66
10-сурет. Ғылыми бағыттар.
Бала есінің сапасы төмен болуы көптеген себептерге байланысты. Есте
қалдыруы нашар балалар сабақтан көп қалады, үй тапсырмаларын жүйелі
орындап отырмайды. Есте қалдырудың нашарлығы баланың сабақты дұрыс
тыңдамауынан, зейінсіз отыратындығынан да болады.
Баланың есі туғаннан былай қарай дами бастады. Мәселен, төрт-бес айлық
бала стакандағы ыстық суды біліп, оған жоламайды, өйткені оған қолын
күйдіріп алған. Жарты жастағы бала өзінің шешесін бірер жеті көрмесе де тани
алады. Бұл – балада тану процесінің өте ерте басталатынын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: