Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың



Pdf көрінісі
бет51/66
Дата07.01.2022
өлшемі2,36 Mb.
#17339
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66
Байланысты:
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

 
3. Диагностикалық материал 


161 
 
3.1 Мектепте оқуға балалардың психологиялық даярлығын 
анықтау 
Оқуға  психологиялық  даярлық-көпаспектілі  ұғым.  Ол  жеке  білім  мен 
біліктілікті  емес,  барлық  негізгі  элементтер  кіретін  белгілі  бір  жиынтықты 
қарастырады.  Бұл  "мектептік  даярлық"  жиынтығына  қандай  құрамдас 
элементтер енеді?  
Көптеген  ата-аналар,  егер  бала  оқи  және  санай  білсе,  мектепке  дайын 
деп  есептейді..Сыдырта  оқи  алу,  түсініп  санай  білу  оқуда  оң  нәтиже  берері 
даусыз,  бірақ  болашақ  бірінші  сынып  оқушысында  оқу  іс-әрекетінің  алғы 
шарттары  және  табысты  оқуға  қажет,  баланың  мектепте  оқуының 
табыстылығы  оның  психологиялық  жетілуіне  байланысты  барлық. 
құрамдастар қалыптасуы қажет.  
Психологиялық  жетілу  баланың  негізгі  психикалық  сферасының 
дайындығын  қарастырады:  ықыластанушылық,  еріктік,  ақыл-ой  және 
әлеуметтік.  Оқуда  тілдік  емес  функциялардың  жетілуі  (көру  арқылы 
қабылдау,  қозғалысты  сфера,  кеңістік-уақыт  қатынастары)  маңызды  роль 
атқарады.  Тілдік  емес  функциялардыңтолық  жетілмеуі  бала  сөйлеуінің 
дамуына,  одан  соң  ойлауына  кері  әсер  етеді.  Өйткені  сөйлеу  және  ойлау 
өзара байланысты.  
Баланың  ақыл-ой  дайындығының  компоненттерінің  бірі-  жеткілікті 
дамыған тіл. Мектепте табысты оқу үшін баланың  тілдік емес функциялары 
толық  дамыған  болуы  керек.  Нәзік  моториканың  толық  жетілмеуі  даланың 
ақыл-ой дамуына кері әсер ететіндігін ғалымдар дәлелдеген.  
Балаларды  жүйелі  оқытуға  дайындауда  әлеуметтік  жетілгендіктің,  яғни 
баланың  ұжымда  жұмыс  істей  алуы,  құрбыларымен  қарым-қатынасы,  басқа 
балалардың пікірімен санасуы, т.б. маңызы да аз емес.  
Сонымен,  бүгінгі  таңда  мектепте  оқытуға  даярлық-  кешенді 
психологиялық  зерттеуді  талап  ететін  көпкомпонентті  білім  беру  екендігі 
практика  жүзінде  қашаннан  мәлім  нәрсе.  Психологиялық  даярлық 
құрылымында төмендегідей компоненттерді бөліп қарау қабылданған  
(  Л.А.Венгер,  А.Л.Венгер,  В.В.Холмовской,  Е.А.Пашко  және  т.б. 
пікірлері бойынша):  
1.  Тұлғалық  даярлығы.  Баланың  жаңа  әлеуметтік  позиция-мектеп 
оқушысы статусын қабылдауға, оның құқығын біліп, міндеттерін орындауға 
дайындығын  қалыптастыру.  Бұл  тұлғалық  дайындық  баланың  мектепке,оқу 
іс-әрекетіне,  мұғалімдерге,  өзіне  қатынастардан  байқалады.  Тұлғалық 
дайындыққа  мотивациялық  сфераның  белгілі  бір  даму  деңгейі  де  кіреді. 
Болашақ  оқушы  өзінің  тәртібін,  мінез-құлқын,  танымдық  іс-әрекетін  еркін 
басқаруы  қажет.  Және  бұл  қалыптасқан  иерархиялық  түрткілер  жүйесінде 
мүмкін  болады.  Тұлғалық  даярлық,  сонымен  бірге  баланың  эмоциональды 
сферасының  даму  деңгейін  де  қарастырады.  Бала  мектептік  оқытудың 
басында,  оқу  іс-әрекетінің  дамуы  және  өтуіне  жағдай  туғызатын 
салыстырмалы түрде жақсы эмоциональдық тұрақтылыққа жетуі қажет.  


162 
 
2.  Интеллектуальды даярлығы.  Даярлықтың  бұл  компоненті  балада  ой-
өрісінің,  нақты  білімдер  қорының  болуын  қарастырады.  Бала  бірқалыпты 
және 
бөлшектенген 
таңдамалы 
қабылдауды 
(дифференцированное 
восприятие,  қаз.ауд.Қ.Жарықбаев  ),  қарастыратын  материалға  теориялық 
тұрғыдан қарау элементтерін қолдана білуді, ойлаудың жинақтаушы түрлерін 
және  негізгі  логикалық  амалдарды,  түсініп  еске  сақтауды  меңгеруі  қажет. 
Сонымен  бірге,  интеллектуальдық  даярлық  балада  оқу  іс-әрекет  саласында 
бастапқы біліктіліктерін, жекелей алғанда, оқу міндетін бөліп алу және оны 
өзіндік  іс-әрекетінің  мақсатына  айналдыру  біліктіліктерін  қалыптастыруды 
қарастырады.  Қорыта  келе,  мектепте  оқытуға  интеллектуальдық  даярлықты 
дамыту мынадай жағдайларды қарастырады деуге болады:  
таңдамалы қабылдау;  
аналитикалық  ойлау  (құбылыстар  арсындағы  негізгі  белгілер  мен 
байланыстарды танып білу қабілеті, үлгіні қайталай алу қабілеті);  
қоршаған ортаға нақты көзқарас (қиялдау (фантазия) ролінің әлсіреуі );  
логикалық есте сақтау;  
білімге, қосымша күш салу есебінен оны алу процесіне қызығушылық ;  
естіп  қабылдау  арқылы  сөйлеу  тілін  меңгеруі  және  символдарды 
түсінуге және қолдануға қабілеті;  
қолдың нәзік қозғалысынын және көру-қозғалыс үйлесімдерінің дамуы  
3.  Мектепте  оқуға  әлеуметтік-психологиялық  даярлығы.  Даярлықтың 
бұл  компоненті  балаларда  құрбы-құрдастарымен,  басқа  балалармен, 
мұғалімдермен 
қарым-қатынас 
жасауға 
көмектесетін 
қасиеттерді 
қалыптастырады.  Бала  мектепке,  балалар  ортақ  іспен  айналысып  жатқан 
сыныпқа  келеді.  Бұл  жерде  оған  басқа  балалармен  өзара  қарым-қатынас 
орнату,  балалар  қоғамына  ену,  басқалармен  бірлесе  іс-әрекет  жасау 
тәсілдерін жетік меңгеруі, жол беруі және қорғана білуі керек. Сонымен, бұл 
компонент  балаларда  басқалармен  қарым-қатынас  жасау  қажеттілігін, 
мектептік  оқыту  жағдайында  мектеп  оқушысы  ролін  орындау  қабілетін 
дамытатын,  балалар  тобының  дәстүрлері  мен  қызығушылықтарына  бағына 
білуді қарастырады.  
Бала  дайындығын  анықтау  бойынша  психолого-педагогикалық  зерттеу, 
әдетте екі нұсқада жүргізіледі:  
Мектептік жетілуді шамамен анықтау.  
Тереңдетілген психолого-педагогикалық зерттеу.  
Шамалап,болжамды  зерттеу  бала  туралы  алғашқы  түсінік  береді,  ал 
тереңдетілген  зерттеу  дамыту  және  коррекциялық  бағдарламалар  құруды 
қамтамасыз  ететін,  баланың  мүмкіндік  қорын  анықтауға  көмектеседі.  Егер 
бірінші  зерттеу  нәтижесінде  баланың  мектепке  дайын  еместігі  анықталған 
болса, тереңдетілген зерттеу жүргізу ұсынылады.  
Психикалық 
процестерді 
зерттеу 
үшін 
ұсынылған 
тестілер 
жиынтығының үлгісі:  
"Нүктелерді көшіру" (зейін көлемін анықтау).  
Кодпен хабарлау (зейін тұрақтылығын анықтау).  


163 
 
Ес (көру есінің жағдайын анықтау).  
Мағынасы  бойынша  байланысқан  он  жұп  сөз  (мағыналы  ес  жағдайын 
анықтау).  
Мағынасы  бойынша  байланыспаған  он  жұп  сөз  (механикалық  ес 
жағдайын анықтау).  
"Төртінші  артық  зат"  (логикалық  негіздеулер,  дұрыс  жалпылау  жасай 
алуының қалыптасқандық жағдайын анықтау).  
Сюжеттік  суреттер  сериясы  (баланың  себеп-салдарлық  байланысты 
көрсетуде қабілетін анықтау).  
Сөздік  субтестілер  (заттарды,нәрселерді  сұрыптау  ұғымдары  мен 
біліктіліктерінің қалыптасқандық дәрежесін анықтау).  
Заттарды,  нәрселерді  салыстыру  амалдарының  қалыптасқандық 
дәрежесін анықтау.  
Сөйлеуі, 
тілі. 
Сәйкес 
келетін 
сөзді 
таңдап 
ал 
(сөздік 
қорының,ұғымдардың еркіндігінің және даралығының дәрежесін анықтау).  
Баланы зерттеуде соңғы нәтижеге емес, болашақ мектеп оқушысының іс-
әрекетінің  сипатына,  оған  кездесетін  қиындықтарға  ерекше  көңіл 
аударылады. Сонымен бірге, баланың көмекті қалай қабылдайтынына, оның 
актуальды  даму  деңгейі  және  "жақын  даму  аймағына"  көңіл  бөлу  қажет. 
Келесі  (қажет  болған  жағдайда)  кездесетін  қиындықтарды  түзету  бойынша 
мақсатты  жұмыс  баланың  дамуында  әжептәуір  көтерілуіне,  мектептік 
бағдарламаны табысты меңгеруге көмектеседі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет