Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет17/102
Дата05.02.2017
өлшемі17,93 Mb.
#3475
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   102

Литература

1  Лернер П. С. Соотношение базовых и элективных курсов в профильном образовании.URL: http://www.bim-bad.ru/ 

biblioteka/ article_full.php?aid =1177 &binn_rubrik_pl_articles=183

2  Егорова А. М. Профильное обучение и элективные курсы в средней школе // Теория и практика образования в 

современном мире: материалы междунар. науч. конф. (г. Санкт-Петербург, февраль 2012 г.).  – СПб., 2012. – С. 173-179.

3  Учебные программы по предметам образовательной области «Математика и информатика»  уровня общего среднего 

образования (10-11 классы общественно-гуманитарного и естественно-математического направлений).

4 Государственный  общеобязательный  стандарт  среднего  образования, утвержденный постановлением Правительства 

РК от 23 августа 2012 года №1080 (ГОСО РК 1.4.002-2012).

5 Концепция развития профильного обучения в Казахстане. (Национальная академия образования им.Ы.Алтынсарина).



References

1 Lerner P.S. Sootnoshenie bazovyx i jelektivnyx kursov v profilnom obrazovanii.URL: http://www.bim-bad.ru/ biblioteka / 

article_full.php? Aid = 1177 & binn_rubrik_pl_articles = 183

2 Egorova A. M. Profilnoe obychenie I electivnie kursi v srednej shkole // Teorija I praktica mobrazovanija v sovremennom 

mire: materiali mezhdunarodnoj nauchnoj konferencii (St. Petersburg, February 2012) . – StP. 2012. – P. 173-179.

3 Uchebnye programmy po predmetam obrazovatel’noj oblasti «Matematika i Informatika» urovnja obshhego obrazovanija 

(10-11 socio-humanitarian and natural-mathematical sciences).

4 Gosudarstvennyj obshheobjazatel’nyj standart srednego obrazovanija, utverzhdennyj  postanovleniem Pravitel’stva RK ot 

23 avgusta 2012 goda №1080 (GOSO RK 1.4.002-2012).

5 Koncepcija razvitija profil’nogo obuchenija v Kazahstane. (Nacional’naja akademija obrazovanija im.Y.Altynsarina).



Барьбе  А.В.,  Ермағанбетова  М.А.  ҚР  мектептерінде  информатика  пәні  бойынша  профильдік  курстардың 

мазмұнын жетілдіру. 

Зерттеу жұмысында IT  сфера мамандарын дайындауға арналған информатика пәні бойынша  профильдік  курс 

қажеттілігін  жетілдіру  қарастырылған.  Ағымдағы  білім  беру  стандарттары  болжанған,  ҚР  мектептеріндегі 

информатика пәнін оқыту жағдайы, сондай-ақ IT  сфера мамандарын дайындауға арналған  информатика пәні бойынша  

профильдік курстың үлгі мазмұны ұсынылған.

Түйін сөздер: информатика, профильдік курстар, профильдік оқыту, IT  - мамандарын дайындау.

№ 3 (112) 2016

89

Barbe А.V., Yermaganbetova M.A. Improvement content of  the profile computer science courses in schools of RK.



In this research work regarded as the necessity of development of profile courses for teaching IT specialists. Current educational 

standards and the situation of teaching Computer Science in the Kazakhstani schools has been analyzed; also an approximate 

content of the profile Computer Science course is addressed for teaching IT specialists.

Keywords: Computer Science, profile courses, profile education, teaching IT specialists.

Поступила в редакцию 03.03.2016.

ӘОЖ398 (075.9)

Р.Н. БЕГАЛИЕВА, Ғ.И. ИСАЕВ, Ж.С. ЕРГУБЕКОВА, А.Қ. МЕЙРБЕКОВ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты,

Шымкент қаласы, Қазақстан

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРГЕ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МОДУЛЬДЕРІН ЖЕТІК МЕҢГЕРТУ

Мақалада  оқытудың  инновациялық  модульдерінің  тиімділігі,  мазмұнытаныстырылады.«Инновация»  ұғымына 

талдау  жасалынады.Кембридждік  оқу  бағдарламасының  мақсаты  мен  міндеті  туралы  да  жазылады.Болашақ 

мұғалімдерге  жаңа  педагогикалық    инновацияларды  пән  ерекшеліктеріне  қарай  қолдана  білу  –  оқыту  мақсатына 

жеткізетін  бірден-бір жол екендігі түсіндіріледі.

Түйін сөздер: жеті модуль, кембридждік оқу бағдарламасы, инновация, жаңа формациядағы мұғалім.

Қоғам дамуында білім берудің ең маңызды мәселе екендігі белгілі. Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, 

бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы  ұстаз берген білім. Дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі 

келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. 

Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. 

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және 

де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін 

тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 8-бабында «Білім 

беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, 

халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп  атап  көрсеткен  [1].  Сондықтан  ғылыми-

техникалық  прогрестен    қалыспай,  жаңа  педагогикалық    инновацияларды  дер  кезінде  қабылдап,  өңдеп, 

нәтижелі пайдалана білу әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін 

үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы инновациялық технологияларды меңгеру. 

«Инновация»  ұғымын  қарастырсақ,  ғалымдардың  көбі  оған  әртүрлі  анықтамалар  берген.  Мысалы, 

Э.Раджерс  инновацияны  былайша  түсіндіреді:  «Инновация  –  нақтылы  бір  адамға  жаңа  болып  табылатын 

идея». Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін 

күтеміз», – дейді [2, 3].

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала 

бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа 

мақсатты  шешуге  бағытталады,  педагогикалық  құбылысты  үздіксіз  жаңғыртуға  жетелейді.  Р.  Масырова, 

Т.Линчевская – «Жаңару» дегенімізді былай деп түсіндіреді: «Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа 

ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа 

идея».


Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. 

Ол: «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, 

меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов 

«Инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп 

жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін 

бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, 

бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) [4].


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

90

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық 



оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне 

шығармашылықпен  қарайтын,  жеке  басының  белгілі  іскерлік  қасиеті  бар  адамды  қажет  ететін  жұмыс. 

Шындығында  да  әрбір  педагог  жаңа  инновациялық  технологияны  меңгеру  барысында  өзін-өзі  дамытады 

және  өзін-өзі  қалыптастырады.  Осы  ретте  Кембридждік  оқу  бағдарламасының  алатын  орны  ерекше. 

Бағдарламаның  мақсаты  –  Қазақстан  Республикасының  жалпы  білім  беретін  мектептері  педагогтарының 

біліктілігін  арттыру  және  Кембридж  университеті  тәсілінің  теориялық  негіздерін  үйрету.Басты  міндеті  – 

қазақстандық мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы 

ойлауға бағыттау. Бағдарлама төмендегі жеті модульден тұрады:

1. Оқыту мен оқудағы  жаңа тәсілдер. «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» ғана 

қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз  байланысты. «Қалай оқу керектігін 

үйрету» немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше  жалғастыра   алатын  білім  жинау жауапкершілігін  

түсінуге  және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.

2.  Сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету.  Сын  тұрғысынан  ойлау  дегеніміз  –  ой  қозғай  отырып,  өзгелердің 

ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, 

дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Бағалау – одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен 

оқытудың  нәтижелерін  жүйелі  түрде  жиынтықтауға  бағытталған  қызметті  белгілеу  үшін  қолданылатын 

термин. Мұғалімдер мен оқушылар  өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған 

байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.

4.  Оқытуда  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларды  (АКТ)  пайдалану.  Оқытуда  ақпараттық-

коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда 

мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, 

зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.

5.  Талантты және дарынды балаларды оқыту.Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың 

инклюзивті  тәсілі  негізінде  балаларды  анықтау  туралы  ой-пікірлер  мен  зерттеулер  жасау.  Оқушылардың 

қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-

физиологиялық  және  психологиялық  ерекшеліктерді  әдетте  жас  ерекшеліктері  деп  атайды.  Сондықтан 

педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, 

тәрбиеленушінің  және  қоршаған  ортамен  жасайтын  қарым-қатынастар  жүйесіне  тәуелді  болатынын  атап 

көрсетеді.

7. Оқытудағы  басқару және көшбасшылық.Бұл модульде білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму 

мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен 

түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға сыйады. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің 

өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді.  Бағдарламаның негізгі идеясы 

сыни  тұрғыдан бағалау, өзгерту және  тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен 

барлық  деңгейлерде  өзгерістердің  іске  асырылатыны  негізделеді.  Мектеп  жұмысының  бағдарламасына 

балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді [5].     

Аталған  жеті модуль оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін 

жеткізе  білетін  ынталы  сенімді  болуды  қалыптастырады.  Күнделікті  сабақтарда  сыныпта  ынтымақтастық 

ахуал қалыпастыру білімге құштарлықтарын, көңіл-күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса 

жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Өз-өздерін реттеулері 

мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастайды. 

Қорыта айтқанда, «Шығармашыл тұлға өзі үйрене жүріп, өзгені де үйрете алады», - деп Н.Ә Назарбаев 

айтқандай    қазіргі  оқытудың  талаптарына  сай  мұғалім  де,  оқушы  да  жаңаша  көзқарасты,  терең  ойлы 

болуды керек етеді. Сондықтан қазіргі заман талабына сай жас ұрпақтың көкірегі ояу, ізденімпаз, отаншыл, 

шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек деп ойлаймын. Оқушылардың ойлау 

қабілеттерін  дамытып,  проблемалық  мәселелерді  өздігінен  шеше  алу,  тілдік  дағдыларды  жетілдіру  –  тек 

ұстаз ғана емес, оқушыға, қоғам мүшелеріне қойылған міндет. Ұстаз еңбегінде осы міндеттің дұрыс шешім 

табуы – оқытудың  тиімді әдіс-тәсілдерін  күнделікті сабақ барысында жүйелі түрде қолдану, тапсырмаларды 

түрлендіре отырып, шығармашылықпен жұмыс жасау. Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты 

тұлға  мұғалім  десек,  дүниежүзілік даму деңгейінен  кем  түспейтін,  иық  тірестіре  алатын,  алған  білім мен 

тәрбиелік  қазынасын  туған  еліне,  адамзат  игілігіне  жұмсай  алатын  қазақтың  ой  танымының  иесі,  саналы 



№ 3 (112) 2016

91

азаматты жетілдіруге үлес қосатын қазақ тілі мен әдебиетін оқыту процесі, оны ұйымдастырушы мұғалімге 



жауапты  міндет  жүктеледі.  ХХ  ғасырдың  басында  Ж.Аймауытов:  «Сабақ  беру  –  үйреншікті  жай  ғана 

шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен[6,311 б.]. Сондықтан қазіргі таңда педагогика 

жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің 

бірден-бір жолы. 



Әдебиеттер

1 «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.

2  Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – // Қазақстан мектебі, №4, 2006.

3 Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – Алматы, 2004.

4 Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – Алматы: Білім, 

2008.


5 Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімдерге 

арналған нұсқаулық. 2-деңгей.

6 Аймауытов Ж. Психология. Жан жүйесіжәне өнертаңдау. – Алматы: Рауан, 1995. – 311 б.

References

1 «Bіlіm turaly» 2007 zhylғy 27 shіldedegі Қazaқstan Respublikasynyң Zaңy.

2  Radzhers Je. Innovacija turaly tүsіnіk. – // Қazaқstan mektebі, №4, 2006.

3 Қabdyқajyrov Қ. Innovacijalyқ tehnologijalardy diagnostikalau. – Almaty, 2004.

4 Kөshіmbetova S. Innovacijalyқ tehnologijany bіlіm sapasyn kөterude pajdalanu mүmkіndіkterі. – Almaty: Bіlіm, 2008.

5 Қazaқstan Respublikasy pedagog қyzmetkerlerіnің bіlіktіlіgіn arttyru kurstarynyң baғdarlamasy. Mұғalіmderge arnalғan 

nұsқaulyқ. 2-deңgej.

6 Ajmauytov Zh. Psihologija. Zhan zhүjesіzhәne өnertaңdau. – Almaty: Rauan, 1995. – 311 b.



Р.Н. Бегалиева, Г.И. Исаев, Ж.С. Ергубекова, И.Г. Икрамов. Освоение студентами новых средств обучения и 

чтения.

В статье рассматривается новая система обучения, комментируются понятия новой педагогической технологии, 

анализируется  эффективность  использования  новых  технологий.  Также  в  работе  предлагаются  методы,  которые 

преподаватель  может  использовать  углубления  знаний  студентов,  рассматривается  эффективность  и  качество 

учебного процесса, методическая вооружённость учителя, методы и средства ведения занятий, способы освоения новых 

технологий.

Ключевые слова: новая технология, методы и средства, учебный процесс, новая система обучения, методическое 

мастерство.

R.N. Begaliyeva, G.I. Issayev, Zh. S. Yergubekova, I.G. Ikramov. Tutoring future teachers on innovative modules of 

education.

In this article there is written about the advantages of  innovative modules of education. There is analyzed the concept of 

«innovation». There is also written about the goal and objectives of Cambridge›s educational program. There is explained that 

the usage of new pedagogical innovations according to the specificity of each subject is the way to achieve a goal of education.

Key words: seven modules, Cambridge›s educational program, innovation, teacher of new formation.

Редакцияға 10.03.2016 қабылданды.



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

92

ӘОЖ 378.6.371.13



Р.Н. БЕГАЛИЕВА, Ғ.И. ИСАЕВ, Ж.С. ЕРГУБЕКОВА, А.И. ИСАЕВ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент қ.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ.

СТУДЕНТТЕРГЕ ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІ МЕҢГЕРТУ

Мақалада білім берудің жаңа жүйесі, жаңа педагогикалық туралы жазылады. Педагогикалық технология ұғымына 

берілген түсініктерге сараптама жасалынады. Жаңа технологияны пайдаланудың тиімділігі талданады. Студенттерге 

терең білім беру үшін оқытушының   ұстанатын қағидалары  ұсынылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің 

әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологияларды игерулеріне 

тікелей байланыстылығы айтылады.

Түйін сөздер: жаңа технология, әдіс-тәсілдер, оқу үрдісі, білім берудің жаңа жүйесі, әдістемелік шеберлік.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және 

жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға 

және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын 

енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім 

беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді [1]. Бұл міндеттерді шешу үшін әрбір оқу орындарының 

ұжымы, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл 

жол ашарлық  жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. 

Қазіргі  кезде  біздің  елімізде  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып,  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге 

бағыт  алуда.    Жаңа  педагогикалық  технология  –  мұғалімнің  кәсіби  қызметін  жаңартушы  және  сатылап 

жоспарланған  нәтижеге  жетуге  мүмкіндік  беретін  іс-әрекеттер  жиынтығы.  Жаңа  технологияның  басты 

міндеті – студенттің оқу танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатына толықтай жеткізу. 

Оқыту үрдісін жандандыру оқушылардың оқу материалының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін 

тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. 

Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен 

әдістеріне, жаңа педагогикалық технологияларды игерулеріне тікелей байланысты болады.

Д.Г.Левитестің пікірінше «білім беру технологиясы» – орындалуы педагогикалық мақсатқа жетуге кепілдік 

беретін реттелген қызмет жүйесі. Бірақ бұл өте ауқымды анықтама. Оған тәрбиелеу технологиясы да, қарым-

қатынас технологиясы да,кіреді [2,46-б]

Педагогикалық  технология  ұғымына  шетелдік  және  отандық  әдебиеттерде  үш  жүзден  астам  анықтама 

берілген.  Бұл  педагогикалық  технология  ұғымының  қалыптасу  мен  дамуының  тарихында  оның  оқыту 

технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деп ұғынудан бастап педагогикалық технологияны 

ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер бар. Олар педагогикалық технология мәселесіне  арналған 

Б.Блум,  Ф.Фрадкин  [3],  П.Я.Гальперин  [4],  М.Кларин,  Л.В.Занков  [5]  т.б.  ғалымдардың  еңбектерінде 

қарастырылған.

Б.Т.Лихачев: «Педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым. Педагогикалық 

технологияның мәні – шығармашылық қабілеттердің дамуы үшін қажетті жағдай туғызу», - деп түсіндіреді 

[6, 68-б]. 

Белоруссияның  ұлттық  мектебінің  ғылыми-зерттеуші  ұжымы  технологияны  жеке  тұлғаны  дамытудағы 

процесс  және  оқушыны  оқытудың  әр    кезеңінде  дамытатын  педагогикалық  құрал  ретінде  бағалайды. 

Олар:  «Технология  –  баланы  дамытуға  жағдай  жасаудағы  мұғалімдердің  қабілеттілігі»,  –  деп  есептесе,  

Ф.А.Фрадкин  педагогикалық  технологияны  білімділік  мақсатқа  қол    жеткізудегі  оқушы  мен  мұғалімнің 

жүйелі, тұжырымдамалы, нормативті, объективті, көпнұсқалы әрекеті деген ойды айтады [3,72-б].

М.В.Кларин:  «Педагогикалық  технология  –  бұл  педагогикалық  мақсатқа  қол  жеткізу  жолындағы 

қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдістемелік құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс 

жасау реті» – деген пікір білдіреді [7,60-б].

Н.Ф.Талызинаның пікірінше: «Оқыту технологиясы – бұл оқу  процесін нақты сипаттаудың, мұғалімге 

қойылған мақсатқа жетуде басшылыққа  алынатынның нақ өзі» [8,88-б].

Ж.Қараевтың пікірінше, технология дегеніміз - әдістемелік жүйемен сәйкесті дидактикалық процестер 

кешенінің  тәжірибеде  жүзеге    асырылатын  жобасы,  ал  педагогикалық  жағдаяттарға  сай  қолданылатын 



№ 3 (112) 2016

93

әдіс, тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана. Оның үстіне қолданылатын әдістер нәтижеге жетуге кепілдік бере 



алмайды [9,118-б].

Мәселені  зерттеуші  ғалымдардың  пікірін  қорытындылай  келе,  біздің  педагогикалық  технология  – 

педагогика ғылымын оқытудың мақсатын, мазмұнын және әдістерін зерттеп, айқындаушы және педагогикалық 

үдерісті  жобалаушы  бір  бөлшегі  деген  тұжырым  жасауымызға  болады.  Демек,  ол  –  білім  стандартында 

көзделген оқыту нәтижелеріне қол жеткізу жолындағы мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдардың біртұтас 

қызметін бейнелейтін үдеріс.

Сонымен, педагогикалық технология – тиімді оқыту жүйелерін құрастырумен, оқу процестерін жобалаумен 

айналысатын педагогикалық ғылымның бағыты.

Бүгінгі оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн жас ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін 

меңгеруінің басты нысаны. Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді. Психологияда 

дүние есігін ашқан әрбір сәби қабілетті болып туылады, оның әрі қарай дамып, жетілуі тәрбиешіге байланысты 

делінген.  Демек,оқытушы  мен  оқушының  арасындағы  ынтымақтастықтың  негізінде  біз  оң  нәтижеге  қол 

жеткізе  аларымыз  сөзсіз.  Олай  болса,оқытушы  педагогикалық  ізденіспен  озық  технологиялардың  әдіс-

тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс.

Студенттерге  терең  білім  беру  үшін  оқытушы    мына  төмендегі  қағидаларды  есте  сақтағаны  жөн  деп 

есептеймін.

- оқытушы пәнді жетік меңгеріп, оны студенттерге ғылыми тұрғыдан негіздеп, қарапайым тілмен, өмірмен 

байланыстыра отырып бере білуі қажет;

-білім алушылардың психологиясын, жан дүниесін жете біліп, әр шәкірттің жүрегіне жол таба білуі абзал;

-ғылым мен педагогика саласындағы жаңалықтарды үнемі пайдаланып отыруы тиіс;

-мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап жеке блоктар түрінде топтастырып өткізе білуі керек.

Жаңа технологияларды меңгеру оқытушының зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және 

де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие 

үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» 

деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. 

«Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып,сабақтарымызда мүмкіншілігіне 

қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды 

тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.

Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:

- оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;

- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

- әлеуметтік-мәдени тәрбие қалыптастырады;

- оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

- оқытушының уақытын үнемдейді

- қосымша мәліметтер береді.

Жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға тиімді жақтары:

- барлық  баланыоқытады;

- оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі;

- білімберудіңформасыноңайландыруміндеттерінатқарады;

- оқушыныңжекеқабілетінайқындайды.

Оқытудың озық технологиясын меңгеру мұғалімнің кәсіптік шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір ұстазды 

ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді.Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ 

беру  үйреншікті  жәй  ғана  емес,  ол  жаңадан  жаңаны  табатын  өнер»,-деп  тұжырым  жасайды.Сондықтан 

мұғалім өз пәніне психологиялық тұрғыдан қарап, әдістемелік шеберлікпен келу керек. Сабақ барысында 

интерактивті  технологияларды  қолдану  мұғалім  жұмысын  өнімді,  нәтижелі,  ал  оқушылардың  білім  алу 

әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет