болады: 
 
Сабақ № 
Өткізу 
күні 
Тақырыбы  Мақсаттары 
мен 
міндеттері 
Мазмұны 
 
Құралдары  Ескертпе 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тақырыптық жоспар мұғаліммен тақырыппен жұмыс жасау алдында 
құрастырылады. 
Сабақтың  уақыты  оның  құрылымымен,  зерттелетін  материал 
көлемімен анықталады. 
Сабақтардың дәйектілігі, олардың мазмұны нақты пән бойынша оқу 
бағдарламасымен анықталады. Сабақтардың мақсаты мен міндеттері оқыту 
үрдісінің жалпы дидактикалық және түзету бағытынан шығады. Сабақтың 
жабдықталуы  (кестелер,  суреттер,  дидактикалық  материал)  көзделген 
әдістемелік жұмыстың мазмұнын есепке ала отырып жасалады. 

 
31 
Тақырыптық  жоспарлау  күнтізбелік  жоспарлаудың  негізі  болып 
табылады,  бұл  дегеніміз  сабақты  оның  түрі,  мақсаты  мен  міндеттерін 
есепке ала отырып сипаттау. 
Сабақ материалын іріктегенде мұғалім оқушылардың қанша термин-
дер,  түсініктер  көлемін  меңгеру  қажеттігін  нақты  алдын  ала  білуі  қажет; 
өзі  оқу  материалын  жетік  меңгеруі  қажет;  балалардың  жұмыс  қабілетін 
есепке  алу  керек;  өз  жұмыс  орнын,  оқушыларды  оқу  үдерісіне  даярлау 
қажет. 
Оқушыларды  үй  жұмысын  орындауға  даярлау  өте  маңызды  болып 
келеді. Қазіргі кезде оқушылардың сабаққа дайындалуы өздігіннен дайын-
далуда өткізіледі. 
Осы  таңда  тәрбиешінің  рөлі  үй  жұмысын  орындауды  ұйымдасты-
рушы  ретінде  өте  зор.  Тәрбиеші  оқушыларды  тапсырмаларды  орындауға 
дайындау, пәндер бойынша нақты тапсырмалар орындауының кезектілігін 
анықтауға  тиіс.  Ең  алдымен  өздігінен  дайындықты  математика,  тілдер 
бойынша тапсырмалардан бастаған жөн. 
Өздігінен  дайындалудың  әр  сынып-топтардағы  ұзақтылығы  бірдей 
емес  (1-4-сыныптар  –  35-40  минут;  5-7-сыныптар  –  1  сағатқа  дейін;  8-10-
сыныптар  –  1,5  сағатқа  дейін).  Тапсырмаларды  орындау  барысында,  егер 
оқушылар  тапсырманы  орындауға  қиналса,  тәрбиеші  жеке  көмек  көрсе-
теді, ол фронталды түсіндіру жүргізуге құқығы бар, бірақ балаларды қайта-
дан  оқыту  емес.  Кіші  сынып  оқушыларына  үй  жұмысын  мұғалім  жазып 
береді,  жоғары  сынып  оқушылары  тапсырмаларды  күнделіктеріне  өздері 
жазып алады. 
Өздігінен дайындалуды ұйымдастыруға, әсіресе жоғары сыныптарда, 
пән мұғалімдерін қатыстыруға болады. 
Мұғалімдер  мен  тәрбиешілердің  тығыз  өзара  байланысы  үй  жұмы-
сын  дайындау  үдерісін  жетілдіруге  көмектеседі.  Кейбір  ұзартылған  күн-
дері  бар  мектептер  мен  интернаттық  мекемелер  мұғалім  мен  тәрбиешінің 
өзара қызметтестік дәптерін жүргізеді. 
 
 
«Мұғалім мен тәрбиешінің өзара қызметтестік дәптеріндегі» 
жазудың үлгісі 
 
Күні, апта 
күні 
Оқу пәні 
Үй жұмысы 
Қандай апта 
күніне, күнге 
Тапсырманы орындау 
нәтижелері бойынша 
тәрбиешінің 
ескертулері 
17.10, 
сәрсенбі 
Математика 
№154 есеп, №9-
11 мысалдар
96 б., тек 
В. Ивановқа 
18.10 күніне, 
бейсенбі 
Оқушылар 
тапсырманы орындау 
үшін 35 минут 
жұмсады 
 

 
32 
Мұғалімдер  мен  тәрбиешілер  тапсырмаларды  орындау  нәтижелерін 
талқылайды,  нақты  пән  бойынша  және  жалпы  жұмыс  өнімділігінің 
талдауына  ерекше  көңіл  бөледі.  Осындай  өзара  талқылаудан  кейін 
өздігінен  дайындықты  оңтайландыруға  сеп  болатын  іс-шаралар 
жоспарланады. 
 
 
6 тарау. АРНАЙЫ (ТҮЗЕТУ) МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 
БІЛІМІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ 
 
6.1 Педагогикалық бақылау құрылымы 
Оқыту үдерісі бақылаусыз іске аса алмайды. Оқушы білімінің сапасы 
мен деңгейін нақты бағдарламалық тапсырмаларды орындау нәтижесінде, 
жеке  тақырыптарды  қайталағанда,  жазбаша  жұмыс  жасаған  кезде 
тексеруге болады. 
Педагогикалық бақылау оқытудың қажетті және құрама бөлігі болып 
табылады.  Ол дидактикамен  педагогикалық  диагностика  деп  анықталады. 
Жалпы педагогикада бақылау екі тұрғыдан қарастырылады: 
– оқушылардың  қызметі  арқылы  мұғалімнің  жұмысын  тексеретін 
әкімшілік рәсім ретінде; 
– білім-біліктерді  неғұрлым  табысты  игеруге  бағытталған  оқушы 
мен оқытушының өзара жұмыс жүйесі ретінде қарастырылады. 
Бақылау  қызметі  ретінде  басқарушылық  сипаттағы  мәселелерді 
айқындайды:  бақылау  мен  тексерудің  міндеттері;  тексеру  жүргізуді  іске 
асырудың әдістері мен түрлері; бақылау түрлері. 
Бақылау  диагностикалық-педагогикалық  жүйе  ретінде  қарастыра-
тыны, бұл өте маңызды, бақылау түрін таңдау, сонымен қоса оқушыға әсер 
ету  тәсілдерін,  міндеттерін  анықтауды,  оқыту  үрдісінде  қол  жеткізген 
нәтижелерге дұрыс қарым-қатынас көрсетуді қалыптастыруды да көздейді. 
Арнайы (түзету) мектепте білімдерді тексеру және бағалау тәрбиелік 
мәселелерді шешуде зор маңызға ие. 
Интеллект  қабілеттері  бұзылған  балаларды  оқытудың  нәтижелері 
көбінесе  ЖЖӘ  орнын  толтырушы  қызметтерінің  даму  деңгейіне  байла-
нысты. Мысалға алсақ, жасөспірімнің білімдері бар болып көрінеді, алайда 
тітіркендірушілердің  аз  да  болсын  әсері  тиген  жағдайда  соншалықты 
қиындықпен қалыптасқан білім-біліктер жүйесі оп-оңай бұзылып кетеді.  
Осыған  байланысты  мұғалім-дефектолог  өткен  материалға  қайта 
оралады,  қателер  сипатын  анықтайды,  оқушыларға  әсер  ету  құралдарын 
нақтылап таңдайды.  
Психофизикалық  даму  ерекшеліктеріне,  ақыл-ой  кемістігіне  байла-
нысты  арнайы  (түзету)  мектептің  бағдарламалық  материалын  тек  қана 
жекелеген  оқушылар  ғана  игере  алады.  Алайда,  бұл  оқушылар  тобы 
өзгелермен  қоса  «теңдестірілу»  деген  емес.  Оқыту  жекелеген  және 

 
33 
түрлендірілген болып кең пайдаланылады. Білімдерді тексеру және оларды 
бағалау жеке сипатқа ие. 
Білімдері  мен  біліктерін  тексере  отырып,  мұғалім  оқушылардың 
таным қызметінің деңгейімен ерекшеліктерін анықтайды. 
 
6.2 Педагогикалық бақылау қызметтері 
Оқушылар білімін тексеру келесі міндеттерді атқарады: 
Оқытушы  қызметі,  бұл  дегеніміз  білімдерді  тексеру  үрдісі  бүтін 
жүйе ретінде жүзеге асырылады, онда білімдері нақтыланады, жүйеленеді, 
өзектілігі айқындалады және жалпыланады. 
Тәрбиелеуші қызметі – білім тексерісі білім бағалануы оқушыға өз 
мүмкіндіктерін  сезінуге  әкеп  соғады,  оқушыны  тәртіпке  келтіреді, 
белсенділігін арттырып, мүдделігін, қызығушылын ынталандырады. 
Диагностикалық-болжамдық қызметі – интеллект қабілеті бұзыл-
ған  оқушының  мүмкіндіктерін  анықтауға,  осыған  байланысты  түзете-
дамытатын іс-шаралар мен ыңғайын тауып, оқытуға көмектеседі. 
Бағалау қызметі, білімін тексеру тек қана егер мұғалім: 
– оқушылардың психикалық үдерістерінің даму ерекшеліктерін білсе; 
– сабақта балалардың жұмысқа қабілеттілігін ескерсе; 
– оқытуда жалпы дидактикалық және түзету әдістерін пайдаланса; 
– білім мен дағдының жүйелік  және  объективті  есебін  жүргізсе іске 
асады. 
Ағымдық бақылау жиі таралған. Әрбір сабақта оқушының білімі мен 
біліктілігін бағалау, бұл жүйелік бақылау. Мұндай бақылау бағаның 
түрі мен әдістері бойынша түрлілеу және жеделдеу. 
Кезеңдік бақылау – оқушылардың қажетті мөлшерде бағдарламаның 
тарауларымен танысқаннан кейін қолданылады. Кейде онда ағымдық 
бақылаудың мәліметтері пайдаланылады. 
Қорытынды  бақылау  –  бұл  тоқсандық,  жылдық,  бағдарламаның 
бөлек  тақырыптарын  өткенде,  қорытынды  ауызша  немесе  жазбаша 
жұмыстарды орындағаннан кейінгі білімді тексеру жүйесі. 
 
6.3 Тексеру әдістері мен есеп түрлері 
Бақылау әдістері деп  оқытудың  нәтижесін көтеру  мақсатымен  білім 
беру  үдерісіндегі  кері  байланысты  іске  асыруға  көмектесетін  диагности-
калық қызметті айтамыз. 
Заманауи дидактикада бақылаудың келесі әдістері айқындалады: 
– ауызша сұрау; 
– жазбаша жұмыстар; 
– тәжірибелік бақылау; 
– бақылау; 
– дидактикалық  сынақтамалар  (интеллектісі  бұзылған  оқушыларды 
оқытуда сирек қолданылады); 

 
34 
– бағдарламалық  және  зертханалық  бақылау  (интеллектісі  бұзылған 
оқушыларды  оқытуда  бағдарламалық  бақылаудың  элементтері  кең  түрде 
пайдаланылады).  
Бақылаудың  әрбір  түрі  мұғалімге  арнайы  (түзету)  мектептің 
оқушыларының  білімі  мен  біліктілігін  объективті  бағалауға  көмектеседі. 
Білімді  тексерудің  жүйесі  ретінде  ауызша  және  жазбаша  бақылауға 
тоқталайық.  
Ауызша  сұрау  оқушылардың  үлкен  көлемін  қамтуға,  «диалогтық 
және  монологтық  сөйлеу  тілін»  меңгеруін,  ауызша  және  жазбаша  есептің 
біліктілігін тексеруге мүмкіндік береді. 
Ауызша  сұрау  сабақтың  қандай  да  болсын  кезеңінде  жүргізілуі 
мүмкін. Бастысы – оқушылар оқушының жауап беру үдерісінде мұғалімнің 
не қалайтынын  нақты түсінулері қажет. Сұрау тұлғалық және жалпылама 
болуы  мүмкін.  Сұрау  түрін  таңдау  оқушының  сұрақтың  мазмұны  мен 
тапсырмада бейімделу қабілетімен анықталады. 
Жалпылама  сұрау  кезінде  әңгімеге  сыныптың  барлық  оқушылары 
қосылады.  Оқушылардың  жауаптары  бағаланады,  журнал  мен  күнделікке 
енгізіледі.  Мұғалім  оқушының  жауап  қайтару  кезінде  жауапты  болып, 
зейін қойып тыңдап, дәлсiздiктi дұрыстауы қажет. 
Жазбаша  жұмыстар  білімді  тексеру  жүйесінде  маңызды  мағынаға 
ие,  оқушыларды  оларды  орындауға  міндетті  түрде  үйрету  қажет.  Арнайы 
(түзету) мектепте кең тараған түрлері: көшіріп жазу, диктант, мазмұндама, 
шығармалар,  арифметикалық  тапсырмалар  мен  мысалдарды  шешу,  карта, 
сурет, сызбалар – қайнар көзімен жұмыс істеу болып табылады. 
Жазбаша жұмыстар үйде және сыныпта орындалуы мүмкін. Егер бұл 
тексеру  жұмысы  (қазақ  тілінен  бақылау  диктанты,  математика  бойынша 
жұмыс)  болса,  онда  ол  дидактикалық  талаптарға  сай,  шағын  болғаны 
дұрыс. Жазбаша бақылау жұмыстары толық бір сабақтың өтуі барысында 
немесе  оның  бөлігінде  жүргізілуі,  бір  немесе  бірнеші  нұсқалары  болуы 
мүмкін. Олар оқушылардың қабілеттеріне сай болуы қажет. 
 
 
7 тарау. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДАМУ БҰЗЫЛУШЫЛЫҒЫ  
БАР БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕККЕ ОҚЫТЫЛУЫ 
 
7.1 Еңбекке оқытудың кезеңдері 
Интеллектуалдық  дамуының  бұзылыстары  бар  тұлғаларды  интегра-
циялау  мемлекеттік  мәселе  болады  және  осы  категориядағы  балалардың 
нормативтік актілермен, құқықтар мен мүмкіндіктермен анықталады. Осы 
мәселе  әрбір  жеке  дара  тұлғаның  оқытуылуына,  тәрбиеленуіне  және 
дамуына  кедергісіз  орта  қалыптастыру  үшін  білім  берудің  барлық 
институттардың қатысуымен шешіледі. 
Осындай  орта  (моделі)  арнайы  (түзету)  білім  беру  мектептері 
болады, онда интеллектің төмендеуі бойынша екі дәрежесі: жеңіл, IQ 50-70 

 
35 
тең  (дебил),  орташа  IQ  35-49  тең  (имбецил),  ақыл-ойы  кем  тәрбиелену-
шілер  мен  оқушылар  оқытылады.  Орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  балалар-
дың  арасында  екі  топ  ерекшеленеді:  оқытылатын  және  оқытылмайтын 
имбецилдер.  
Арнайы  білім  берудің  даму  концепциясына  сәйкес  ақыл-ойы  кем 
тұлғалар үшін мектеп моделі он бір жылдық мерзімді оқытуға арналған. 
Еңбектік  оқыту,  білім  беру  технологиялардың  бөлігі  ретінде,  нақты 
еңбек  түрі  бойынша  еңбек  оқыту  сабақтардың  арнайы  ұйымдастырылған 
жүйесі  арқылы  оқушыларды  еңбектік  іс-әрекетке  дайындау  міндетін 
шешеді. Осындай сабақтар: 
– столярлық іс; 
– слесарлық іс; 
– тігін ісі; 
– ауылшаруашылық  еңбегі  (мал  өсіру,  көкініс  өсіру,  гүлдендіру, 
сәнділік гүлдендіру, т.б.); 
– құрылыс бағыттағы мамандықтар (штукатур, маляр, плотник). 
Барлық  еңбек  оқыту  үдерісі  түзетушілік  –  орнын  толтырушылық 
бағытын  және  оқушылардың  психофизикалық  дамуының  жетіспеушілік-
терін түзету мен жеңілдетуді көздейді.  
Олигофренопедагогика  интеллектісі  бұзылған  балалардың  еңбектік 
іс-әрекеті өмірге дайындаудың белсеңді құралдардың бірі ретінде, ал оқыту 
–  оқушыларды  белгіленген  мамандық  бойыша  дағдылар  мен  икемдермен, 
білімдермен қаруландыру құралы ретінде қарастырады. 
Интеллектісі бұзылған жасөспірімдерде еңбектік дағдылар мен икем-
дерді  қалыптастыру,  оларға  интеллекті  қалыпты  тұлғалардың  бірінші-
екінші  дәрежелі  кәсіби  квалификация  деңгейінде  мамандықты  меңгеруге 
көмектеседі. 
Арнайы (түзету) мектеп оқушылардың мамандықты меңгеру мүмкін-
дігі  жиі  физикалық  бұзылыстың  болуына  және  оны  жалпы  мектеп  пен 
мұғалімдер өткізетін еңбек сабақтары арқылы түзету жұмыстарына тәуелді 
болады. 
Арнайы (түзету) мектепте еңбектік оқыту кезеңдермен жүзеге асады. 
Бірнеше  кезеңдерді  ерекшелейді.  Нақты  кезеңге  тән  және  әрбір  нақты 
кезеңде жалпы және арнайы оқу міндеттері шешіледі. 
Оқытудың  бірінші  кезеңі  0-4-сыныптарда  жүзеге  асады.  0-4-сынып-
тарда  қол  еңбегі  сабақтары  ұлдар  мен  қыздарды  мектеп  оқу  шеберханала-
рында оқытуға дайындаудың базасы. 
Еңбек оқытудың бірінші кезеңі 0-4-сыныптарда қол еңбегі сабақтары 
таңдамалы  болады  және  бастауыш  сынып  оқушыларында  алғашқы  еңбек 
тәжірибесін қалыптастыруға бағытталады. 
1. Алғашқы  еңбек  сабағының  тәжірибесінде  мұндай  тапсырмалар 
шешіледі.
 
– материал туралы түсінікті қалыптастыру
 

 
36 
2. Материалмен танысу, қол  еңбек сабағында пайдаланылатын мате-
риал,  интеллектуалдық  және  физиологиялық  коррекциондық  жұмыс,  ұсақ 
моторикасының дамуы. 
3. Әр  құрал  жабдықтарының,  әр  заттың  өзінің  бағытын  білу  және 
олармен жұмыс істеуіндегі қауіпсіздік ережелері. 
4. Жұмыс орындарында істеу. 
5. Әртүрлі тапсырмаларды орындау. 
6. 3-4-сыныптарындағы  кейбір  мамандандырылған  мамандықтары-
мен таныстыру. 
7. Баланың индивидуалды еңбек әрекетінің мүмкіншіліктерін зерттеу. 
Осының  барлығын  мектептегі  арнайы  кабинеттерде  осыған  арнайы 
жабдықтар, құралдар болғанда жүзеге асады. Индивидуалды мүмкіншілік-
теріне ескере отыру қажет және олардың даму деңгейіне орай еңбек сабағы 
4-сыныпта  жұмасына  екі  сағат  беріледі.  Еңбек  сабағында  баланың  білімі 
және түзету тапсырмаларда тәжірибесі тығыз байланыста болуы керек. 
Түзетушілік міндеттер: 
1. тапсырмада бағыт-бағдарды табу ептілігі; 
2. тапсырмада үлгі және оның графикалық суретін саралаудың дамуы; 
3. нақты бір операцияның орындалуы тексерілген соң нақтыланады; 
4. тапсырмадағы дайын бұйыммен үлгіні салыстыру және оған тәртіп 
бойынша есеп беру; 
5. кеңістікте  бағыт-бағдарлау  ептіліктің  дамуы,  оған  қоса  беттегі 
бұйымды дұрыс орналастыра білу. 
4-сыныпта  еңбек  сабағы  әртүрлі  жасанды  заттармен  жұмыс  істеуге 
беріледі: ол саз балшық, қағаз, т.б. 
2-4-сыныптарда  қол  еңбегі  негізгі  орында,  қол  еңбегінде  өсімдік 
заттарын пайдаланады: тары, күріш, жапырақ, бүршіктер, т.б. Мұнда олар 
түс, форма, көлеммен таныса отырып, балалардың бақылаулығы, елестеу-
лері дамиды. 3-4-сыныптарда ағаш жасаумен, жасалған өнімдермен жұмыс 
істейді. 
Екінші кезең. Кәсіби бағдар беру кезеңі. Жалпы техникалық оқыты-
луы  5-сыныптан  басталады,  мамандандырылған  шеберханалар  базасы 
болады. Бұл тапсырмаларда нақты кезеңдері және бір мақсаты бар. 
1. Мұғалімнің бақылауында өз еркімен жұмыс жасай білу.  
2. Баланың  еңбек  оқытылуындағы  мүмкіндігіне  қарай  оқыту,  яғни 
қозғалыс  дамуының  және  интеллектісіне  қарай.  ПМПК  сынып  жетекшісі 
және еңбек мұғалімі шақырылады, онда олар балаларға жазылған мәлімет-
терді  береді.  Осы  мәліметтерді  ескере  отырып,  жұмыс  бағдарламасын 
құрады. 
Үшінші  кезең.  Мектептегі  кәсіби  бағдарламалық  шеберханадағы 
мамандық. 
Осы  кезеңнің  оқытылуы  бойынша  (6-8-сыныптар)  сағаттық  уақыты 
көбейеді.  Мұнда  көбінесе:  берілген  тапсырманы  дұрыс  орындауына,  оны 
қалай меңгергені мен оны тәжірибе кезінде қайталауына назар аударады. 

 
37 
Тоқсанның  аяғында  оларға  өздік  жұмыс  беріп,  оны  бағалайды.  Бұл 
кезең еңбекке оқытудың белсенді кезеңі болып саналады. 
Баланың  интеллектуалдық  келешегінің  ақыл-ойы  еңбек  әрекетінің 
дамуы мүмкін, яғни ол сабақта әртүрлі құралдармен пайдаланады, ауызша, 
жазбаша суреттермен, сызбалармен, үлгілермен және модульдермен, т.б. 
Жұмыс кезеңдері: 
– Өлшейді. 
– Өзінің жұмысын қадағалап отырады. 
– Жұмысқа қандай материал керек екенін байқайды. 
Еңбек пәнін оқыту мәселесімен айналысқан ғалымдар (Г.М. Дульнев, 
1968;  Е.Н. Ковалева,  1968;  Г.В. Васеньков,  1997),  көбінесе  тәжірибелік 
жұмыс  жасалған  кезде  жоғарғы  сынып  оқушылары  кәсіби  мектепте  өз 
бетінше  жұмыс  істеу  сапасы  төмен  деп  шешім  қабылдап,  сипаттама 
берген.  Көп  бөлігі  оқушылардың  біреудің  көмегіне  жүгінеді,  ал  біреулері 
істеген  жұмысын  тастап  кетеді,  кейбіреулері  жұмыстарын  жалғастырады, 
бірақ олар жасаған заттардың оншалықты сапалы еместігін байқамайды.  
Төртінші  кезең.Еңбек  оқытудың  кәсіби  түрі  (9-10-сыныптар)  сағат 
уақыты  барлық  оқу  үдерісінің  кезеңі  болады.  Оқудың  жартысы  қайтала-
нуға  беріледі.  Бұл  кезеңде  нақты  анықталған  сабақ  бойынша  оқытылады. 
Сабақ  қайталаудың  тиімділігі,  бұл  тәжірибені  өтуге  және  емтихан 
тапсыруға көмектеседі. Осы емтихан интеллектуалды бұзылысы бар бала-
лардың  барлық  оқу  үдерісіндегі  жалғыз  емтихан  болып  табылады.  Бұл  – 
мамандық  (біліктілік)  емтиханы.  Емтиханды  өткен  балаға  үлгі  бойынша 
істелген  куәлік  беріледі,  осыдан  кейін  бұл  жұмысқа  орналасуға  құқық 
береді. 
Бесінші  кезең.  Өндірістік  оқыту.  Ақыл-ойы  кем  оқушыларды 
еңбекке  баулудың  соңғы  кезеңі.  Бұл  кезеңде  ол  барлық  жұмыстарды 
жасауға дағдылануы  қажет және өндірістік тәжірибеден өтеді. Тәжірибеге 
жұмасына 3 реттен 6 сағат бөлінеді. 10-11сыныптарға бір уақытта бірнеше 
жұмыс түрін меңгеруге үйретеді. Еңбек мұғалімінен басқа да жұмыскерлер 
балалардың еңбекке бейімделуіне үлкен үлестерін қосу керек.  
 
7.2 Еңбек сабағын оқыту мазмұны 
Олигофренопедагогиканы  оқыту  қызметі  ол  білім,  тәрбие  түзете 
дамытушылық  болып  табылады.  Еңбек  сабағында,  яғни  басқа  сабақтар 
сияқты  білімін  нығайтуға,  тәрбиелеуге,  дамытушылық  тапсырмалар 
беріледі. Бірақ еңбек сабағы бірнеше негіздерді құрайды. Осының бірі: 
1. Тәжірибе  әрекеті  көп  негізгі  уақыт  қажет  етеді  және  оны  дұрыс 
ұйымдастыру қажет.  
2. Мұнда баланы белгілі бір әрекетке жұмыс істеуін үйрету керек. 
3. Баланың моторикасы жақсы дамыған болу керек. 
Еңбек  сабағының  бағдарламасы  бойынша,  яғни  кіші  сыныптарда 
және  жоғары  сыныптарда  осы  негізді  оқытады  (міндеті).  Бағдарламаның 
мазмұны: 

 
38 
– Теориялық бөлім, техникалық мәлімет. 
– Тәжірибелік бөлім, нақты еңбектің түрлері. 
– Білімге,  істі  жасау  дағдысын  білуге  талап  қойылады.  Ал 
5-10-сыныптарда  тәжірибелік  жұмыс  берілуі  осында  олар  еңбекке  бағыт-
талған тәсілдерді үйренеді. 
Еңбек  сабағын  оқытуда  бағдарлама  бөлімдерінде  «іскерлік», 
«теориялық мәлімет», «өздік жұмыс» нақты берілген. Кез келген оқу кезең-
дерінде  бала  заттарды  өлшеу,  өлшем  заттарымен  жұмыс  істеуді  қолдана 
біледі.  Бірінші  сыныптан  бастап  сабақтарда  қағаздармен  жұмыс  істеу, 
оларды бүктеп, үлгіден жасау, қайшымен қию, жабыстыруға дағдыланады. 
Логопед-мұғалімге  көбінесе  өзінің  жеке  тұлғалық  және  топтық 
сабақтарында балалармен суреттер, сюжеттік суреттерді, жидек жемістерді 
салу,  әртүрлі  фигуралардың  пішінін  салу,  белгілі  бір  суретті  аяқтау,  яғни 
барлығын  бояуды  қарастырады.  Сөздерді  табу,  айту,  оның  сөздік  қорын 
молайту,  балаларға  сурет  салу,  жабыстыру,  пластилинмен  жұмыс  жасау, 
саз балшықтан жеміс-жидектер жасау ұнайды. Логопедтің жұмысында қол 
еңбегі маңызды рөл атқарады. 1-4-сыныптарда қол еңбегі сабақтары бала-
лардың  таным  үдерістерін,  елестету,  байқағыштық  тілі  және  кеңістікте 
бағдарлануға  үйретеді.  Қол  еңбегі  –  жеңіл  әрекет.  Мұнда  бала  өзі  сөздік 
қорын  жаңа  сөздермен,  терминдермен  молайтады.  Әр  сабақтың  мақсаты, 
тапсырмасы  болады.  Сол  берілген  міндеттерді  дұрыс  орындауға  қажет-
тенеді. Қол еңбегінің әдістемесін жасаған белгілі ғалымдар (И.П. Акимен-
ко, Н.П. Павлов, С.Л. Мирский және т.б). Қол еңбегі сабағы бойынша осы 
ғалымдардың айтуы бойынша сабақтар әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ сабақ 
үш кезеңнен тұрады: кіріспе, негізгі, қортынды. 
Н.П. Павлов  сабақ  құрылымының  3  нұсқасын  ұсынады  және  келесі 
кезеңдерді әрбір нұсқада қарастырады: 
 
А нұсқасы 
1. балалар ұжымын ұйымдастыру; 
2. жұмыс орнын ұйымдастыру; 
3. сабақтың тақырыбын хабарлау; 
4. танымдық мәліметтерді хабарлау; 
5. тапсырмаларда бағыт-бағдарды ұстану; 
6. мұғалімнің нұсқауы бойынша бұйымды жасау; 
7. бұйымды жасауын бағалау сапасы; 
8. қорытынды шығару. 
 
Б нұсқасы 
1. балалар ұжымын ұйымдастыру; 
2. танымдық мәліметтерді қайталау; 
3. сабақтың тақырыбын хабарлау; 
4. жұмыс орнын ұйымдастыру, 
5. жұмыс барысында дұрыс тәсілдермен танысу бойынша жаттығулар; 

 
39 
6. тапсырмаларда бағыт-бағдарды ұстану; 
7. түсетін ақпаратты ескеріп, тапсырмаларды орындау; 
8. орындалған жұмыс бойынша есеп беру; 
9. бұйымды жасауын бағалау сапасы; 
10. қорытындылар шығару. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет