144
Төртінші жаста сөздін қурамының баюы және тілдің грамматикалық
қурылымының жетілуі одан әрі жалғасады, 4 жастан 6 жасқа дейін сезім
эмоцияларды айыра алады сыртқы және ішкі әсерлерден болатын эмоциялар
мен
сезімдерді,
қанағаттану
(удовольствие)
және
қанағаттанбау
(неудовольствие) сезімдерін өте дәл айыра алады.
Бес жасқа дейін қалыпты дұрыс даму жағдайында бала ана тілінде еркін
сөйлей алады. 5-6 жаста баланың шығармашылық іс-әрекеті күшейеді және
оның басты бағыттары көріне бастайды. Жоғары жүйке іс-әрекетінің типі -
ойлау, көркем өнер, т.б. түрлері анықталады.
Сонымен бала тулғасының ақыл-ой және адамгершілік баюына бала
тілінің дұрыс дамуының ерекше маңызы бар екендігі еш күмәи келтірмейді.
Сондықтан ата-аналар және тәрбиешілер балалардың сөзді, буындарды,
дауыссу дыбыстарды (мысалы,
р,
ш және т.б.), дұрыс айтуын муқият
қадағалап отыруы қажет. Айтылған сөздерінің нақты заттарға, қубылыстарға,
сонымен бірге адамдардың іс-қылықтары мен әсерлеріне сәйкестігіне,
сөйлеудің мазмұндылығы мен мәнерлілігіне, балалардың сөздік қорының
молаюына және оған жинақтаушы сөздердің енуіне аса көңіл бөліп отыру
қажет. Балаларды әртүрлі аурулардан және жекелей алғанда олардың тіл
дамуына жағымсыз әсер ететін аурулардан қорғап отырған жөн.
Мектепке қабылдауда балаларда танымдық процестердің дамуының өте
маңызды ерекшеліктеріне мыналарды атауға болады:
Тіл. Мектепке барар алдында баланың сөздік қоры үлкен кісілермен
нәдімгі өмірдің өзіне қатысты кез-келген мәселесі бойыншаи түсінісе
алатындай дәрежеге жетеді.
Бұл жаста бала қандай сөзді қолдануға болады, ал қандай сөздер
соншалықты жағымсыз, тіпті оларды айту ұят екендігін түсінеді. Бала сөзге
дыбыстық талдау жасай алады. Сөзді дыбыстарға бөліп, сөздегі
дыбыстардың ретін анықтай алады (егер бала балабақшаға барып жүрсе). 6
жасар бала түсінікті тілмен - контексті тілмен, қатынас жасай алады, яғни не
туралы айтылу керектігін жетілікті түрде толық сипаттан бере алатын тіл
деңгейінде, сондықтан да талқыланатын жағдай тікелей қабылдаусыз да
толық түсінікті болады.
Достарыңызбен бөлісу: