Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет7/16
Дата03.03.2017
өлшемі5,58 Mb.
#7261
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Тахеометр түрлері: 

 
Дөңгелектік 

 
номограммалық 

 
Авторедукциялық 

 
ішкі базалық  
 
3-сурет. Тахеометр  
    
 
 
Тахеометриялық  жүріс  –  төбелері  қазықшалармен  бекітілген 
көпбұрыш  түріңдегі  геодезиялық  құрылма.  Мұнда  горизонталь 
бұрыштар,  қашықтық  өлшеуіштің  көмегімен  қабырғалар  ұзындығы 
және  жүріс  қабырғалары  бойынша  биікайырымдар  өлшенеді,  осы 
арқылы  жүріс  төбелерінің  координаталары  және  биіктік  белгілері 
есептеледі.  
Бақылау сұрақтары: 
Жоспарлық-биіктік  түсірімдердің  қандай  түрлерін  білесіз? 
Топографияда оның қандай түрі тиімді болып келеді? 
Мензулалық топографиялық түсірілім қандай әдіспен жүргізіледі? 
Олардың аспаптарын атаңыз. 
Тахеометриялық түсірілім қандай әдіспен жүргізіледі? Олардың 
аспаптарын атаңыз.
 
 
14. Фототопография 
Фототопография  –  топографиялық  карталар  мен  пландарды 
фототүсіріс  материалдарын  пайдаланып  жасау  әдісінің  түрі. 
Жергілікті  жердің  фотографиялық  түсірісі  ұшатын  аппараттардан 
немесе  жер  бетіндегі  нүктеден  орындалуы  мүмкін.  Сондықтан 
фототопографиялық түсіріс екі түрге бөлінеді: аэрофототопографиялық 
түсіріс және жердегі фототопографиялық түсіріс.  

 
66 
Аэрофотосуретке түсіру (Аэрофотосъемка) – ұшу аппараттарынан 
жергілікті  жерді  және  кейбір  заттарды  суретке  түсіру.  Аэрофотосуретке 
түсіру  уақытына,  орындау  тәсіліне,  аэрофотоаппараттың  оптикалық 
осінің  орналасуына,  экспонирлік  әдісіне  және  фотоматериалдарына 
қарай:  күндізгі  және  түнгі;  жоспарлы,  перспективалық  және 
панорамалық;  жеке,  бағыттық,  аландық,  кадрлық  және  сацылаулық, 
акқара  түсті,  спектрзоналық  болып  бөлінеді.  Ол  карталарды  жасау 
және  жаңарту  үшін,  ғылыми  және  техникалық  мақсатта  жергілікті 
жерді,  объектілерді  окып  үйрену  кезінде  қолданынады  және  әуеден 
барлауының  бір  тәсілі  болып  табылады,  әскердің  ұрыс  және  оқу-
жаттығу  әрекеттерін  бақылау  үшін,  әуе  атысында,  фотоқұжаттарды 
жасау  кезінде,  объектілердің  (нысаналардың)  координаттарын  анықтау 
үшін колданылады. 
Аэрофототопография - аэрофототүсіріс материаддары бойынша 
топографиялық  карталарды  жасаудың  әдістерін  және  құралдарын 
зерттейтін және жасайтын топография тарауы.  
Аэрофототопография тақырыбына мыналар енеді:  

 
жеке  аэрофотосуреттің  және  стереоскопиялық  жұптың 
геометриялық қасиеттерін зерттеу;  

 
аэрофотосуреттер  бойынша  топографиялық  картаның  және 
фотопланның түпнұсқаларын жасау әдістерін жете зерттеу; 

 
аэрофотосуреттерді  бажайлаудың  далалық  және  камералық 
әдістерін белгілеу; 

 
далалық  дайындау  нүктелерінің  ең  аз  санын  анықтау  және 
оларды  аэрофотосуреттерді  өндеу  немесе  фототриангуляцияны 
дамыту тәсіліне байланысты өте тиімді орналастыру мәселелері; 

 
топографиялык  карталарды  жасау  немесе  аэрофотосуреттерді 
өндеудің жеке процестерін орындау үшін фотограмметриялық аспаптарды 
жасау; 

 
картографиялау  мақсатында  аэрофотосуреттерді  алуга  арналған 
аэрофототүсірулік  аппаратураға  және  фотографиялық  материалдарға 
катысты техникалық талаптарды талдап белгілеу

 
есептеу техникасының дамуьша байланысты фотограмметриялық 
және 
геодезиялық 
координаталар 
арасындағы 
аналитикалық 
байланыстардың ең қолайлы формулаларын шығару. 
Аэрофототопографиялық  түсіру  стереотопографиялық  немесе 
құрама әдіс бойынша анықталады.  
Құрастырылған  әдіс  аэрофотосуреттерді  фотограмметриялық 
өндеудің  мензулалық  түсіріспен  үйлестірілуі  болады.  Аэрофотосуреттер 
бойынша  фотоплан  жасалады,  содан  соң  оның  көшірмесіне  далада 
мензулалық  түсірістің  әдістерімен  жер  бедерін  түсіреді.  Құрастырылған 

 
67 
әдіс,  әдетте,  онша  ойлы-қырлы  емес  жазық  аудандарды  түсіру  үшін 
қолданылады.  Стереотопографиялық  әдіс  әр  түрлі  нүктелерден 
суретке  түсіруден  алынған  жергілікті  жердің  екі  суретінің 
стереоскопиялық  қасиетін  пайдалануға  негізделген.  Стереожұптар 
бойынша  камералық  жағдайда  жергілікті  жердің  контурлары  мен 
бедері алынады. 
Аэрофотосуреттерді  өндеу  кезіндегі  колданылатын  аспаптарға 
байланысты стереотопографиялық әдіс екі тәсілге:  

 
әмбебап  

 
дифференцияланған 
Әмбебап  тәсілде  аэрофотосуреттерді  пландарға  түрлендірудің 
барлық процестері, соның  ішінде  контурларды  және  бедерді түсіруді 
бір аспаппен орындауға мүмкіндік беретін аспап типтері пайдаланылады. 
Осындай аспаптар әмбебап деп аталады. Дифференцияланған тәсілде 
бірнеше  аспап  пайдаланылады,  олардың  әрқайсысы  қандай  болса  да 
бір  процесті  ғана  орындауға  арналған:  мысалы,  тірек  нүктелері 
торабын жиілендіру үшін – стереокомпаратор, жер бедерін сызу үшін 
стереометр,  планшетке  контурларды  және  жер  бедерін  көшіру  үшін 
проектор немесе трансформатор қолданылады. Стереотопографиялық 
әдіс қазіргі уақытта топографиялық карталарды жасаудың негізгі әдісі 
болып саналады.  
Стереотопографиялық өдісті жергілікті жердің барлық элементтері 
камералы  фотограмметриялық  аспаптарда  құрылады.  Аралас  әдісте 
картаның  контурлы  бөлімі  аэрофототүсіру  арқылы,  ал  жер  бедері 
мензулалы түсіру төсіддері арқылы құрылады. Аэрофототопографиялық 
түсіру  1:10  000  -  1:  100  000  масштабтағы  топографиялық  карталар 
жасау кезінде қолданылады. 
Қазіргі  таңда  картографияда  аэрокосмостық  суретке  түсіру  кең 
қолданысқа  ие  болды.  Космостық  түсірулердің  жаңа  әдістері  жер 
бедерінің жай-күйін, табиғи процестер мен құбылыстардың динамикасын, 
табиғи  ресурстардың  орналасуы  жайлы  жан-жақты  мәліметтерді 
береді. Алынған мәліметтердің нақтылығы жоғары. Аэрофотосуреттер 
сияқты  космостық  түсірулер  жергілікті  жердегі  нысандар  жайлы 
жалпы және жеке мәліметтер береді.  
Бақылау сұрақтары: 
Топографияда фототопографияның тиімділігі қандай? 
Фототопографиялық түсірістің қандай түрлерін білесіз? 
Аэрофотосуреттер қайда кеңінен қолданылады? 

 
68 
15. Глобус 
Глобус(лат.  globus–шар)  –  Жердің,  Айдың,  планеталардың  және 
аспан  сферасының  контуры  мен  геометриялық  пішіндік  ұқсастығы 
сақталып,  картографиялық  әдіспен  бейнеленген  көлемдік  модель. 
Мазмұны  жағынан  жалпы  геогр.,  саяси,  тектоник.,  климаттық,  т.б. 
болып бөлінеді 
Глобус  –  картографиялық  бейнелер  түсірілген,  кескіндердің 
геометриялық ұксастығы мен аудандардың арақатынастары сақталған 
Жердің,  Айдың,  планеталардың  және  аспан  сферасының  шар  тәрізді 
үлгісі.  Жер  Глобусы  тақырыбы  (жалпы  географиялық,  саяси, 
тектоникалык, климаттық, тағы да басқалары), масштабы және арналу 
мақсаты  бойынша  бөлінеді.  Ең  көп  қолданылатын  Жер  глобусы  1:30 
млн – 1:80 млн масштабта болады. Көбінесе көрнекті құралдар ретінде 
қолданылады. Ең бірінші Глобусты неміс географы және саяхатшысы 
М. Бехайм жасаған (1492) деп саналады.  
Глобус  –  Жер  шарының  бірнеше  кішірейтіліп  берілетін  нақты 
бейнесі 
Глобустар  –  көбінесе  1:30000000  -  1:80000000  масштабта 
кішірейтілген  Жер  шарының  көлемдік  сүлбісі  (моделі).  Оның 
бетіндегі  меридиандар  мен  параллельдердің  қиылысуларынан  пайда 
болатын  сферовдалық  трапециялар  градустық  (географиялық)  тор 
деп  аталады.  Картографиялық  салындыда  болатын  бұрмаланулар 
мұнда  атымен  жоқ,  яғни  масштабтың  тұрақтылығы,  тұлғалар  мен 
бағыттардың ұқсастығы сақгалып қалады. Олар объект бойынша Жер 
элемдік, 
планеталық 
жэне 
аспандық, 
тақырыбы 
бойынша 
жалпыгеографиялық, геологиялық, саясаттық т.б., атқаратын міндетті 
бойынша оқулық, навигациялық т.б., өлшемдері бойынша кабинеттік, 
үстелдік,  кіші  жэне  кішкентай  болып  бөлінеді.  Алғашқы  глобустар 
ХV-ХVІ ғғ. Европада жасалып шыға бастады. 
 
15.1 Глобустың құрылымы және оның ерекшелігі 
1. Географиялық  карталар  Жердің  пішінінің  ерекшеліктерін 
көрсетеді.  Ол  геоид  тәрізді,  яғни  дұрыс  емес  пішінді,  белгілі 
алгоритмдермен  суреттеле  алмайды.  Глобусты  жасаған  кезде  Жерді 
шар  тәріздес  етіп  алынуына  не  себеп  болды?  Себебі,  Жер 
эллипсоидінің  оқсінің  арасындағы  қашықтығы  өте  аз  –  43  км  ғана. 
Ұсақ масштабты модельдерінде бұл айырмашылықты елемесе де болады. 
2. Глобустың  беті  тегіс  болып  келеді.  Бедерлі  глобустар  сирек 
жасалады, кейде жер бетінің белгілі бір аумақтарының ірі масштабтағы 
үлгісі жасалады. Мысалы, 1:30 000 000 масштабта дүние жүзіндегі ең 
үлкен тау жүйесі Джомолунгманың (8848 м) биіктігі глобуста 0,34 мм 

 
69 
болады.  Бұл  биіктіктегі  айырмашылықты  кішкентай  шардың  бетіне 
бейнелеу  мүмкін  болмағандықтан,  глобус  бетінің  тегіс  болуы 
айқындалған. 
3. Егер бглобусты шар деп алсақ, оның осьтары барлық бағытта 
бірдей болады, ал меридиандар мен параллельдер  – шеңбер бойымен 
сәйкес болады. Мұны оңай түсіндіруге болады: шар бетінің кез келген 
бағыттағы жазықтықпен түйісу сызықтары – шар тәрізді. Егер түйісу 
жазықтықтағы  Жердің  ортасы  арқылы  өтсе,  үлкен  шеңбер  пайда 
болады.  Үлкен шеңберлер болып  меридиан және  экватор сызықтығы 
алынған.  Барлық  меридиандардың  радиусы  бір-біріне  тең  болып 
келеді. 
Егер  шарды  бөлетін  жазықтық  Жердің  ортасы  арқылы  өтпесе, 
онда жазықтықпен түйіскен сызықтар кіші шеңбер құрайды. Экватордан 
басқа  параллельден  –  кіші  шеңбер  болады.  Оның  радиустары 
экватордан полюске таман азая түседі. 
4. Меридиан  мен  параллельдер  арасындағы  бұрыштар  – 
глобустың  кез  келген  нүктесінде  түзу  болады,  яғни  жер  бетінің 
арасындағы бұрыштарына сәйкес болады. 
5. Глобус  масштабы  кез  келген  нүктеде  бірдей  болады,  сондықтан 
меридиандар  арасындағы  параллельдердің  қашықтығы  және  бір 
параллельде  орналасқан  меридиандар  бір-біріне  тең.  Глобустың 
масштабтарының  тұрақтылығы  қателіктер,  яғни  бұрмаланулар 
болмайтынын көрсетеді. 
6.  Бұрмалану  жоқ  болғандықтан,  глобус  бетінде  кез  келген 
фигураны көрсете алады. Сол себепті глобуста объектілердің пішіндері, 
бейнесі  бұрмаланусыз  беріледі  –  теңіз,  материктер,  мемлекеттер, 
ормандар т.б. 
7.  Глобустағы  кез  келген  нүктелердің  сызықтарының  ұзындығы 
мен 
бұрыштарының 
бұрмалануы 
болмағандықтан, 
олардың 
аудандарында да қателік болмайды. 
Глобусты пайдалану бүкіл Жер бетін көруге ыңғайлы. Глобустан 
көрінгендіктен  материктер  мен  мұхиттардың  байланысы,  олардың 
орналасуы,  өлшемдерінің  ұқсастығы,  полюстер  мен  экватордан 
қашықтығын есептеуге болады. 
Бақылау сұрақтары: 
Глобус  дегеніміз  не?  Олардың  құрлымы  мен  ерекшеліктерін 
атаңыз. 
Не себепті географияда глобусты қолдану тиімді болып келеді? 

 
70 
16. Ұсақ масштабты карталар, олардың математикалық негізі 
Географиялық 
картаның 
топографиялықтан 
ұстанымды 
айырмашылығы  оның  ұсақмасштабтылығында  (миллиондықтан  ұсақ, 
мысалы 1:100000000 географиялық атластағы “СССР на карте Мира”). 
Осыған  байланысты  Жер  эллипсоидының  (сфероидының)  тұрпатын 
жазықтыққа  келтіру  бұрмаланусыз  (ажыраусыз  бен  бұрмаланусыз) 
болмайды. Мақсат – бұрмаланулардың әсерін кіші мәнділікке тұрақтату. 
Географиялық  картаның  математикалық  негізі  үштұрықты 
(геодезиялық  негіз,  масштаб  және  салынды)  екені,  олардың  жалпы 
сипаты  туралы  бұдан  бұрын  айтылған.  Төменде  сфероид  бетінен 
жазықтыққа  өту  және  географиялық  картаның  масштабына  тән 
ерекшеліктері жөнінде түсініктеме берейік. 
Жердің  физикалық  бетінен  карта  бетіне  өту  бірімен-бірі  өзара 
байланысты үш іс-әрекеттің орындалуын қажет етеді: 
1)
 
Жердің  физикалық  бетінің  координаталары  геоидтың,  содан 
соң референц-эллипсоидтың бетіне шығарылады
2)
 
Референц-
глобустың  (көмекші  глобустың)  мөлшеріне  (радиусына)  дейін 
өзгеріске ұшырап кішірейтіледі; 
3)
 
Глобус  бетіндегі  меридиандар  оның  айналу  білігі  арқылы 
өтетін  жазықтықтармен,  ал  параллельдер  осы  жазықтықтарға 
перпендикуляр  болып  келетін  жазықтармен  тілімделеді  де,  бұдан 
пайда болатын белдеулер жазықтыққа жайылады. Бұндай іс-әрекеттер 
белдеулердің өзара ажырасуына (қабыспауына) соқтырады. 
Осылайша  тілімделген  белдеулерді  өзара  тұтастыру  – 
салындылаудын  міндеті.  Бұл  үшін  белдеулердің  шекаралық  нүктелерін 
біріне-бірін созғылау немесе сығымдау арқылы қабыстыру керек. 
Жоғарыда  айтылған  созғылану  және  сығымдалу  тұрпат  – 
сыздықтарының  салдарынан  географиялық  картаның  масштабы 
айнымалы  болып  кетеді,  оның  шамасы  карта  бетіндегі  нүктенің 
мекен-жайы  (координаталары)  мен  осы  нүктеден  нысаланатын 
бағытқа  байланысты  өзгеріп  отырады,  бас  масштаб  не  іріленеді,  не 
ұсақталады,  әйтпесе  өз  қалпында  қалады.  Сонымен,  ұсақ  масштабты 
картаға тән бас және жалқы масштабтар болады. 
Бас  және  жалқы  масштабтарға  қатысты  математикалық 
картографияда  қабылданған мәнді белгілеулер бар: 
-
 
бас масштаб µ
0
=1; 
-
 
ұзындықтардың  жалқы  масштабы  µ<  1  немесе  µ  >  1,  µ=m 
(меридиан бойынша) және µ = n (параллель бойынша); 
-
 
ауданның жалқы масштабы p < 1 немесе р > 1. 

 
71 
Бас  масштаб  картада  сандық  болып  беріледі,  мысалы  1:50·10
6

Бұл шаманы Жер эллипсоидының (Жер шарының) глобус мөлшеріне 
(радиусына)  дейін  кішірейтілу  дәрежесі  деп  түсіну  керек.  Айталық, 
глобус бетіндегі кесіндінің ұзындығы L
см
. Егер глобусты жазықтыққа 
жайғанда  осы  кесіндінің  ұзындығы  өзгермесе,  онда  L  :  L  =  1,  яғни 
картадағы  кесінді  бойынша  ешқандай  бұрмалану  жоқ,  оған  тән  тек 
қана бас масштаб µ
0
=1. 
Бұрмаланулары бірдей нүктелерді қосатын изосызықтар изокола 
деп  аталады.  Мысалы,  жалқы  масштабтардың  изоколдары  µ=2,00; 
1,50; 0,50 делік. Бұлар картадағы ұзындықтың глобус бетіндегі (жер 
эллипсоиды немесе Жер шары бетіндегі) ұзындықпен салыстырғанда 
тиісінше 2 есе ұзын, 1,5 есе ұзын және 2 есе қысқа екенін білдіреді. 
Бір  қатар  салындыларда  бұрмалануы  жоқ  нүктелер  және 
сызықтар  болады  –  олар  тиісінше  нөлдік  бұрмалану  сызықтары 
(НБС) деп аталады. Бұларға тән тек қана бас масштаб.  
Ұсақ  масштабты  карталарда  үлкен  аумақтағы  территориялар 
бейнеленеді. Бірақ  Жер – геоид –  қиындықтарға тап боламыз.  
Егер  Жердің  глобусын  кез  келген  бөліктерге  кесіп  алсақ, 
әрқайсысы сфераның бір бөлігі болады.  
Ұсақ  масштабты  карталарда  міндетті  түрде  сандық  масштаб 
беріледі (мысалы, 1:4000000). Масштабтардың басқа түрлері – атаулы 
және сызықтық – берілмесе де болады. 
Сандық  масштаб  –  алымы  бір  санды,  ал  бөлімі  жергілікті 
ауданның көкжиектік бағыттағы проекциялық сызығын картада қанша 
есе азаюына сәйкес болып келетін дұрыс бөлшек. 
Сызықтық масштаб – қашықтықты есептеуге ыңғайлы болатындай 
бөліктерге бөлінген санды масштаб атауының түзу сызықты графиктік 
кескіні болып табылады. 
Ұсақ  масштабты  карталардың  картографиялық  шартты белгілері 
шынайы  жағдайын  көрсетумен  қатар,  құбылыстың  (елді  мекендер, 
мен  олардың  дамуы)  абстрактілі  мінездемесін  береді.  Белгілер  екі 
негізгі функцияны орындайды
– біріншіден,  кеңістіктегі  нысандардың  немесе  құбылыстардың 
орналасуын көрсетеді; 
– нысандардың  түрін  көрсетеді,  олардың  сапалық  және  сандық 
мінездемесін (мысалы, елді мекендер, ондағы халық саны, әкімшіліктік 
мәні,  қала  немесе  ауылдық  мекендерге  бөлінуі,  өндіріс  салаларының 
дамуы және т.б.). 
Ұсақ  масштабты  картададағы  шартты  белгілер  топографиялық 
картадан  айырмашылығы,  оның  стандартты  еместігі.  Алайда,  кейбір 
шартты  белгілерді  нысандар  мен  құбылыстар  тобына  пайдалануда 

 
72 
шектеулер  болады.  Әрбір  нысандар  тобына  өзіне  сәйкес  шартты 
белгілер  тобы  болады.  Елді  мекендер,  шартты  түрде  дөңгелекпен, 
темір жолдар – қызыл сызықтармен, жолдар – қара сызықпен, өзендер 
– көк сызықпен белгіленеді. 
Ұсақ  масштабты  карталар  топографиялық  карталарға  қарағанда 
жер  бедерін  толық  көрсете  алмайды.  Бұл  карталар  жер  бедерінің 
негізгі және жалпы құрылысын, оның үлкен формасын ғана көрсетеді. 
Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталардан үлкен кеңістіктегі 
құрлықтар  мен  мұхиттарды,  елдер  мен  теңіздерді,  обьектілердің 
қашықтығы  мен  ауданын,  таулар  мен  жазықтарды,  үстірттерді,  ірі 
өзендердің су жинақтаушы бассейндерін көруге болады. 
 
 
 
Ұсақ  масштабты  жалпы  географиялық  карталар  төмендегідей 
мәселелерді шешуге негізделген: 

 
жергілікті жердің жалпы географиясын оқыту; 

 
табиғи  немесе  әлеуметтік-экономикалық  заңдылықтарды  орнату 
үшін жалпы географиялық және тақырыптық элементтерді байланыстыра 
отырып, жергілікті жерді тереңдетіп оқыту; 

 
географиялық  негіздегі  тақырыптық  карталар  мен  атластарды 
қолдану. 
Ұсақ  масштабты  жалпы  географиялық  карталар  өз  алдына  жеке 
туынды  ретінде  жасалады,  ал  кейбіреулері  бірнеше  рет  басылып 
шығады. Математикалық негіздеріне қарай әртүрлі (масштаб, проекция, 
градустық торлар) бірақ элементтер жиынтығының мазмұны стандартты: 
жағалық  сызықтар,  рельеф,  халық  орналасқан  аймақ,  қатынас 
жолдары.  Өсімдіктер  әлемі  көбінесе  ұсақ  масштабты  жалпы 
географиялық  карталарда  бейнеленбейді,  түстер  рельефті  көрсету 
үшін  қолданылады.  Элементтердің  мазмұнын  көрсетуде  белгілі  бір 
стандарттар жоқ. Нақты жағдайда олар арнайы құжаттарды жасалады. 

 
73 
Дүние  жүзінің  картасы  үшін  мұхиттар  мен  теңіздердің, 
құрлықтардың  және  ірі  аймақтардың  масштабты  қатары  айқындалмаған 
(орнықтырылмаған).  Ол  карталардың  мазмұнына  байланысты 
(мысалы,  Ресейдің  анықтамалық  қабырға  картасы  үшін  1:2500000 
масштаб  қолайлы,  жоғарғы  мектептер  үшін  1:400000  масштабты 
карталар  сериясы  қабылданған,  карта  сериясы  кейде  класс  өлшеміне 
байланысты 1:500000 болады). Ұсақ масштабты жалпы географиялық 
карталарды  сақтау  мен  қолдануға  ыңғайлы  болу  үшін  парақтарға 
бөлінеді.  Көппарақты  халықаралық  1:2500000  масштабтағы  карта 
барлық жер шарын қамтушы, көпжолақты проекцияны құрайды. 
Ұсақ  масштабты  жалпы  географиялық  карталарды  жасау 
барысында  безендірілуі  мен  эстетикалық  сапасына  көңіл  бөледі. 
Көркем рамкалар қолданылады. Өте жақсы безендірілгендері картина 
тәрізді  көрінеді.  Мысалы  Памир-Тянь-Шань  (1:800000)  картасы, 
Кавказ  (1:600000)  және  т.б  жоғары  мектептерге  арналған  аймақтық 
карталарды атауға болады.  
Топографиялық карталар жекелеген шағын аймақтарға жасалады. 
Бұлар  қабырға  карталары,  олардың  масштабтары  үлкейтілген,  ал 
мазмұны  ұсақ  масштабты  карталарға  сәйкес  келеді.  Мысалы, 
облыстық  1:500000,  1:200000  масштабтағы  карталар  сериясы,  Ресей 
федерациясының жалпы географиялық картасы (1:200000 – 1:100000)  
Отандық  және  халықаралық  картографияның  дамуында 
«Халықаралық  дүние  жүзілік  картасы  1:2500000»  (1964-1976)  үлкен  
роль  атқарды.  Осы  карталардың  жасалуын  КСРО,  Венгрия,  ГДР, 
Болгария,  Чехославакия  елдері  ат  салысты.  Бұл  картографиялық 
туынды  бірлескен  ұжымдық  ортақ  технологиямен  жасалды.  Осы 
картаны  жасау  барысында  әр  елдің  картографиялық  қызметкерлері 
өздерінің  тәжірибеоерін  ортаға  салды.  Өте  жоғары  ұйымдастыру 
жұмыстары КСРО  мен Венгрияда жасалды. Еліміздің енгізген басты 
еңбегі  –  картаның  математикалық  негізі.  Карта  ағылшын  тілінде 
басылып  шықты,  дегенмен  картаны  жеке  парақтары  орыс  тіліне 
аударылған.  
Картаның  негізгі  міндеттері  –  жердің  табиғи  ресурстары 
бейнеленген  тақырыптық  карталар  сериясына  негіз  болу.  Бұл 
картаның  халықаралық  1:1000000  масштабты  картадан  өзгешелігі  
мұнда  тек  материктер  ғана  емес,  бүкіл  әлем  қамтылады.  Картаның 
мазмұны екі позицияда:  

 
танымдық 

 
ғылыми-анықтамалық ретінде жасалған. 
Сонымен  қатар  генерализацияны  қолданудың  графиктік  көрінісі 
халық  тығыздығына  байланысты  алдын  ала  халық  орналасқан 

 
74 
аймақтарды  аудандастыру  ережелері  мен  нормалары  көрсетілген. 
Карта  гипсометриялық  түспен  берілген.  Ал  өсімдіктер  жекелеген 
жерлер  де  ғана  көрсетіледі.  Халықаралық  дүни  жүз  картасы 
(1:2500000) біркелкі халықаралық топонимикалық негіз де үлкен орын 
алады. Бұл географиялық терминдер мен топонимдер бүкіл жер шары 
үшін бір жүйеге келтірілген, ал атаулардың көшірмесі бір принципке 
негізделген  жалғыз  басылым.  Ұсақ  масштабты  карталар  арасында 
жалпы географиялық ауыспалы тақырыптық карталар тобы ерекшеленеді. 
Ол жерде жалпы географиялық элементтің белгілі біреуі ғана жоғары 
дәрежеде толықтырылып көрсетіледі де, ал қалғандары екінші планға 
қалдырылады.  
КСРО-ның 1:2500000 анықтамалық картасы 1947 жылы жасалған. 
Онда  барлыө  географиялық  элементтер  көрсетілген.  Картада  халық 
қоныстанған аймақтар екі поанда берілен: 1) бастылары кара түспен, 
қалғандары көгілдір түспен.  
Ұсақ  масштабты  жалпы  географиялық  карталар  оқулық 
картографиясында кеңінен колданылады. Олар барлық оқу процесінде 
пайдаланылады.  Мысалы;  бастауыш  сыныптарда  жартышарлар 
картасы, орта буындарда материктер картасы, елдер картасы мектептегі 
жалпы географиялық картаның өзіндік ерекшеліктері бар: 

 
карталар  жинағы  және  оның  мазмұны  мектеп  программасына 
және оқулыққа сай болуы керек

 
бұл карталарға арнайы математикалық негіздер жасалған; 

 
Карталар  қосымша  жүктемелер  алады  (мысалы,  пайдалы 
қазбалар, саяхат маршруттары); 

 
карта ашық және әр түрлі түстермен безендіріледі. 
Ұсақ  масштабты  карталарда  жер  бедері  қат-қабат  бояулар  және 
горизонтальдар  көмегімен  кескінделеді.  Әрбір  горизонталь  сызығы 
белгілі  бір  биіктік  сатыларын  шектейді.  Олар  анық  әрі  көрнекі  болу 
үшін  горизонталь  аралықтары  әртүрлі  реңді  бояулармен  боялады. 
Бірдей  түспен  берілгеніне  қарамастан,  горизонталь  сызығының 
төменгі  және  жоғарғы  бөліктеріндегі  биіктік  бірдей  емес.  Биіктік 
бірте-бірте арта береді. Горизонтальдар арасын толтырып тұрған түсті 
бояулардың сандық мәні биіктік шкаласында көрсетіледі. Жер бедері 
дәл  кескінделген  оқу  карталарын  гипсометриялық  карта  деп  те 
атайды. Мұндай карталарда ойпаттар мен ойыстар ашық жасыл түстен 
қою жасыл түске дейінгі бояумен; қырат, үстірт, таулы үстірт, таулы 
қыраттар мен биік тау жоталары сары, ашық қоңыр және қою қоңыр 
түске дейінгі бояулармен кескінделеді. 
Дүниежүзілік  мұхит  түбінің  жер  бедері  көгілдір  түстен  қою  көк 
түске  дейін  ауысатын  қат-қабат  бояулармен  қоса,  изобаталармен  де 

 
75 
(бірдей  тереңдікті  қосатын  сызықтар)  кескінделеді.  Оның  сандық 
көрсеткіштері тереңдік шкаласында беріледі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет