Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата03.03.2017
өлшемі5,58 Mb.
#7261
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Картографиялық түсіндірмелер 
Ірі  масштабты  топографиялық  карталарда  барлық  елді  мекендер 
мен бөлек орналасқан құрылыстар көрсетіледі.  
Елді мекендер келесідей белгілеріне байланысты бөлінеді: 
– тұрғындарының саны (шрифттің биіктігі) 
– елді мекен түрі (жалқы атауларды жазуға қолданылатын шрифт түрі) 
– саяси-әкімшілік маңызы  
Ірі  масштабты  карталарда  елді  мекендердің  бөліктерін  жасыл 
желектердің,  көліктердің  аумағында,  құрылыс  жүргізіліп  жатқан 
жерлерде көрсетеді.  
Ірі  масштабты  карталарда  барлық  өнеркәсіптік,  ауылшаруашылық 
кәсіпорындары, қоғамдық-мәдени нысандар, діни-мәдени құрылыстар 
(мешіт, шіркеулер) көрсетіледі. 
 
Елді мекендердің атауларының жазылуы 
 
Қала 
Мазмұны 
МӘСКЕУ 
Ресейдің астанасы. Қала тұрғыны 1000000 жуық. 
Өнеркәсіптік кәсіпорындар, кемежай, теміржол станциялары, т.б. кенттер бар (село) 
Майский 
1 000 адамнан асады  
Артенмший 
100 - 1000 тұрғын 
Рудничный 
100 тұрғыннан аспайды 
 
Шет тілдік атаулардың берілу түрлері 
Басқа  тілде  карталарындың  аттарын  тапсырудың  бірнеше  түрі 
болады. 
Жергілікті  ресми  түр  –  жазуы  елдің  мемлекеттік  тілінде,  яғни 
осы  объекті  орналасқан  жерде.  Үлгі  бойынша  Sverige  (Швеция) 
немесе  България  (Болгария)  айтуға  болады.  Бұл  түр  нағыз  ресми 
жазуды  сақтайды,  бірақ  топонимнің  дыбыстамасын  ашпайды. 
Мысалы,  француздар  немесе  ағылшындар,  латын  әліпбиін 
пайдаланушылар,  Швеция  аты  «Сверье»  деген  дыбыс  шығарады,  ал 
болгарлық орыс оқырмандары «ъ» айтуда қиналуын білмеуіде мүмкін. 
Фонетикалық түр – басқа тіл әліпбиінің әріптерімен тапсырылған 
дыбыстау  (айту)  атын  шығарады.  Мысалы,  Atlantic  Highlands 
ағылшын  Атлантик  -  Хайлендс  сияқты  орыс  транскрипциясында 
көрінеді, ал Miskolc венгр, Мишкольц. Бұл форманы жиірек шартты – 
фонетикалық түрде атайды, себебі шетел тіл дыбыстары басқа әліпби 
әріптерімен  әрқашан  дәл  тапсыруға  келе  бермейді.  Мысалы, 
орыстардың  карталарында  қытай,  жапон,  араб  топонимдерін  айтуда 
ерекше  қиындықтар  көрінеді.  Тіпті  мысалы,  европалық  тілдерде  –
кейбір  әріптердің  үйлестірулері  топонимдердің  ортасында  немесе 

 
97 
алдында  болсада  түрліше  дыбыс  шығарады.  Мысалға,  немісше  st 
сөздің басында шт сияқты сөзшығарады, ал қалғандарында ст. Кейбір 
жағдайларда  фонетикалық  түрге  орыс  терминін  қосады,  дегенмен  ол 
өзі топонимге кіреді, мысалы Копетдаг жотасы, фьорд Согне - фьорд, 
Солт - Лейк көлі және Солт - Лейк - Ситиқаласы. 
Транслитерация – әріптің бір алфавиттен екінші алфавитке атын 
айтпай-ақ  көшуі.  Бұл  түрге  көп  жүгіне  бермейді,  мысалы  кей 
жағдайларда,  топонимнің  нағыз  дыбысталуы  белгісіз  болса.  Мұндай 
жағдайлар  болып  тұрады,  мысалы,  Гренландиядағы  эскимостық 
аттардың даниялықтардың картасына берілуінде немесе Австралиядағы 
байырғы аттардың ағылшын карталарына берілуінде. 
Дәстүрлі  түр  –  жазылуында  түпнұсқадан  айырмашылығы  бар, 
бірақ  осы  елдің  ауызекі  сөйлеуінде  әлдеқашан  тамыр  жайған.  Орыс 
топонимикасы  мынадай  үлгілерді  білдіреді,  карталарда  Финляндия 
дәстүрлі жазылады, Суоми емес, Греция, Эллас емес, Грузия, Сакартвело 
емес,  Шпицберген,  Свальбар  емес.  Францияның  бас  астанасы  Пари 
орыс тілінде Париж болды, итальян қаласы Наполи - Неаполь, ал Темс 
ағылшын өзені – Темза деген атқа ие болды . 
Шартты  үлгілерде  топонимикалық  белгілердің  георгафиялық 
атауларымен салыстырулары тура келеді. 
Аудармалы  түр  –  атаудың  бір  тілден  басқа  тілге  мағынасымен 
берілуі.  Негізінен  халықаралық  дәстүр  орнатқан  елдерге  қатысты, 
мысалы  Піл  сүйегі  жағасы,  Добрая  Надежда  мүйісі,  Скалистые 
таулары,  Жасыл  мүйіс  аралдары,  Отты  жер,  Қара  теңіз.  Жиірек 
атаудың  тек  жартысы  аударылады  :  жаңа,  кәрі,  солтүстік,  оңтүстік, 
үлкен, аз, орыс, татарлық – олар мән жағынан сын есім болып келеді. 
Үлгілер көп: жаңа оңтүстік Уэльс, Солтүстік Каролина,Үлкен Хинган, 
Кіші  Антиль  аралдары,  Орыс  Ашнягы,  Татар  Ашнягы  және  сол 
сияқты. 
 
Географиялық аттардың берілу түрі 
 
Топонимика 
тілі 
Жергілікті  
ресми 
Фонетикалық 
Транслитерация 
Дәстүрлі 
Ағылшын 
Француз 
Неміс 
Итальян 
Норвег 
Фин 
England 
Paris 
Wien 
Genova 
Norge 
Suomi 
Ингленд 
Пари 
Вин 
Дженова 
Норье 
Суоми 
Енгланд 
Парис 
Виен 
Генова 
Норге 
Суоми 
Англия 
Париж 
Вена 
Генуя 
Норвегия 
Финляндия 
 

 
98 
Бақылау сұрақтары: 
Картографиядағы  жазуларда  қандай  ережелер  ұстанылады? 
Оларды қандай топтарға бөледі? 
Топонимика саласы нені зерттейді? 
Шет тілдік атаулар қандай түрлерге ажыратылады? 
 
21. Карталардың жіктемесі (классификациясы) 
Карта  (немісше  Karte  –  түпнұсқа;  грекше  chartes  –  жазуға 
пайдаланылатын папирус парағы) – Жер бетінің, жұлдызды аспанның 
немесе  оның  бөліктерінің  картографиялық  проекцияларды  пайдалана 
отырып,  шартты  белгілер  арқылы  жасалған  кішірейтілген  бейнесі 
(үлгісі). Картадан өзен арнасының, топырақ жамылғысының, жыралардың 
өзгеруін, батпақтанудың, елді мекендер мен жолдардың сипатын, т.б. 
анықтауға болады. Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы 
мен  байланысын,  саралық  және  сандық  сипаттарын  анықтайды. 
Картаның өндіріс пен шаруашылықта, ғылым мен елдің қорғанысында 
маңызы зор. Сонымен бірге іздестіру жүргізуде, жоспарлауда, әр түрлі 
құрылыс ғимараттарын жобалауда кеңінен қолданылады;  
Карта – Жер шарының бетін немесе оның бөліктерін белгілі бір 
картографиялық  проекцияда  жазықтыққа  кішірейтіп  және  жинақтап 
бейнелеу. Қолданылу мақсатына қарай керекті мәліметтер көрсетіледі. 
Нышандық бөліктенуіне байланысты географиялық карталардың 
4 түрге: 

 
масштабы; 

 
кеңістікті қамтуы 

 
мазмұны; 

 
атқаратын міндеті бойынша жіктеліуін атауға болады. 
1.
 
Масштабы бойынша карталардың 3 тобын айыра білу керек: 

 
ірі  масштабты  (1:100000  және  ірілеу),  аудандар,  қалалар  мен 
қалалық аудандар үшін; 

 
ортамасштабты (1:200000:1:1000000), облыстар үшін 

 
ұсақмасштабты  (1:1000000  тан  ұсақтау),  региондар  мен 
олардың бөліктері үшін. 
2.
 
Кеңістікті қамтуы бойынша карталар былайша топтасады: 
-
 
гелиоцентрлік жүйедегі денелер; 
-
 
дүниежүзілік; 
-
 
жер  шары  мен  жартылай  жер  шары  (шығыстық,  батыстық, 
солтүстік, оңтүстік); 
-
 
құрлық пен оның бөліктері; 
-
 
дүниежүзілік Мұхит пен материктер
-
 
жеке елдер мен мемлекеттер; 

 
99 
-
 
республикалар, облыстар және басқадай әкімшілік бөлінулер; 
-
 
географиялық-экологиялық алқаптар; 
-
 
өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы аймақтары; 
-
 
жеке (қомақты) орналасқан жер танаптары (қорықтар, туристік, 
куроттық  аймақтар,  әкімшілік  –  аймақытқ  бөлінулер,  табиғи  өңірлер 
(ландшафттар), экономикалық региондар, табиғи – тарихи жерлер); 
-
 
елді мекендер (қалалар, кеншарлар, қалалық аудандар). 
3. Мазмұны 
бойынша  карталар  жалпы  географиялық, 
тақырыптық және арнайы деп аталатын 3 топқа бөліктенеді. 
Жалпыгоеграфиялық 
карталарда 
геометриялық 
пішінімен 
тұлғаланған  мазмұндық  элементтер  (жер  бедері  мен  келбеті,  су 
объектілері,  елді  мекендер,  жол  қатынастары,  байланысжелілері) 
кескінделеді.  Бұларға  тән  сипаттамалардың  түгенделуі  масштаб  пен 
олардың  іріктелу  дәрежесіне  тәуелді  болып  келеді.  Бұл  карталардың 
қолданылуында  ірі,  орта  және  ұсақ  масштабты  карталар  тиісінші 
топографиялық, шолулық-топографиялық, шолулық болып атауланады. 
Тақырыптық  карталарда  геометриялық  келбеті  көрнекіленбейтін 
табиғаттық  (А),  қоғамдық,  яғни  әлеуметтік-экономикалық,  (Ә)  және 
табиғи-қоғамдық,  немесе  гиперсфералық  (Б)  құбылыстар,  объектілер 
немесе тәсірлер (процестер) бейнеленеді. 
А. Табиғаттық карталар
-
 
физико-географиялық; 
-
 
геологиялық; 
-
 
геофизикалық; 
-
 
жер беті мен мұхит түбінің бедері; 
-
 
метеорологиялық пен климатологиялық; 
-
 
гидрологиялық (құрлықтағы сулар); 
-
 
мұхиттық (мұхит пен теңіз сулары); 
-
 
топырақтық (жер қыртысы); 
-
 
ботаникалық; 
-
 
зоогеографиялық; 
-
 
медико-географиялық карталар. 
Ә. Қоғамдық карталар: 
-
 
тұрғындар; 
-
 
шаруашылық; 
-
 
ғылыми және мәдени; 
-
 
қызмет көрсету және денсаулық сақтау
-
 
саяси және саяси -әкімшілік; 
-
 
тарихи карталар. 
Б. Табиғаттық-қоғамдық карталар. 
-
 
экологиялық-географиялық (геоэкологиялық); 

 
100 
-
 
табиғи – техникалық карталар. 
Тақырыптық  карталар  сан  алуан  (жалпы  саны  107).  А,Ә  және  Б 
топтамаларындағы  карталардың  жеке  –  дара  аттары  мен  олардың 
үлестік саны тиісінше 63, 35 және 9 екені толық деректелген. 
Арнайы карталар нақтылы шеңбер төңірегіндегі есептерді шығаруға 
немесе  пайдаланушыларға  арналады  да,  көбінесе  техникалық  қызмет 
атқарады. 
Олар былайша топталады. 
Навигациялық (сапар шегудегі) карталар: 
-
 
әуелік және ғарыштық навигация; 
-
 
теңіздік навигация; 
-
 
лоцмандық (кеме жүргізудегі) навигация; 
-
 
жолдар мен автожолдардың карталары. 
Кадастрлық (мәліметтік) карталар: 
-
 
жер кадастры; 
-
 
су кадастры; 
-
 
қалалық кадастр; 
-
 
орман-тоғай кадастрының карталары. 
Техникалық карталар: 
-
 
жер асты коммуникациялары
-
 
инженерлік-құрылыстық карталар. 
Жобалық карталар: 
-
 
мелиоративтік (жер өңдеу-ылғалдандыру мен құрғату); 
-
 
орман – тоғайға орналастыру; 
-
 
жерге орналастыру. 
Карталардың  атқаратын  міндеті  бойынша  жіктелісуін  мына 
карталар құрады: оқулық, үгіт  – ағарту, анықтамалық, экскурсиялық, 
спорттық,  сондай-ақ  соқырлар  мен  көзі  нашар  көретіндерге  арналған 
тактильдік (сезіктік) карталар. 
Бақылау сұрақтары: 
Карталар нышандық белгілеріне қарай қалай бөлінеді? 
Масштабы бойынша карталар қалай бөлінеді? 
Кеңістікті қамтуы бойынша карталар қалай бөлінеді? 
Карталар мазмұнына қарай қалай бөлінеді? 
Мектеп  атластарында  карталардың  қандай  түрлері  жиі 
қолданылады? 
 
22. Тақырыптық карталар 
Топографиялық  карта  (Топографическая  карта)  –  шартты 
белгілермен,  барлық  сызықтарын  белгілі  бір  мөлшерде  бірнеше  есе 
кішірейту  арқылы  жергілікті  жерді  қағаз  бетінде  дәлме-дәл  әрі  жан-

 
101 
жакты  бейнелеу.  Топографиялық  картада  арнаулы  шартты  белгілермен 
жердің  барлық  бөлшектерінің  (бедері мен  заттардың) орналасуы  мен 
өзара  байланысы  көрсетіледі.  Топографиялық  картаны  командирлер 
мен  барлық  дөрежедегі  штабтар  ұрысты  дайындау,  ұйымдастыру,  әр 
түрлі міндеттерді орындау барысында, сондай-ақ қарсыластар мен өз 
әскерлері  туралық,  кабылданған  шешімдер  мен  жауынгерлік 
бүйрықтар  туралы  мөліметтер  бейнеленген  құжат  ретінде  кеңінен 
қолданады.  Карта  бойынша  жергілікті  жерді  бағалауға,  қозғалыс 
бағытын  зерттеуге,  қашықтықты,  бұрышты,  алаңдарды,  биіктікті, 
кеңістікті  анықтауға  байланысты  міндеттер  орындалады,  ұрыстағы 
нысаналар  мен  ракеталардың,  артиллерияның,  т.б.  ұрыс  тәртібі 
анықталады.  Топографиялық  карталар  жалпы  мемлекеттің,  елдің 
қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету  үшін де, халық шаруашылығы 
үшін  де  қажет.Топографиялық  карта  көмегімен  орындалатын 
міндеттердің  сан  алуандығы  әр  түрлі  масштабтағы  карталардың 
болуын керек етеді.  
Жалпы  географиялық  карта  негізінде  тақырыптық  карталар 
жасалады.  Мысалы,  климаттық  белдеулер  картасы,  тектоникалық 
карта және т.б. Тақырыптық карталардың мазмұны жалпыгеографиялық 
карталарға  қарағанда  кеңірек,  үлкен  көлемді  қамтып,  әртүрлі 
мәліметті  береді.  Кез  келген  тақырып  картографиялық  әдістердің 
көмегімен толық ашыла алады. 
Тақырыптық  карталар  –  белгілі  бір  тақырыпқа  байланысты 
(тақырыпты,  объектті,  құбылыс,  сала)  немесе  бірнеше  тақырыптың 
үйлесуін  көрсететін  карта.  Тақырыптық  карталар  табиғи  (физико-
географиялық)  және  қоғамдық  (саяси-экономикалық)  құбылыстарға, 
сонымен  қатар  олардың  әрекеттесуіне  байланысты  бөлінеді.  Табиғи 
және  қоғамдық  құбылыстар  жөніндегі  барлық  мәліметтер  оның 
тақырыбына  байланысты  белгіленіп,  оның  арнайы  мазмұнына  ие 
болады. 
Тақырыптық карталар өзінің тақырыбының мөлшеріне байланысты 
– жалпы (үлкен тақырыптарға байланысты) және жеке немесе салалық 
(шағын ғана тақырыпқа байланысты) деп бөлінеді.  
Карталар Жер туралы ғылым салаларындағы әр түрлі мәселелерді 
шешу  үшін  арналған.  Қазір  картасыз  ешқандай  жұмыстар  жүргізіле 
алмайды. 
Бұл карталарды екі топқа бөлуге болады: қоғамдық және табиғи 
құбылыстар картасы. 
Тақырыптық карталардың негізгі екі түрі бар: 
а) табиғат  құбылыстарының  карталары,  яғни  физико-
географиялық карталар. Табиғи құбылыстар картасы қоршаған ортаның 
барлық компоненттерін қамтиды. Бұл топқа геологиялық, геофизикалық, 

 
102 
жер  беті  және  Дүниежүзілік  мұхит  түбінің  бедері  картасы, 
метеорологиялық  және  климаттық,  гидрологиялық,  топырақ  картасы, 
физико-географиялық 
ландшафтану 
мен 
физико-географиялық 
аудандастыру карталары  және т.б. жатады. 
ә) қоғамдық  құбылыстардың  карталары,  яғни  әлеуметтік-
экономикалық (экономика, халық, мәдениет, саяси-әкімшілік, тарихи) 
карталар.  
Қоғамдық құбылыстар қарталары  

 
социосфера; 

 
техносфераны қамтиды.  
Олардың тақырыптары әр алуан: халық, экономика мен шаруашылық, 
ғылым, білім және мәдениет, қызмет ету және денсаулық сақтау, дін 
және  саясат,  археология  мен  ұоғамның  даму  тарихы  және  т.б.  Бұл 
топтағы карталар жылдан-жылға өсуде.  
 
Табиғаттық карталар: 
-
 
физико-географиялық; 
Ландшафтық 
Қоршаған ортаның бұзылуы  
Табиғатты қорғау 
Физико-географиялық аудандастыру 
-
 
геологиялық; 
тектоникалық және неотектоникалық 
литолого-стратиграфиялық 
гидрогеологиялық 
пайдалы қазбалар 
сейсмикалық және вулканизм 
геологиялық ортаны қорғау 
құрылымдық-геологиялық аудандастыру 
-
 
геофизикалық; 
гравитациялық өріс 
магниттік өріс 
сейсмометрлік  
электрлік өріс 
жылу энергиясы 
физикалық өлшемдер 
-
 
жер беті мен мұхит түбінің бедері; 
Гипсометриялық және батиметриялық 
Морфометриялық және морфографиялық 
Геоморфологиялық (жалпы және жеке құбылыстардың) 
геоморфологиялық аудандастыру 

 
103 
-
 
метеорологиялық пен климатологиялық; 
климат қалыптастырушы факторлар 
термикалық режим 
ылғалдану  
қысым 
жел режимі 
атмосфералық құбылыстар 
аудандардың климаты, ауа-райы және атмосфералық  әрекеті 
Гипсометриялық және батиметриялық 
Морфометриялық және морфографиялық 
Геоморфологиялық (жалпы және жеке құбылыстардың) 
геоморфологиялық аудандастыру 
-
 
гидрологиялық (құрлықтағы сулар); 
гидрографиялық 
су режимі 
қар жамылғысы 
мұздану режимі және гидрологиялық құбылыстар 
судың физика-химиялық сипаттамасы 
судың ластануы 
гидрологиялық аудандастыру 
-
 
мұхиттық (мұхит пен теңіз сулары); 
Гидрографиялық 
Физикалық қасиеттері (гидрофизикалық) 
Су массасының динамикасы 
Гидрохимиялық 
Теңіздер мен мұхиттардың флорасы және фаунасы 
Мұхит суының ластануы 
Мұхиттық аудандастыру 
-
 
топырақтық (жер қыртысы); 
топырақтың генетикалық түрлері 
топырақтың физико-механикалық қасиеттері 
геохимиялық 
климаттық 
мелиоративті 
топырақтың ластануы 
топырақтардың аудандастырылуы 
-
 
ботаникалық; 
қазіргі өсімдіктер жамылғысы 
қалпына келтірілген өсімдіктер жамылғысы 
өсімдіктердің жеке түрлері 
фенологиялық 

 
104 
өсімдік жамылғысының бұзылуы 
геоботаникалық аудандастыру 
-
 
зоогеографиялық; 
Жануарлардың жеке түрлері 
Жануарлар кешені 
Зоогеографиялық аудандастыру 
-
 
медико-географиялық карталар. 
Нозоареалдар (ареалдардың ауыруы) 
Аурулар мен эпидемиялардың таралуы 
Медико-географиялық аудандастыру 
Аумақтарды емдеу 
Тақырыптық карталардан арнаулы карталарды (оқулық, туристік, 
навигация, жобалау, т.б.) айыра білу қажет. Арнаулы карталар жалпы 
географиялық  (туристік)  және  тақырыптық  (оқулық),  климаттық, 
топырақ, экономикалық т.б. карталарда болуы мүмкін. Бұл карталардың 
кейбірінің  өзіне  тән  өзгешелігі  болғандықтан,  олар  тақырыптық 
карталардың  ерекше  бір  тобы  –  техникалық  карталар  деп  аталады. 
Оларға теңіз навигациясына, ұшуға, жобалауға т.б. арналған карталар 
жатады.  Географиялық  карта  көбіне  территориялық  белгілері 
(кеңістікті  қамтуы)  бойынша  ажыратылады.  Мысалы,  дүние  жүзінің, 
мұхиттар  мен  теңіздердің,  құрлықтардың,  олардың  ірі  бөліктерінің, 
мемлекеттердің, облыстардың, аудандардың карталары. 
Бақылау сұрақтары: 
Топографиялық карталар не үшін қолданылады? 
Тақырыптық карталар негізгі қандай түрлері бар? 
 
23. Тақырыптық карталардың белгілері 
Әрбір  картаның  тілі  өзінің  сөздік  қоры  болып  табылады. Мұнда 
шартты белгілер, таңбалар және грамматикасы анықталады. Картаның 
тілі мағынасына қарай ажыратылады: 

 
1-шісі  картографиялық  нысандардың  маңызы  көрсетіледі 
(топырақтың түрі, өсімдігі, тау жыныстары, шаруашылықтың салалары 
және т.б.);  

 
2-шісі географиялық координаттар көрсетіледі. 
Картографиялық таңбалардың мынандай түрлері бар: 
1. Атты 
2. Реттік 
3. Сандық 
Атты – нысандардың атын көрсетеді. 
Реттік – нысандардың көлемін көрсетеді (ірі, орта). 
Сандық  –  нысандардың  санын  анықтайды,  бір  қалада  неше 
тұрғын бар екенін көрсетеді. 

 
105 
Тақырыптық карта белгілерінің мынадай тәсілдері бар: 
-
 
Ареалдар тәсілі 
-
 
Сапалы-фон тәсілі 
-
 
Нүктелік тәсіл 
-
 
Изосызықтық тәсіл 
-
 
Таңбалар тәсілі 
-
 
Локальды диаграммалар тәсілі 
-
 
Сызықтық белгілер тәсілі 
-
 
Қозғалыс тәсілі 
-
 
Картодиаграмма тәсілі 
-
 
Картограмма тәсілі 
 
Ареалдар тәсілі 
Ареал  -  жер  бетінде  қандай  да  бір  құбылыстың  (жануарлар, 
өсімдіктер,  пайдалы  қазбалар  түрлері  және  т.б.)  таралған  атырабы; 
физикалық  және  қоғамдық  географияда  қолданылатын  ұғым.  Мыс, 
биогеографияда.  Ареал  тірі  организм  топтарының  (түрдің,  туыстың 
және  т.б.),  экономикалық  географияда  әр  ауыл  шаруашылығы 
дақылының немесе өнеркәсіп саласының таралған атырабы және т.б. 
Ареалдар  тәсілі  –  қандайда  болмасын  құбылыстың  үздіксіз, 
тұтас  (мыс,  мұзбасудың)  немесе  шашыранды  таралу  атырабын 
шекаралық  сызық,  бояу  немесе  түрлі  сызықтар  арқылы  көрсететін 
картографиялық тәсіл. 
 
 
 
1-сурет. Ареал тәсілі 
 
Ареал  латын  тілінен  аудан  деген  мағына  береді.  Ареалдар 
абсолюттік  және  салыстырмалы  болып  бөлінеді.  Абсолюттік  ареалда 
кейбір  жануарлардың  түрін  мүлдем  көрсетпейді.  Салыстырмалы  бір 
территорияны қамтып жануарлардың тығыздығын және өсімдіктердің 
түрлерін  көрсетеді.  Карталарда  ареалдарды  бейнелегенде  әр  түрлі 
графикалық  суреттерді  қолданады.  Оларды  пунктер  сызықтармен, 
жазумен, белгілермен көрсетеді. 

 
106 
Сапалық-фон тәсілі 
Бұл  әдіс  Жер  бетінде  тұтасып  тараған  (мыс,  ландшафт)  және 
айтарлықтай ауданды алып жатқан (мыс, топырақ жамылғысы) немесе 
жаппай  тараған  (мыс,  халық)  құбылыстардың  сапалық  сипатын 
бейнелеудің  картаға  түсіру  әдісі.  Картада  сапалық  фонды түрлі  түсті 
немесе  штрихты  сызықпен  бейнелейді.  Кей  жағдайларда  олардың 
екеуіде  бірге  қолданылады.  Картада  сапалық  фонды  қолдану  оңай 
болуы үшін оларды әдетте индекспен белгілеп көрсетеді. Ол картаның 
легендасында  жазылады.  Қолдану  аясы:  саяси,  экономикалық, 
геологиялық, тектоникалық, топырақтық т.б карталар. 
 
 
 
2-сурет. Сапалық фон 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет