Май қорыту өнімдерін сіңіру. Эмульгацияланған майларды
гидролиздеген кезде жақсы еритін глицерин және суда ерімейтін ЖМҚ
пайда болады. Глицерин ішектің қабырғалары арқылы оңай сіңеді.
ЖМҚ өт қышқылдары тұздарымен қосылып сіңірілуге қабілетті
еритін бөлшектер - холеин қышқылына айналады. Глицерин және холеин
қышқылдары жіңішке ішек қабырғаларымен сіңіріледі, ол қабырғаларда
олардың маңызды химиялық айналыстары болып жатады. Холеин
қышқылдары жоғары майлы және өт қышқылдарына ыдырайды. Соңғылар
қан тоғымен бауырға түседі және қайтадан өтпен ішекке түседі. Жоғары
майлы қышқылдар глицеринмен ағза қажеттілігіне сәйкес келетін құрамы
бар майлар құрады.
Қайта синетезделген май одан ары қарай лимфалық жолдарға түседі,
ал олармен төс лимфалық ағындар арқылы – қан айналымына түседі.
Аралық май алмасуы. Ары қарай айналу жолдарына түспес бұрын
май майлық деполарда жиналады (теріасты май жасушасы, ішкі
мүшелердің жанында). Қажет болған кезде (мысалы, ұзақ бұлшық ет
жұмысы кезінде энергияның үлкен шығыны кезінде, аш болу кезінде және
т.б.) май тіндерінің липаздарының қатысымен депо майларының
мобилизациясы болады. Майлар және гидролиз өнімдері – глицерин және
ЖМҚ – қанға түседі және онымен пайдалану орындарына түседі.
Тіндердегі майлардың ыдырауы. Майлардың ыдырауы көбінесе
бауырда болады, оған ол қан арқылы түседі. Ол май гидролизінен басталады,
тін липаздарымен катализацияланады. Осының арқасында пайда болатын
глицерин мен ЖМҚ ары қарай айналуға түседі, ол өз алдына қышқылдану
сипатты болады және нәтижесінде СО
2
және Н
2
О құруына әкеп соғады.
Бұл үлкен төзімділікті қажет ететін ұзақ бұлшық ет жұмысы кезінде майды
энергия көзі ретінде пайдаланудағы негізгі механизмдердің бірі.
Майлардың синтезі. Қайтадан майдың құрастырылуы ЖМҚ мен
глицеринді синтездеу мүмкіншілігінің байланысында жатыр.
ЖМҚ синтезі белсендірілген уксус қышқылынан іске асырылуы
мүмкін, ол көмірсулардың қышқылдық ыдырауы кезінде көп мөлшерде
пайда болады. Уксус қышқылының біршама мөлшері ақуыздардың (амин
қышқылдары) ыдырауы кезінде пайда болуы мүмкін. Глицерин анаэробты
фаза кезінде болатын көмірсулардың таралуының аралық өнімдерінен
пайда болуы мүмкін.
26
Осылайша, майлардың синтезі үшін бастапқы өнімдерінің басты көзі
болып көмірсулар қызмет атқарады.
Липоидтердің алмасуы.
Фосфатиттердің алмасуы. Тағамда холиннің (лецитиндердің құрамына
кіретін) немесе метионин мен сериннің амин қышқылдары (олардан холин
мен коламин синтезделеді) жетіспеушілігінен пайда болған ағзадағы
фосфаттардың аз көлемде пайда болуы май алмасуының қажуына әкеп
соғады, ол бауыр жасушаларында майдың айтарлықтай жиналуына әкеп
соғады. Бауырдағы майдың көп жиналуы қарқынды ұзақ бұлшық ет
жұмысы кезінде де пайда болуы мүмкін.
Бұл қолайсыз құбылыстардың алдын дұрыс және толық қанды
тамақтанумен алады, яғни тағамда фосфаттардың мөлшерін ұлғайту және
метионның неғұрлым көп мөлшері кездесетін ақуыздарды (сүт және
жұмыртқа ақуыздары) пайдалану.
Стероид алмасуы. Едәуір көп кездесетін стероидтардың бірі –
холестирин ағзаға мал тағамымен бірге (жұмыртқа сарысы, тауық еті,
бүйрек, ет, ми, сүт және т.б.) бос немесе байланысқан күйде, мысалы,
жоғары май қышқылдарымен түседі. Холестириннің едәуір мөлшері бауыр
үстінде сақталады, онда олар стериодтық гормондардың синтезі үшін
пайдаланылады, бұл гормондар өз алдына көмірсу және минералды
алмасуды және бұлшық ет әрекетін қамтуда маңызды рөл атқарады.
Холестириннен жыныс бездерінде және шамалы бауыр үсті қабықта
жыныс гормондары синтезделеді – еркек ( тестостерон, андростерон)
және әйел (фолликулин, прогестерон), олар ағзадағы зат алмасуына
үлкен ықпал етеді.
Бауырда холестериннен майларды қорыту және сіңіру кезінде үлкен
рөл атқаратын өт қышқылдарын құру мүмкін.
Холестериннің белсенді синтезі бауырда болады. Сонымен қатар бауыр
өт қатарында ішек арқылы холестерин бөлетін мүше болып саналады.
Сұрақтар
1.
Липидтердің классификациясы.
2.
Липидтер, қарапайым және аралас триглицериттер.
3.
Липоидтер.
4.
Майды қорыту.
5.
Майдың аралық алмасуы.
6.
Тіндегі майлардың ыдырауы.
7.
Бейтарап майлардың гидролизі.
8.
Жоғары май қышқылдары (ЖМҚ).
9.
Майлардың синтезі.
10.
Липидтер мен липоидтердің биологиялық рөлі.
1-тапсырма. Өз рационыңызды майлардың мөлшері мен сапасына,
қаныққан және қанықпаған, өсімдік және мал майларына анализ жасаңыз.
27
2-тапсырма. «Липидтердің және липоидтардың классификациясы»
кестесін құрыңыз.
3-тапсырма. Ішек-мал жолында липидтердің қозғалу және қорытылу
схемасын құрыңыз.
Әдістемелік нұсқаулар. Осы тақырыпты оқыған кезде майлардың
энергия көзі ретінде маңызына және бұлшық ет әрекетінің энергия қамту
үрдісіне майды қосуына ерекше көңіл аударған жөн.
Ұсынылатын әдебиет: 1-5, 7, 8, 16-18, 20.
7-тақырып. Ақуыздар. Ақуыздардың және нуклеин қышқылдары-
ның алмасуы
Жоспар:
1.
Ақуыздардың биологиялық рөлі. Ақуыздарды пайдаланудың
нормалары.
2.
Ақуыздарды қорту.
3.
Ақуыздар мен амин қышқылдарының аралық алмасуы.
4.
Амин қышқылдары ыдырауының соңғы өнімдері.
5.
Ағзаның ақуыздық (азоттық) балансы жайлы ұғым.
Ақуыздар – амин қышқылдарынан құралған жоғары молекулалы
заттар. Адам және жануар тіндерінде ақуыздар көп мөлшерде кездеседі
және көп түрлілігемен ерекшеленеді. Мың ақуыз түрлері белгілі. Олардың
кездесуі – өмірдің айғағы.
Ақуыздардың биологиялық рөлі. Ақуыз табиғатты заттармен өмірдің
негізгі айғақтары байланысты: тітіркену, бұлшық еттердің қысқаруы, ас
қорыту, өсу мүмкіншілігі, көбею, қозғалу. Ақуыздардың кейбір қызметтері:
ағзадағы барлық үрдістер ақуыздар – химиялық үрдістердің
катализаторы – ферменттер арқылы жүреді;
тіреуіш қызметі – ақуыздар шеміршектердің, терінің, қаңқаның
негізі болып табылады;
реттеушілік – зат алмасудың реттеушісі гормондар – ақуыздар
(инсулин, глюкагон, вазрпрессин және т.б.
);
тасымалдаушы – тасымалдаушылар ақуыз табиғатты болады
(гемоглабин О
2
тасымалдайды, Na, K-АТФаза мембраналық потенциалды
реттейді және т.б.);
қорғаушы – ақуыздар иммунитеттің негізі;
қысқартушы – бұлшық еттердің қысқаруы актин және миозин
ақуыздары арқылы іске асады;
ағзаның өсуі мен көбеюі күрделі ақуыздар – нуклеопротеиннің
болуына байланысты.
28
Ақуыздардың құрамына көміртек, сутек, азот, күкірт, сонымен қатар
фосфор, J, Fe, Cu, Br, Mn және т.б. аз мөлшерде кіреді.
Ақуыздардың толық ыдырауы кезінде амин қышқылдары пайда
болады. Амин қышқылдары – бір уақытта аминдік және карбоксил
топтары болатын қосылыстар. Адам ағзасында 20 амин қышқылы болады.
Амин қышқылдарының бір бөлігі ағзада, басқа амин қышқылдарынан
синтезделуі мүмкін, сондықтан олар ауыстырмалы деп аталады. Ағзада
синтезделмейтін, тек аспен бірге ғана түсетін амин қышқылдар
ауыстырылмайтын деп аталады.
Дене ақуыздарын құру үшін пайдаланылатын әртүрлі амин қышқыл-
дарына ағзаның қажеттілігін аспен бірге түсетін ақуыздармен ғана қамтуға
болады. Осының салдарынан ағзаның қалыпты тіршілік әрекетін сақтау
үшін аспен бірге қабылданатын ақуыздардың деңгейін төмендетуге
болмайды, ол деңгей ақуыз минимумы деп аталады. Адам үшін бұл
көрсеткіш тәулігіне қабылданатын 40-50 г толық дерлік ақуыздарға тең
болу керек. Толық дерлік ақуыздар деп құрамында ағза үшін барлық
қажетті амин қышқылдары болатын, әсіресе ағзамен синтезделмейтін және
аспен бірге түсетін «ауыстырылмайтын» амин қышқылдары болатын
ақуыздарды айтады. Алайда бұл ақуыздардың мөлшері ас ішуде нормалы
деп есептелуі мүмкін емес, өйткені ол ағзаның ақуыздармен шектік
минимальді көлемін ғана алады.
Адамның әдеттегі әрекеті шартындағы аз көлемде ақуыздарды алуы
ақуыздық тағамдануының жетпеушілігіне және сонын салдарынан өз
денесінің ақуыздарының пайдалануына әкеп соғады. Аспен бірге шектен
тыс ақуыздардың түсуі ағзаның алмасудың азоттық өнімдерімен жүкте-
луіне және оларды синтездейтін, сақтайтын және шығаратын мүшелер
(әсіресе бауыр мен бүйрек) әрекетінің мөлшерден тыс ұлғаюына әкеп
соғады. Ағзаның барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратын және оны
азоттық ыдырау өнімдерімен суламайтын ақуыздардың қалыпты нормасы
– тәулігіне 1 кг адам дене салмағына 1,5-2,0 г ақуыз шығару. Спортпен
шұғылдану кезінде бұл көрсеткіш бірнеше рет көбеюі керек.
Ағзаны амин қышқылдарымен қанағаттандыру үшін тағамда әртүрлі
ақуыздар (мал және өсімдік) болуы керек және олардың мөлшері құрамында
шектік нормадан төмен болмайтын «ауыстырылмайтын» барлық амин
қышқылдары болатындай болуы керек.
Ақуыздарды қарапайым – протеиндер (гидролиз кезінде тек амин
қышқылдары ғана пайда болады) және күрделі – протеидтер (амин
қышқылдарымен бірге ақуыздық емес заттар – простетикалық топ пайда
болады) деп бөледі. Маңызды күрделі ақуыздарға амин қышқылдарынан
басқа ақуыздық емес компонетті ақуыздар жатады: нуклеопротеид
(+нуклеин қышқылдары), фосфопротеидтер (+фосфор қышқылының
қалдықтары), глюкопротеидтер (+глюкоза), липопротеидтер (+липидтер),
хромопротеидтер (+пигменттер), металпротеидтер (+метал).
29
Ақуыздар ас қорыту жолына түскен кезде оларға протеологиялық
ферменттер тобының әсері салдарынан төмен молекулалы полипептид-
терге және амин қышқылдарына ыдырайды. Амин қышқылдары қанға
сіңгеннен кейін тін (аралық) алмасуына түседі, онда ол әртүрлі тіндердің
жаңаруында және ақуыз табиғатты белсенді заттардың (ферментер,
гормондар) синтезінде қызмет атқарады. Ағзада 1 г ақуыз қышқылданған
кезде 4,1 ккал энергия босатылады және 0,413 г су пайда болады. Шамадан
тыс амин қышқылдары ағзада жиналмайды, әртүрлі айналуларға
шалдығады. Ақуыздарды шамадан көп пайдалану семіруге әкеп соғады
және бауыр мен бүйректі жүктемелейді.
Ақуыздардың қорытылуы мал шырынының әсерінен малда басталады.
Шырынның құрамына 99% су, еркін тұз қышқылы және пепсин ферменті
кіреді. Тұз қышқылы ферментті белсендіреді, сонымен қатар ақуыздардың
ісуіне мүмкіндік туғызады, олардың көлемін ұлғайтады, ол өз алдына
ферменттердің әсеріне қолайлы шарт туғызады. Пепсиннің әсерінен ақуыз
молекулалары әртүрлі деңгейлі күрделі полипептиттерге дейін ыдырайды:
оңай ыдырайтын бұлшық ет ақуызы – актин мен миозин, айтарлықтай баяу
коллаген және эластин, протаминдер мен кератиндер мүлдем дерлік
гидролизденбейді, сүт ақуызы казеиноген казеинге айналады, одан ары
полипептитке дейін ыдырайды.
Осы ақуыздардың ыдырау өнімдерінің одан ары гидролизі, сонымен
қатар малда әлі ыдырауға шалдықпаған өнімдердің гидролизі ортаның
бейтарап реакциясы шартында басқа ферменттердің қатысуымен жіңішке
ішектің әртүрлі бөлімдерінде іске асады. Сонымен қатар аш ішектің
қуысында қорытылу үрдісіне маласты безінің ферменті – трипсин
қатысады, ол ішекке белсенді емес профермент трипсиноген және белсенді
полипептидаза түрінде түседі. Одан ары қарай қорыту үрдісіне ішек
шырынының ферменті полипептидаза және дипептизада қосылады.
Ерекше протеолитикалық фермент – ішек шырынының энтерокиназа-
ның көмегімен белсендірілуі салдарынан трипсиноген әрекет етуші
фермент болады. Протеолитикалық ферменттердің белсенді емес түрде
пайда болуы мен бөлінуінің биологиялық маңызы бар, өйткені олар өздері
бөлінетін мүшелерді және әртүрлі ферменттерді бұзылудан сақтайды.
Осылайша, ірі молекулалы ас ақуыздары қорытылу нәтижесінде
төмен молекулалы өнімдерге айналады – алдымен полипептиттерге, сосын
пептондарға, ақырында жақсы еритін амин қышқылдарына, олар ішектің
сілекейлі қаңқасы арқылы қанға жақсы сіңеді.
Алайда, кейбір амин қышқылдарының шамалы бөлігі және
қорытылмаған ақуыздар асқазанда қалып қоюы мүмкін, әсіресе төменгі
бөлігінде, және осындағы көп мөлшерлі микроағзалардың әсерінен шіру
ыдырауына шалдығуы мүмкін. Осы ыдырау өнімдерінің бір бөлігінің улы
қасиеттері болады, олардың біреуі ағзадан калмен бірге шығады, ал
30
қалғандары қанға сіңіп бауырда химиялық зиянсызданады. Бұл зиянсыз-
данған қосылыстар бүйректен зәрмен бірге шығарылады.
Ақуыздар мен амин қышқылдарының аралық алмасуы. Асқазан-
нан қақпалық тамыр жолдарының қан ағымына енетін амин қышқылдары
бауырда бір бөлігі қалып қояды, онда олар әртүрлі айналуға шалдығады.
Бауыр биохимиялық реакциялардың көбісі іске асатын маңызды мүше
болып саналады.
Амин қышқылдарының айтарлықтай көлемі ешбір өзгеріссіз бауыр
арқылы өтеді және қан ағымына түседі, одан дененің барлық мүшелері мен
тіндеріне жеткізіледі. Амин қышқылдары қаннан жасушааралық сұйықтық
арқылы тін жасушаларында қалуы мүмкін және оларда әртүрлі
биохимиялық үрдістерге түсуі мүмкін.
Тіндегі ақуыздардың синезі мен ыдырауы. Ағзаның барлық
тіндерінің ақуыз молекулаларының құрамы әрдайым өзгеріп отырады.
Ағзада үнемі амин қышқылдарынан ақуыздардың синтезі және олардың
ыдырауы болып отырады.
Амин қышқылдарынан ақуыз молекулаларының синтезі энергияны
жұтумен қатар жүріп отырады, яғни эндотермиялық үрдіс болып
табылады. Амин қышқылдарының полипептид шынжырларына қосылуы
әртүрлі ретпен жүріп отырады. Осы кезде жасушаларда қатаң анықталған
құрылысты ақуыз молекулалары пайда болады, олардың әрбір жеке
жағдайында амин қышқылдарының ерекше байланысы болады.
Осы заманға сай, ақуыздардың синтезі жасушаның протоплазмалық
құрылымдарында – рибосомаларда жүреді, олардың құрамында ақуыздан
құралған, рибонуклеин қышқылдарымен (РНҚ) байланысқан, әртүрлі
нуклеиндерден құралған рибонуклеопротеид ақуыздары болады.
Нуклеидтердің қосылу реті жасуша ядросында болатын және
ақуыздың құрылымы жайында тұқымдық ақпараты болатын ДНК әсерімен
РНҚ синтезі кезінде анықталады.
Ақуыз құрылымы. Ақуыздар – бұл пептидті байланыстармен қосыл-
ған амин қышқыл қалдықтарынан тұратын полимерлер. Ақуыздардың
көпдеңгейлі құрылымы болады:
Алғашқы құрылым – амин қышқылдарының полипептидті тізбектегі
орналасу реті.
Екінші құрылым – полипептидті тізбек формасы, әдетте спиральді.
Осылайша фибрилярлы ақуыздар құралған – мысалы, кератин, жібек
фибрионы.
Үшінші құрылым – малекуланың кеңістіктегі иілінуінің және ұйылы-
нуының нәтижесінде болады, мысалы, глобуляр молекулалары.
Төртінші құрылым – кейбір ақуыздардың молекулалары бір молеку-
ланы құратын бірнеше полипептидті тізбектерден тұрады.
Амин қышқылдарының басқа заттардың синтезіне қатысуы.
Амин қышқылдары тек ақуыздардың синтезінде ғана емес, сонымен қатар
31
ағза өмірінде маңызды рөл атқаратын көптеген басқа қосылыстардың
синтезінде де қатысады.
Коламия амин спирті серин аминқышқылынан құралады, ал холин
коламиннен және метионин (липоид) амин қышқылынан. Креатин глицин,
аргинин және метионин амин қышқылдарының қатысуымен синтезделеді.
Тирозин амин қышқылы қалқанша безінің гормондарын (тироксин,
трийодтиронин), сонымен қатар адреналин бауырүсті гормонын құруда
бастапқы зат болып қызмет етеді.
Амин қышқылдарынан, сонымен қатар ақуыз табиғатының гормон-
дары, нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін органикалық негіздері
(нуклеопротеидтер), сонымен қатар ағза дайын күйінде тағаммен бірге
алатын безазоттық өнімдері, мысалы, майлы қышқылдар, кетоқышқылдар
және тіпті көмірсулары пайда болады.
Амин қышқылдарының қайта аминделуі: амин тобының қандай да бір
амин
қышқылын
анықталған
аминофера
немесе
трансамина
ферменттерінің қатысуымен жаңа амин қышқылдарының пайда болуымен
кетоқышқылына беру. Трансаминаз коферменті болып B
6
витамині –
пиридосиннен пайда болған қосылыс қызмет атқарады.
Амин қышқылдарының дезаминделуі және декарбоксилденуі. Деза-
минделу – амин тобының амин қышқылы молекулаларынан аммияк
түрінде тартып алу. Осы үрдістен амин қышқылдарының ыдырауы
басталуы мүмкін.
Декарбоксилдену реакциясы аминқышқылының өзінің корбоксил
тобын СО
2
құрумен жоғалту.
Ақуыздар мен амин қышқылдары ыдырауының соңғы өнімдері.
Амин қышқылдарын құру кезеңі арқылы болатын ағзадағы ақуыздардың
толық ыдырауы кезінде соңғы өнімдер пайда болады: су, көмірқышқыл
газ, күкірт қышқылы, көптеген азоттық және басқа заттар. Олар ағзадан,
көбінесе, бауыр арқылы немесе дем алу кезінде өкпе арқылы шығады.
Олардың бір бөлігі бауырда заласызданып, шығу мүшелеріне қан арқылы
тасымалданады.
Адамның бауырмен шығарылатын азоттық заттарына аммияк
(тәулігіне 0,9 г жуық тұз құрамындағы аммоний ионы), қуық (25-35 г),
креатинин (2 г дейін), қуық қышқылы (0,7 г дейін) және басқалар жатады.
Олармен бірге 18 г дейін азот бөлінеді.
Өкпе арқылы шығарылатын азоттың басым бөлігі қуыққа келеді (16 г
дейін). Қуық синтезі аммияк және көмір қышқылы арқасында бауырда іске
асырылады. Ол аса күрделі көпқабатты және эндотермиялық үрдіс, АТФ
энергиясын пайдаланумен қабаттасқан.
Ағзаның ақуыздық (азоттық) тепе-теңдігі жайлы ұғым. Әртүрлі
ақуыздарда азоттың орташа шамамен 16% құрайтын бірдей құрамы ақуыз
алмасуының мөлшерлік бағалауын азот алмасуын зерттеумен алмастыруға
мүмкіндік береді. Ақуыздардың жалпы алмасуын зерттеу үшін азот
32
құрамын қабылданатын тағамда және шығарылымдарда (зәр және кал)
анықтайды және олардың қатынасын салыстырады.
Тағамдағы азоттың құрамы қабылданған ақуыздың көлемін, ал
калдағы және зәрдегі, сәйкесінше қорытылмаған және тіндегі ыдыраған
ақуыздың көлемін көрсетеді. Анализ кезінде алынған 1 г азот 6,25 г
ақуызға тең деп санауға болады.
Тағаммен бірге алынған азот пен шығарылымдардағы азотты бір
уақыт аралығында салыстырғанда үш түрлі нәтиже алуға болады:
1)
ағза азоттық (ақуыздық) тепе-теңдік кезіндегі бұл көрсеткіштердің
тепе-теңдігі;
2)
оң азоттық (ақуыздық) тепе-теңдік кезінде бірінші көрсеткіш
екіншіге қарағанда үлкен;
3)
ағзада теріс азоттық (ақуыздық) тепе-теңдік кезінде бірінші
көрсеткіш екіншіге қарағанда кем.
Ағзаны тағамның барлық құрама бөліктерімен, яғни ақуыздармен,
майлармен, көмірсулармен, витаминдермен, сумен және минералды
заттармен қамту кезінде азоттық тепе-теңдік дене тін салмақтары
өзгермейтін ересек жаста байқалады. Осы шарттарда тағамдағы ақуыздар
құрамының ұлғаюы олардың ағзадағы үлкен қалуына әкелмейді, олардың
артығы майлар және көмірсулар тәрізді энергия алмасуын қамтамасыз
етуге немесе құрамында азот болмайтын май денелеріне айналады.
Сондықтан азоттық (ақуыздық) тепе-теңдікте болған ағзаның ақуыз
қабылдау мөлшерінің өсуі сәйкесінше қуық түрінде азотты шығаруының
өсуіне әкеп соғады.
Оң азоттық тепе-теңдік жас ағзаның өсуі кезінде немесе физикалық
жаттығу үрісінің белгілі кезеңінде, әсіресе бұрын физикалық жаттығу-
лармен айналыспаған тұлғаларда дене бұлшық еті көлемінің өсуі кезінде
байқалады. Екі жағдайда да ақуыздар жетіліп келе жатқан тіндерде қалады,
сондықтан түсетін ақуыз азотының мөлшері шығатын азот мөлшерінен көп
болады. Оң азоттық тепе-теңдік қатты аурудан жазылған кезде немесе
жеткіліксіз, сонымен қатар сапасыз тамақтанудан кейін (мысалы, тамақта
ақуыз құрамы жеткіліксіз болған кезде) болады.
Кері азоттық тепе-теңдік аштық кезінде, ауру кезінде, әсіресе, дене
температурасы жоғары болған кезде немесе кәрілік кезінде, ағза
ткандерінде ақуыздардың үлкен ыдырауы болатын кезде байқалады. Осы
кезде ақуыздардың неғұрлым көзге көрінерлік ыдырауы бұлшық еттерде
болады, мускулатура көлемінің көрінерлік азаюы байқалады.
Сұрақтар
1.
Ақуыздар, элементтік құрамы, классификациясы (протеиндер,
протеидтер).
2.
Амин қышқылдары, пеетидтік байланыстар, ауыстырмалы,
ауыспайтын амин қышқылдары.
3.
Ақуыз молекулаларының құрылымы және құрылым деңгейлері.
33
4.
Ақуыздардың маңызды жалпы сипаттары.
5.
Ақуыздардың биологиялық рөлі.
6.
Ақуыздардың ыдырауы.
7.
Амин қышқылдарының метаболизмі.
8.
Ақуыздың биосинтезі. Нулеин қышқылдары.
9.
Азоттық тепе-теңдік.
10.
Спортшы тағамындағы ақуыздың маңызы.
11.
Ақуыз алмасуындағы бауыр маңызы.
Тапсырма 1. Өз рационыңызды өсімдік және мал ақуыздарының
құрамына анализ жасаңыз.
Тапсырма 2. «Ақуыздардың қызметі» кестесін құрыңыз.
Тапсырма 3. Ішек-мал жолында ақуыздардың қозғалу және қортылу
схемасын құрыңыз.
Әдістемелік нұсқаулар. Осы тақырыпты оқыған кезде ағзада ақуыз
қорлары сақталмайтынына, тағаммен бірге жеткіліксіз түсу кезінде
ауыстырылмайтын амин қышқылдары болатынына ерекше көңіл аударған
жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |