Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт



Pdf көрінісі
бет22/35
Дата27.05.2022
өлшемі13,46 Mb.
#35723
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Сол-сол, сол-сол, сол жатыр,
Жағасында соның қол жатыр.
Сонша қолдың ішінде
Шойынқұлақ деген дәу жатыр, –
деп сарнайды.
«Ер Төстік» ертегісінде Шойынқұлақтың жаны оның темір дене-
сінен бөлек сақталатындығы айтылады. Жан – балапанда, балапан 


159
– жұрт көзінен жасырын сандықта, сандық – қайқы қара еліктің 
ішінде. Ежелгі түркілер адамдардың жанын құстарға, балапандарға 
жасырып қоюға болады деп есептеген.
Алтай мифтеріндегі Шойын қара мен Шойынқұлақ – жалпы 
түркі халықтарына ортақ мифологиялық бейнелер.
Алайда, олардың ішіндегі ең үрейлі, жеккөрініштілері – металл 
өндіруге және өңдеуге байланысты жындар – жезтырнақтар. Қазақ 
ертегілерінде олар, әдетте, әйел болып келеді. Еркек жыныстыла-
ры тек бірен-саран ертегілерде ғана бой көрсетеді. Жезтырнақтар 
өздерінің өткір металл тырнақтарын қару етіп жұмсайды. Кейде 
осы тырнақтарымен кісінің қарнын жарып, денесін паршалап, 
өлтіріп те тастайды.
Жезтырнақтар – адам жегіштер, сондықтан, оларды адамды 
тұтасымен жұтып жіберетін мақұлық, яғни жалмауыз деп атайды 
(«Мерген және оның ұлы» ертегісі). Кейде олардың қақ маңдайында 
жалғыз көздері болады («Аламан мен Жоламан», «Жайық пен 
Еділ» ертегілері). Жезтырнақтардың киімдері басынан аяғына де-
йін теңгелермен, моншақтармен, алтын және күміс түймелермен, 
жапсырма-ілгектермен әшекейленеді. Металл әшекейлер шашта-
рына қоса өріледі. Олар жүргенде осының бәрі сыңғырлап, тіпті 
қаңғырлап кетеді. («Боран есімді батыр», «Шора батыр» және басқа 
ертегілер).
Адамдар сияқты, әйел жезтырнақтардың әкелері, күйеулері 
болады. Олар бала тауып, ұрпақ өрбітеді. Еркек жезтырнақтардың 
кейбіреулері жалғыз көзді немесе көздері төбелерінде болуы 
мүмкін («Құйттай ұлдың саяхаты», «Шора батыр» ертегілері). 
Кейбіреулерінің жеті басы болады («Батыр мен бала» ертегісі). 
Жезтырнақ, жалмауыз, дәу, дию, Төбе көз – осы мифтік және 
ертегілік кейіпкерлердің барлығы аттары әртүрлі болғанымен, те-
мір ғасырда туындаған бір ғана жын-пері, жауыздарды бейнелейді. 
Жезтырнақтар мен алып дәулер, әдетте, апандар мен үңгірлерде, 
яғни жерасты патшалығында тұрады. Қыздарды ұрлап әкетіп, жер 
астында күңдікке салады. Үңгірлерде олардың қисапсыз қазына-
байлықтары жасырылған.



161
Ертегілерде батырлар, құралайды көзге атқан мергендер 
жезтырнақтармен және жалғыз көзді дәулермен жекпе-жекке 
шығып, оларды садақпен, мылтықпен атып өлтіреді, дуалы семсер-
мен жайратады («Мамай батырдың арманы», «Батыр мен бала»).
Дәу (дию) – бағзы замандардағы түркі, иран, араб мифтерінде 
кең таралған ертегілік кейіпкер. Дәулердің бастарында мүйіз өседі. 
Сондай-ақ олар түр-түсімен де ерекшеленеді: соған қарай Қара дәу, 
Қызыл дәу, Ақ дәу болып бөлінеді. Әдетте, әйел-дәулердің бойлары 
еркектеріне қарағанда аласарақ келеді.
Осынау мифтік мақұлықтардың кейбірінің құйрықтары бола-
ды. Көне түркілік мифтік мақұлықтарға біресе тырнақ, біресе азу, 
біресе құйрық пен мүйіз, тұяқ жалғап, денелеріне жүн қаптатып, 
еуропалық сипаттарға жақындаймыз. Мифтік мақұлықтардың 
барлығының сурет, кескіндері жартастарда бағзы адамдар мен 
жануарлардың сұлбаларымен қатар тұрады.
Кейінірек ислам мифологиясынан қазақ фольклорына 
құты мен құмырадан, шамнан шыққан жын келді. Дәулердің 
(жезтырнақтардың) және сол сияқтылардың қасиеттерін түгел 
бойына жиған бұл мифтік бейне зәрдәштан (зороастра) тамыр 
тартады. Өйткені, ол өлгендерді отқа өртеу жорасымен байла-
нысты. Өртегеннен кейін қалған күлді құмыраға салып, оны 
мықтап тығындап тастаған. Аузын ашса, жын сыртқа шығып 
кетеді деп сенген.
Бір қызық нәрсе, ежелгі түркілердің тас бедерлерінде дәулер 
өгіздермен бірге бейнеленген. Бұл тосын жағдай, себебі, жер асты 
және жер үсті әлемдерінің өкілдері қатар тұруға тиіс емес. 
Айталық, көне үнді мифологиясында зұлым сайтан Махи-
ша өлген бұқаның денесінен шығып жатқан түрінде бейнеленген. 
Монғол мифтерінде өлілер патшасы Яманың икондарда қара бұқаға 
мініп келе жатқаны кескінделген. (Осынау зұлымдық сайтандары 
мен патшаларының өз мойындарына адамның бас сүйектерінен 
алқа тағатын әдеттері бар. Оларға қарағанда жезтырнақтардың 
мойындарына тек металл заттар мен моншақтардан жасалған алқа 
таққан, аяқ-қолдарында жүзік, білезіктер болған).


Ежелгі алтайлық мифтерде жер асты әлемінің әміршісі Еркілік 
те қара өгізге мініп жүретіні суреттелген. 
Осылардың бәріне өгіз не үшін керек болған? Рәміз белгілерінде 
мүйізді, құйрықты, тұяқты пайдалану үшін бе?
Дұрысында, өгіздер металл тасуға неғұрлым қолайлы көлік 
екені сөзсіз. Өгіз жегілген арбалармен ежелгі түркілер темір ке-
нін балқыту пештеріне, ал одан дайын темірді – ұсталар мен басқа 
қолөнершілердің шеберханаларына тасыған. Жылқылардың дәл 
осылардай темір тасуға шамасы жетпегендіктен, өгіздер темір 
және басқа металдарға байланысты мифтер мен ертегілердің бас-
ты кейіпкерлеріне айналды.
Орыс ертегілеріндегі Кощейдің қиял-ғажайып бейнесі өзінің 
қасиеті жағынан жезтырнақтарға жақын. Ол жұрттан аулақ, 
шалғай түкпірде тұрады. Кощей адамдарға жамандық жасай-
ды, жас сұлу қыздарды ұрлап, оларды қапаста ұстайды. Оның 
жаны өзінен алыста, емен басындағы сандықта сақталған. 
Сол сандықтың ішінде – үйрек, үйректің ішінде – жұмыртқа, 
жұмыртқаның ішінде – ине бар. Егер осы инені сындырса, ажал-
сыз Кощей өледі. Қазақ ертегілеріндегі жезтырнақтар, дию-
дәулер және басқа, түрлі жын-шайтандар осындай қасиетке ие.
Кощей – жер астындағы байлықтың қожасы. Оның ажал-
сыз атануының өзі жанының денесінен бөлек тұруымен және 
оны табудың қиындығымен байланысты. Кощей бейнесі көне 
түркі ертегілері мен мифтерінен славян ертегілеріне тым әріде, 
бағзыда ауысқан тәрізді. Мұның ешкімге ұқсамайтын, өз алдына 
жеке кейіпкер емес, кірме бейне екендігін қазақ мифтері мен ер-
тегілерінде осы аттас жер асты мақұлықтары ұшырасатындығы 
да айқындай түседі. Мысалы, «Ер Төстік» ертегісінде жерасты 
әлемінің ханы Темірмен қатар Кеще ханның аты аталады. Ал-
тай халықтарының мифтерінде Кочо ханның есімі кездеседі.
Орыс ертегілеріндегі Кощей де патша, оның да сарайы темір-
ден соғылған. Кощей бейнесінің сыртқы және ішкі белгілері көп 
жағдайда оның жерасты патшалығы туралы, Төменгі әлем туралы 
көне түркі ертегілерінің кейіпкері бола алатындығын паш етеді.


Қазақ мифологиясы 
мен сайтан-намасы
Ғұн дінінде Көктің, Күн мен Айдың
ғарыштың құдіретіне табыну, жын-
перілерге, аруақтарға сыйыну және
т.с.с. бір-біріне кедергі жасамай, қайшы
келмей, қатар өмір сүрген. Ғұндардың
жорамалдауынша, ғарыш құдайы Тәңірдің
ғаламат үлкендігі соншалық, олар жын-
перілер мен аруақтарды байқамайды.
Өз кезегінде, жын-перілер мен аруақтар
дүние жаратылысына жанаспай, өз
шаруаларын тындыра береді.


164
Жер мен көктің, судың
жаратылуы
онау-сонау, соны меңіреу заманда, Жер мен Көк жарал-
май тұрғанда, барша ғалам тұтас қара түнек, шетсіз-шексіз 
кең, түпсіз терең лай су бейнесінде болған. Ол кезде Көк те, 
Жер де, Ай да, Күн де болмаған. Ұшан-теңіз су, гүрілдей сарқыра-
ған өзен, ұшы қиырсыз от, толассыз соққан жел, шегіне көз жет-
пейтін жер – барлығы астан-кестен, мидай араласып, сапырылы-
сып қайнап жатқан бір дария еді. «Жасаған»* осы аласапыранды 
реттеп, суды тұндырып, мидай былыққан әлемді қара түнектен 
айықтырып, тәртіпке келтіріп Жер мен Көкті жаратты. 
Жасағанның құдіреттілігі, ұлылығы, жасампаз шеберлігі осы-
дан байқалады.
Ғаламдық жұмыртқа және
адамның жаратылуы хақында
онау-сонау соны меңіреу заманда, арғы-арғы, аңғырт тұ-
йық алаңда, ертеден де ертеде, астан-кестен аунаған лай 
теңіздің ішінде жұмыртқадай жұмыр малта тас жүзіп келе 
жатыпты. Жалғыз жаратушы Жасаған бұл тасқа бар ынтасымен, 
мейірімімен таңырқай қарапты. Қолына алып байқаса, оң беті от-
тай қызыл, астар беті судай мөлдір, таңғажайып тамаша тас екен. 
Жасаған өзінің шебер қолымен малта тасты қоспасынан 
(қосылған жерінен) қақ жарыпты. Сол сәтте екіге айырылған 
жұмыртқадай жұмыр тастың тең жартысы отқа, тең жартысы суға 
айналыпты да, от пен су қайта қосылып, буырқана қайнапты. Одан 
көтерілген будан Көк Аспан пайда болыпты, ал тандыр сияқты 
қатты қабыршағынан Қара Жер жаралыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет