157
Қалай ойлайсың, Ержан не туралы ойланды? Соңында ол дұрыс шешім
қабылдады. Ержан қандай шешім қабылдады деп ойлайсың?
2-жағдаят.
Аулада балалар ойнап жүрген. Олардың қастарынан кәрі, жүндері
түскен мысық өтіп бара жатты.
- Ой, қандай сүйкімсіз мысық,- деді Айжан.
- Таспен соғып қуалайық па?- деді Самал.
Сөйтіп олар таспен атқылай бастады. Балалар әрекетін қалай бағалайсың?
Зұлымдық деген не?
3-жағдаят.
Арман мен Ерасыл дос. Олар бір үйде тұрады, бір аулада ойнайды.
Арман сабаққа зерек. Ерасыл жалқаулау бала. Арман досына достық ретінде
үй тапсырмасын көшіруге береді. Қалай ойлайсыңдар бұл достыққа жата ма?
Нағыз достар қалай әрекет етеді?
4-жағдаят.
Сауле мен Гүлназ дос қыздар. Олар асхана тамақтануға бірге барады.
Кейде Сауленің тоқашқа ақшасы жетпей қалады. Мұны көріп досы Гүлназ
былай деді: «Менің артық ақшам бар, бірақ анам ешкімге ақша берме дейді»,-
деп жауап берді.
- Қалай ойлайсыңдар мұндай жағдайда қалай әрекет етуге болады?
Нағыз достар қалай әрекет етеді?
Достарыңызбен бөлісу: