Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт



Pdf көрінісі
бет26/35
Дата27.05.2022
өлшемі13,46 Mb.
#35723
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Ассалаумағалейкүм!
Ай көрдім, 
Аман көрдім,
Баяғыдай заман көрдім.
Ескі ай, есірке,
Жаңа ай, жарылқа!
Осыдан соң олар «Аллаһуақбар!» десіп, өз шаруаларымен айна-
лыса беретін.
Алыс замандардың жаңғырығындай болып жеткен бұл 
«сәлемдесу» бізге өзгеше, бір түрлі тосын болып көрінетін. Бірақ 
осы сәлемнің астары мен сәлемдесу салтында көне тарихтың терең 
сырлы мағынасы жатқанын аңғарсақшы…
Бұл сәлемдесудің дүниеге келгеніне кемінде үш-төрт мың жыл 
болыпты.
Жоғарғы Көк Тәңірі, Құдай туралы түсінік-елестер Орталық Азия 
халықтарының барлық көне аңыз, мифтерінде ұшырасады. Ол ежел-
де Көк иесіне деген бастапқы балаң сенімнің негізінде қалыптасты. 
Көне халықтар Көкті (Аспанды) Тәңірдің көрінісі ретінде және 
оның мекен-тұрағы деп қабылдады. 
Ежелгі сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, көк түркілер, 
түркештер, ұйғырлар мен қарлұқтар бір дінге, бір Тәңірге сы-
йынған. Көк-Тәңір немесе Күн-Тәңір күллі тіршілік атаулыны 
жасаған Жаратушы ие ретінде қастерленді. Тәңірді адамдардың 


191
өміріне, халық пен мемлекет тағдырына өкімін жүргізетін ер 
құдай бейнесі ретінде түсінді. 
Ал, қаған – мемлекеттің билеушісі Көктен бата алған Құдайдың 
құты ретінде құрмет тұтылады. Қаған дегеніміз де патша. Сондық-
тан ежелгі түркілер қағанды тәңірқұт деп те атаған. Осыған байла-
нысты ғұндардың билеушісі жөнінде: «Ол Көк пен Жерден туды, 
Күн мен Ай таққа отырғызды, ол ғұндардың құдіретті тәңірқұты» 
деген сенім-түсінік қалыптасқан. Билеушілердің өздері, ең алды-
мен, Тәңірдің (Көктің) жарылқап, қолдап-қорғауымен, тек содан 
кейін ғана жеке қасиеттері мен бағының арқасында таққа отырып, 
қаған болып, ел биледік деп есептеген.
Білге қаған жазуында былай деп айтылған:
«Тәңір жарылқағандықтан,
Өзімнің бақытым болғандықтан,
Қаған болып отырдым».
Осындай ескерткіштерден байқалатын бір жәйт, таққа отыру, би-
леуші мен халықтың береке-бірлігі Тәңірге деген сенімге негіздел-
ген, дін мен мемлекеттік саясат қоян-қолтық жүрген, екеуі бірге ел 
мен халықты басқарудың құралы болған.
Тәңірмен бірге Жер мен Су, Таулар ерекше ардақ тұтылған. Мұны 
олардың атауларынан да байқауға болады.
Ғұндар мен үйсіндер Чиляншан, яғни Тәңір атты құдіретті биік 
таулардың етегіне қоныстанған. Себебі, ғұндардың тілінде «Тәңір» 
сөзі «Чинли» делінеді.
Қытайлардың Тянь-Шань (Құдайлар тауы) дегені ғұндардан 
қалған атау, себебі, Тянь деп Тәңірді айтады.
Ата-бабаларымыз өз өмірлерінің басым бөлігін ат үстінде, 
шырқау биік көк аспанның астында өткізген, жерге тек ат тұяғы 
арқылы ғана жанасқан. Төрт аяқты жануарларды қорек еткен, ал, 
жан-жүректерін күннің нұрына толтырған, шетсіз-шексіз аспан 
әлемінен өршіл рух алып, ұшы-қиырсыз ұшан даланың кеңдігін 
Көкпен теңдестірген, шырқау биікке құлаш сермеген таулардың 
қарлы шыңдарын аспанмен шендестірген.


192
Қазақ халқы үшін аспан – Құдаймен теңдес ұғым, сондықтан 
да ол қасиетті. Оның көгілдірлігі мен кәусар тұнықтығы – 
жастық шақ пен көктемнің, ырыс пен берекенің, тәуелсіздік пен 
бостандықтың бейнесі.
Түркілер аспанға құдірет деп қана қарамаған, оны сүйген, оған 
сүйінген һәм одан қорқып, сақтанған... Мұның себебі, Күн тек 
жарық, жылу және өмір сыйлаумен шектелмей, күн сайын аспан-
ды белдеулеп өтіп, көшудің үлгісін көрсеткен. Түркілер табиғатта 
Күннен құдіретті ештеңе жоқ екенін түсінген...
Салт атты көшпелі күннің шығуы мен батуын өмір мен өлімнің, 
таң мен іңірдің, жану мен сөнудің бірегей үлгісі деп қабылдаған.
Таңсәріде біздің ата-бабаларымыз көздерін күнге тіккен, оның 
қайдан, қалай шыққанына зер салған.
Күн сәулесі баспанаға түсуі үшін киіз үйдің есігі күншығыс 
жағына қаратқан. Қағандар өз ордаларын тіккізгенде әрқашан 
қақпасының шығыс жақта болуын қадағалаған.
Уақытты да Күннің қозғалысы бойынша анықтаған. Ал, Айдың 
түнгі аспандағы жолы күнтізбенің негізіне алынған. Табиғаттағы 
өзгерістердің түнгі шырақтар қозғалысымен байланысты еке-
нін байқаған. Шаруаның ыңғайында да осы мағлұматтар үнемі 
басшылыққа алынған.
Өздерін Көк перзенттері санап, Көк Тәңіріне, Аспан әлеміне, 
Ғарыш пен Ғаламға табынған біздің бағзыдағы бабаларымыз кеш-
кен өмір салтында терең мағына жатыр.


193
Тәңіршілдік – жер бетіндегі
ең ежелгі дін
Ежелгі адамзат қауымында мәдениет қай мың жылдықта пайда 
болған? Тарихшылар, археологтар және көне тарих мәселелерін 
зерттейтін антропологтар философтармен біріге отырып, ежелгі 
алғашқы адамдардың жабайылықты қалдырған кезі өлген кісіні 
алғаш жер қойнына тапсырып, жерлеуі болып табылады деген ойға 
келді. Өлген туысын жоқтап зар еңірей жылаған ел марқұмның де-
несін ит-құсқа жем болмасын деп, жер қойнында сақтамаққа бекін-
генде, олардың бойында мәдениет бүршік жарды. Себебі, мәдениет, 
мәдени дәстүр дегеніміз – ата-бабаларды, өткен тарихты құрметтеу, 
оны ұмытпай, есте сақтау.
Өлім – үрейлі, ғажап құбылыс, бірақ ол ұйқыға көбірек ұқсайды. 
Адам ұйықтап кетеді де, оянбайды. Ал, кенет ол оянып, орнынан 
тұрып, жер бетінде жүріп, сөйлейтін болса ше? Онда қайтер еді?
Міне, сол себептен де бағзыдағы адамдар мәйітті мүмкінді гінше 
ұзағырақ сақтау үшін марқұмды жер қойнына беруге шешкен. Ол 
үшін не істеу керек? Әлбетте, әуелі терең шұңқыр қазу керек, оны 
өлген кісінің басқа дүниедегі тіршілігіне бейімдеп, қабір ішіне, 
мәйіттің қасына оған қажетті заттарды, ішетін тамағы мен сусы-
нын қою керек. 
Адам қабірдің ін екенін түсінген. Өйткені, дүниеде суыққа төтеп 
бере алмайтын тіршілік иелерінің барлығы да қыста өздерінің 
індерінде қыстап, ұзақ ұйқыға шомады, құмырсқалар илеуін-
де, аюлар апанында, суырлар індерінде жатады. Содан олар тек 
күн шуағын төгіп, көктем нышаны білінгенде бір-ақ оянады. Тек 
аңдар ғана емес, табиғаттың өзі де қыста қар қым танып, қалың 
ұйқыға кетеді. Көктем келе барлық тірі жан атаулы жанданып, 
оянады. Жыл мезгілдерінің алмасуы осылайша реттестірілген: 
жыл тең төрт бөлікке – көктем, жаз, күз бен қысқа бөлінген. 
Тіршілік атаулының түп анасы Жердің өзі көктем мезгі-
лінде көгеріп, жазда гүлдейді, күзде мәуелейді, ал қыста қар


194
жамылып ұйықтайды. Адам өз ғұмырындағы тағы бір ерекше-
лікті байқаған: балалық және жасөспірім шақ көктемге, жі-
гіттік пен кемел шақ жаз бен күзге, ал ақ шашты, ақ сақалды 
кәрілік қысқа ұқсайды... Демек, адам да табиғаттағы мезгілдік 
алмасуларға тәуелді. Өйткені, басқа да тіршілік иелері сияқты, 
адамның өзі де табиғаттың ішінде, өзін қоршаған әлемде өмір ке-
шеді ғой. Одан тысқары еш жаққа ол шыға алмайды.
Мәдениеттің маңызды бөлшегі болып саналатын адамның киі-
мі де табиғат пен ғұмыр кезеңдеріне бейімделген. Жастық шақта 
– құлпыраған қызыл-жасыл түстер, кәрілікте – қара-қоңыр және 
ақ түстер қолданылады. 
Құдіретті, шексіз һәм жалпақ жаһанды тұтас қамтитын Ұлы 
Көкке сыйынудан адам өзін қоршаған Әлемді, табиғатты өлмейді 
деп қабылдады. Жыл мезгілдерінің алмасуын жаңару мен жаңғыру 
деп түсінді. Сөйтіп мәңгілік өмір туралы сенімге келді. Ең көне дін 
тәңіршілдікте адамның мәңгілік өмірге деген сенімі табиғаттың 
өзіндей сақталды. 
Осыған орай, тәңіршілдіктегі өлім құбылысы ұзақ ұйқы ретінде 
қабылданды. Яғни, өлген (ұйықтаған) адамдар күндердің күнінде 
әйтеуір бір оянады, тіріледі деп сенген. Сондықтан, адамды жер 
қойнына бергенде оның қабіріне жаңа өмірге барғанда қажет бо-
лады деген сеніммен шараптар немесе басқа сусындар құйылған 
тостағандар мен құмыралар, өзінің тіршіліктегі қару-жарақтары, 
жеке заттары қойылған. 


195
Көне мифтерге
негізделген
қазақ ырымдары
Қазіргі қазақтардың көптеген әдеп-ғұрыптары, дәстүрлері, 
ырымдары тәңіршілдік пайда болған сонау ықылым замандармен 
байланысты.
Қазақтарда аруақтар ата-бабалардың жандары, ал жан мәңгі- 
лік өмір сүреді деп есептеледі. Ата-бабаларды құрметтеу ғұр пы 
осыдан туған. Аруақтарды көшпелілер мәні жағынан Құдай дан 
кейінгі екінші орынға қояды. Тіршіліктің барлық қиын жағ-
дайларында «О, аруақ, қолдай гөр, қолтығымнан демей гөр!..» деп 
жалбарынып, құрбан шалады. Өткен ғасырларда-ақ аруақтарға 
арнап ай мүйізді, аша тұяқты сиыр, маңдайында жолағы бар ақ 
қошқар, ақсарбас қошқар, бауырсақ құлақ қош қар, тілік құлақ 
және айыр тіс қошқар, сондай-ақ табындағы тұңғыш төлді 
құбандыққа атаған. Дүниеден өткен ата-баба аруақтарының 
құрметіне жануарларды құрбан шалу бізге базғыдағы сақ-скиф 
замандарынан бері белгілі жәйт.
Қазақтар қасиетті һәм тірі нысан саналатын ағаштар мен 
өсімдіктерді қастерлейді. Табиғаттың барлық таңғажайып құбы-
лыстарын әулиеден шапағат дарыған, әулиелердің көзі түскен 
деп есептейді. Жапандағы жалғыз ағаштың немесе өзгеше қисық 
бұтақты сиықсыз өсімдіктің қасына түнейді, соған тәу етеді. 
Жанынан өткен әрбір жолаушы әлгі ағашқа ырымдап шүберек 
байлайды, жануарларды құрбан шалады немесе аттың жалына 
түрлі-түсті қиқымдар мен шолпы тағады. Сол сияқты аруақтар, 
әулиелер жатқан жер деп саналатын қорған-обаларды, ескі мола-
ларды кие тұтып, басына түнейді, зиярат етеді.


Малды кие тұтып қастерлеу көптеген тыйымдардан көрініс 
тапқан: малдың сүйегін басуға, сүтті төгуге болмайды, сүтті төгу 
– ырысты төгу. Егер сүтті байқамай төгіп алса, оған саусақты ма-
тырып, бетті сипап, сосын құрғатып сүртіп тастайтын болған.
Қазақтарда тыйымдар мен ырымдар өте көп. Мысалы, құрық-
тан, балтадан және иінағаштан аттап өтуге болмайды, олай істе-
ген адам байымайды. Егер түнде сиыр ұшырасса, оның арқасынан 
қамшымен ұру керек, себебі, онда жын-шайтан отырады.
Егер жануардың қандай да бір ерекшелігі болса, онда ол қасиет-
ті деп есептеледі. Мұндай жануарың болса – бақытқа кенелесің. 
Ондай жануарды ешкімге бермейді.
Аққуды атуға тыйым салынған: қазақтар оны құс патша-
сы дейді. Аққуды өлтірген адам бақытсыздыққа ұшырайды. 
Жапалақты, үкіні, тоқылдақты, көк қарға мен көкекті өлтірмейді. 
Қарлығашты қадірлеп, қастерлейтіні жалпыға мәлім.
Адамның өзі, жануарлар, құстар, ағаштар Ортаңғы және 
Жоғарғы әлемнің жаралмыштары болып табылады. Солардың 
әрқайсысы жайында қазақ фольклорында көптеген мифтер бар.


Жұлдыздар мен
шоқжұлдыздар жайлы
мифтер
Өзінің ұлан-байтақ кеңдігі жағынан
сайын дала аспанға теңеседі.
Көшпелілер Құдайы – Тәңір
мекендейтін көк аспан жұлдыз-
әлемдерге толы. Ежелгі түркілердің
VII – VIII
ғасырлардағы Орхон-Енисей
жазуларының: Жоғарыда көк аспан
жаралғанда, Төменде қара жер
жаралды... – деп екі тармақ
өлеңмен басталуы да
тегін емес.


198
Жұлдызды аспан
Дала – үйлесімді әрі ақылға сыймайтын, математикалық асқан 
дәлдікпен қиюласқан, жаратылыстың Аспан атты сәулеттік ке-
реметі тиянақ тапқан ұлы негіз, іргетас. Көшпелі қазақтың ой-
лау жүйесіндегі ғарыштық сипаттар, дүниетанымы ның кеңдігі, 
дарқан жанды ақ пейілділігі оның сақарадағы өмір салтынан, 
кеңістік пен уақыттағы толассыз көшіп-қонуларынан тамыр 
тартқан. Көшпелінің санасында Аспан мен Жер-Дала – өзара тең 
ұғымдар.
Аспанды құдірет иесіне айналдыру мұраты ертедегі адамның, 
жалпы, жоғарғы жалғыз Құдай – Көк Тәңірі туралы алғашқы та-
ным-түсініктерінің негізіне алынды.
Тәңіршілдік қазіргі кезге дейін жетіп, қазақтардың арасын-
да жасырын әрі соншалықты қарапайым түрде көрініс тапқан. 
Айталық, оның белгі-сипаттарын күнделікті қолдана отырып, 
олардың ғасырлар тереңінен келгендігі жайында, тіпті, ойлан-
баймыз да.
Біздің «Тәңір жарылқасын!» дегеніміз «Көк жарылқасын!», 
яғни «Құдай жарылқасын!» деп айтқанымыз. Бұл тілектің ең қысқа 
түрі – «Сақта құдай!», орысшасы «Спаси тебя бог!». Ол «Спасибо!»
болып түрленген. Сондай-ақ Тәңірберген, осы тәріздес Құдай-
берген, Аллаберген, Жасағанберген немесе орысша және болгар-
ша баламалары – Богдан, Федор, немісше – Теодор деген есімдер 
құдайға деген сенімді білдіреді.
Арғы түркілердің Тәңірі, парсылардың Құдайы, арабтардың 
Алласы әртүрлі тілдерде қолданылғанымен, бір ғана мағына 
береді. Қазақтар табиғи алғырлығынан «Тәңір жарылқасын! 
Құдай сақтасын! Алла-Тағала байлық-береке, денсаулық бер-
сін!» деп солардың үшеуін қатар пайдаланады. Осындағы әрбір 
жағдайда Көк Құдайы – Тәңір мегзеледі. Мұсылмандықты 
қабыл алған соң да қазақтар өз тамыр-тектерін, өздерінің басты 
діні болған тәңіршілдікті ұмытпады.


199


200
Қазақта аспан деген сөз бар. Оның шумерлерден шыққаны 
анық. Себебі, шумерлерде аспан – ан, ал жер – қи делінеді. Осы қи 
қазақтарда топырақ, балшық, батпақ, көңді білдіреді. Шумерлер 
ғарышты нақ солай Анқи деп атаған. Аспа (Асу, Асып) – жоғары, 
ілулі тұрған, салбыраған дегенді ұқтыратын қазақ сөзі. Ендеше, 
аспан – аспалы көк деген сөз.
Оңтүстік Қазақстанда аңыз бойынша Нұх пайғамбардың кемесі 
тоқтаған атақты Қазығұрт тауының маңында Анқи деп аталатын 
шың бар...
Тәңірдің тұрағы – Аспан жұлдыздар мен планеталарға тол-
ты рылғандықтан, соған сәйкес, әрбір аспан нысанының, жұл-
дыздар мен шоқжұлдыздардың өз құдайлары болды.
Ерте замандардағы кез келген басқа халық сияқты, ежелгі 
түркілер де түнгі жұлдызды аспанның сырын ұғып, зерделеуге 
тырысқан. Жұлдыздарға, жұлдыздар шоғыры – шоқжұлдыздарға 
жалпыға бірдей түсінікті, мәнді атаулар берген, содан кейін осы 
атауларды мифке енгізген. Әрбір түн сайын тамашалауға болатын 
Құс жолы ежелгі түркілерде уақыт өте келе оп-оңай Көш жолы 
болып өзгерген.
Шумерлер мен бабылдықтар (вавилондықтар) Құс жолын 
«Алтын бау» дейді. Кейінірек монғол халықтары мен ежел-
гі түркілер осы атауды қабылдап, Құс жолын Аспан тігісі деп 
атады. Хакастар түнгі аспанға Ақ жібек, сахалар – Көк арқаны 
деген ат қойды.
Қазақ мифтері мен ертегі-аңыздарында кездесетін белгілі
шоқжұлдыз Жетіқарақшы немесе Аспан қайығы деп аталады.
Оның үстіне осы Жетіқарақшының әрқайсысы өзінің арғыма-
ғымен темір қазыққа байланған. Қазақтар ерекше түйсікпен 
Темірқазық деп атаған осы жарық жұлдызды аспан әлеміндегі 
басқа жұлдыздар мен шоқжұлдыздар айналып жүреді.
Әрбір ірі аспан нысанының қазақы баламасы бар. Бұл Темір-
қазық пен Аспан Қайығы ғана емес, сонымен қатар Үркер, Қы-
зылжұлдыз (Марс), Шолпан, Босаға, Үш арқар таразы, Қамбар, 
Қарақұрт, Сүмбіле және басқалары.


201
Көшпелі малшы мен аңшының тұрмысынан алынып, жұлдыз-
ды картаны безендірген шоқжұлдыздар мен жұлдыздардың 
атаулары олардың сақаралық шығу тегін басқа кез келген 
құжаттан арты-ғырақ нақтылайды: айталық, Қоян, Арыстан, 
Қасқыр, Аққу, Ат, Үлкен және Кіші төбеттер, Қошқар, Торпақ, 
Ешкімүйіз, Мерген, Тұлпар.
Түркияның қазіргі жұлдыздар жайлы кітаптарында Пегас 
– Тұлпар шоқжұлдызын Ат жұлдызы деп атайды. Жарқыраған 
үш жұлдызбен ерекшеленетін Орион – Аңшы шоқжұлдызының 
қазақша Үш арқар таразы деген нақпа-нақ атауы бар.
Аспан – адамдардың жердегі харекеттерінің көрінісі болған-
дық тан, жұлдыздардың, планеталар мен шоқжұлдыздардың 
атауларында біздің ата-бабаларымыздың өмір-тіршілігіндегі аса 
маңызды оқиғалар бейнеленеді. Аспан көш жолындағы ұшы-
қиырсыз дала атыраптарында тек бағдар ғана емес, куә әрі әділ 
қазы, жәрдемші әрі желеп-жебеуші ретінде де өмірлік маңызға 
ие болды.
Жер иеленушілер аспаннан өзінің тауқыметті еңбегі мен тұр-
мысының кескінін, көшпелілер – ат жалы, атанның қомындағы 
мехнатты тіршілігінің кейіптемесін көрді. Адамдар аспанға өз 
өмірінің аса маңызды ақиқаттарын көшіріп, сол арқылы өз тари-
хын халық жадында сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа аяулы сәлем ха-
тындай жолдады.
Ай мен Күн
ырқау Көктегі жыпырлаған сансыз жұлдыздар ішінде 
Тәңір екі үлкен шырақ, екі құдірет – Күн мен Айды жаратты.
Скиф халқы – массагеттер Күнді Көк жүзінде Шығыстан 
Батысқа қарай асығыс көшіп жүретін құдайға балап, оны арғымақ 
атқа, әлемдегі ең жүйрік жануарға теңеді (Бұл жайында «Тарих» 
кітабында ежелгі грек ғалымы Геродот жазды).
Таңертең Күн көкжиектен көрініп, жоғары көтеріледі. Шуағын 
барған сайын мол төгіп, ыстығырақ бола түседі, барлық тіршілік 



203
атаулыға жарық пен жылу сыйлайды. Ең жоғарғы нүктеде, шырқау 
шегінде аялдап, тал түстен өтіп, баяулап, бататын жағына қарай 
еңкейеді. Кешқұрым алып қызыл шырақ өлгісі келмей, жер үстінде 
қимастықпен ұзақ тұрып алады. Сонда да болса құдіретті сайтан 
Еркіліктің әлеміне, өлілер патшалығына кетуге мәжбүр. Ол жақта 
тынығып, күш жинап алып, әлемді жарқыраған нұр-шуағына ма-
лындырып, құлпыра жайнаған ғажайып күн жасау үшін шығыстан 
қайта туады.
Күн жермен қимай қоштасқан әрбір кеш сайын түнгі Аспан-
да ару Ай пайда болып, жұлдыздар арасында жарқырай жана-
ды. Егер Күн – жарық пен жылу жолындағы күрескер болса, Ай 
– адам құпияларын сақтаушы, желеп-жебеуші, махаббат пен 
сұлулық бейнесі. Өз өлеңдерінде Айды жыр етпеген ақын жоқ!
Көптеген ертегілерде Ай мен Күн – бір-біріне қосыла алмаған 
мәңгілік ғашықтар, Ай – ару, Күн – күйеу түрінде көрінеді. Көк 
жүзіне Күн шығуы мұң екен, Ай дереу жадау тартып, жоғалып 
кетеді. Ай мен Күн – біздің орындалмас армандарымыздың 
аспандағы айғақтары, мәңгілік қозғалыстың, мәңгілік өмірдің 
нышандары.
Ай неге жалаңаш
қалған
ірде Ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші
Айдың бой-тұрқын өлшеп алады да, көйлекті пішіп, тігуге
кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, 
көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты...
– Иә, мен қателескен екем, – дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті 
қайта пішіп, қайта тіге бастайды.
Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге 
тағы келеді.
Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.
– Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, – дейді Айдың толыса 


204
беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, 
қайтадан тігуге кіріседі.
Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің 
түңлігінен аспанда келе жатқан топ-толық, өзі тіккен көйлектен 
екі еседей үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтаған ті-
гінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай ары іздеп, бері іздеп, 
тігіншіні таба алмай қояды. Сол себепті Ай көйлексіз, жалаңаш 
қалыпты.
Күн, Ай және Қораз
ұл өте ертеде болыпты, содан бері қанша жыл, қанша күн
өткенін есептеп айтуға сан жетпейді екен.
Аспанда ағайынды үшеу: Күн, Ай және Қораз тұрыпты. 
Бірде ең үлкені Күн адамдарға жарық сәуле шашуға кеткенде, 
үйде Ай мен Қораз қалыпты. Ай барып тұрған сотанақ екен. Қораз-
ға тыным бермей, ақыры тәжінен ұстап алып, Жерге тастап жіберіп-
ті. Қайта оралған Күн Қораздың жоқ екенін көріп, болған оқиғаны 
біліпті.
Ойланып отырып:
– Менің байқауымша, сенің ешкіммен де сыйысып, тыныш оты-
ра алатын түрің жоқ екен. Қайтып бетіңді көрмейін. Бұдан былай 
мен аспанда тек күндіз ғана жүремін, ал сен тек түнде шығасың, – 
депті.
Содан бері Қораз қызарып шығып келе жатқан Күн ағасын 
көргенде: «Қо-қо-қоқ!» – деп айқайлайтын болыпты. Онысы «Қа-
йырлы таң, мейірімді аға!» дегені екен.
Ал Күн батып, Ай көріне бастағанда, Қораз үйшігіне тезірек кі-
ріп алуға асығатын көрінеді.


205
Жетіқарақшы мен Үркер
жайында
ырық қарақшының қолбасшысы Қыранқара аспанның 
аруы Үлпілдекті айттырып алмақшы болыпты. Бірақ Қы-
ранқараның «бара жатқанның балтасын, келе жатқанның 
кетпенін ұрлайтын» нағыз баукеспе екенін білетін Үлпілдек оған 
қалыңдық болуды қаламапты. Оның үстіне әке-шеше, ағайын-
туысқан, ауыл-аймақ, ел-жұрты алақандарына салып ардақтаған, 
үлде мен бүлдеге малындырып әлпештеген аруларын қанды қол 
қарақшыға беруді ар көріпті. Бұларды «құдалыққа» қол қусырта 
алмаған Қыранқара Үлпілдекті олжалап, ат артына салмақ болып-
ты. Жасақ жинап, қол бастап келіп, қыздың елін шауып, өрісін 
бүлдіріпті.
Осы сұмдықтың бәрін көзімен көрген Үлпілдек ару баукес-
пе қарақшының қолына түсуден қорқып, сары атқа ер салып 
қаша жөнеліпті. Қыранқара табын ішінен желден жүйрік тұлпар 
таңдап мініп қуаласа да, сұлу сары атқа мінген Үлпілдекке жете 
алмапты. Қыз сөйтіп қарақшыдан қашып құтылыпты.
Үлпілдекті қолына түсіре алмай құса болған Қыранқара аспан 
әлемін кезіп, сұлу сары атты қуып жететін керемет сәйгүлік із-
депті. Мұндай жүйрік аттар аспанның солтүстігін қоныстанған 
Ағай мен Сығай деген екі батырда ғана бар болатын. Олар Ақбозат 
және Көкбозат деген аттар еді.
Осы аттарды ұрлап мініп Үлпілдекті қолға түсірмек 
оймен Қыранқара қасына жеті қарақшысын (Жетіқарақшы 
жұлдызы) ертіп, жортуылға аттанады. Жүргеннен жүріп оты-
рып, олар ат басын Ағай мен Сығайдың ауылына тірейді.
Сөйтіп қарақшылар аспанның солтүстік үйегіндегі темір қа-
зықты (Темірқазық жұлдызы) айнала қонған ауылдарды 
(шоқжұлдыздарды) ториды.
Аспандағы Жетіқарақшы (немесе Үлкен Аю) шоқжұлдызын 
құрайтын алдыңғы төрт жұлдыз – Қыранқараның негізгі жасағы 


206
да, артындағы үшеуі – ерер-ермес болып шұбатылып жүрген 
олардың құйыршықтары екен.
Шоқжұлдыздың екі бүйіріндегі көзге анық көрінетін екі жа-
рық жұлдыз – Ағай мен Сығай батыр. Олардың қасына қатар қон-
ған екі жұлдыз – Ақбозат пен Көкбозат, Ағай, Сығай батырлардың 
аттары. Олар Темірқазыққа арқандаулы. Шұбатылған арқанда-
ры да, әне, көрініп тұр. Ақбозат пен Көкбозат тұлпарлар Те-
мірқазықты айнала оттайды. Оларды аңдыған жеті ұры (жеті 
қарақшы) да түнімен төңіректеп айналып жүреді. Қарақшылар 
қайтсе де осы сәйгүліктерді қолға түсірмекші. Алайда сақ күзе-
туші алдындағы баққанынан көз жазбайды. Сөйтіп жүргенде таң 
да атады. Таң атысымен жеті баукеспе қарақшы да көзден тайып, 
тасаланады.
Қарақшылардың қолбасшысы Қыранқараның ел шауып, өріс 
бүлдірген лаңынан үріккен ауылдар Ай мен Күннің жолына түсіп, 
аспанда айналып, үздіксіз үйме-жүйме болып көшіп жүруге мәжбүр 
болыпты. Олар тек айына бір рет Айға ауыл үй қонып, тоғайып 
тыным алады екен. Еру отырып тұрақтайын десе, әйгілі жеті 
қарақшының жетіп келіп, қыздары Үлпілдекті тартып әкетуінен 
қорқады.
Үркер
ркер қазақша «үркек» деген сөзден шыққан. Баяғы заман-
дарда Жерде қыс болмапты. Күн жылы болғандықтан, малға
қора салынбапты. Күндіз мал өрісте жайылып, түнде сай-
салаларда иіріліпті. Жылдың барлық мезгілінде жерде жылы, 
күншуақ болып, мал да, жан да емін-еркін тіршілік еткен. Содан 
аяқ астынан бәрі өзгеріпті.
Үркер шоқжұлдызын құрайтын шағын жұлдызшалар Жер-
де ұйықтап жатады. Барлығы он екі екен. Жануарлар соларды 
өлтіруге ұйғарыпты. Өйткені біреу «солай істесеңдер ешқашан 
қыс түспейді» деп айтыпты. Сол уақытта жануарлар әлгі 
жұлдызшаларды таптап тастамақ болып өре шауыпты. Әуелі 


207


208
Жылқы төрт жұлдызшаны, Түйе тағы екеуін табанына салып тап-
тапты. Алты жұлдызша Сиырдың еншісіне тиіпті. Оның аяғы аша 
тұяқ болғандықтан, Үркердің жұлдыздары тұяғының арасынан 
сытылып шығып, Көкке ұшып кетіпті.
Сол кезден бері қарай Жерде алты ай суық және алты ай жылы 
болады. Себебі, Үркер шоқжұлдызының басқа алты жұлдызы 
жер бетінде қалған. Жануарлар болса, сиырға өкпелеп, оны 
жұлдыздардан айрылып қалдың деп кінәлапты. Бұған сиыр айы-
лын да жимай: «Қыста сықырлатып қар басып жүрген жаман ба? 
Ыстықтан дымымыз құрып қаталағанымыз жетер!» – деп жауап 
беріпті.
Сиыр сондықтан қысқы суықтан қорықпайды екен.
Күн нұры
ртеде бір ханның керемет сұлу қызы болыпты. Хан қызын
елдің көзінен қызғанып, қараңғы темір үйге тығып қойыпты.
Оған тек бір қаусаған кәрі кемпір ғана қызмет етеді екен. Қыз 
бой жетіп, кемпірдің күнде белгісіз жаққа кетіп қалатын себебін 
білгісі келіп, «Қайда барып жүрсің?» деп сұрағанда, ол: «Жарық 
дүние бар, қызым, сонда барамын», – деп жауап береді.
Қыз сол жарықты көрсетуін өтініп қоймаған соң, бірде кемпір 
оны сыртқа алып шығады. Күннің жарық сәулесін көрген бойда 
қыздың басы айналып, есінен танып құлап қалыпты. Біраз уақыт 
өткен соң ол өзінің жүкті екенін сезіпті. Сөйтсе, мұның себебі Күн 
нұрының киесі екен.
Сүмбіле
азақтың ХVІІІ ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны, Абылай хан-
ның данагөй ақылшысы Бұқар жырау өз толғауларының
бірінде Сүмбіле жұлдызы хақында былай жырлаған екен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет