Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет69/102
Дата05.02.2017
өлшемі17,93 Mb.
#3475
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   102

Әдебиеттер

1 Грейс Уокер. Walker Automated Services. 2012. https://www.ibm.com/developerworks/ru/library/cl-cloudintro/

2 Клементьев И.П., Устинов В.А. Введение в облачные вычисления. – Екатеринбург: Уральский госуниверситет, 

2010. - 173 с.

3 Misevicien R., Budnikas G., Ambrazien D. Application of Cloud Computing at KTU: Informatics in Education, 2011, 

Vol. 10, No. 2. – URL: http://www.mii.lt/informatics_in_education/pdf/INFE194.pdf.

4  Сейдаметова  З.С.,  Сейтвелиева  С.Н.  Облачные  сервисы  в  образовании  //  Информационные  технологии  в 

образовании. – 2011. – № 9. – С.105-111.



References

1 Grejs Uoker. Walker Automated Services. 2012. https://www.ibm.com/developerworks/ru/library/cl-cloudintro/

2 Klement›ev I.P., Ustinov V.A. Vvedenie v oblachnye vychisleniya. – Ekaterinburg: Ural›skij gosuniversitet, 2010. - 

173 s.


3 Misevicien R., Budnikas G., Ambrazien D. Application of Cloud Computing at KTU: Informatics in Education, 2011, 

Vol. 10, No. 2. – URL: http://www.mii.lt/informatics_in_education/pdf/INFE194.pdf.

4 Sejdametova Z.S., Sejtvelieva S.N. Oblachnye servisy v obrazovanii // Informacionnye tekhnologii v obrazovanii. – 

2011. – № 9. – S.105-111.



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

392


Серик М., Каймолдаева А.Ж. Академические облачные технологии в учебном процессе.

В статье рассматриваются понятие «облачные технологии», их особенности, виды, реализация и применение 

в  учебном  процессе.  Также  приведены  материалы  по  использованию  услуг  Windows Azurе  в  виде  академического 

закрытого облака. 

Ключевые слова: облачные технологии в учебном процессе, услуги Windows Azure в виде академического облака, 

виды облачных технологий.

Serik M., Kaimoldayeva A.Zh. Academic cloud technologies in educational process.

The article discusses the concept of cloud technologies, their features, kinds, realization and using in the educational 

process. Also contains material on the use of services Windows Azurе in the form of academic private clouds. 

Keywords:  cloud  technologies  in  the  educational  process,  the  services  of  Windows  Azure  in  the  form  of  academic 

clouds, types of cloud technologies.

Редакцияға 11.01.2016 қабылданды.

ӘОЖ 379.8+37.0

Т.С. СЛАМБЕКОВА 

п.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры м.а., Астана қаласы 

ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ АНИМАЦИЯ ЕРЕКШЕЛІГІ 

Бұл мақалада әр түрлі ғылым салаларында әлеуметтік-мәдени анимацияның зерттелуі қарастырылған. Педагогика 

ғылымында әлеуметтік-мәдени анимацияны зерттеу тенденциялары мен балалар бос уақытын тиімді ұйымдастыру 

қажеттілігі туралы мазмұндалған.

Түйін сөздер: бос уақыт, анимация, әлеуметтік-мәдени анимация, аниматор, демалу, релаксация. 

««Бос уақыт» дегеніміз не?» және «Білім алушылар бос уақыттарын қалай өткізеді және қалай өткізгені 

тиімді?» - деген сауалдар педагогтарды мазалайтыны белгілі. Олай болса, «бос уақыт» (досуг) дегеніміз не? 

Бүгінде бос уақыт бірнеше ғылым салаларының зерттеу нысаны болып табылады: әлеуметтану, философия, 

психология, педагогика және т.б. Ең бірінші «бос уақыт» түсінігі – әлеуметтану категориясы. Әлеуметтануда 

«досуг», «свободное время» («бос уақыт») ұғымдары синоним ретінде қолданылады. 

Педагогикалық зерттеулерде «бос уақыт» түсінігін нақтылауға және теориялық негіздеуде М.Г.Бушканец, 

А.Ф.Воловик,  В.А.Воловик,  И.А.Новикова,  Э.В.Соколов,  В.Я.Суртаев,  Б.А.Титов,  С.А.Шмаков  еңбектерін 

атауға  болады.  Олар  бос  уақытты  адамның  көзқарасына  қарай  қызығушылығы  мен  қажеттілігін 

қанағаттандыратын әр түрлі іспен айналысу мүмкіндігі ретінде қарастырған. Ғалымдардың зерттеулерінде, 

бос уақыт – өзін-өзі көрсету, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру факторы; адамның мәдениетке ену құралы, 

бос уақытты белсенді демалысқа айналдыратын және тұлғаның дене, адами-рухани қасиеттерін дамытушы 

құрал ретінде қарастырылады [1].

Әлеуметтік  объективті  феномен  ретінде  «бос  уақыт»  (досуг)  В.К.Афанасьев,  И.А.Бестужева-Лада, 

Л.А.Гордон,  Б.Г.  Грушин,  Э.В.Клопов,  В.Д.Патрушев,  Э.В.Соколов  және  т.б.  еңбектерінде  зерттелген. 

Шетелдік зерттеушілер ішінен мәнді де мағыналы зерттеушілер қатарына Т.Веб-лен, Э.Гидденс, Ж.Дюмазедье, 

М.Каплан, С.Паркер, Дж.Шивере және т.б. жатқызамыз [2, 3].

Э.В.Соколов  еңбегінде  «бос  уақыт»  («досуг»)  ұғымына  «әрекетті  еркін  таңдау  мүмкіндігі  туатын, 

демалыстың физикалық (дене) және ақыл-ой белсенділігіне айналатын ерекше уақыт» сынды анықтама бере 

отырып, «егер адам қажетінше демалмаса тез арада күшінен айырылады және кез-келген іс-әрекетті атқаруға 

қабілетсіз болады. Ойынсыз және көңіл-күйді көтермейінше бос уақыт бір сарынды болмақ» - делінген [2, 

33].


С.А.Шмаков бойынша «бос уақыт – мектеп оқушыларына әр түрлі іс-әрекетпен айналысуға мүмкіндік 

беретін, таланты ашылатын, әлеуметтік рөлдермен айналыса алатын уақыты».

Жалпы  жеке  тұлғаның  уақыты  жұмыс  уақыты  мен  жұмыс  уақытынан  тыс  уақыт  деп  екіге  бөлінеді. 

Жұмыстан тыс уақыт келесі бөліктерге бөлінеді: 

1) Өндірістегі жұмысқа дайындықпен байланысты уақыт;


№ 3 (112) 2016

393


2) Физиологиялық қажеттілікті қанағаттандыруға кеткен уақыт; 

3) Үй тұрмысындағы және тұрмыстық қажеттілікке кеткен уақыты;

4) Өзіндік бос уақыт.

Бос уақыт (свободное время) – тұлғаның өзінің бейімділігі мен мәдениетінің деңгейіне қарай әрекетті 

таңдай алатын, өзін мәжбүрлейтін іс-әрекеттен алшақ уақыт. Әрбір адамның тәуліктік бос уақытын анықтау 

үшін төмендегілерге кететін уақытты алып тастаған жөн:

- Өнеркәсіптік-еңбектену қызметі, жұмыс орнына бару мен қайту жолын қоса есептегенде; 

- Физиологиялық демалыс (түнгі ұйқы);

- Сауықтыру мен санитарлық-гигиеналық қажеттілік (таңғы туалет, гимнастика, кір жуу, ыдыс жуу және 

т.б.);


- Тамақ сатып алу, оны дайындау, тамақ ішу;

- Қажетті заттарды сатып алу, күнделікті және ұзақ уақыт қолданысқа қажет  тауарларды сатып алу;

- Өзіңнен кіші балалар мен жақын адамдарыңа көмектесу.

Жоғарыда аталғандарға кеткен уақыттан қалған уақыт бос уақыт болып табылады және осы уақытты адам 

өз қалағанына жұмсайды.

Бос уақыт – жеке тұлғалардың бір-бірін анықтауына мүмкіндік беретін, олардың өзін-өзі дамытуына, өзін-

өзі ұйымдастыруына, өзін-өзі жүзеге асыруына әсер ететін бос уақыт пен бос уақыттық іс-әрекеттің бірлігі. 

Бос уақыттың мазмұны бұл – балалардың қызығушылығы мен хоббиінің элементтерінің жиынтығы. Бос 

уақыт мазмұнының құрылымдық элементтеріне: кино, телевидение, техникалық шығармашылық, қолданбалы 

еңбек, көркемдік шығармашылық, кітаптар, экологиялық іс-әрекет, спорт, театр, музыка, туризм, коллекция 

жинау және т.б. жатқызылады.

Ғылым бос уақыттың мөлшермен қырықтан астам өз формасы, түрі, моделі бар басты элементтерін ашып 

көрсетеді. С.А.Шмаков мазмұнына қарай балалар бос уақытын бірнеше топқа бөліп қарастырады:

Бірінші топ балалардың күшін қалпына келтірумен байланысты. Аталған бос уақыт мазмұнына таза ауадағы 

серуен, спорт, демалыс кештері, сауықтыру кештері, ойындар жатады. Спорттық сауықтыруға шаңғы, коньки, 

велосипед,  ринго,  скейтборд,  тротинетт  (самокат),  ролик  жатқызылады.  Балалардың  қызығушылықтарын 

ескере  отырып  спорттық  шараларды  ұйымдастыруға  болады.  Мысалы,  желаяқтар  күні,  кросс,  қарлы 

спартакиада, кіші олимпиадалық ойындар, спорт-бой, спорттық КВН және т.б. Спорт, қозғалыстағы әрекет 

балалардың дене белсенділігін арттырады, денсаулығын нығайтады, төзімділікті, ептілікті дамытады.

Екінші  топ  эрудицияны  арттырумен,  рухани  құндылыққа  ден  қоюмен  байланысты.  Аталған  бос  уақыт 

мазмұнына  кітап  оқу,  кино  және  телебағдарламаларды  көру,  музей  мен  көрмелерге  бару,  саяхатқа  шығу, 

сапарға  шығу  және  т.б.  жатқызылады.  Аталған  топ  балалардың  танымдық  белсенділігін  ынталандырады, 

жалпыадамзаттық мәдениетті, тарихи, әдеби құндылықтарды меңгеруге септігін тигізеді, балалардың дүниеге 

көзқарасын қалыптастырады.

Үшінші топ рухани күш пен қабілетті дамытумен, белсенді шығармашылық іс-әрекетпен байланысты. 

Аталған  бос  уақыт  мазмұнына  ғылыми-зерттеу  іс-әрекеті,  көркемдік-театрлық,  техникалық,  спорттық-

ойындық, еңбек және қолданбалы іс-әрекет жатқызылады. Бос уақыттың осы тобына балалардың араласуы 

олардың  белсенді  өмірлік  позициясын  дамытады,  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  анықтауына  әсер  етеді,  өзіндік 

шығармашылық іс-әрекетін белсендіреді. 

Театрлық  іс-әрекетке  баланы  жұмылдыру  оның  эстетикалық  мәдениетін  қалыптастырады,  актерлық 

қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамытады. Мектептегі театр (театрлық жанр кештері, қуыршақ театры, әдеби 

импровизация кеші және т.б.) – балалардың жекелей театрлық тәжірибесі, театрдағы рөлді сомдау арқылы 

өзін-өзі тану мүмкіндігі болып табылады. Білім алушылар режиссура мен актерлық шеберлік элементтерін, 

спектакльды безендіру мен вербальдық және вербальдық емес қарым-қатынас тәсілдерін меңгереді. 

Төртінші топ қарым-қатынасқа деген қажеттілікті жүзеге асырады. Аталған топқа: кездесу кештері, би, 

дискотека, сауық құру кеші, шығармашылық бірлестіктер, клубтар, үйірмелер жатқызылады. Өзге балалармен 

қарым-қатынас  коммуникативтік  іскерлікті,  тұлғааралық  қарым-қатынас  тәсілдерін  қолдана  білу  қабілетін 

дамытады, әр түрлі әлеуметтік жағдаяттарға бейімделу жолдарын меңгертеді.

Бесінші  топ  білім  алушылардың  мақсатты  бағытталған  шығармашылық  оқуымен  байланысты.  Бұл  – 

елді мекеннен алшақ орналасқан лагерьлер, көркемөнерпаздар сайысы, сайыстар, каникулдық бірлестіктер, 

туристік  саяхаттар,  мектептегі  активтер  және  т.б.  Осы  топқа  білім  алушының  жұмылдырылуы  оның 

ұйымдастырушылық  қабілетін  дамытады,  өзінің  және  құрбыларының  бос  уақыттарын  ұйымдастыра  алу 

іскерлігін қалыптастырады [4, 32]. 

Байқасақ, балалар мен тіпті ересек адамдар көбінекей бос уақыттарында коллекция жинаумен айналысады. 

Коллекция жинау - әр түрлі материалдарды жүйелеу немесе жинақтау. Әсіресе, балаларды материалдарды 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

394


жинау,  достарымен  оларды  бөлісу,  «кімде  не  көп»    сайысын  ұйымдастыру  қызықтырады.  Ойыншық 

мәшинелер, этикеткалар, маркалар, кәмпит қағаздары, қақпақтар, кітаптар және т.б.

Коллекция  жинаудың  көпшілікке  әйгілі  бірнеше  түрлері  бар:  филателия  –  пошта  және  т.б  маркілерін, 

пошта белгілерін жинау (қағаз түріндегі ақша белгілерін); нумизматика – ескі тиындар мен медальдар жинау; 

филокартия – көркем және фотографиялық открыткаларды жинау. Көптеген адамдар минералдар, жекелей 

адамдардың  қолтаңбасын,  сағаттарды,  бағалы  бұйымдарды,  тастарды,  қызықты  адамдардың  өміріндегі 

оқиғаларды,  ескі  кітаптарды,  картиналарды,  пластинкаларды  және  т.б.  жинақтайды.  Тіпті  жинақтау 

материалдары шексіз де.

Бос уақыт туралы ғалым М.Мұқанов: «Бала мезгілді жоспарсыз өткізуге әдеттенсе, онда оны неше түрлі 

қолайсыз нәтижелерге, айталық, жалқаулыққа апарып, кейін сабақ үлгермеуге немесе көшеде уақытын өткізіп, 

тәртіп бұзуға әкелуі ықтимал» - десе, К.Д.Ушинский: «Егер адам бос уақытында қандай іспен айналысуды 

білмесе, онда оның басы да, жүрегі де, адамгершілігі де бұзылады» деген [5, 3]. Міне, сондықтан да ересек 

адам болсын, жас бүлдіршін болсын өзінің бос уақытын тиімді өткізуге талпынуы қажет.

Бос уақытта адам демалады. Демалу – күнделікті қалыптасқан іс-әрекетпен шұғылданбау, күшті қалпына 

келтіру мен шаршағанды басу. Демалу пассивті және активті болып екіге бөлінеді. Пассивті демалуға кітап 

оқу, серуендеу, телебағдарламаларды көру жатады. Шаршаған адам өзінің бос уақытының бір бөлігін пассивті 

демалуға бөлуі қажет (ұйықтау, релаксация). Активті демалуға сүйікті ісіңмен айналысу, дене жаттығуларын 

жасау, басқалармен қарым-қатынас жасау және т.б. жатқызылады.

Кең  түрде  демалу  феномені  рекреациямен  байланысты.  Кейінге  дейін  «рекреация»  ұғымы  кеңінен 

таралмаған,  ол  медицинада  адамды  сауықтыруда  ғана  қолданылды.  «Рекреация»  түсінігі  туралы  бірдей 

көзқарас болмағанымен, мағыналы ғылыми жаңалықтар батыс мектептерінде ашылған. «Рекреация»  ұғымы 

адамның өмірлік-физиологиялық күшін релаксациялаумен байланыстырылды. Бүгінде рекреация адамның 

физиологиялық,  физикалық  әлеуетін  қалпына  келтіруге  (денсаулықтың  оралуы,  қалпына  келуі),  жұмыс 

барысында  немесе  бірсарынды  жұмыста  тіпті  ауру  салдарынан  бәсеңдейтін  рухани  күшін  сауықтыруға 

бағытталған адамның биологиялық белсенділігі.

Кей  жағдайда  мектеп  мұғалімдерінде  балалар  мен  жеткіншектердің  бос  уақытын  ұйымдастыру  мен 

басқаруға білімі мен іскерлігі жетіспей жатады. Бүгінде көбінекей мектептерде бос уақытты ұйымдастыруда 

біркелкі,  ескірген,  қызықтырмайтын  формалардың  қолданылып  жүргендігін  байқау  да  қиын  емес.  Бұл, 

педагогтар  тарапынан  бос  уақытты  ұйымдастыруға  деген  ынтаның  жоқтығымен  түсіндіріледі,  оны 

әрине  материалдық  себептермен,  және  білімнің  жетіспеушілігімен,  қызығушылық  пен  жауапкершіліктің 

төмендігімен түсіндіріледі.

Олай  болса,  бүгінде  балалар  мен  жеткіншектердің  бос  уақытын  ұйымдастыру  мен  басқаруға  құзіретті 

мамандарды  атап  айтқанда,  тәрбие  жұмысы  бойынша  мектеп  директорының  орынбасарын,  педагог-

ұйымдастырушыны, сынып жетекшісін, әлеуметтік педагогтар мен өзін-өзі тану пәні мұғалімін және жаңа 

мамандық  аниматорларды  және  т.б.  арнайы  дайындау  қажеттілігі  туындауда.  Аталған  мамандықтардың 

көпшілігі бізге бұрыннан белгілі болғанымен ««аниматор» кім, немен айналысады?» деген сауал орынды.

Аниматорлық қызметтің ерекшелігін ашу үшін «анимация», «әлеуметтік-мәдени анимация» түсініктеріне 

тоқталайық.

«Анимация»  туралы  деректерді  қарастырғанда  негізгі  үш  блокқа  жүйелеуге  болатын  бірнеше  дерек 

көздерінің  қатары  назарға  алынады:  анимациялық  кино,  компьютерлік  анимация  және  педагогика 

ғылымындағы анимация немесе әлеуметтік-мәдени анимация. Бірінші блок мультипликациялық фильмдерді 

шығарумен айналысса, екінші блок – компьютерлік бейнелермен айналысады, үшінші блоктың айналысатын 

мәселесі – адамдардың әр түрлі әлеуметтік-мәдени сферасын жандандыру, жігерлендіру болып табылады. 

Кейінгі  деректер  бойынша,  әлеуметтік-мәдени  анимация  бойынша  ғылыми  еңбектер  тізімі  жасалғанда 

небәрі  33-еңбек  тіркелген,  оның  20-сы  диссертациялық  зерттеулер,  2  –  монография,  11  –  оқу  және  оқу-

әдістемелік нұсқаулар [3].

Әлеуметтік-мәдени анимация бірнеше онжылдық бойы Ресейде практикалық іс-әрекет сферасы ретінде 

қарқынды дамуда. Ресей ғылымында әлеуметтік-мәдени анимация туралы зерттеулер  педагогика ғылымы 

бөлімінде қорғалған. Мәнді нәтижелер екі ғылыми бағыт бойынша алынған: «Әлеуметтік-мәдени іс-әрекет 

теориясы, методикасы және ұйымдастыру» және «Кәсіби білім беру теориясы және методикасы». 

Әлеуметтік-мәдени анимациялық зерттеулер Е.Б.Мамбековтың 1992 жылы Санкт-Петербургте қорғалған 

«Францияда бос уақытты ұйымдастыру: анимациялық модель» атты диссертациясынан бастау алады. Автор 

өз жұмысында Францияда бос уақыттың ұйымдастырылу жүйесін анализдеген және бұл зерттеу осы уақытқа 

дейін шет елдердегі бос уақытты зерттеу бойынша жалғыз жұмыс болып табылады [6]. Осы жұмыстан кейін 



№ 3 (112) 2016

395


анимация бойынша зерттеулер біраз уақытқа дейін жүргізілмеген. 2005 жылы зерттеулер жалғасып әлеуметтік 

маңызды міндеттерді технологиялық тұрғыда ұйымдастырылған мәдениет және өнер құралдарының тәрбиелік 

әлеуетін жүзеге асыру арқылы шешу тенденциялары байқалған зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттеулер негізі 

болып А.Д.Жарков, М.А.Ариарский, Н.Н.Ярошенко және т.б. теориялары табылады [7;8].

«Кәсіби  білім  беру  теориясы  және  методикасы»  мамандығы  бойынша  зерттеулерде  көңіл  көтеру  және 

үзілістік  уақыт  (рекреация)  міндеттерін  шешуде  негізгі  акцент  туристік  іс-әрекет  құралдарына  берілген, 

мұнда әрине тәрбиелік міндеттер де жоққа шығарылмаған.

Көптеген  зерттеушілер  аниматорды  қоғамдық  қозғалысты  дамытуға  және  азаматтардың  әлеуметтік 

белсенділігін көтеруге жәрдемдесетін, туристік іс-әрекетті ұйымдастыру үдерісінде салауатты өмір салтын 

меңгеруге  септігін  тигізетін,  сондай-ақ,  адам  денсаулығына  қамқорлық  жасаумен  айналысатын  туризм 

аймағындағы жаңа типті маман деп қарастырған В.А.Квартальновтың қорытындысына сүйенген [9].

Мысалы, осы бағытта анимациялық идея А.В.Дегтяренко еңбегінде жақсы көрініс тапқан, онда аймақтың 

мәдени  әлеуетін  келесі  мақсатта  қолдану  моделі  берілген:  жеке  тұлғаны  патриоттық  рухта  тәрбиелеу, 

қоғамдық ортада гуманистік бастаманы бекіту; эмпатиялық іскерлікті және жеке тұлғаның шығармашылық 

қабілетін дамыту. 

Бүгінде педагогикалық анимацияны теориялық зерттеу кезеңі басталған. И.И.Шульганың «Педагогическая 

анимация: развитие профессионального образования организаторов досуга» атты еңбегі әлеуметтік-мәдени 

аниматорларға арналған [10].

Л.В.Тарасовтың «Социокультурная анимация: истоки, традиции, современность» атты еңбегінде қоғамда 

рухани  құндылығын  бекітуге  бағытталған  өзін-өзі  ұйымдастырушы  қоғамдық-педагогикалық  қозғалыс 

ретінде анимацияның қалыптасуының философиялық, тарихи-мәдени негіздері қарастырылған [11].

2000-2008 жылдар аралығында ғалымдар тарапынан әлеуметтік-мәдени анимация мәселелері бойынша 

студенттерге  арналған  оқу  және  оқу-әдістемелік  нұсқаулар  әзірленген.  Алғашқы  оқу  құралы  Мәскеулік 

мәдениет және өнер мемлекеттік университетінде доктор, профессор Н.Н.Ярошенко тарапынан әзірленген. 

Мұнда  алғаш  рет  Ресейлік  педагогика  ғылымында  әлеуметтік-мәдени  анимация  көңіл  көтеру  мен  үзіліс 

уақытындағы  әрекет  емес,  рухани  даму  мен  халықтың  азаматтық  белсенділігін  арттыруға  ықпал  ететін 

әлеуметтік практика ретінде қарастырылған, оған негізгі анықтамалар берілген, осы құбылысты түсіндіретін 

философиялық-педагогикалық  бағыттар  нақтыланған.  Әлеуметтік-мәдени  анимацияны  қоғамдық-

педагогикалық  іс-әрекет  ретінде  қарастыру  көзделген.  Бірақ,  әйтсе  де  анимацияның  философиялық-

әдіснамалық, технологиялық-әдістемелік аспектілері қарастырылмаған [8]. 

Оқу-әдістемелік  әдебиеттердің  көпшілігінде  әлеуметтік-мәдени  анимация  қолданбалы,  әдістемелік 

сипатта ғана берілген.

Әлеуметтік  мәдени  анимациялық  іс-әрекет  әлеуметтік  педагогика  мен  әлеуметтік  психологияның 

әлеуметтік-мәдени іс-әрекет педагогикасы деп аталатын жас саласы болып табылады. Және оны бос уақыт 

педагогикасы деп те атауға болады.

Әлеуметтік мәдени анимация (animation — anim: душа — одушевление, оживление) – қазіргі педагогикалық 

және  психологиялық  технологияларға  негізделген  қоғамдық  топтар  мен  жекелей  индивидтердің  және 

қоршаған  орта  мен  оның  субъектілерін  белсендірудің  (жандандыру)  мәдени-бос  уақыттық  іс-әрекеттің 

ерекше түрі.

Көптеген зерттеулерге сүйене отырып зерттеуші Е.Б.Мамбеков әлеуметтік-мәдени анимацияны әлеуметтік-

мәдени іс-әрекетті ұйымдастырудың ерекше моделі түрінде берілуі мүмкін қоғамның мәдени және тәрбиелік 

жүйесінің бір бөлімі ретінде анықтаған:

-  Үнемі  қарым-қатынаста  болатын  элементтердің  жиынтығы  (мекеме,  мемлекеттік  органдар,  ерікті 

ассоциациялық ұйымдар, аниматорлар, аудитория);

- Жеке тұлғаның мәдени өмірінде, әсіресе бос уақытында көрініс беретін, қызығушылығына жауап беретін 

іс-әрекет түрлері мен қарым-қатынас түрлерінің жиынтығы;

- Басты рөлді арнайы дайындықтан өткен, педагогиканың әдістерін қолдана алатын кәсіптенген немесе өз 

еркімен келген аниматорлар алатын әлеуметтік-педагогикалық жүйе. Осы кең көлемде берілген анықтамада 

анимациялық  іс-әрекеттің  ерекшелігі  мен  ұйымдастырушылық  (кім),  іс-әрекеттік  (не),  әдістемелік  және 

технологиялық (қалай) деңгейлердегі құрылысы да берілген [6]. 

«Анимация»  түсінігі  бір  жағынан  әлеуметтік  мәдени  іс-әрекеттің  нақты  мақсатын  сипаттауға,  нығаю 

сипатын анықтауға, екінші жағынан – педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара қарым-қатынасының ішкі 

аспектісін  нақтылауға  мүмкіндік  береді.  Осыған  байланысты,  қазіргі  психология-педагогика  ғылымында 

көбінекей екінші аспект, яғни қарым-қатынасты сипаттауда қолданылады.



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

396


Әлеуметтік  мәдени  анимация  мәселелерімен  айналысушы  француз  зерттеушісі  Анн-Мари  Гурдон  - 

анимация туралы сөз қозғалғанда ол денеге жан бітіру және тірі емес материяны тірілту емес, ол индивид пен 

әлеуметтік топтардың өзара қарым-қатынасын жандандыру деген ой айтқан. Осыған ұқсас ойды М.Симоно 

әлеуметтік  мәдени  анимацияны  қатысушылар  өз  алдына  тұлғааралық  және  ұжымдық  қарым-қатынаста 

индивидке тікелей әсер ету арқылы мінез-құлқында белгілі өзгерістің болуын мақсат етіп қойған қоғамдық 

өмірдің аймағы ретінде қарастырады [11, 19].

Сонымен,  бос  уақыттық  іс-әрекет  –  адамның  саналы  түрдегі  белсенді  іс-әрекеті,  тұлға  мен  қоршаған 

әлемді тану қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған, жұмыстан бос уақытта жүзеге асырылатын әрекет. 

Шындығында, бос уақыт бір жағынан адамның демалуы мен көңіл көтеруіне қажет уақыт, екінші жағынан 

мәдени-құнды мазмұнға толы уақыт. Бос уақыт тұлғаның өзін-өзі анықтауына, өзін-өзі дамытуына мүмкіндік 

беретін,  шығармашылық  белсенділігін,  қабілетін,  іскерлігі  мен  дағдысын  және  тұлғалық  қасиеттерін 

дамытатын уақыт. Сондай-ақ, балалардың бос уақыты педагогтардың, ата-аналардың қарауынан тыс та уақыт. 

Демек,  бүгінде  де  бос  уақытты  тиімді  ұйымдастыру  жолдарын,  формаларын,  тәсілдерін  әрбір  педагог, 

әрбір бала, әрбір ересек адам білуі тиіс. 

Олай болса, аниматор – балалар мен ересектердің бос уақытын ұйымдастырушы, ұйымдастыра отырып 

индивид пен әлеуметтік топтардың өзара қарым-қатынасын жандандырушы, қоғамдық қозғалысты дамытуға 

және  азаматтардың  әлеуметтік  белсенділігі  мен  салауатты  өмір  салтын  меңгеруге  ықпал  етуші,  яғни 

әлеуметтік-мәдени іс-әрекетпен айналысушы жаңа типті маман. 



Әдебиеттер

1 Воловик А.Ф. Педагогика досуга: учеб./А.Ф.Воловик, В.А.Воловик; Академия педагогических и социальных наук, 

Московский психолого-социальный институт. - М.: Флинта: Московский психолого-социальный институт, 1998. - 240 с.

2 Исаева И.Ю. Досуговая педагогика: учебное пособие. Издательство: Флинта; МПСИ, 2010 г., -195 с.

3 Тарасов Л.В Современное состояние изучения социально-культурной анимации в российской педагогической науке: 

аналитико-библиографический обзор // Педагогика и психология, №6, 2011.

4  Литвинова.  С.Н.  Организация  досуга  детей  и  подростков  (Методическое  пособие  для  педагогов  системы 

дополнительного образования и для родителей). - М., 2000.

5 Педагогика  досуга:  терминологический  словарь / сост. О.Н.Хахлова. – Уфа: Изд-во БГПУ, 2007. – 88с.

6 Мамбеков Е.Б. Организация досуга во Франции: анимационная модель: Автореф. дис. ... канд. пед. наук. СПб., 1992.

7 Жарков А.Д. Теория и технология культурно-досуговой деятельности. - М., 2007, - 480 с.

8 Ярошенко Н.Н. Социально-культурная анимация: Учеб. пособие. - М., 2000

9  Квартальнов  В.А.  Теоретические  основы  становления  и  развития  системы  непрерывного  профессионального 

образования в сфере туристической деятельности: Дис. … д-ра пед. наук. - М., 2000.

10  Шульга  И.И.  Педагогическая  анимация:  развитие  профессионального  образования  организаторов  досуга: 

Монография. - Новосибирск, 2008.

11 Тарасов Л.В. Социокультурная анимация: истоки, традиции, современность.М., 2008.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет