Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата06.03.2017
өлшемі0,68 Mb.
#7906
1   2   3   4   5   6   7

Ұсынылатын әдебиет: 1-5, 7, 8, 9, 11, 16, 19, 20. 

 


 

54 


15-тақырып. Спорттағы биохимиялық бақылау 

Жоспар: 


1.

 

Биохимиялық бақылаудың мәселелері, түрлері және құрылымы. 



2.

 

Зерттеу объектілері мен негізгі биохимиялық көрсеткіштер. 



3.

 

Қан  мен  зәр  құрамының  негізгі  биохимиялық  көрсеткіштері, 



бұлшық ет әрекеті кезіндегі олардың өзгеруі. 

 

Спортта  медициналық, 



педагогикалық, 

психологиялық 

және 

физиологиялық  бақылаумен  қатар  спортшының  функциялық  жағдайына 



биохимиялық бақылау пайдаланылады. 

Зат  алмасуының  биохимиялық  көрсеткіштерін  анықтау  кезінде 

кешенді тексерудің келесі мәселелерін шешуге болады: 

 



орындалатын  жеке-дара  жаттығу  бағдарламасының  тиімділігі  мен 

рационалдығын  бейнелейтін  спортшы  ағзасының  функционалдық 

жағдайын бақылау; 

 



жаттығу үрдісі кезінде негізгі энергетикалық жүйелер мен ағзаның 

функционалды қайта құрылуының өзгерістеріне үйренуін бақылау; 

 

спортшылардың метаболизмінің патология алды және патологиялық 



өзгерістерінің диагностикасы. 

Биохимиялық  бақылау  сонымен  қатар  ағзаның  дене  жүктемелеріне 

реакциясын  анықтау,  жаттықандық  деңгейін  бағалау,  фарамакалогиялық 

және  басқа  қалыптастыру  заттарын  қолданудың  дұрыстығы,  бұлшық  ет 

әрекетінде  энергетикалық  метаболизм  жүйелерінің  рөлі,  климаттық 

факторлардың әсері және басқа да үнемі болып тұратын мәселелерді шешуге 

қол  жеткізеді.  Осыған  байланысты  спорт  тәжірибесінде  спортшыларды 

дайындаудың әртүрлі кезеңдерінде биохимиялық бақылау пайдаланылады. 

Мамандандырылған  спортшыларды  дайындаудың  бір  жылдық 

жаттығу циклінде әртүрлі биохимиялық бақылау түрлерін бөледі: 

 

дайынау  жоспарына  сәйкес  күнделікті  өткізілетін  ағымдық 



тексерулер (АТ); 

 



жылына 3-4 рет өткізілетін кезеңдік кешенді тексерулер (ККТ); 

 



жылына 2 рет өткізілетін тереңдетілген кешенді тексерулер (ТКТ); 

 



жарыс әрекетінің тексерулері (ЖӘТ). 

Әрбір биохимиялық тексеруде үш кезеңді бөлуге болады: 

1)

 

биологиялық  препараттарды  –  биохимиялық  зерттеудің  объекті-



лерін алу; 

2)

 



препараттардың биохимиялық талдауы; 

3)

 



табылған  нәтижелерді  дені  сау  адамдар  мен  спортшылардың 

нормаларымен,  басқа  бақылау  тәсілдер  нәтижелерімен,  зерттеу  жасау 

шарттарымен  (тыныштықта,  бұлшық  ет  жұмысы  кезінде  немесе  одан 

кейін) және т.б. салыстыру, яғни, нәтижелерді талдау. 

Спортта биохимиялық бақылаудың препараты ретінде дәстүрлі адамға 

зерттеудің биохимиялық препараттарын кең пайдаланады: дем шыққандағы 



 

55 


ауа, қан, зәр, тер, бұлшық ет ткані, сілекей пробалары. Осы препараттардың 

ішінде неғұрлым көбірек дем шыққандағы ауа, қан және зәр қолданылады. 



Қан  мен  зәр  құрамының  негізгі  биохимиялық  көрсеткіштері, 

олардың бұлшық ет жұмысы кезіндегі өзгерісі

Көмірсу алмасуының көрсеткіштері: глюкоза, сүт қышқылы. 

Липид  алмасуының  көрсеткіштері:  еркін  майлы  қышқылдар,  кетон 

денелері,  холестерин,  липидтердің  перекис  қышқылдануының  өнімдері 

(ПҚЛ), фосфолипидтер. 

Ақуыз  алмасуының  көрсеткіттері:  гемоглабин,  миоглабин,  актин, 

альбумин  және  глобулин,  қуықтық,  зәрдегі  ақуызды  табу,  креатинин, 

креатин. 

Ағзаның қышқыл-негізгі жағдайының көрсеткіштері (ҚНК)

Спортшыларды  тестілеу  кезінде  «жетекші»  функция  деп  аталатын 

даму  деңгейін  сипаттайтын  көрсеткіштерді  зерттеу  неғұрлым  дұрыс 

болады,  оның  даму  деңгейі  белгіленген  спорт  түрі  өкілдерінің  спорттық 

шеберлігін анықтайды. 

Сұрақтар 

1.

 



Биохимиялық бақылаудың мәселелері, түрлері және құрылымы. 

2.

 



Зерттеу объектілері мен негізгі биохимиялық көрсеткіштер. 

3.

 



Қан  мен  зәр  құрамының  негізгі  биохимиялық  көрсеткіштері, 

бұлшық ет әрекеті кезіндегі олардың өзгеруі. 

4.

 

Биохимиялық бақылаудың тәсілдерін таңдау. 



5.

 

Спорт түріне байланысты тестілейтін биохимиялық көрсеткіштерді 



таңдау. 

6.

 



Қан мен зәр құрамының негізгі биохимиялық көрсеткіштері. 

7.

 



Бұлшық  ет  жұмысы  кезіндегі  қан  мен  зәр  биохимиялық 

көрсеткіштерінің өзгеруі. 



Әдістемелік  нұсқаулар.  Сіздің  спорт  түріне  неғұрлым  ақпаратты 

болатын қан мен зәр биохимиялық көрсеткіштеріне назар аударыңыз. 



Ұсынылатын әдебиет: 1-5, 7, 19, 21. 

 

 



Тақырып 16. Спорттық фармакология. Допингтер 

Жоспар: 


1.

 

Жүктеме қарқындылығы бойынша дене әрекеттерінің түрлері. 



2.

 

Әр  түрлі  спорт  түрлерінде  допингті  пайдалану.  Допинг  түрлері. 



Жағымсыз әсерлері. 

 

Физикалық әрекеттердің барлық түрлері қарқындылығы бойынша өте 



жоғары,  жоғары,  орташа  және  төмен  қарқынды  болып  бөлінеді.  Бұл 

спортшының  экстра-класс  (олимпиада  және  дүниежүзілік  чемпиондары), 

халықаралық класс спорт шеберлері, спорт шеберлері, разрядшылар, дене 

шынықтырумен  айналысатын  және  айналыспайтын  тұлғалар,  белгіленген 



 

56 


қозғалу  белсенділіг  көмегімен  қандай  да  бір  функциялардың  қалыптасу 

мақсатында емдік дене шынықтырумен айналысатын тұлғалардың спорттық 

біліктілік  деңгейіне  сәйкес  болады.  Сәйкесінше,  бұл  тұлғаларға,  олардың 

дайындалғандығына, тамақтануы мен фармакологиялық қамтамасыздануына 

талаптар  әртүрлі  болады.  Бірақ  оларда  адамның  физикалық  жұмыс 

қабілеттілігін шектейтін өздерінің мүмкіндіктерінің шектері болады. 

Жұмыс  қабілеттілігін  шектейтін  бұл  факторлар  спорт  түрлерінің 

біліктілігіне  сәйкес  бес  түрге  бөліне  алатын  дене  әрекетінің  түріне 

байланысты екенін білу керек: 

1.

 



Неғұрлым  шыдамдылықты  айғақ  болатын  циклді  спорт  түрлері 

(жүгіру, жүзу, шаңғы жарыстары, коньки жарысы,  есудің барлық түрлері, 

велосипед  спорты  және  басқалар),  қандай  да  бір  қозғалыс  қайталанатын 

кезде,  энергияның  көп  мөлшері  шығындалған  кезде,  ал  жұмыстың  өзі 

жоғары және өте жоғары қарқындылықпен орындалған кезде болады. Бұл 

спорт  түрлері  метаболизм  қолдануын,  арнайы  тамақтануды,  әсіресе 

энергетикалық көздердің көмірсулылықтардан (макроэргиялық фосфаттар, 

гликогендер, глюкозалар) майлыларға көшу болатын кезде талап етеді. Бұл 

зат  алмасу  түрлерінің  гормоналды  жүйелерін  бақылау  фармакологиялық 

препараттардың  жұмыс  қабілеттілігін  жоспарлау  және  түзету  кезінде 

айтарлықтай маңызды болады. 

2.

 



Жалдамдықты-күш  түрлері,  бұл  кезде  ең  басты  сипат  болып 

жарылғыш,  уақыты  бойынша  қысқа  және  өте  қарқынды  дене  әрекеті 

саналады (барлық спринтерлік қашықтықтар,  сермеу, ауыр атлетика және 

басқалар).  Көп  жағдайда  бұл  сипаттар  генетикалық  детерминаторларға 

байланысты, ал осыған ұқсас әрекетті қамтамасыз ету үшін энергия көздері 

шыдамдылықты  көрсеткен  кезде  айтарлықтай  өзгешеленеді.  Мотор 

әрекетінің  циклді  ретін  (жүгіру)  және  ациклді  (сермеу)  бөледі.  Жүз 

мертлікте  нәтижені  жақсарту  өте  қиын,  бұл  кезде  күш  пен  шыдамдылық 

жаттығу  әрекеттеріне  шалыққыш.  Бұл  фаркакологиялық  түзетуге  де 

қатысты.  Тумысынан  спринтерлер  ұзақ  қашықтықтарға  жүгіретіндерге 

қарағанда  жылдам  бұлшық  ет  жіптерінің  үлкен  пайызы  болады. 

Жылдамдық өте демонстрациялы көрсеткіш болып саналады, жас ұлғайған 

сайын  күш  пен  шыдамдылыққа  қарағанда  ең  ерте  және  көрнекі  түсу 

болады. Серпушілер мен ауыр атлеттерде дене салмағының үлкеюі арнайы 

тамақтану  мен  анабилитикалық  стериодтар  мен  самототропиндерді 

пайдаланусыз  зат  алмасудың  катаболизмдіктен  анаболиктік  фазасына 

ығысуына  ерекше  бақылауды  талап  етеді.  Ал  спринтерлерде  дене 

салмағының бақылаусыз үлкеюі болмау керек. 

3.

 

Жекпе-жектер  өте  көп  спорт  әрекетінің  түрлерін  көрсетеді 



(күрестің  барлық  түрлері,  бокс  және  басқалар).  Жекпе-жектегі  энергия 

шығынының сипатты белгісі болып күрестің нақты шарттарына байланысты 

болатын  дене  жүктемелерінің  тұрақсыз,  циклді  деңгейі  саналады,  алайда, 

кей  кезде  олар  үлкен  қарқынды  болады.  Дене  әрекеттің  түрі,  оның 



 

57 


ұзақтылығы  мен  қарқындылығы  фармакологиялық  препараттарды  таңдау 

кезінде  негіз  болады.  Бұл  спорт  түрлері,  көпшілік  жағдайда, 

жарақаттанғыш  болады,  ол  мидағы  микроциркуляция  және  алмасу 

үрдістерінің бұзылу себебі болуы мүмкін, сондықтан протекторлар ретінде 

ноотропты әрекетті препараттар пайдалану керек. 

4.

 



Ойындық түрлері қарқынды бұлшық ет әрекеті мен спортшы ойын 

эпизодттарында  болмаған  кезде  демалудың  үнемі  кезектесуімен 

сипатталады.  Қозғалыстың  координациясы  мен  психикалық  тұрақтылық 

аса  маңызды  болады.  Фармакологиялық  қамтамасыз  ету  мәселелері 

витамин  кешенінің,  ноотроптардың,  өсімдік  және  мал  адаптогендер, 

антиоскиданттардың  көмегімен  қалыптасу  үрдістерінің  түзетуімен, 

энергия  компенсациясымен,  мидағы  алмасу  үрдістерін  жақсартумен 

байланысты. 

5.

 

Күрделі  координациялық  түрлер  қозғалыстың  жұқа  элементтеріне 



негізделген,  мысалы,  мәнерлі  сырғу,  гимнастика,  суға  сүңгу,  ату,  онда 

үлкен  шыдамдылық  пен  назар  керек.  Дене  жүктемелер  үлкен  шектерде 

ауытқиды.  Мысалы,  күшті  секіру  жасау  үшін  үлкен  оқтай  күш  керек,  ал 

ату кезінде назар концентрациясы мен тремордың азаюы керек. Псикалық 

шыдамдылықты  тыныштандырғыш  әрекетті  өсімдік  препараттарымен 

(валерина,  спиртті  компонентсіз  боярышник),  ноотроптармен,  витамин 

кешендерімен, энергетикалық бай заттармен ұлғайту өте маңызды. 

Күрделі  техникалық  түрлері  техникалық  құралдарды  айтарлықтай 

деңгейде байланысты (автожарыстар, бобслей, парашют спорты, желкенді 

спорт және басқалар). Дене жүктемелер деңгейі өте үлкен көрсеткіштерге 

жетпеуі  мүмкін,  бірақ  жүйке  кернеуі  адам  мүмкіншіліктерінің  шегінде 

болуы мүмкін, ол фармакологиялық түзетудің принциптерін – психикалық 

тұрақтылықты жоғарылатуды анықтайды. 

Бұдан бөлек, бірқатар аралас спорт түрлері болады, онда аталған адам 

физикалық  әрекетінің  түрлері  болатын  әртүрлі  көп  сатылы  жарыстардың 

түрлері  қолданылады.  Сондықтан,  фармакологиялық  қамтамасыз  ету 

мәселелері  айтарлықтай  және  принципиалды  ерекшеленеді.  Айта  кететін 

жайт,  спорт  түрі  ретінде  шахматтар  бойынша  жарыстарда  үлкен 

интелектуалды  деңгейді  қалыптастыру  мен  сақтауда  көп  проблемалар 

туады. 


Осылайша, спорт фармакологиясының мәселелерін нақты шеше алатын 

әмбебап фармакологиялық құрал бар деп есептеуге ешқандай негіз жоқ. 

Соңғы  15-20  жыл  ішінде  спорт  түріне  байланысты  әртүрлі 

мемлекеттерде допингтер қолданылатыны анықталған. 

Допинг  деп  ағзаның  физикалық  және  психикалық  әрекетін  уақытша 

күшейтетін  затты  атайды.  Бұндай  заттар  жарыс  кезінде  спортшыларға 

қолдануға тыйым салынған. 

Әр  түрлі  спорт  түрлерінде  допингті  пайдалану.  Допинг  түрлері. 

Жағымсыз әсерлері. 


 

58 


1.

 

Жылдамдықты-күш  түрлері:  ауыр  атлетика,  серпу,  культуризм, 

жеңіл атлетикадағы, жүзудегі, коньки жарысындағы, шаңғы жарысындағы 

спринтерлік қашықтықтар. 

Допингтер: анаболиктік стероидтер, соматотропиндер, гонадотропин, 

амфетаминдер, диуретиктер және басқалар. 



Жағымсыз  әсерлері:  зат  алмасудың,  гормоналды  профильдің  тез 

өзгерістері, әйелдерде маскулинизация, еркектерде вирилизация. 



2.

 

Шыдамдылықты  көрсететін,  циклді  спорт  түрлері:  жүгіру, 

жүзу, шаңғы жарыстары, велосипед жарыстары, коньки тебу спорты (ұзақ 

қашықтықтар). 

Допингтер: анаболиктік стероидтер, соматотропиндер, гонадотропин, 

қан допингтері, психостимуляторлар және басқалар. 



Жағымсыз  әсерлері:  бағдарлау  мен  естен  тану,  өлім,  гормоналды 

статустардың бұзылуы және басқалар. 



3.

 

Ойын  түрлері:  футбол,  баскетбол,  регби,  бейсбол,  доппен  және 

шайбалы хоккей, гольф және басқалар. 



Допингтер:  алкоголь,  кокаин,  героин,  амфетомин,  марихуана  және 

басқалар. 



Жағымсыз әсерлері: өлім, естен тану, токсикалық әсерлер. 

4.

 

Күрделі  координациялы  спорт  түрлері:  биіктікке  секіру,  суға 

сүңгу, мәңерлі сырғу, гимнатика, семсерлеу және басқалар. 



Допингтер:  алкоголь,  нашақорлық  аналгетиктер,  транквилизаторлар, 

бетаблокаторлар және басқалар. 



Жағымсыз әсерлері: нашақорлық, алкоголизм. 

5.

 

Жекпе-жектер:  күрестің  барлық  түрлері,  бокс,  шығыс  жекпе-

жектері және басқалар. 



Допингтер:, нашақорлық аналгетиктер, марихуана, алкоголь. 

Жағымсыз әсерлері: дәрілік тәуелділік, нашақорлық және басқалар. 

Ат  жарысында  нақты  мәселелерге байланысты  (психосмитуляторлар, 

транквилизаторлар және басқа препараттар) әртүрлі допингтер пайдаланы-

лады, сондықтан аттарға допингтік бақылау жүргізіледі. 

 

 

17-тақырып. Антидопингтік бақылау 



Жоспар: 

1.

 



Допинг, жалпы көрініс, қауіптіліктер. 

2.

 



Допингті препараттар мен процедуралардың бөлінуі. 

3.

 



Антидопингті бақылау. 

Стимулдаушы  препараттардың  ағзаға  әрекеті  жеке-дара  және 

айтарлықтай  деңгейде  спорт  түріне,  жынысына,  денсаулық  жағдайына, 

функионалды  жағдайына,  яғни,  жаттыққандығына,  сонымен  қатар, 

климаттық шарттарға байланысты. 


 

59 


Оқытушылар, жаттықтырушылар мен спортшылар қандай фармаколо-

гиялық  заттар  допинг  ретінде  коассификацияланатынын,  анитдопинг 

принциптерін,  оны  жүргізудің  техникасын  және  сәйкес  заңды  норматив-

терін білу керек. 

Ауру  және  сау  адамның  ағзасындағы  дәрілік  заттардың 

фармакокинетикасы әртүрлі. 

Дозалар келесідей бөлінеді: 

– терапевтикалық (емдік), 

– токсикалық (улы), 

– ұшу (өлімге алып келетін). 

Бірқатар препараттарда терапевтикалық және токсикалық дозалардың 

арасындағы  айырмашылық  өте  аз,  сондықтан  дәрілерді  қабылдауды  қатаң 

дозалау керек. Тіпті витамин сияқты бір қарағанда ешбір қауіпсіз препараттар 

көп  мөлшерде  қолданған  кезде  ағзаға  үлкен  бұзылыстар  әкелуі  мүмкін. 

Осылайша,  Д  витаминнің  көп  қолданған  кезде  өкпе  қызметінің  және 

кальций  алмасуының  бұзылуына  әкелуі  мүмкін;  С  витаминнің  ұзақ  және 

үлкен дозаларын қабылдау тромбылардың пайда болуына әкеледі және т.б. 

Бұл тұрғыда допингтер де қауіпті, олар орта жүйке және жүрек-тамыр 

жүйелеріне  қоздырғыш  ретінде  әрекет  етеді,  ағзаның  физикалық  және 

психикалық  әрекетін  белсендіреді.  Бұл  дәрілердің  арасында  ауру  ағзаға 

құтқарушы  заттар  көп,  бірақ  допинг  спортшының  денсаулығына  үлкен, 

кейде түзелмейтін зиян тигізуі мүмкін, тіпті аяқ асты өлімінің себебі болуы 

мүмкін. 

Дәрігердің  кеңесінсіз,  жаттықтырушының  немесе  жолдасының 

кеңесімен  оларды  қолдануға  болмайды.  Спортта  өзіндік  емделу  қауіпті. 

Дәрігердің бақылауынсыз дәрі заттарын және тәсілдерін өзіндік қабылдау 

аурудың асқынуына, ал кейде – адамның мүгедектігіне және өліміне алып 

келуі мүмкін, өйткені бұндай жағдайда оларды жасты, жынысты, өкпенің, 

бауырдың,  ішкі  секреция  бездерінің,  ішек  жолдарының  функционалдық 

жағдайын,  бұрын  болған  аураларды  және  басқа  көптеген  факторларды 

ескермей  пайдаланады.  Қандай  да  бір  препарат  анықталған  дозада  бір 

жағдайда  жағымды  нәтиже  береді,  ал  басқа  жағдайда  аз  тиімді  немесе 

зиянды болады. 

Зерттеулер  көрсеткендей,  кәдімгі  дозаларда  ауруларға  көмектесетін 

стимуляторларды  өзіндік  қабылдау  спортшыларда  сіңір  тартылуын  және 

өлімге алып келетін қауіпті асқынуларды туғызады, өйткені спортшыларда 

психоэмоциялық  саласында  ішкі  секрециялардың  көптеген  бездерінің 

белсенділігі жоғары. 

Жүйке және эндокринді жүйелері аса сезімтал жас спортшыларға дәрі 

препараттарын өздігінен қолдану өте қауіпті. 

Мексикадағы  1968  жылғы  Олипиада  ойындарында  ең  алғашқы  рет 

тағамды  допинг-бақылау  жүргізілген,  ал  1972  жылдан  бастап  (Мюнхен, 



 

60 


ФРГ) ол барлық Олимпиада ойындарында және ірі халықаралық жарыстарда 

міндетті шарт болды. 

Халықаралық  Олимпиада  Комитетінің  (ХОК)  құрамында  арнай 

комиссия  құрылған,  ол  1994  жылдың  13  қатарында  спортта  допингтерді 

пайдалануды  тыйым  салуды  қарастырған  Медициналық  кодекс  қабыл-

даған. Бұл кодекстің талаптарын спортшылар, жаттықтырушылар, дәрігер-

лер  және  маңызды  жарыстарға  (Еуропа,  дүниежүзі  чемпионаттары, 

Олимпияда  ойындары)  спортшыларды  дайындауға  қатысатын  ресми 

тұлғалар орындау керек. 

Қазіргі  кезде  ХОК  Кимиссиясы  құрамына  кірген  тыйым  салынған 

фармакологиялық  препараттардың  тізімі  оң  мыңнан  астам  түрлі  дәрілік 

препараттар  мен  олардың  аналогтарынан  тұрады.  Көптеген  халықаралық 

спорт федерацияларында допингті  құралдарының  өз  тізімдері  бар, оларда 

ХОК тізімінен басқа арнаулы спорт түрлерін ескеретін бірқатар басқа дәрі 

түрлері бар. 

Жаттықтырушылар, спортшылар мен спорт дәрігерлері әрбір допингті 

препарат  әртүрлі  дәрі  формасында  да  (мысалы,  аналептик  түрінде), 

поливитаминдік,  ақуыздық,  көмірсулық  препараттардың  кешенінде  де 

болатынын  есте  сақтаулары  қажет.  Олар  әртүрлі  фирмалармен  әртүрлі 

атаулармен,  кейде  аналептиктерді,  гормоналды  препараттады  қосып 

шығарады. 

Допингпен  күресте  БҰҰ,  Юнеско,  Еуропарламент  құрамындағы 

медициналық комиссиялар да қатысады. 

ХОК медициналық комиссиясы келесі фармакологиялық заттардың 

топтарын жатқызады

– орталық  жүйке  жүйесінің  (ОЖЖ)  стимуляторлары:  амфетамин, 

аминептин,  сиднофен,  мезокарб,  кофеин,  эфедрин,  салбутамол,  кокаин, 

пемолин,  стрихнин  және  басқа  туысқан  қосылыстар  –  этамиван,  микорен 

және басқалар; 



– нашақорлық  заттар:  героин,  петидин,  кодеин,  дипипанон, 

этилморфин және басқалар; 



– анаболиктік  заттар:  болденон,  метенолон,  тестостерон,  метил-

тестостерон, даназол,  тренболон,  миболен,  стенозолол,  надролон,  метанд-

риол және басқалар; 

– диуретиктер: фурасемид, мерсалин, индапамид, амилорид, канкреон 

және басқалар; 



– пептидты  және  гликопротеинді  гормондар  және  оның  аналог-

тары:  соматотропин  (СТГ),  кортикотропин  (АКТГ),  эритропоэтин  (ЕРО), 

адамның хориондық гонадотропині. 



Тыйым салынған тәсілдер

– аутогемотрансфузия – спортшының өз қанын жарыс алдында дене 

жұмысы қабілеттілігін жақсарту мақсатында қайта құю



 

61 


– фармакологиялық,  химиялық  және  физикалық  манипуля-

циялар  –  анализ  жасау  үшін  зәр  құрамын  өзгерте  алатын  заттар  мен 

тәсілдерді пайдалану; жүзгіштерге ауаны ректалды салу және т.б. 



Белгіленген шектеулері бар заттар класстары: 

– шоғырлануы  0,5%  және  одан  жоғары  болатын  алкоголь

треморды алу үшін атқыштар мен басқа спорт түрлеріне қолдану; 



– мазь  немесе  инъекция  түрінде  қолданылатын  жергілікті 

анестетиктер,  егер  спортшыда  жарақат  немесе  ОДА  ауруы  болған  кезде 

(медициналық комиссияның жазбаша рұқсаты болған кезде); 



– кортикостериодтар дерматолотармен, офтальмологтармен, травмо-

тологтармен  буынаралық  инъекция,  ингаляция  түрінде  (триамсиналон, 

дексаметазон,  преднизолон,  гидрокортизон  және  басқалар)  медициналық 

комиссияның  ресми  рұқсатымен  (спортшының  ауруы  құжатын,  диагнозы 

мен амбулаторлы картасының жазбасын көрсетумен) қолдануы мүмкін; 

– бета-блокаторлар  (ацебуталол,  атенолол,  соталол,  надолол  және 

басқалар),  кейбір  спорт  түрлерінде  (ату,  қазіргі  заманғы  бес  сайыс  және 

басқалар)  тестілеуге  жататын  халықаралық  спорт  федерацияларының 

ережелеріне сәйкес қолданылады. 



Антидопингті  бақылау  –  бұл  сұйық  биологиялық  ортада  (қан,  зәр, 

сілекей)  допингтің  болуын  анықтау.  Әдетте,  антидопингтік  бақылаудың 

барлық  ережелері  Федерациялар  немесе  Ұлттық  Олимпиада  Комитеті 

тарататын  инструкцияда  жазылады.  Комиссияға  фармакологтар,  биохи-

миктер,  генетиктер,  эндокринологтар,  дәрігер-клиницист,  сот  экперттері 

мен заңгерлер кіруі керек. 

Жарыстарға дейін барлық қатысушы елдерге допинг болып саналатын 

тыйым салынған дәрі  құралдарының  тізімі  жіберіледі.  Онда  антидопингті 

комиссияның  құрамы,  допингтің  құрамын  анықтайтын  аппаратура, 

пробаны  алу  тәсілі  көрсетіледі.  Осылайша,  Олимпиада  ойындарында  зәр 

пробаларын  барлық  финалисттерден  алады,  ал  ойыншылардан  жребий 

бойынша  (таңдаулы,  әрбір  командадан  бір  спортшыдан)  алынады.  Егер 

спортшы  пробасын  анализ  үшін  тапсыруға  келмесе,  ол  спортшының 

допинг қабылдағанын мойындағанын білдіреді. 

Олимпиада  ойындарында,  дүниежүзі  чемпионаттарында  спортшылар 

мен  командалардың  ресми  тұлғаларын  (жаттықтырушыларды,  дәрігер-

лерді,  массажисттерді  және  функционерлерді)  допинг  бақылауының 

процедурасымен таңыстырады. 

Спортшы  ағзасында  допинг  деп  классификацияланатын  фармаколо-

гиялық  препараттарға  зерттеу  келесілерден  құралады:  биологиялық 

сұйықтықтарды алу (қан, зәр, сілекей және басқалар), одан кейінгі жарыс 

болатын  жерде  немесе  ХОК  халықаралық  Медициналық  комиссиясымен 

келісілген  зертханалардың  бірінде  физико-химиялық  талдау,  сонымен 

қатар,  толық  қанды  қорытынды  шығаруға  қажетті  басқа  медициналық 

тестілеулер.  Неғұрлым  көбірек  зәрді  зерттейді.  Оны  алғаннан  кейін 


 

62 


антидопингті  комиссияның  жетекшісі  зәрдің  рН  тексереді,  ол  туралы 

хаттамаға жазады. 

Талдау  газдық  фроматография  және  радиоиммунологиялық  тәсілмен 

іске  асырылады.  Соңғы  жылдары  неғұрлым  нақты  аппаратура  пайда 

болды.  Қазіргі  кезде  аппаратуралар  сондай  сезгіш,  тіпті  қандай  да  бір 

допингтің ең аз іздерін және оны пайдалану мерзімдерін анықтай алады. 

Егер  проба  оң  болса,  ХОК  Медициналық  комиссиясының  төрағасы 

жазбаша түрде сәйкес мемлекеттің (Федерацияның) өкілдеріне хабарлайды. 

Келіспеген жағдайда ХОҚ өкілдігі бар (мойындаған) бейтарап мемлекетте 

(лабораторияда)  ХОК  Медицина  комиссиясының  өкілінің  және 

спортшысында  допинг  табылған  мемлекеттің  өкілінің  қатысуымен  қайта 

зерттеу жасалынады. 

Сәйкес санкция туралы шешімді – спортшыны дисквалификациялауды 

– сот комиссиясы қабылдайды. Дисквалификациялау мерзімі қолданылған 

препараттың  сипатына  байланысты.  Ең  қатаң  жазалауға  анаболиктерді 

қолданған спортшылар ұшырайды. 

Допинг-бақылауды  қолдана  бастағаннан  кейін  оларды  пайдалану, 

өкінішке  орай,  азаюдың  орнына  көбейіп  кетті,  әсіресе,  жеңіл  атлетика, 

жүзу, ауыр атлетика тәрізді спорт түрлерінде. 


 

63 


Әдебиеттер тізімі 

 

Негізгі әдебиет 

1.

 



Биохимия.  Учеб.  для  ин-тов  физ.культуры  /  Под  ред. 

В.В. Меньшикова, Н.И. Волкова – М: Физкультура и спорт, 1989 – 382с.; 

2.

 

Биохимия.  Учеб.для  студ.  ин-тов  физ.культуры  /  ред. 



Яковлева Н.Н. – М: Физкультура и спорт, 1969. – 320 с. 

3.

 



Биохимия  мышечной  деятельности:  Учеб.  для  студ.вузов  физ. 

воспитания и спорта – Киев: Олимп. лит., 2000. – 503 с.; 

4.

 

Проскурина  И.К.  Биохимия:  учеб.пособие  для  студ.  вузов,  спец. 



«Физ. культура» / – М. ВЛАДОС-ПРЕСС, 2003 – 236 с. 

5.

 



Проскурина И.К. Биохимия: учеб. пособие для студ. вузов, спец. 

«Физ. культура» / – М. ВЛАДОС-ПРЕСС, 2001 – 236 с 



 

Қосымша әдебиеттер 

6.

 



Марри Р., Греннер Д., Мейес П., Родуэлл В., Биохимия человека: 

в 2 т.: пер. с англ.:учеб./ – М: Мир.-2004. / под ред. Л.М. Гинодмана. – 2004 

7.

 

Биохимия и физиология возрастного развития организма: Сб. науч.тр. 



/ ред. Никитин В.Н. – Харьков: Изд-во Харьков ун-та, 1992. – 368 с. 

8.

 



Виноградов  В.В.  Гормоны,  адаптация  и  системные  реакции 

организма. – Минск: Наука и техника, 1989 – 223 с. 

9.

 

Войнар  А.О.  Биологическая  роль  микроэлементов  в  организме 



животных и человека / – М: Сов. наука, 1953 – 495 с. 

10.


 

Вопросы  биохимии  нервной  системы.  –  Махачкала:  Дагестан. 

Кн. инз. – 1973 Вып. 2. – 112 с. 

11.


 

Казаков Б.И. Лаборатория внутри нас. – М: Знание, 1984. – 192 с. 

– (Наука и прогресс) 

12.


 

Кветной И.М. Вездесущие гормоны. – М: Мол. гвардия, 1988. – 190 с. 

13.

 

Кендыш  И.Н.  Регуляция  углеводного  обмена.  –  М:  Медицина, 



1985. – 272 с. 

14.


 

Куваева И.Б. Обмен веществ организма и кишечная микрофлора. 

– М.: Медицина, 1976. – 248 с. 

15.


 

Ленинджер А. Основы биохимии: В 3т.: Пер. с англ. – М: Мир. – 1985 

16.

 

Мак-Мюррей  У.  Обмен  веществ  у  человека:  Основы  учения  о 



взаимосвязи биохимии с физиологией и патологией. – М: Мир. – 1980. – 368 

17.


 

Мохан  Р.  Глессон  М.,  Гринхафф  П.Л.,  Биохимия  мышечной 

деятельности и физической тренировки. – Киев: Олимпийская литература, 

2001. – 295 с. 

18.

 

От молекул до человека: пособие для учителей: Пер. с англ. / под 



ред. Н.П. Наумов. – М: Просвящение, 1973. – 480 с. 

19.


 

Хрисанфова  Е.Н.  Конституция  и  биохимическая  индивидуаль-

ность человека. – М: Изд-во МГУ, 1990. – 154 с. 

20.


 

Панин  Л.Е.  Биохимические  механизмы  стресса.  –  Новосибирск: 

Наука, 1983. – 233 с. 


 

64 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Г.Д. Курбанова, У.А. Ахметжанова 

 

 

ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТТАҒЫ  



БИОХИМИЯ 

 

050108 «Денешынықтыру және спорт» 

 

Емтиханға дайындалуға арналған 



оқу-әдістемелік кұрал 

 

 



 

Басуға қол қойылды 15.07.2013 ж. 

Гарнитура Times New Roman. 

Форматы 84

100 1/32. Офсеттік қағазы. 



Көлемі 3,5 шартты б.т. Таралымы 500 дана. 

Тапсырыс №0715 

 

 

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының 



ғылыми-баспа орталығы 

140002, Павлодар қаласы, Мир көшесі, 60. 

E-mail: rio@ppi.kz 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет