Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет100/135
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#17695
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   135
Байланысты:
отбасы 2

Жаушыға  жүру  –қалыңдыққа  сырттай  ен  тағып  айттыруға  кісі 
жіберу. 
Жаһаннама – жаһантану шежіресі. 
Жеті ата – кісінің өз әкесінен бастап жетінші атасына дейінгі қандас 
туыстың аты. 
Жеті  жарғы  –  Қазақстан  құқық  нормаларын  белгілеген  Тәуке 
ханның заң жиынтығы. 
Жеті жарғы – хандық дәуіріндегі ел билеу заңдарының жинағы. 
Жеті  қазына  –  ер  жігіт,  сұлу  әйел,  ақыл-білім,  жүйрік  ат,  қыран 
бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы. 
Жеті  шәріп  –  Мекке  шәріп,  Мәдине  шәріп,  Бұхар  шәріп,  Шам 
шәріп, Қытым шәріп, Құддыс шәріп, Кәләм шәріп (Құран). 
Жиен – тұрмысқа шыққан қыздан туған ұл мен қыз. 
Жиеншар – жиеннен туған бала. 
Жолаяқ  –  жол  жүруші  адамға  жүрер  алдында  жол  болсын  деп 
жасайтын кішігірім той-томалақ (ырым). 


143 
 
Жомарттық-  жомарттық  дегеніміз-  қандайда  бір  игілікті  істі  шын 
көңілден  әрі  одан  да  пайда    ойламай,  қайтарымсыз  істеу.  «Жолықсан 
біздің жақтың тентегіне,  өмірдің қарамайды келтесіне, қонаққа жалғыз 
атын  сойып  беріп,  жүген  ұстап  қалады  ертесіне»  деп  бір  дана  адам 
айтпақшы,  ата-бабаларымыз:  «Жомарт  дос  көбейтеді,  сараң  мал 
көбейтеді»-деп жомарттықты дәріптеп,сараңдықты жамандаған.  
Жол-жора – 1. Әдет, салт-дәстүр. 2. Азды-көпті сый-құрмет, ырым. 
Жол-жоралғы – салт-дәстүр, әдет бойынша берілетін ырым, кәде.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет