Жұбату – азалы адамға көңіл айту.
Жұмақ – о дүниедегі рухтың рахат орны (пейіш).
Жұмалық – жұма күні молдаға беретін қайыр-садақа, ақша (тамақ
та берілуі мүмкін).
Жұрағат – тоғызыншы ұрпақ, жүрежаттан туған бала.
Жүрежат – сегізінші ұрпақ, туажаттан туатын бала.
Жылқы мінез – өзгермелі құбылмалы адам.
Жігіт сипаты – қазақ түсінігінде «сегіз қырлы бір сырлы адам».
Жігіт сыны – жігітке қойылатын сын мен талаптар, кескін келбеті,
қадір-қасиеті, қабілет икемін анықтау.
Жігіттің үш жұрты – өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты.
Жеке отбасы-бүгін таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі.
Жақын туыстары- ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап
алынушылар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілер мен апалы-
сіңілілер (аға-қарындастар), ата- әже, немерелер.
Жалған неке- отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен
жасалған және ерлі - зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін
туғызбайтын неке.
«Е»
Достарыңызбен бөлісу: |