Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт



Pdf көрінісі
бет23/35
Дата27.05.2022
өлшемі13,46 Mb.
#35723
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Байланысты:
5c152369b2040ab6348b7da0c60eb71a

*Жасаған – Құдай, Алла, жаратушы.


165


166
Ең алғашында, Жер де, Көк те тым кішкене – әуе айнадай, жер 
тебінгідей* ғана болған екен.
Осыдан соң Жер мен Көк бірте-бірте өсіп, үлкейе бастапты. 
Өскен сайын Көк Аспанның көлемі ұлғайып, жоғарыға көтеріле 
беріпті де, Қара Жер қатайып, қалыңдап, салмағы ауырлап, 
төмендей беріпті. Мұны көрген жаратушы Жасаған Қара Жер-
ді киелі көк өгіздің арқасына қондырыпты. Алайда, Қара Жер 
өгіздің үстіне орнықпай, бір жағына қарай ауа береді. Сонда оны 
орнықтыру үшін Жасаған жалпақ жердің әр өңіріне ұлылы-кіші-
лі тауларды тұрғызып, салмағын теңгеріп, ауып құламайтындай 
еткен екен.
Жер мен Көк жаралғаннан кейін де қараңғы қара қапас айыға 
қоймаған. Жасаған ие Жер мен Көкті өз қолымен аялап, әлпештеп, 
жылы мерейімен есіркеп, жарық нұрымен жарылқап, олардың 
арасынан екі асыл перзент – Күн (ұл) мен Ай (ару) – екі жарықты 
туғызыпты. Сөйтіп, Күн мен Ай алма-кезек айналып, бірінің арты-
нан бірі жүріп отырып, әлемдегі қара түнекті түре қуыпты. Олар 
Жер-Көкті жылуы мен жарығына бөлеп, қақаған аяз бен қараңғы 
түнекті айдап отыратын болыпты.
Алайда Аспан әлі де аласа еді, Қара Жер қаңырап, қу тақыр 
қалпында жатқан-ды. Шебер жаратушы Жасаған Көк еңсесін 
биіктетіп, құлазыған Жерге тіршілік көркін енгізу үшін, ең ал-
дымен, жалғыз ағаш – «Киелі Бәйтеректі» жаратыпты.
Бұл ағаш әуелеп өсіп, көк күмбезінің түңлігін көтеріпті. 
Өмірдің өркені алғаш рет осы Бәйтеректе жапырақ жарып, 
мәуелепті.
Құдіретті Жасаған енді Жердің иесін жаратпақ болыпты. Ол 
үшін Жердің кіндігінен бір уыс топырақ алады да, бір еркек пен бір 
әйелдің мүсінін жасапты. Оларды күнге кептіріп, ауыздарына дем 
үрлеп жан енгізіпті.
Бұлар – адамзаттың алғашқы ата-аналары – Адам ата мен Хауа 
ана екен.
*Тебінгідей – тебінгі сияқты кішкентай, алақандай.


167
Кейін Адам ата мен Хауа ана үйленіп, егіз-егізден (бір ұл, бір 
қыз) жиырма бес құрсақ көтеріпті. Осы балалар жиырма бес рулы 
елге айналып, жер жүзіне жайылыпты.
Құдіреті күшті Жасаған ие балшықтан илеп адамның мүсінін 
жасағанда, оның кіндігінен ойып алынған бір шөкім балшықтан 
итті жаратқан екен. Иттің үнемі адамнан айырылмай, серік 
болып жүретіні, қайда барса да иесінің мал-мүлкін қоритыны 
сондықтан дейді.
Жануарларды, құстарды
және басқа жан иелерін
жарату
аратушы Көк пен Жерді, Адамзат пен Итті жаратқанда, 
аң, құс біткендердің, яғни барлық тірі жан иелерінің де 
алғашқы ата-аналары пайда болған екен. Жасағанның жар 
болып, қолдап-қорғауымен бұлардың бәрі өсіп-өніп, өмір тіршілі-
гін жалғастырып, ұрпақтарын өрбітіпті.
Жер мен Көктің арасынан Ай мен Күн туылып, әлемді қара 
түнектен құтқарса да, қараңғылық біржола айығып кетпепті. 
Сөйтіп бір тәуліктің жартысы күндіз, жартысы түнге, бір айдың он 
бесі жарық, он бесі қараңғыға айналып, алма-кезек ауысып отыра-
тын болыпты. Қараңғылық орнаған кезде тіршіліктің жаулары, 
тірі жан иелеріне қырсығын тигізетін қаскөй құбыжықтар қаптап, 
өніпті. Олар қара түнді жамылып, түрлі кесір, кесапат, ауру, ажал 
төндіріпті, жарық түсіп, таң атқанша маза бермепті. Ізгі иелер мен 
киелер* тіршілікті қорғап, зиянкес құбыжықтарды бірде жеңіп, 
бірде жеңіліп, шайқасқа түсіпті. Сөйтіп, Қараңғы мен Жарық, 
Жақсылық пен Жамандық, Ізгілік пен Жауыздық, Өмір мен Өлім 
арасындағы жаугершілік заманнан заманға созыла беріпті. 
*Кие – бірдеңенің пірі, иесі.


168
Жасаған Ай мен Күнді, Жарық пен Жылуды, Көк пен Жерді 
жаратып жарылқады. Бірақ жарық нұрдан қорқатын ұсақ-түйек 
құбыжықтар қараңғыда қағынып, адамзат пен жан-жануарларға 
ажал апатын төндіруге ұмтылады екен. Бұны біліп, қатты қаһарлан-
ған Жасаған оларды жазалау үшін Ажағай киесін аттандырады. 
Ажағай киесінің – Жазайылдың садағы тартылғанда күн күркіреп, 
оның оғы жасын болып жарқылдап, жауларын жайратады екен. 
Адам һәм оның ғұмыры
үниені, Көк пен Жерді және жер бетін жайлаған барлық 
жан иелерін жаратып болған соң, құдіреті күшті жаратушы 
Жасаған адамды һәм жан-жануарларды әрқайсысына тиесілі 
қадір-қасиет пен мөлшерлі ғұмыр бөліп беруге өзіне шақырыпты. 
Ең бірінші болып келіп жеткен Адам екен. Оған Жасаған:
– Сен, Адам, Жаратушының өкілісің, сен барлық тіршілік 
иелерінің патшасысың, сен олардан артық тұрасың, сол үшін 
саған сөйлеуге тіл, ойлауға ақыл берілді, барша мақлұқаттар се-
нен төмен тұрады, сондықтан оларға өз үкіміңді жүргізерсің, 
тағдырларын шешерсің, сондай-ақ қырдағы шөп һәм ағаштардың 
бәрі саған бағынады, өзің жер үстінде отыз жыл ғұмыр сүрерсің, – 
деп айтыпты.
Сонда Адам өзіне аз ғана ғұмыр кесілгеніне разы болмай, 
Жасағанның алдынан арырақ кетіп, ішінен: «Егер мен дүниенің 
патшасы болсам һәм маған барша қасиеттер тиесілі болса, отыз 
жыл ғұмыр сүргеннің не пайдасы бар?» – деп ойланыпты.
Ол көбірек ғұмыр сүруге бұйырылған жануарларға қызығып, 
қарап тұрыпты.
Адамнан кейін екінші болып Есектің кезегі келгенде, бар дүние 
мен әлемді Жаратушы оған: 
– Сен адамның айтқанына көніп, айдағанына жүретін боласың. 
Онымен қоймай еңбегің үшін жаза көріп, мехнат шегерсің, таяқтан 
қажырсың, жейтін тамағың дәмсіз, құрғақ шөп болар. Саған елу 
жыл ғұмыр беріледі, – дейді.


169
Мынадай үкімді ести сала, Есек Жасағанның аяғына жығылып, 
басын жерге ұрып:
– Егер маған дүниеде сондай азаппен өмір сүру жазылса, сонша-
ма жас не үшін керек? Ғұмырымды жиырма жылдай азайтсаңыз 
тәуір болар еді, – деп жалыныпты.
Сол уақытта Адам жақындап:
– Есектің жиырма жылын маған қосуыңызды сұраймын, – 
деп арыз қылыпты. Бұл өтінішіне ол Жаратушының разылығын 
алыпты.
Сонан соң иттің кезегі келіп, оған Жасаған:
– Сенің міндетің – шынжырлаулы тұрып адамның үйін күзету 
һәм нәрселерге қарауыл болу. Кеміретінің сүйек-саяқ болар, 
ғұмырың қырық жыл деп кесілді, – депті. 
Ит сонда қайғырып:
– Егер маған сондай қорлықпен өмір сүру бұйырылған болса, 
адамның үйін һәм уақ-түйек нәрселерін күзетіп, қарауылдаумен 
ғұмырымды өткізсем, сүйек кемірсем, оның несі өмір? Жасым-
ды жиырма жылдай азайтсаңыз жақсы болар еді, – деп арыз 
қылыпты.
Мұны естіп тұрған Адам қайтадан келіп, иттің алмай тұрған жи-
ырма жасын өзіне қосқызыпты.
Ең соңында бар әлемнің құдіретті Жаратушысының алдына 
маймыл келіпті.
Оған:
– Сенің адамға тек сыртқы сипатың ұқсар, алайда мінезің бала 
сияқты болар, беліңді бүкірейтіп жүрерсің, балалардың ермегіне
мазағына айналарсың һәм үлкен кісілер қылжақ етіп, дүниеде ал-
пыс жыл жүрерсің, – деген үкім айтылыпты. 
Өзіне айтылған үкімді естіп шошынған Маймыл сорлы құдіретті 
Жаратушының алдына тізерлеп отыра кетіп:
– Адамға тек сыртқы пошымым ғана ұқсайтын болса, һәм кім 
көрінгеннің ермегі болсам, мұндай өмірден не көремін? Ғұмырымды 
отыз жылдай қысқартсаңыз, тәуір болар еді, – деп арыз айтып, жа-
лынып-жалбарыныпты.



171
Мұны естіп тұрған адам тағы келіп, маймылдың отыз жасын 
сұрапты.
Бұл жолы да Адамның өтініші қабыл алыныпты. 
Барша мақұлықтар бет-бетіне тарап, әрқайсысы өз жөнімен 
кетеді. 
Адам өзіне берілген әуелгі отыз жылдың ішінде қылшылдаған 
жас жігіт болып еш уайымсыз, бақытты дәурен сүріпті. Отыздан 
асып, елуге жеткенше ауыр жұмыстарда жүріп, көп қиындық 
көріпті. Бұл баяғы есектен алған жиырма жыл екен. Елуден 
асқан соң, жетпіс жасқа шейін ана-мынаны аңдып, үйінің 
маңын торыпты. Кім болса соған айғайлап, мазасыз күй ке-
шіпті. Адамның бұл кезеңі – иттен алған жылдары. Жетпістен 
асқан соң ажарынан, ақылынан айрылып, бала мінезді болып-
ты, белі бүкірейіп, қолына таяқ алыпты, балалар һәм әркім оны 
ермек, ойын қылыпты. Бұл өз еркімен маймылдан алған жыл-
дары екен.
Міне, құдіретті Жасаған Адамның ғұмырын кезеңдерге осылай 
бөлген екен.


172
Жаналғыш Әзірейіл*
рте кезде адам жанын алатын жаналғыш Әзірейіл көзге 
көрініп келіп, жан алады екен.
Бірде байдың баласы жолда келе жатса, алдынан қолында аса 
таяғы бар ақсақалды қария қарсы ұшырасады.
Бала сәлем беріп, жөн сұрайды: 
– Ата, кім боласыз? Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл 
деуші еді әкем. Жөн сұрасқанның айыбы жоқ шығар, – дейді. 
Қария: 
– Қалқам-ау, қайтесің менің кім екенімді, сен білмей-ақ қой
мен айтпай-ақ қояйын. Сенің білмегенің өзіңе жақсы болады, – де-
ген екен.
Сонда әлгі бала жанын қоймай сұрай берген соң амалсыздан 
қария:
– Е-е, қалқам-ай, болмадың ғой, ендеше айтайын, мен – ажал 
әкелуші Әзірейілмін, адамдардың ғұмыры мен жанын аламын, – 
депті де, бұрылып жөніне жөнеле беріпті.
Жанның көшуі
ух адамның тәнін ол өлерден қырық күн бұрын тастайды. 
Сөйтіп, құсқа (көгершінге) айналып, ұшып барып бәйтерек-
тің бұтағына, адамның аты жазылған жерге қонады.
Жан адам өлгеннен кейін оның тәнінен шығып, алғашында шыбын-
ға айналады да, үй ішінде ұшып жүреді. Тек қырық күннен кейін 
ғана үйді біржола тастайды. Сөйтіп бәйтеректің ұшар басындағы 
бір бұтаққа барып отырады. Бәйтеректің діңгегі арқылы әлгі жан 
жерге түсіп, не жерге шығып жүреді де, мезгілі болғанда, әйелдің 
құрсағына қонады. Сөйтіп, жаңа өмір, жаңа тіршілік иесі пайда бо-
лады. 
Жануарлар да, өсімдіктер де дәл осылай өмірге қайта келеді ... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет