141
әрекеттің бағдарлық та, орындау да, бақылау да бөліктері жүзеге асады. Бұл
кезең балалардың әрекет мазмұнын меңгеруіне, тәрбиешілердің операция
әрекетіне кіретіннің әрқайсысына обьективті бақылау жүргізуіне мүмкіндік
береді.
Үшінші кезеңде: бұл әрекеттің сыртқы сөздік ретінде қалыптасуы.
Әрекеттің барлық элементтері сыртқы сөз формасында берілген бұл кезеңде
әрекет ары қарай жалпылаудан өтеді, бірақ әлі автоматтандырылмаған,
қысқармаған болып қалады.
Төртінші кезеңде: әрекеттің сыртқы сөзде қалыптасу кезеңі–
алдыңғыдан айырмашылығы, әрекет дыбысыз, тіркеусіз орындалады –
ішінен сөйлеу сияқты. Алғашқы кездері әрекет басқа сипаттар бойынша
алдыңғы кезеңнен ерекшеленбейді. Бірақ ақыл–ой формасына ие болған
әрекет өте тез қысқарып, автоматтандырыла бастайды. Осыдан кейін барып,
әрекет ең соңғы
бесінші кезеңге өтеді–әрекеттің ішкі сөзде қалыптасуы. Бұл
кезеңде әрекет өте тез автоматтандырылған ағысқа ие болады, өзіндік
бақылау жасауға жеткіліксіз болады. Бұл енді ойлау актісі, онда процесс
жасырын, ал санаға осы процесс нәтижесі ғана ашылады. Білім мазмұнын
жаңартудағы іс–әрекетті ұйымдастыру барысы біздің зерттеуіміздің
логикалық-психологиялық проблемаларының негізі болып табылады.
Аталған зерттеу мәселелері мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудың
психологиялық тұрғыдан негізделуіне және білім мазмұнын жаңартуда
мемлекеттік жалпы білім беру стандартын жетілдіру қажеттілігі туындап,
оған келесі тарауда талдау жасалды
Достарыңызбен бөлісу: