Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата02.03.2017
өлшемі0,93 Mb.
#5090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бірінші  топқа  «гипербелсеңді»  балаларды  жатқызады,  оларды  ерте 
шақта жеңіл тануға болады. Ерте жаста олар тынымсыз, ашуша4 және ерке 
болады.  Мектепке  дейін  шақта  өзін  тым  шулы  етіп  көрсетеді.  Осы 
балалардың тәртібі импульсивтілігімен, қозғалыс тынымсыздығымен және 
ерікті  зейінінің  тым  тұрақсызыдығымен  ерекшеленеді.  Сабақ  кезінде  осы 
топтағы  балалар  орынан  тұрып,  әртүрлі  заттарды  алады  да,  ұстаздарды 
тыңдамайды  және  ескертулерге  назар  аудармайды.  Бейтаныс  адамдардың 
алдында қозуы тым жоғары, көп сөйлейді, адекватты емес күледі және де 
ең  жаманы  бөлек  тапсырмаларды  назар  аудармай  орындайды.  Осы 
балалардың  тәртіптері  тұрақсыз,  сондықтан  ол  түскен  жағдайына  тәуелді 
болады. Қоршаған ортаның сәл өзеруі кезінде қозғыштығы күшейеді. Осы 
балалардың эмоциялары тұрақсыз, лабилді және өзгермелі. 
Ал  екінші  топтың  балалары  тәртіптің  қарама-қарсы  формасын 
көрсетуі  мүмкін.  Олар  тым  баяу,  барлық  іс-әрекетте  көмекті  қажет  етеді 
және сабақтарда пассивті болады. Осы балалар мұғалімдерге сұрақтармен 
жақындамайды,  қойылған  сұрақтарға  жауап  беруге  тырыспайды.  Қандай 
да  іс-әрекетке  олар  мұғалімнің  бірнеше  рет  ұсыныс  жасаудан  және 
тапсырманы бірнеше рет қайталаудан кейін ғана қосылады. Топта осындай 
балалар сабырлы, әрі жауапты әсер қалдыруы мүмкін. Сыртқы жағдайлар-
дың  өзгеруіне  одан  да  қатты  тұйықтылықпен,  «өз-өзіне  кетуімен»,  т.б. 
жауап береді. 
Интеллектуалдық іс-әрекеттің осындай бұзылыстары ерте, бір жасқа 
дейін немесе өмірдің алғашқы жылдарында анықталады және диагностика-
ланады. әрбір нақты баланың кемістік дәрежесі, оның құрылымы, сонымен 
қатар темп пен әрі қарай дамуының сипатының индивидуалдық ерекшелік-
терге ие болады. 
Айқын  интеллектуалдық  жетіспеушілігі  бар  балалардың  қалпы 
өмірдің  алғашқы  күндерінен  ауыр  дамымаушылығымен  ерекшеленеді. 
Сәбилік  шақта  осы  балалар  басты  кеш  ұстайды  (4-6  айдан  бастап),  өзі 

 
88 
аударылуынан  және  отыруы  да  кеш  өтеді.  Үш  жастан  кейін  жүруді 
меңгереді.  Оларда  гуілдеу,  былдырлау  болмайды,  «тірілу  кешені» 
қалыптаспайды.  
Әртүрлі  топтағы  балалардың  моторлық  жетіспеушілігі  әртүрлі 
көрініске  ие  болады.  Ақыл-ой  кемістігінің  тежелу  түрі  кезінде  қозғалыс 
дамымаушылығы кедей, бірдей қозғалыстармен, олардың тым тез баяулы-
ғымен,  әлсіздікпен  көрініс  табады.  Ал,  керсінше,  қозу  үдерісі  басым 
балаларда  қозғалуы  тым  жоғары,  бірақ  олардың  қозғалыстары  мақсатты 
бағытталмаған  және  тәртіп  сақтамайды,  олар  бірізділік  қозғалыстарды 
жасауға  қиналады.  Жиі  бала  бастаған  қозғалысты  өзі  аяқтамайды. 
Балаларда  жіңішке,  дефференияланған  қол  мен  саусақтар  қозғалыстары 
ерекше  қиындатылған;  олар  аяқ  киімде  бауларды  байлауға  және  түйме-
лерді салуға қиналып үйренеді.  
Айқын  интеллектуалдық  жетіспеушілігі  бар  балаларда  психиканың 
барлық  жақтары  дөрекі  бұзылған:  қабылдау,  зейін,  ойлау,  есте  сақтау, 
сөйлеу, эмоционалдық-еріктік сферасы.  
Осы  балаларға  сыртқы  қабылдау  тән,  яғни  заттарды  жалпы  қабыл-
дау.  Олар  қабылдаған  материалдарға  талдау  жасамайды  және  басқа 
объектілермен  салыстырмайды.  Ол  қарапайым  және  күрделенген  мате-
риалды  қабылдау  арасында  көрінеді.  Қарапайым,  күнделікті  көретін 
заттарды қабылдайды және жеткілікті жақсы ажырата алады. 
Мақсатты бағытталған тәсілдердің анализ салыстыру, жүйелік іздеу, 
материалды толығымен қамту, әрекеттің адекватты тәсілдерін қолданудың 
болмауы, олардың іс-әрекетінің тәртіпсіз, саналы емес сипатқа ие болуына 
әкеледі.
 
Интеллектуалды  жетіспеушілігі  анық  байқалған  балалардың  зейіні 
бұзылған,  қабылдау  түйсігі  шамалы,  баланың  қабылдау  сезімін,  зейінін 
аудару қиынға соғады, балалар назары жиі басқа нәрсеге бөлінеді. Бұндай 
балалардың белсенді зейіндері өте әлсіз болады, сол себептен алға қойған 
мақсатқа жету мүмкін емес. Бастауыш сынып оқушыларының назарын тек 
қана жарқын суреттер, заттар арқылы аударуға болады, бірақ ұзақ назарын 
аударуға қиынға соғады.  
Айқын интеллектуалдық жетіспеушілігі бар балалардың психикасын 
зерттеу нәтижелері, олардың  логикалық және механикалық  есте сақтау 
қабілеті  тым  дамымаған  екенін  көрсетті.  Сонымен  қатар  есте  сақтаудың 
гипертрофияланған  жағдайлар  кездеседі  (бұл  сәттерді,  сандарды, 
орындарды және т.б. жартылай есте сақтауды білдіреді.). Сөздердің өзара 
байланысты  емес  қатарды  айтқанға,  қарағанда,  байланысты  мәтінді  еске 
сақтау  жақсы  нәтижелерге  әкеледі.  Бұл  орталық  жүйке  жүйесінің  терең 
зақымдалуы  бар  балалардың  мәтіндегі  қарапайым  мәнді  байланыстарды 
миниалды  дәрежеде  орнатады  және  ол  есте  сақтау  үдерісі  кезінде 
көмектесетінін білдіреді. 
Балаларда  қатты  танымдық  іс-әрекеттің  дамымауы,  ең  алдымен, 
ойлау  үдерісінде  көрініс  табады.  Осы  категориядағы  балалар  үшін  жиі 

 
89 
дербес  түрде  тасымалдау  мүмкін  емес  және  бекітілген  білімдерін 
қолдануға  өте  қиын  болады.  Осы  балалар  үшін  алған  білімдер  мен 
икемдерді  тасымалдау,  сәл  өзгерген  жағдайларда  қолдануы,  жағдайды 
дербес  түрде  талдау  жасауды,  күрделі  емес  өмірлік  міндеттерін  шешуін 
таңдау қиынға соғады. 
Терең  ақыл-ой  кемістігі  бар  балалар  қарапайым  жалпылауға 
қабілетті.  Оқыту  кезінде  олар  заттарды  категориялы  топтарға  біріктіруге 
үйренді  (көкіністер,  жемістер,  киім,  жануарлар,  жиһаз  және  т.б.).  осы 
жалпылаулар  тек  қана  арнайы  оқыту  нәтижесінде,  үлкен  қиындықпен 
пайда болады. Бірізділікті құрастыруға, сюжеттік суреттер бойынша және 
т.б  әңгімелеу  үлкен  қиындықтарды  туғызады.  Бірақ  та,  балалар 
жалпылауды өз өмірлік тәжірбиелерімен байланыстырады.  
Сонымен  қатар  ойлау  қабілетінің  жетіспеушілігі,  жазу  мен  есепті 
үйрету  кезінде  көрінеді.  Көптеген  зерттеушілер  оларды  оқуға  үйретуге 
болады, бірақ олар мәтінді түсіну үдерісі өтпейтінің ерекшелеген. Балалар 
оқығанды  жалпылай  алмайды,  оларда  жарқын  фрагменттарлық  қабылдау 
байқалады,  сол  себепті  мәтін  сөйлемдер  арасында  логикалық  байланыс 
қалыптаспайды. 
Айқын  интелектуалдық  жетіспеушілігі  бар  балалар  10,  20-ға  дейін 
қатарлап санауды тек қана көрнекілік құралдары арқылы жүзеге асырады. 
Ерекше түрде балаларға есепті шешуде қиындықтар кездеседі: олар бірізді 
әрекетті орындау мәнін түсінбейді және т.б.
 
Осы категориядағы барлық балаларда жұмыс қабілеттілігі өте төмен: 
әлсіз,  олардың  дамуының  ерте  шақтарынан  анықталатын  эмоционалдық 
көріністердің  пассивті  және  адекватты  еместігі  анықталады.  Ерте  шақта 
олар  жарқын  заттарға,  дыбыстарға  жеткілікті  түрде  назар  аудармайды. 
Мектепке  дейінгі  жаста  ойыншықтармен  және  басқа  балалармен 
ойнамайды.  Жаңа  ортада  осы  балалар  сырттан  қатысуынсыз,  пассивті 
болып көрінеді. 
Терең интеллектуалдық бұзылыстары бар балалар үшін дербестігінің 
және  инициативаның  болмауы  тән.  Оларға  сыртқы  әсерлерге  деген 
импульсивті  жауаптар,  ойланбаған  әрекеттер  тән  болады.  Олардың  көбі 
жеңіл  сендіруге  жақын  тұрады,  бірақ  та  барлық  таныс  емес  және  жаңаға 
қарсылық білдіреді. Осындай балалар барлық жерде рутинер: олар таныс, 
белгілі  жерлер  бойынша  серуендейді  және  т.б.  қазіргі  медицина  интел-
лектуалдық іс-әрекет бұзылыстарын өзін емдей алмайды, бірақ та көптеген 
үйлесімді  және  тежейтін  жағдайлар  медикаментоздық  терапиямен 
жеңілдетуге болады. Балалардың дамуы үшін көптеген түрлі арнайы диета-
лардың маңызы зор, сонымен қатар өмірлік іс-әрекеттің тәртібін орнату – 
осының барлығы денсаулықтың жалпы қалпын жақсартуы мүмкін. 
Жоғарыда  аталған  ерекшеліктер  жалпы  психикасының  ауыр 
бұзылыстары  бар  танымдық  жақтары  бұзылған    балалардың  барлығына 
тән.  Бірақ,  өте  терең  ақыл  ойының  кем  болуы  орталық  жүйке  жүйесінің 
түрлі  бұзылысының  нәтижесінен  болады,  психологиялық-педагогикалық 

 
90 
ықпал  бала  тұлғасының  даму  ерекшеліктерін  есепке  алған  жөн.  Түзету 
педагогикалық жұмыс әр баланың жеке мүмкіндігіне негізделген жөн. 
 
14.2 Интеллектуалды бұзылысы бар балалардың тілін дамыту 
Коммуникативтік  тілдік  фунцияның  құрылымы  –  адамның  адапта-
циялық мүмкіншілігінің көрсеткіші және оның қоршаған әлеуметтік ортаға 
тигізетін  ықпалы.  Оқытудың  ең  негізгі  мақсаты  –  орташа  және  терең 
интеллектуалды бұзылысы бар балалардың тілін жетілдіру. Тілдік бұзылыс 
өзінің  ауырлығына  байланысты  қарастырылады,  кей  жағдайда  тілді 
дамыту  мүмкін  емес.  Тілдің  дамымау  деңгейі  бас  ми  қабатының  терең 
бұзылысынан да болуы мүмкін.  
Зерттеушілер  балалар  тілінің  кеш  шығатынын  айқындайды  және 
кейбір  балалардың  тілі  мүлде  шықпайды  немесе  дамымайды.  Өзіндік 
тілдің  көрінісі  қысқа  сөздер  арқылы  білінеді  немесе  белгілі  дамыған 
формаларда  білінуі  мүмкін.  Көптеген  балалардың  дамуында  артикуля-
циялық аппараттың перефириялық дөрекі аномалиялар болады және 
тыныс  бұзылысы,  т.б.  Интеллектуалды  бұзылысы  бар  балалардың 
барлық  тілдік  функциялары  бұзылған.  Сөздік  қор  жинағы  балалардың 
жинақтаған  сөздерін  пайдалану  белсенділігіне  әкеліп  соқпайтындығы 
дәлелденген. Түзету  жұмыстарының нәтижесінде балалардың сөздік қоры 
толысады бірақ баланың жеке тәжірибесінің шеңберінде ғана қолданылуы 
мүмкін. Аталған категорияға жататын балалардың үлкендермен, жолдаста-
рымен  диалог  құруы  өте  қиыншылық  тудырады.  Ақыл-ойы  кем  бала 
тілінің дамуы үлкен адаммен қатынас арқылы, бір қызмет түрін ұйымдас-
тыру  арқылы  дамуы  мүмкін.  Тек  қана  коммуникативтік  фактор  болған 
жағдайда ғана бала тілінің шығуы мүмкін және даму мүмкіншілігі бар.  
Терең ақыл-ойы кем баланың сөйлеу қабілетінің дамуы үлкендермен 
бірлескен іс-әрекетінің ұйымдастырылуы арқасында жүзеге асады. Сөйлеу 
белсенділігі  ән  мен  өлең  айту  негізінде  дамиды.  Бала  жиі  эхолалиялық 
түрде сөздерді атап, өзінің сөзінің мағынасын жағдаймен байланыстыра 
алмайды.  Ақыл-ойы  кем  балалардың  тілдік,  дыбыстық  реакцияларын 
дамыту  қиыншылықтарының  нәтижесінде  көптеген  үлкендермен  қарым-
қатынаста дамитың әдістердің туындауына әкеліп соқты.  
Кейбір  жағдайларда  орташа  және  терең  интеллектуалды  бұзылыс-
тары бар балалармен қарапайым вербалдық емес коммуникацияны үйрену 
мүмкіншілігі  бар.  Осындай  тәсілдердің  ішінде  жалпы  оқыту  әдісін  және 
пиктограмма, т.б. әдістерін атап өтуге болады.  
Оқу  өте  күрделі  дағдылардың  біріне  жатады,  оны  тек  оқыту 
үдерісінде  үйрену  мүмкін.  Дәстүрлі  буынға  бөліп  оқыту  әдісі  жақсы 
нәтиже бермейді, себебі балалар үйреншікті буынды оқу тәсілін қайталай-
ды.  Егер  буындар  сөз  болып  оқылатын  болса,  ол  механикалық  түрде 
жасалып,  бала  оқыған  сөздің  мағынасын  ажырата  білмейді.  Жалпы 
оқытудың тәсілі балаға толығымен жазылған сөз беріліп, оның оқылуына 
балаға  көрнекі  материалдар  көрсетіледі.  Ары  қарай  аталған  сөз  ойын 
арқылы,  тұрмыстық  жағдайда  және  ойын  арасында  бекітіліп  отырылады. 

 
91 
Тілдік  материалдық  қор  әр  балаға  жеке  таңдап  алынады,  оның 
қызығушылығына,  сөздің  күрделілігіне,  мазмұнның  түсінікті  болуына 
байланысты таңдалады. 
Келесі  тағы  бір  қоршаған  ортадағы  адамдармен  қарым-қатынас 
байланысының  тиімді  әдісінің  бірі  –  пиктограммаларды  пайдалану
Лебжүйе (Райнхольд Леб) үлгісі сөйлей алмайтындармен белгілер жүйесін 
пайдалану әдісін ұсынады. Белгілер жүйесі баланың түсіну мүмкіншілігіне 
байланысты  пайдаланылады.  Бала  өзі  тауып,  түсінетін  белгіні  көрсетуі 
мүмкін.  Баланың  жеке  тілегін  көрсету  мүмкіндігі  үшін  баланы  өз  тілегін 
көрсету мүмкіншілігін тәрбиелейді. Белгілерді енгізу күнделікті, жаймен, 
қайталанатын  жағдаяттарда  енгізіледі,  мысалы  –  тамақ,  сусын,  ойын,  т.б. 
Бала  бір  нәрсені  түсінуде  қиыншылық  көрсетсе,  сол  түсінікті  түсіндіру 
үшін көптеген суреттер, үлгілер, жағдаяттар мысалында көрсету қажет: 
– жалпы тану таңбалары; 
– сапаны білдіретін сөздер; 
– денсаулық жөніндегі мәлімет; 
– азық-түлік; 
– үй тұрмысындағы қажетті заттар; 
– жеке гигиена; 
– ойын және сабақтар; 
– сезімдер; 
– жұмыс және демалыс. 
Бұл  жүйенің  авторлары  және  педагогтер  практикалық  тәжірибеде 
аталған әдістің жақсы нәтиже беретінін дәлелдеген. 
Балалардың сөйлеу қабілетін дамыту үшін және белсендендіру үшін 
–дыбыстау,  жартылай  сөйлеу,  аталған  категорияға  жататын  балалардың 
мүмкіншіліктерін  дамыту  үшін  ритмикалық  жаттығулар  және  ойындық 
жағдаяттарды пайдаланған жөн.
 
 
14.3 Интеллектуалды  бұзылыстары  айқындалған  балаларды 
тәрбиелеу және оқыту 
Қазіргі  жағдайда  интеллектуалдық  қызметі  бұзылған  балаларды 
оқыту және тәрбиелеу арнайы министрлік денсаулық сақтау және әлеумет-
тік қорғау арнайы мектеп интернаттарында жүргізіледі. 
Интеллектуалдық кемшіліктері бар балаларды тәрбиелеу және оқыту 
бірнеше  принциптер  негізінде  жүргізіледі.  Жалпы  оқыту  және  тәрбиелеу 
үдерістерін ұйымдастыру принциптерінен басқа арнайы принциптерді атап 
өткен жөн: 
– тәрбиелеу мен оқытудың әлеуметтік бағыты; 
– тәжірибелік бағыты; 
– қызметтік көзқарас; 
– эмоционалдық орта және жеке комфорт болғаны жөн; 
Аталған  категорияға  жатқызылатын  балаларды  түзету  тәрбиелеу 
мақсаты  әлеуметтік  адаптация  жұмыстарын  жүргізіп,  өмір  жағдайына 
ықшамдау.  

 
92 
Мақсатқа  жету  үшін  түзету-тәрбиелеу  жұмыстарының  бірнеше 
міндеттерін шешуіміз керек: 
1. Тәрбие  және  оқыту  үдерісінде  балалардың  танымдық  қызметін 
және психикалық функцияларын максималды түрде дамыту. 
2. Еңбек  тәрбиесі  арқылы  максималды  түрде  әлеуметтік  жағдайға 
дайындау,  қолынан  келетін  еңбек  түрлерін  үйрету,  аталған  категорияға 
жатқызылатын  балалар  қоршаған  ортада  өздерін  дұрыс  ұстай  алмайды, 
жеке өзіндік өмірінде қорғансыз жағдайда түседі. 
3. Тәрбиелеу дегеніміз – қоғамдағы дұрыс тәртіпті қалыптастыру. 
Орташа  және  терең  интеллектуалды  бұзылыстары  бар  балаларды 
тәрбиелеу  және  оқыту  –  күрделі  үдеріс,  оларды  тәрбиелеуде  және 
дамытуда қоршаған ортада өз орындарын таба білетіндей етіп бағыт берген 
жөн. Әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауын-
да  келісілгендей,  әлеуметтік  қамту  жүйесіндегі  интернат  үйлеріне  ақыл 
ойы орташа, ауыр және терең деңгейдегі балалар қабылданады.  
Аталған  категориядағы  балаларды  арнайы  оқыту  ерте  басталуы 
керек,  балалық  шағынан  бастап.  Мектепке  дейінгі  имбецил  балалармен 
жүргізілетін  түзету-тәрбиелеу  жұмыстары  басқаша  жүргізілуі  тиіс,  жеңіл 
интелектуалды бұзылыстары бар балалардан олардың айырмашылығы зор. 
Оқытудың  міндеттері:  «Қоршаған  әлем  жайындағы  танымдық 
түсініктерін  кеңейту,  баланың  тілін  дамыту,  қарапайым  санитарлық-
гигиеналық дағдыларды қалыптастыру, өз-өзіне қарапайым қызмет көрсете 
алуға үйрету, жеке және ұжымдық ұйымдастыру қабілетін қалыптастыру, 
балардың  дене  бітімін  шынықтыру».  Бұл  мақсаттар  тәрбие  жұмысының 
үрдісінде,  күнделікті  өмірде  және  балаларамен  жүргізілетін  арнайы  сабақ 
барысында жүзеге асуы тиіс. 
Қазіргі  уақытта  «Қадамнан  соң  қадам»  жүйесінде  құрылған  жеке 
реабилитациялық бағдарламалар көптеп тарала бастаған. Әдістің негізінде 
тәрбиелеу  модификациясы  жатады.  Бұл  әдіс  баланы  оқытуда  балаға 
қажетті  білім,  білік,  дағдыларын  тиімді  үйретуде  пайдалы.  Бұндай 
бағдарламаларда баланың  бойында  қалыптасатын  әр  дағды  анық ашылып 
қалыптасады.  Арнайы  мамандардың,  ата-аналардың  кешенді  және  жүйелі 
ықпалдары  баланың  жақсы  жетістіктерге  жетуіне  жағдай  жасап,  бала  өз 
мүмкіншілігіне  қарай  қадам,  қадамнан  соң  өз  жетістігіне  жетеді. 
Реабилитациялық  бағдарлама  арқылы  жеке  жұмыс  жасауда,  арнайы 
мамандар баланы оқытудағы қажетті міндеттерді анықтайды. 
 
 
15-тарау. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ БҰЗЫЛЫСТАРЫ  
БАР БАЛАНЫҢ ОТБАСЫМЕН ЖҰМЫС 
 
15.1  Интеллектуалдық  жетіспеушілігі  бар  баланы  тәрбиелейтін 
отбасындағы қарым-қатынастың негізгі мәселелері 
Баланың тууы  – әрбір  отбасыда қуанышты жаңалық. Интеллектуал-
дық  дамуының  бұзылыстары  бар  әрбір  балаға  сүйіспеншілік,  қамқорлық 

 
93 
пен  мейірімділік  қажет.  Осы  балалар  сау  құрдастарға  қарағанда,  олар 
тұрақты көмекті және оқудағы басқарушылықты көбірек қажет етеді. 
Дамуда ауытқушылықтары бар балаларды отбасында тәрбиелеу ата-
аналардан,  педагогтерден  сабырлық,  түсінушілік  және  т.б.  көптеген 
қасиеттерді  талап  етеді.  Ата-аналардың  мамандармен  тығыз  қарым-
қатынас  пен  өзара  түсінушілікті  қалыптастыру,  баламен  психологиялық-
педагогикалық жұмыста жемісті шарты болып келеді. 
Интеллектуалдық  жетіспеушілігі  бар  баланы  тәрбиелейтін  отбасын-
дағы  бала  ата-ана  қарым-қатынасы  күрделі  әрі  маңызды  мәселе  болып 
саналады.  Аномальды  дамуы  бар  баланың  әлеуметтік  бейімделуі  ата-
аналардың дұрыс тәртібіне тәуелді болады. 
Ерте  балалық  шақтан  бастап,  танымдық  іс-әрекеттің  жетіспеушілігі 
баланың ата-анамен немесе қоғамның басқа мүшелерімен қалыпты қарым-
қатынас  жасауға  кедергі  жасайды.  Осы  барлығы  әлеуметтік  тәжірибені 
меңгеруді  және  тұлғааралық  қатынастардың  тәсілдерін  қалыптастыруды 
қиындатады,  интеллектуалдық  бұзылыстары  бар  балалардың  эмоционал-
дық  дамуын  тежейді.  Интеллектуалдық  дамуында  ауытқушылықтары  бар 
баланы тәрбиелейтін отбасы көптеген қаржыландыру, әлеуметтік және т.б. 
қиындықтарға  тап  болады.  Отбасындағы  өзара  қарым-қатынастардың 
адекватты  түрлерін  қалыптастыру  сұрақтарымен  әртүрлі  мамандар 
айналысады,  олар:  психологтер,  психотерапевтер,  олигофренопедагогтер, 
логопедтер  және  т.б.  Жалпы  арнайы  психологияда  бала  дамуы,  яғни 
әлеуметтендірілуі  балаға  жақын  адамдармен  қарым-қатынастан  бастала-
тының  анықтады.  Баланың  анамен  эмоционалдық  қарым-қатынас  –  бұл 
оның  алғашқы  іс-әрекет  түрі,  ол  онда  оқыту  субектісі  ретінде  болады. 
Мүмкіндігі шектеулі бала дамуының жемістілігі отбасындағы балаға деген 
дұрыс ыңғайын табуына байланысты болады. 
Күрделі  жағдайда  өмір  сүретін  балалар  үшін  өмір  бақылауының 
жетіспеушілігі,  эмоционалды  кемелденбеген  және  жоғары  деңгейде 
құштарлану тән. 
Отбасылар  және  отбасылар  мүшелерінің  интеллектуалды  бұзылысы 
бар баланың отбасында пайда болуына көзқарастары әртүрлі. Бұл көптеген 
факторларға  байланысты:  жеке  жағдайға  байланысты,  баланың  пайда 
болуын  ата-ананың  күтуіне,  бақытсыз  жағдайға  деген  көзқарасқа,  басқа 
балалардың санынан және ерекшеліктеріне байланысты болады. Бірақ, ата-
аналардың  ерекшеліктеріне  қарамастан,  әлеуметтік,  экономикалық  және 
отбасы  аралықтарындағы  мәдениеттілік  ерекшеліктеріне  қарамастан, 
жалпы  осындай  ата-аналарға  ортақ  мәселе  бар.  Ата-аналар  балаға 
қойылған  диагнозды  қиын  қабылдайды.  Ата-аналарды  «ақыл-ойы  кем», 
немесе  «олигофрения»  деген  терминдер  шошытады.  Ең  алғашқы  рет  ата-
аналар  эмоционалды  жарақат  алғанымен,  біртіндеп  жағдайды  түсініп, 
баланы  ауру  деп  қабылдайды.  Жағдайды  қабылдау  процесі  бір-бірімен 
байланысты  бірнеше  факторлармен  айқындалады,  олардың  ішінде 
маңыздысы  ата-аналардың  жеке  басы,  баланың  ерекшеліктері,  қоршаған 
орта әсер етеді. 

 
94 
15.2 Отбасына және балаға берілетін психологиялық-педагогика-
лық көмек түрлерін ұйымдастыру формалары 
Балаларының  ақыл-ойы  кемдігі  ата-аналарға  психологиялық  тұрғы-
дан ғана емес, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан да әсерін тигізеді.  
Баласына  қойылған  диагноз  туралы  ата-аналардың  реакциясы  түрлі 
болып  келеді,  жеке  жағынан  және  ұқсастықтары  да  кездеседі.  Ең  бірінші 
диагнозға  деген  реакция  өздерін  «кінәлі»  сезінулері,  «Неге  мен?»,  «Неге 
менің балам?» деген сұрақтарды туындатады.  
Амбиваленттік  (екі  жақтылық)  –  ата-аналардың  бойында  байқала-
тын реакцияның екінші түрі. Стресс пайда болғанда реакцияның позитивті 
оң  өзгерісі  және  қарама-қарсы  реакциялар  пайда  болады.  Ашу,  қаһар, 
түңілу – сезімдер баланы қорғауда және жақсы көруде білінетін сезімдер. 
Амбиваленттік  жаңа  дағдарыс  кезінде  пайда  болып  қиыншылықпен 
жойылады. Аталған категорияға жатқызылатын балалардың ата-анасының 
48%-ның реакциялары, ұят, ауыртпалық және т.б. 
Көптеген  этиологиялық  факторлар,  ақыл-ойы  кемдігінің  түрлі 
деңгейі патологияның біліну себептері, жеке айырмашылықтар және басқа 
да формалар реакцияның байқалуын күрделендіреді.  Девиация дағдарысы 
(ереженің  болмауы)  –  бұл  тағы  да  бір  реакцияның  формасы,  бұл  реакция 
баланың  жағдайынан,  диагноздың  қойылуынан,  стреске  байланысты 
болады.  Ата-аналар  түсініксіз  мәселемен  кездесіп,  бұл  жағдайда  көмек 
күтеді:  жаңа  ақпарат,  жаңа  білім  және  танымайтын  мамандармен  қарым-
қатынас жасау. 
Баланың  патологиялық  жағдайы  ата-аналар  бойында  ауыр  стреске 
ұшыратады. Кейбір жағдайларда бала орталық нерв жүйесінің бұзылысы-
нан  басқа  дене  бітімінің  кемтарлығы  болуы  мүмкін.  Бұл  жағдайлар 
баланың  ата-анасына  үлкен  ықпал  жасауы  мүмкін.  Туындаған  жағдайда 
жаңа рөлді қабылдау, дамуында кемтарлығы бар баланың ата-анасы екенін 
қабылдау  өте  қиын.  Ақыл-ойы  кем  баланың  қажеттіліктерімен  ата-
аналардың  өміріндегі  жағдайды  өзгерту  «Хроникалық  қиналу  дағдарысы» 
деп  аталады.  Дамуында  кемшілігі  бар  бала  күнделікті  өзіне  деген  күтімді 
талап  етеді  де,  ата-анасына  күнделікті  дағдыланған  өміріне  кедергілік 
әкеледі. 
Девиация  дағдарысы  кезінде  ата-аналар  жаңа  рөлді  қабылдап, 
хроникалық қиналу дағдарысы отбасындағы ата-аналарды дезорганизация 
менреорганизацияға  әкеліп  соғады.  Отбасы  мүшелері  бұндай  баланың 
отбасында пайда болуы отбасылық қарым-қатынасқа өз ықпалын тигізеді. 
Бұл  жағдайда  арнайы  маманның  кеңесі  қажет.  Кейбір  жағдайларда  ата-
аналар баланың кемтарлығынан ол кеш жүруі тиіс, немесе оның дамуында 
бір  кемшіліктер  болады,  тілі  кеш  дамуы  мүмкін  деп  ойлап,  аталған 
диагноздың  қойылуынан  қорқады.  Шындықты  естігенде,  ата-аналар  бұл 
жағдай  уақыт  өте  бала  есейгенде  өтіп  кетеді  деп  ойлайды  және  осындай 
диагноз қоюшы мамандарға ренішті болады. Бұндай сезім түсінікті, бірақ 
ең бірінші естігендегі ауыр сезім өтпелі болады. Кейбір ата-аналар барлық 
жақындарымен,  достарымен  қарым-қатынасты  тоқтатып,  өз  мәселелеріне 

 
95 
іштей  кетеді,  ал  басқалары  көптеген  адамдардан  көмек  алу  үшін  қарым-
қатынасқа түседі.  
Баланың  әлеуметтік  тәжірибесінің  болмауы  қоршаған  ортадағы 
адамдардың  тәртібінде  қарама-қайшылықтарды  туындатады.  Егер  отбасы 
бұндай  баланы  қабылдайтын  болса,  бұндай  жағдайда  ол  көп  нәрсені 
өздігімен  үйреніп  тәртіп  ережесінің  қарапайым  нормаларын  игереді.  Ата-
аналардың маңызды үш қасиетін атап өту қажет, мамандар бұл қасиеттерді 
ата-аналардың бойында қалыптастырғандары жөн. 
Адекваттылық  баланың  психикалық  және  мінезіне  тән  ерекшелік-
терін  обьективті  түрде  бағалап  тәрбие  үдерісінің  негізінде  құрылады. 
Динамикалық – отбасылық өмірдегі жағдайларда ықпалын тигізіп, балаға 
әсерін тигізуге әдісі мен формасын өзгертуге тиімді болады. 
Болжамдау – болашақта тәрбиелік бағыт беру. 
Интеллектуалды  қызметіндегі  бұзылысы  бар  мектепке  дейінгі 
балалардың  жалпы  барлығы  өз  отбасы  жағдайы  туралы  мәліметті  біледі. 
Көптеген балалардың бойынан отбасылық тәрбие жүйесінде шектеулік пен 
шеттетілгендіктерін  көрсетеді.  Ата-аналардың  өз  балаларына  деген 
көзқарастары  баланың  интеллектуалды  бұзылысының  ауырлық  деңгейіне 
байланысты  болады.  Интеллектуалды  бұзылыстың  жеңіл  түрінде  ауруға 
деген  көзқарастың  адекваттық  түрде  қабылданатынын  көруге  болады. 
Интеллектуалды бұзылыстың орташа, ауыр деңгейлік түрінде үлкендердің 
көзқарасы  дисфункционалды  жағдайда  қабылданып,  ал  байланысы 
бақылаудың деструктивті формасымен ерекшеленеді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет