Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың



Pdf көрінісі
бет49/66
Дата07.01.2022
өлшемі2,36 Mb.
#17339
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66
Байланысты:
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

 
В қосымша
 
2.2 Мектепке қабылдау тестілері 
Тестілеу туралы педагогтар мен ата-аналарға нені білу қажет 
Қазіргі  уақытта  көптеген  мектептерде  1  сыныпқа  қабылдау  алдында 
балаларды  психологиялық  тексеру  жүргізіледі.  Бір  жағдайларда  бұл  белгілі 
бір  мамандықтарға  үйрету  немесе  арнайы  бағытқа  салу  (математикалық, 
эстетикалық,  тілдік,  т.б.)  критерийлері  бойынша  сай  келетін  дайындығы 
жоғары балаларды іріктеп алу үшін жасалады.  
Басқа жағдайда -балаларды оқыту қарқыны әртүрлі деңгейлі сыныптарға 
бөлу  үшін  жасалады.  Мұнда  "теңестіру  сыныбынан"  бастап  жеделдетілген 
бағдарлама бойынша оқитын сыныпқа дейін кездеседі.Балалардың мектепке 
даярлық деңгейін анықтауда психологтар арнайы тестілерді қолданады.  
Тестілер-бұл 
стандартталған,жекелей-психологиялық 
айырмашылықтарды анықтауға арналған,көбінесе уақыт жағынан шектелген 
сынақ түрі.  
Тестілердің көмегімен қайсы бір қабілеттердің, дағдылардың, біліктердің, 
тұлғалық сапалардың деңгейін анықтауға тырысады.  
Егер  тестілеу  нәтижесінде  шын  мәнінде  әр  баланың  жеке  даму 
ерекшеліктері  ескерілетін  болса,  мектепке  іріктеп  алуда  тестілеу  дұрыс 
болып  табылады  және  балалар  нәтижелі  оқыту  мен  дамытуға  ең  қолайлы 
мүмкіндіктер жасайтын сыныптарда немесе мектепте оқи алады.  


158 
 
Жалпымектептік  бағдарламаны  меңгеру  шапшаңдығына  үлгере 
алмайтын  балалар  кәдімгі  сыныптарда  табыссыздыққа  душар  болады,  ал 
"теңестіру  сыныбында"  көтерілуге  мүмкіндік  туады,  өйткені  олар 
созылыңқы(ор. растянутая) бағдарламамен оқиды.  
Тестілер  балада  маңызды  танымдық  процестердің  даму  деңгейін 
анықтауға  мүмкіндік  береді:  көру  және  есту  арқылы  қабылдау,  ес  және 
зейіннің,  бейнелі  ойлаудың,  психикалық  шапшаңдықтың  әртүрлі  түрлері. 
Тестілер  тек  мектепке  дейінгілерді  оқыту  немесе  интеллектуалды  дамыту 
мәселелерін  диагностикалау  үшін  ғана  емес,  тәрбиешілер  мен  ата-аналарға 
балаларды мектепке даярлау үшін де қолданылады. Әрбір тест тапсырмасы - 
бұл  бала  үшін  әрі  қызықты  есеп  әрі  тартымды  ойын,  әрі  ес,  зейін,  қол 
моторикасы,  ойлау  үшін  дамыту  жаттығулары.  Осылайша,  тестілер  жақсы 
оқуға  дайындық  негізі  болып  табылатын  балалардың  танымдық  процессін 
дамыту  үшін  де  қолдануға  болады:  ақпаратты  қабылдау,  жадында  ұстау, 
сақтау  және  өңдеу  (қабылдау  және  ес),  түсіну,  талдау,салыстыру,  жүйелеу 
қорытынды жасау (ойлау), жинақтау, тарату, зейінді ауыстыра алу, өз білімін 
іс-әрекетте,  таңбада,  сөзде,  іс-әрекет  өнімдерінде  (көру-қозғалысты 
координация, сурет,сөз) қолдану.  
Сонымен  бірге  тестілер  баланың  ақыл-ойын  қарқынды  дамыту 
бағдарламасын  жасауға,  оларды  мектепте  оқуға  дайындауға,  және  де 
психикалық даму деңгейі сәйкес болмаған жағдайда түзету бағдарламаларын 
жасауға негіз бола алады.  
Тестілеу түрлері.  
Мектепке қабылдауда бала топтық немесе жеке тестілеуден өтуі мүмкін.  
Топтық  тестілеу  нәтижелері  әрқашанда  шамамен  алынған,  болжамды 
сипатта  болады,  өйткені  бұл  жағдайда  зерттеуші  барлық  балалардың  дұрыс 
нәтиже  көрсете  алмауының  субъективті  себебін  немесе  мүмкін  болатын 
кедергілерді  ескере  алмайды.  Сондықтан  мұндай  нәтижелерді  кейін  жеке 
тексеру барысында анықтау ұсынылады.  
Бұдан  басқа  баланың  мектептік  жетілуін  бағалау  материалының  бірі- 
оның  тестілеу  және  әңгімелесу  кезіндегі  тәртібі  болып  табылады,  мұнда 
әсіресе  баланың  әлеуметтік  жетілуі  өте  анық  көрінеді:  жалпы  қоғамдық 
ережені орындауы, жаңа жағдайға үйрене білуі, үлкендермен қатынаста өзін 
дұрыс ұстай білуі, т.б.  
Ата-аналар  балаларды  алдын-ала  дайындауы  қажет:  тестілеу  кезінде 
тәртіпке  қойылатын  талаптар  туралы,  ойын  түрінде  немесе  сөзбен 
психологпен  (немесе  мұғаліммен)  әңгімелесуге  (собеседование)  кіруді  және 
шығуды дайындау, мүмкін болатын қиын ситуацияларды талдау, т.б  
Ең  бастысы-  баланың  көңілін  аудару,  оны  қызық  сынақтар  және 
қызықты  есептер  күтіп  тұрғанын  түсіндіру.  Белсенді  қызығушылық, 
қуанышты  көңіл-күй  және  жақсылыққа  үміттену  жағдайындя  балаға  өз 
қабілетін  толық  көрсету  жеңіл  болады,  қиындықты  жеңуге  барлық  күш-
жігерін салады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет