Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата03.03.2017
өлшемі5,58 Mb.
#7261
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

 
 
2-сурет. Теодолиттік түсірілім 
 
Теодолитті  пайдалана  отырып,  өлшеу  жұмыстарын  жүргізгенде, 
теодолит құрамында: буссоль, штатив, тіктеуіш сияқты құралдар бірге 
болуы  тиіс.  Буссоль  –  магниттік  азимуттар  мен  румбтар  бірліктерін 
анықтайтын аспап, штатив – бір ұшы арнайы түрде қозғалмалы бекітіліп 
істелінген үш тағанды қарапайым құрал. 
Қазіргі  таңда  қолданылатын  автоматтандырылған  теодолиттер 
соңғы нәтижелерді үлкен дәлдікпен алуға мүмкіндік береді.  
ß  бұрышын  өлшеу  жұрістегі  бұрылу  нүктелерінде  теодолитті 
кезек-кезек  қойып  отырады.  Әдетте,  теодолитті  өлшенетін  телім 
(учаске) оң жақта болатындай етіп қояды да, жүріс бойынша оң жақтағы 
бұрыштарды  өлшейді.  Өлшенетін  бұрыштың  төбесіне  теодолитті 
тіктеуіш арқылы дұрыстап қояды да, өлшеуге дайындайды. Түтікшені 
бұрыштың оң және сол жақ  нүктелеріне қарай бағыттағанда санақты 
горизонталь  дөңгелектегі  (лимбадағы)  верньерлер  (шкалалар) 

 
56 
бойынша  алып  отырады.  Бірінші  верньер  бойынша  градус,  минут 
және  олардың  бөліктеріне  дейін,  яғни,  толық  санақтап  алады,  ал 
екінші  бойынша  –  тек  минуты  мен  оның  бөліктері  ғана  алынады. 
Кейін ол санақтардың орта мәнін шығарады.  
Өлшеудің  дәлдігін  арттыру  үшін  әдістің  екінші  жартысын 
пайдаланамыз,  ол  үшін  вертикаль  дөңгелектегі  жағдайға  қою  керек. 
Түтікшені  зенит  арқылы  айналдырып,  сол  бұрышты  екінші  рет 
өлшейді.  Егер  шыққан  шама  верньердің  екі  есе  дәлдігінен  артық 
болса,  онда  оның  орта  шамасы  алынады.  Өлшеу  нәтижелерін  дала 
жазба  журналына  жазу  керек.  Суретке  түсіру  теодолит  жүрісінің 
нүктелері  мен  сызықтарынан басталады.  Суретке  түсірудегі  мақсат  – 
теодолит  жүрісіндегі  нүктелер  мен  сызықтарға  орай  салыстырыла 
отырып,  контурдағ  характерлік  нүктелердің  алған  орнын  анықтау. 
Оларды абрис деп аталатын қолдан жасалған арнайы журналға түсіріп 
отыру керек. 
Теодолиттік суретке түсірерде қоданылатын тәсілдер:  

 
перпендикуляр тәсіл; 

 
бұрышты белгілеу тәсілі; 

 
сызықты белгілеу тәсілі; 

 
полярлық әдіс. 
Теодолиттік түсіріс дайындық

 
далалық 

 
ғылыми өңдеу жұмыстарынан тұрады.  
Дайындық  жұмыстары  кезінде  жергілікті  жердің  жай-жапсарын 
кескіндеудің қажетті дәлдігіне сүйеніп, түсірістің масштабын таңдайды 
да,  қолдағы  бар  картографиялық  материалдарды  мұқият  қайта  қарап 
зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда геодезиялық тірек жүйесінің 
пунктері  болса,  онда  олардың  орналасқан  жерінің  координаталарын 
жазып алады.  
Далалық жұмыстардың құрамына мынадай жұмыстар кіреді:  
1. жергілікті жерді рекогносцировкалау және пунктерді бекіту
2. түсірістің пландық негіздеуін жасаған кезде бұрыштарды және 
сызықтардың ұзындығын өлшеу; 
3. жергілікті жердің контурын түсіру; 
4. түсіріс  негіздеуінің  пунктерін  мемлекеттік  немесе  жергілікті 
жүйе пунктеріне байланыстыру.  
Рекогносцировка  кезінде  геодезиялық  тірек  жүйесінің  пунктері 
ізделініп табылады және жүргізілетін теодолиттік жүрістердің неғұрлым 
қолайлы орындары белгіленеді.  
Теодолиттік жүрістер тұйықталған, тұйықталмаған және бір жағы 
байланыстырылған  болуы  мүмкін.  Тұйықталған  теодолиттік  жүріс, 

 
57 
әдетте, геодезиялық негіздеудің пунктіне байланысқан тұйық көпбұрыш 
түрінде болады. Тұйықталмаған жүрістер басы мен аяғында геодезиялық 
негіздеудің координаталары белгілі пункттеріне тірелуі тиіс. Бір шеті 
геодезиялық  негіздеудің  пунктіне  байланыстырылып,  ал  екінші  шеті 
еркін қалса бұл жүріс бір жағы байланыстырылған жүріс деп аталады.  
Теодолиттік  жүрістерді  жүргізу  кезінде  мына  жұмыстар 
істеледі: 
– теодолиттік  жүрістердің  бұрылу  нүктелерін  қазықшамен, 
шегемен,  үлкен  шегемен,  металл  трубалармен  және  бағаналармен 
бекітеді,  олардың  жанындағы  белгілерде  нүкте  нөмірлері,  жұмысты 
жүргізіп отырған мекеме аты мен орындалған жылы көрсетіледі. 
‒  бұрыштарды  Т15,  T30,  2T30  және  т.б  техникалық  теодолиттердің 
көмегімен  бір  толық  тәсілдер  жолымен  30´´  дәлдікпен  өлшейді. 
Теодолитті  орнату  нүктесінің  үстіне  дәлдігі  (5-10)  мм  қателікпен 
центрлейді.  Нысаналау  кезінде  дүрбіні  қаданың  көрініп  тұрған  ең 
төмен бөлігіне бағыттайды, қабырғаның көлбеулік бұрыштары ν ≥ ± 2º 
болса,  онда  олардың  горизонталь  ұзындықтарын  есептеп  шығарады. 
Горизонталь  бұрыштарды  бір  толық  тәсілдер  жолымен  өлшегенде 
жартылай тәсілдер арасында лимбаның орнын 90º-қа ауыстырылады
– сызықтың  ұзындықтарын  20  м‒лік  өлшеуіш  лентамен  немесе 
рулеткамен  тура  және  кері  бағытта  өлшейді:  өлшеудің  екі  нәтижесін 
және  олардың  орта  мәнін  арнайы  дайындалған  журналға  жазады. 
Әрбір  қабырғаның  екі  реи  өлшеген  ұзындығының  арасындағы 
айырмашылығы  1-  разрядты  жүрістерде  ұзындық  1:2000-нан,  ал  2  – 
разрядты жүрістерде – 1:1000 – нан аспауы керек.  
Теодолиттік  түсірістің  мәліметтері  бойынша  планды  жасау 
планшетте қабырғалары 10 см квадрат координаталар торын салудан 
басталады.  Планшетке  көлемі  60x60  см-дей  жоғары  сапалы  фанера 
немесе аллюминий табағы алынып, оған сызба қағазы жапсырылады. 
Координаталар  торы  координатографтың  немесе  Ф.В. Дробышев 
сызғышының көмегімен құрылады.  
Дробышев  сызғышымен  координаталар  торын  салу  қағаз  бетіне 
50x50 см (50²+50²=70,71²) квадратын, немесе қабырғалары 30,40 және 
50  см  (30²+40²=50²),  не  тиісінше  60,80  және  100  см  (60²+80²=100²) 
үшбұрышты  көшіріп  түсіруден  тұрады;  мұнын  өзі  Дробышев 
сызғышының өлшеміне байланысты болады. 
 
12.3 Көз мөлшерлік түсірілім 
Аз тексерілген жергілікті жерді зерттегенде, алғашқы инженерлік 
бақылауларда,  пайдалы  қазындылар  кенін  іздеулерде  және  де  басқа 
жұмыстарда  жергілікті  жердің  жуықталған  планын  аз  уақыт  ішінде 

 
58 
алу  үшін  көз  мөлшермен  түсірісті  қолданады.  Көз  мөлшермен 
түсірісітің құндылығына оның қарапайымдылығы, аз еңбек қаражатын 
және  аз  уақытты  қажет  ететіні  жатады.  Түсірістің  жылдамдығы 
сызықтың  қзындықтары  мне  бұрыштарды  жеңілдетілген  әдістермен 
өлшеу  арқылы  тездетіледі,  ал  жергілікті  жердің  жер  бедерін  көз 
мөлшермен жүргізілген горизонтальдар арқылы кескіндейді. Нүктелердің 
биіктік белгілерін барометрлік нивелирлеумен анықтайды. 
Көз мөлшермен түсірісті жүргізу үшін сызба қағазы жапсырылған 
картон  немесе  фанер  папкасы  –  планшет,  планшетке  бекітілген  оны 
бағдарлауға арналған компас, бағытты сызуға, ара қашықтықты салуға 
және нүктелерді нысаналауға қажетті нысаналау сызғышы, өлшеуіш-
циркуль, қарындаш және сызғыш болуы қажет.  
Көз мөлшермен түсірісте ара қашықтықтар қадаммен немесе көз 
мөлшермен  өлшеніледі.  Қадам  масштабын  құру  үшін  әр  адам  өзінің 
қадамының  орташа  мәнін  алдын  ала  анықтап  алуы  қажет.  Ол  үшін 
күні бұрын белгілі бір ара қашықтық (мысалы, жүз метр) бірнеше рет 
қадаммен  өлшеніледі.  Осы  100  метр  ара  қашықтықты  қадаммен 
өлшегенде  орта  есеппен  жүз  он  сегіз  қадам  болды  делік.  Демек,  бір 
қадамның  ұзындығы  100:118=0,85  м  болады,  егер  түсірістің  сандық 
масштабы 1:10000 болса, онда ұзындық масштабтың табаны 2 см-200 
м-ге  немесе  200:0,85=235  қадамға  сәйкес  келеді.  Масштаб  табаны 
үшін, мысалы, 250 қадамға тең шаманы алған қолайлы. 
Табан шамасын анықтау үшін пропорция құрамыз 
 
 
2 см – 236 қадам 
 
 
x см – 250 қадам 
Бұдан  
x=(250*2):232=2,16 см 
Масштаб табанын 2,16 см деп қабылдап, қадам масштабын құрады, 
оны  қолданып  планда  метрмен  алынған  ара  қашықтықтарды  салуға 
болады.  
Түсіру  алдында  түсірілетінучаскені  рекогносцировкалауды  және 
бұрылу  нүктелерін  белгілейді.  Түсірудің  негіздеу  сызықтарын 
жолдармен,  тоғай  жолымен,  байланыс  сызықтарымен  және  т.с.с. 
сәйкестендірген  қолайлы.  Түсіру  жүргізілетін  сызықтар  жүрістік,  ал 
бұрыш нүктелері түсіргі нүктелері деп аталады.  
Түсіруді  планшетті  бағдарлаудан  бастайды.  Бастапқы  тұру 
нүктесін  түсірілетін  аудан  немесе  маршруттың  бөлігі  қағаз  бетінде 
қолайлы орналасатындай етіп тандайды. Планшетпен қағазды компастың 
магнит  тілінің  солтүстік  шеті  N  әрпімен  белгіленген  штрихпен 
беттесетіндей  етіп  бағдарлайды.  Осыдан  кейін  полярлық  тәсілмен 
түсіруге  тиісті  барлық  нүктелерді  нысаналайды,  ал  ара  қашықтықтарды 
көз  мөлшермен  анықтайды.  Сонан  кейін  қиылыстыру  арқылы 

 
59 
түсірілуге  тиісті  барлық  заттарды  сызады,  ол  нүкте  үшін  жолдың 
бұрылуын,  ағашты  және  т.с.с.  елеулі  көрініп  тұрған  затты  тандайды. 
Осы бағытпен жүріп отырып қадам санын санайды. Қадам масштабы 
көмегімен алынған ара қашықтық планшетке түсіріледі.  
Санақ  нүктесінен  басқа  нүктеге  ауысу  кезінде  жүрістің  екі 
жағынан перпендикулярлар немесе полярлық тәсілдерімен толықтыру 
түсірулері жүргізіледі. Жергілікті жердің жер бедерін горизонтальдармен 
кескіндейді.  
Бірінші  станциядағы  түсірулер  біткеннен  кейін  келесі  станцияға 
көшеді  де,  планшетті  магниттік  меридиан  немесе  жүріс  сызығының 
сызылған бағыты арқылы бағдарлап, түсіріс жұмыстарын орындайды. 
Негізгі  жүрісті  тұйықталған  полигон  түрінде  салады.  Жүріс 
тұйықталғанда  ұзындық  қиыспаушылығы  жүріс  периметрінің  1/50-
нен  артық  болмауы  тиіс.  Жүрісті  үйлестіру  параллель  сызықтар 
графикалық әдісімен орныдалады. Қажет болған жағдайда полигонның 
ішінде диогональ жүрістерді салады.  
Көз  мөлшермен  түсірісте  мынадай  қалыптасқан  ережелерді 
нұсқау  етіп  алу  ұсынылады;  қиылыстырулар  үш  нүктеден  кем 
жасалынбауы  тиіс,  түсірілген  контурлардың  орындары  мүмкіншілік 
болған  сайын  тексерулері  тиіс;  әрбір  жаңа  санақ  нүктесінде  бұрын 
сызылған  бағыттар  тексерілуі  және  толықтырылуы  тиіс;  планды 
безендіру  далада  жүргізілуі  қажет;  егер  далада  өңдеудің  кейбір 
нәрселері  бітпеген  болса,  онда  оны  сол  күні  кешке  дейін  міндетті 
түрде аяқтаған жөн. 
Бақылау сұрақтары: 
Жоспарлық түсірілімдердің қандай түрлерін білесіздер? 
Буссольдік түсірілім қалай жүргізіледі? 
Теодалиттік түсірілім қалай жүргізіледі? 
Көз мөлшерлік түсірілім қалай жүргізіледі? 
Жоспарлық түсірілімдердің маңызы қандай? 
 
13. Жоспарлық - биіктік түсірілімдер 
13.1 Мензулалық топографиялық түсіру 
Мензулалық  топографиялық  түсіру  (мензульная  топографи-
ческая  съемка)  –  мензуланың  (арнайы  сызу  үстелі),  кипрегельдің 
(оптикалық аспап) және қашықтық өлшегіш төрткілдің көмегі арқылы 
орындалатын  жергілікті  жерді  түсіру.  Жергілікті  жердің  барлық 
элементтері  мен  объектілері  геодезиялық  пункттерден,  түсіру 
желілерінің  нүктелерінен  және  қосалқы  нүктелерден  толығымен 
планшетке түсіріледі. Мензулалық топографиялық түсіру аэрофототүсіру 

 
60 
жүргізуге  болмайтын,  мысалы,  инженерлік  іздеу  кезінде  (түсіру 
масштабы 1:500 1:50000) қодданылады.  
Түсірісті жасау жергілікті жердегі нүктелердің планшеттегі өзара 
орындарын  графикалық  түрде  анықтауға  негізделген.  Нүктелерге 
дейінгі  арақашықтық  кипрегельдің  қашықтық  өлшеуішімен  және 
қашықтық  өлшеуіш  рейкамен  өлшенеді,  ал  бұрышты  графикалық 
түрде  салады.  Құрылыс  салынған  аумақты  түсіргенде,  арақашықтық 
кипрегельдің объек- тивіне бекітілген арақашықтық өлшеуіш саптамамен 
өлшенеді.  Мензулалық  түсірістің  артықшылығы  -  оның  көрнекілігі; 
бұлай  түсіру  процесі  кезінде  планды  жергілікті  жермен  салыстыруға 
болады;  кемшілігі  -  жұмыстың  негізгі  бөлігі  далада  өтетіндіктен, 
қыста жөне жауын-шашыңды күндері жұмыс істеуге болмайтындығы, 
жабдықтардың  қолайсыз  үлкендігі,  барлық  жұмысты  бір  ғана 
орындаушының атқаратындығы. 
Мензулалық  түсіріс  шағын  учаскіде  мензула  мен  кипрегельдің 
көмегімен  атқарылады  және  тікелей  далада  ттопографиялық  планды 
жасауға мүмкіндік береді. Түсіріті жасау жергілікті жердегі нүктелердің 
планшеттегі өзара орындардың графикалық түрде анықтауға негізделген. 
Нүктелерге  дейінгі  арақашықтық  кипрегельдің  арақашықтық 
өлшеуішінің және қашықтық өлшеуіш рейканың көмегімен өлшенеді, 
ал  бұрышты  графикалық  түрде  салады.  Құрылыс  салынған 
территорияны  түсіргенде  ара  қашықтықты  кипрегельдің  объективіне 
бекітілген ара қашықтық өлшеуіш саптамамен өлшейді.  
Мензулалық  түсірістің  артықшылығы  оның  көрнекілігі  болып 
табылады,  себебі  түсіру  процесі  кезінде  планды  жергілікті  жермен 
салыстыруға  мүмкіндік  туады,  ал  кемшілігі:  жұмыстың  негізгі  бөлігі 
далада  өтетіндіктен,  қыста  және  жауын  –  шашынды  күндері  жұмыс 
істеуге  мүмкіншілігі  болмайтындығы,  жабдықтардың  қолайсыз 
үлкендігі, істелетін жұмысты бөлудің қиыншылығы, себебі өлшеулер 
және планды сызуды тек қана бір орындаушы жасайды. 
Мензулалық түсірісте түсіргі жүйесінің жиі болуы талап етіледі. 
Түсіргі  жүйе  жергілікті  жердің  жағдайына  және  түсірістің  қажетті 
дәлдігіне  байланысты  графикалық  немесе  аналитикалық  әдістермен 
құрылуы мүмкін. Аналитикалық әдістерге қиылыстырулар, теодолиттік 
және тахеометриялық жүрістер, ал графикалық әдістерге геометриялық 
жүйе,  қиыстырулар,  мензулалық  және  буссольдік  жүрістер  жатады. 
Ашық  жерлерде  жүйелерді  құрады,  ал  жабық  жерлерде  жүрістер 
жүргізіледі. 
1:5000  және  одан  ұсақ  масштабпен  алынған  түсірістер  үшін 
геометриялық  жүйелерді  құрған  да  әрбір  нүкте  үш  пункттен 
қиылыстыруы  керек,  ал  қиылыстыру  бұрыштары  30°  және  150°-тан 

 
61 
артық  болмауы  тиіс.  Қабырғалары  0,4  мм  үшбұрыш  қателеріне  жол 
беруге болады. Трапецияда бастапқы пункттер 2-ден кем болмауы керек. 
Түсіріс  алдында  планшетті  дайындайды:  ол  үшін  Дробышев 
сызғышының,  штангенциркуль  мен  координатографтың  көмегімен 
қабырғалары 10 см квадрат торкөздерге бөледі. 
Мензулалық түсіріс кезінде қағаз жапсырылған планшет штативке 
горизонталь  жағдайда  белгілі  бір  нүктенің  үстіне  орнатылады. 
Планшетте  жергілікті  жердегі  А  нүктесінің  проекциясы  болып 
саналатын  а  нүктесі  арқылы  кипрегельдің  көмегімен  В  нүктесін 
нысаналайды  да  планшетте  ab  сызығын,  ал  содан  кейін  С  нүктесін 
нысаналап  ас  сызығын  сызады.  Планшеттегі  сызылған  сызықтар 
кипрегель  дүрбісінің  коллимациялық  жазықтығының  планшеттің 
горизонталь  жазықтығымен  қиылысу  ізі  болып  саалады.  Демек, 
планшетте табылған ВАС = β' бұрышы жергілікті жердегі бұрыштың 
горизонталь проекциясы болып табылады. 
В  және  С  нүктелеріне  дейінгі  қашықтықтарды  қашықтық 
өлшеуішімен  анықтайды  да,  олардың  горизонталь  проекцияларын 
алынған  масштабта  планшетке  салады.  Нүктелердің  аслыстырмалы 
биіктіктерін  тригонометриялық  нивелирлеу  әдісімен  анықтайды. 
Түсірісті  жасаған  кезде  планшеттегі  және  табиғаттағы  жергілікті 
жердің контурлары мен сызықтарының горизонталь проекциялары бір 
–  біріне  параллель  болуы  тиіс.  Сондықтан  планшетті  жұмыс 
жағдайына  келтірген  кезде  оны  бақылау  нүктесінің  үстіне  центрлеу 
мен  горизонтальдаудан  басқа,  сондай-ақ  планшетті  жер  шарына 
байланысты бағдарлауды орындау қажет. 
Түсіріс  негіздеуін  жиілендіру  мензулалық  жүрістермен:  негізгі 
түсіргі  және  өтпелі  нүктелермен  атқарылады.  Негізгі  жүрістегі 
салыстырмалы  қиыспаушылық  0,8-1,5 мм-ден  аспауы  керек.  Жүрісте 
болған  қиыспаушылықты  параллель  сызықтар  әдісімен  графикалық 
жолмен  бөледі.  Нүктелер  арасындағы  салыстырмалы  биіктігі  екі 
мәрте  анықталады,  олардың  алшақтығы  100м  болған  кезде 
қиыспаушылық 4 см-ден аспауы тиіс. 
Өтпелі  нүктелер,  яғни  геодезиялық  жүйе  пункттері  түсіргі 
негіздеулер  нүктелерінен  және  де  қиылыстырулардан,  сондай-ақ 
геодезиялық  жүйе  пункттерінің  аралығындағы  жармадан  рулеткамен 
немесе болат лентамен өлшеу арқылы анықталады. 
Мензулалық  түсірісті  жасаудың  алдында  мензулалық  планшетті 
даярлау  керек.  Планшетті  түсіріске  даярлау  үшін  қағазды  тікелей 
планшетке немесе қатты негізге, яғни фанер немесе аллюминий табақ 
бетке жоғарғы беті толығымен тегіс болатындай етіп жапсырады. 
Планшетке қағаз жапсыру. Мензулалық планшетке сызба қағазын 
тіклей жапсырады немесе тақтаға алдын ала тығыз коленкорды тереді. 
Қағаз  бетінің  өлшемі  планшеттен  біршама  артық  болуы  керек. 

 
62 
Қағаздың  бұрыштарын  планшеттің  қырларына  бүктеуді  оңайлату 
үшін  кесіп  алады.  Желім  ретінде  жұмыртқаның  көбікке  дейін 
көпіршітілген  ағы  қолданылады;  оны  мензулалық  планшеттің  үстіңгі 
бетіне  жағып,  оған  алдын  ала  суланған  қағазды  жапсырады.  Осыдан 
кейін  суланған  қағазды  құрғақ  қағазбен  жауып,  жапсырылатын  бетті 
планшеттің  ортасынан  шетіне  қарай  қағаздың  астына  ауа 
қалмайтындай етіп қыртысын біртіндеп жазады. Енді беттің шеттерін 
бүгіп,  оларды  планшеттің  бүйір  және  төменгі  беттеріне  крахмалдан 
жасалған желіммен жапсырады. Планшетке қағазды жапсыру далалық 
жұмыстардың басталуына бірнеше күн қалғанға дейін жасалуы тиіс. 
Қағазды  фанераға  жапсыру.  Мензулалық  планшеттің  өлшеміне 
сәйкес кесіп алынған сапалы фанераның  өңі жағынан сызба қағаздың 
сұйық  крахмалды  желіммен  жапсырады.  Жапсырылған  беттерді  5-6 
күн престің астында ұстап, содан кейін оларды планшетке бекітеді. 
Аллюминийге  қағазды  жапсыру.  Мензулалық  планшеттің 
өлшемімен  бірдей  етіп  кесіп  алынған  алюминий  тақтны  алдын  ала 
бұдырлау  беті  тегістелгенше  зімпара  қағазымен  өңдейді.  Одан  кейін 
тегістелген  бетінің  шаңын  сүртіп,  оған  салқын  сулы  ащы  калий 
қосылған  крахмалды  желімге  фенолфтолеин  қосып,  су  мен  спиртке 
ерітіп  жағады.  Сумен  ылғалданған  сызба  қағазын  қатты  қысады, 
қағаздың  шеттерін  тақтаның  екінші  бетіне  қарай  бүгіп,  ол  жақты  да 
қағазбен желімдейді. 
Мензулалық  түсірісті  жүргізуден  бұрын  жергілікті  жерде 
мензуланы  жұмыс  жағдайына  келтіреді,  ол  планшетті  центрлеуден, 
горизонталь және бағдарлаудан тұрады. 
Мензула  –  топографиялык  түсірісте  кипрегельмен  коса 
қолданылатын аспап. Шаршы тақтадан (планшеттен), үш- аяқтан және 
планшетті  үш  аяқпен  бекітетін  тетіктен  тұрады.  Азимут  бойынша 
бағдарлау  үшін  планшетті  үшаяқтың  вертикаль  осін  айнала  360°-қа 
айнаддыруға болады. Планшетке қағаз бекітіліп, түсірілетін жергілікті 
жер тиісті шартты белгілермен бейнеленеді. 
 
      
 
1 - штатив, 2 - мензула, 3 - планшет, 4 - кипрегель КБ 
1-сурет. Мензуллалық түсірілім     2-сурет. Мензулла 

 
63 
13.2 Тахеометриялық түсіру 
Түсіру  арнайы  тахеометр  –  теодолиттің  (теодолит)  және  өлшеу 
райкасының көмегімен іске асырылады. 
Тахеометриялық  топографиялық  түсіру  инженерлік  1:500  – 
1:5000 масштабында қолданылады. 
Тахеометрия  –  нүктелердің  жер  беті  биіктігі  бойынша  және 
пландағы  орналасуларын  олардың  горизонтальды  және  вертикалды 
бұрыштары  мен  ара  қашықтығын  бір  уақытта  өлшеу  арқылы 
анықтайтын әдіс. Тахеометрияда айналма тахеометр немесе тахеометр-
автомат деп аталатын аспап қолданылады. Олардың көмегімен іздеген 
шаманы есептемей-ақ табуға болады. 
Тахеометрлік  суретке  түсіру  полярлық  әдіс  бойынша  жүргізіліп, 
ситуация  мен  рельеф  горизонтальдар  арқылы  жоспарға  түсіріледі 
(біркелкі  биіктіктер  сызықтары).  Тахеометрлік  суретке  түсіруде 
ситуациялық  сипаттамалық  нүктелерінің  орны  анықталып,  солар 
арқылы  берілген  масштаб  дәлдігі  мен  ситуацияның  контуры 
салынады.  Өлшеу  нәтижелері  тахеометрлік  журналға  толтырылып, 
қосымша  крок  жұмысы  жүргізіледі.  Крок  –  грекше  «сурет  нобайы». 
Кротың  абристен  ерекшелігі  –  онда  бедер  бейнеленеді  де,  өлшемдер 
жазылмайды.  
Тахеометр  (грек.  tachyc,  tacheos  –  шапшаң  және  …метр)  – 
тахеометрлік  түсіру  кезінде  қолданылатын  геодезиялық  аспап. 
Тахеометр арқылы белгілі бір нүктенің (пикеттің) бақылаушы тұрған 
(прибор  орналасқан)  нүктемен  салыстырғандағы  горизонталь  және 
вертикаль бұрыштары, қашықтығы және өсімшесі (h) анықталады. 
Тахеометриялық  түсірісте  түсірілетін  нүктеде  тұрған  рейкадағы 
аспаптың  дүрбісімен  бір  рет  нысаналау  арқылы  осы  нүктенің 
координаталарын, яғни бағытын, арақашықтығын және салыстырмалы 
биіктігін  анықтайды.  Демек,  тахеомертлік  түсірістің  мәні  аспаптың 
нысаналау осінің бір жағдайында вертикаль бұрышты v, горизонталь 
бұрышты  β  және  рейкадан  қашықтық  өлшеуіш  жіптерінің 
аралығындағы  бөліктер  санын  есептеуден  тұрады.  Осы  мәліметтер 
арқылы нүктенің кеңістіктегі координаталарын есептеп шығарады. 
Тахеометриялық  түсірісте  жергілікті  жердің  топографиялық 
нысаны түсірілетін нүктелердің барлық үш координаталарын есептеп 
шығаруға  мүмкіндік  беретін  мәліметтерді  жинайтын  далалық 
жұмыстар  мен  планды  сызу  және  есептеп  шығарулардан  тұратын 
ғылыми өңдеу жұмыстары нәтижесінде жасалынады. 
Тахеометриялық  түсірісті  тахеометрлермен  немесе  теодолиттермен 
атқарады. Тахеометрлердің түрлері:  

 
64 
Электрондық  тахеометр  (ТЭ)  –  ара  қашықтықтарды,  горизонталь 
және  вертикаль  бұрыштарды  өлшеуге  арналған,  әрі  өлшеу 
нәтижелерін автоматты түрде тіркейтін электроскопиялық аспап. 
ТД тахеометр – 2-разрядты полигононметриялық жүрісті салуға 
және  жоғары  дәлдікті  тахеометриялық  түсірісті  жүргізуге  айналған. 
Ол Т5к теодолиті негізінде жасалынған және екі кесінді авторедукциялық 
қашықтық  өлшеуішпен  жабдықталған,  ал  екі  метрлік  горизонталь 
рейка  бойынша  жазықтыққа  келтірілген  редукциялнаған  ара 
қашықтықты  1/5000-ге  жуық  салыстырмалы  қателікпен  анықтауға 
мүмкіндік  береді.  Осы  рейкадан  салыстырмалы  биіктікті  де 
анықтайды. Рейкадан есептеуді есептеу микроскопы мен нонониустың 
көмегімен жасайды. 
ТН  тахеометр  –  номограммды  аспап  болып  табылады.  Оның 
көмегімен горизонталь және вертикаль бұрыштарды, ара қашықтықтың 
горизонталь  ұзындығын  және  салыстырмалы  биіктікті  өлшеуге 
болады. Вертикаль дөңгелектің көрініп ұратын бөлігіне, дөңгелек сол 
жақ бөлігінде (СД) болған кезде, номограмма салынған.  
Тахеометрдің дүрбісін негізгі дөңгелек пен верттикаль штрихтың 
қиылысқан  жері  рейканың  керек  нүктесіне  бағытталатындай  етіп 
рейкаға нысаналау қажет.  
ТВ тахеометр – ішкі базалы оптикалық аспап болып табылады, 
ол  аспаптың  өзі  де  екі  кесінді  айнымалы  базасы  бар  қашықтық 
өлшеуішпен жабдықталған. База каретканы жылжыту арқылы өлшеніледі. 
Осы аспаппен дүрбіні арнайы рейкаға немесе жергілікті затқа тікелей 
нысаналағанда горизонталь ұзындықты және салыстырмалы биіктікті 
анықтауға  болады.  Оның  өзінде  60  метрге  дейінгі  қашықтықты 
рейкасыз,  ал  60  метрден  180  метрге  дейінгі  қашықтықты  рейкамен 
өлшеуге болады.  
Тахеометр болмаған кезде тахеометриялық түсірісті теодолит пен 
рейканың  көмегімен  жүргізуге  болады.  Мұндай  жағдайда  әрбір 
пикеттік  нүктеге  дейінгі  көлбеу  ара  қашықтықты  жіпті  қашықтық 
өлшеуішпен  горизонталь  және  вертикаль  бұрыштарды  өлшеуге 
мүмкіндік береді. 
Түсірістің  алдында  әр  станцияда  тексерілген  аспапты  алдымен 
центрлейді,  горизонтальдайды,  вертикаль  дөңгелектің  нөл  орнын 
анықтайды, аспаптың биіктігін өлшейді, өлшеу нәтижелерін арнаулы 
журналға  жазады,  аспаптың  биіктігін  рейкаға  белгілеп,  лимбаны 
таңдап  алынған  бастапқы  бағытқа  қарай  бағдарлайды.  Содан  соң 
лимбаны бекітеді. 
Алидаданы босатып, рейка қойылған түсірілетін пикеттік нүктелерді 
жүйелі  түрде  нысаналайды.  Дүрбіні  рейкаға  тордың  вертикаль  жібі 

 
65 
рейканың осімен, ал горизонталь жіпті рейкадағы аспаптың биіктігіне 
сәйкес  белгімен  беттесетіндей  етіп  нысаналайды.  Жіпті  қашықтық 
өлшеуіштен,  горизонталь  және  вертикаль  дөңгелектерден  есептеулер 
алып, оларды арнаулы журналға жазады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет