Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет7/102
Дата05.02.2017
өлшемі17,93 Mb.
#3475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   102

References

1 Hoffman C. An Introduction to Bilingualism. – London: Longman, 1991. – 353 p.

2 Haugen Je. Jazykovoj kontakt//Novoe v lingvistike. – Vyp.6. M.: Progress, 1972. – S. 61-80.


№ 3 (112) 2016

33

3 Vajnrajh U. Jazykovye kontakty: Sostojanie i problemy issledovanija. – Kiev: Vishha shkola, 1979. – 263s.



4 Klimov V.V. Jazykovye kontakty //Obshhee jazykoznanie: Formy sushhestvovanija, funkcii, istorija jazyka. – M.: Nauka, 

1970. – 604 s. 

5 Barannikova L.I. Sushhnost’ interferencii i specifika ee pojavlenija//Problemy dvujazychija i mnogojazychija. – M., 1972. 

– 94 s. 


6 Ahunzjanov Je.M. Dvujazychie i leksiko-semanticheskaja interferencija. – Kazan’, 1978. – 188 s. 

7 Mechkovskaja N.B. Jazykovoj kontakt //Obshhee jazykoznanie. – Minsk: Vysh. shkola, 1983. – 456 s. 

8 Karlinskij A.E. Osnovy teorii vzaimodejstvija jazykov. – Alma-Ata: Ғylym. 1990, - 181 s. 

9 Ahmetzhanova Z.K. Foneticheskaja interferencija v russkoj rechi kazahov. – Alma-Ata: Nauka, 1984. – 63s.

10 Reformatskij A.A. O sopostavitel’nom metode //Russkij jazyk v nacional’noj shkole №5. – 1962. – S. 23-33. 

11 Ellis, R. Understanding Second Language Acquisition. – Oxford: Oxford University Press, – 1986. – 336p.

12 Pumpjanskij A.L. Chtenie i perevod anglijskoj nauchnoj i tehnicheskoj literatury. – Minsk, 1968. – 200s.

13 Lekova B. Language interference and methods of its overcoming inforeign language teaching on http://www.uni-sz.bg

14 Vishnevskaja G.M. Bilingvizm i ego aspekty. – Ivanovo, 1997. –100 s.

Интерференция мәселесі лигнвистикалық құбылыс ретінде.

Мақалада  “тілдік  интерференция”  терминінің  шығу  тарихы  мен  оның  шетелдік  және  отандық  тіл  білімінде 

дамуы  сипатталады.  Интерференция  құбылысы  шетел  тілін  оқытудағы  күрделі  мәселе  ретінде  қарастырылады. 

Интерференцияның түрлі деңгейдегі мысалдары және оны жеңу жолдары ұсынылады.

Түйін сөздер: тіл, интерференция, шетел тілі, оқыту.

К вопросу об интерференции как о лингвистическом явлении.

В  статье  выявляется  происхождение    термина  языковая  интерференция  и  его  развитие  в  зарубежной  и 

отечественной  лингвистике.  Явление  интерференция  рассматривается  как  проблематика  в  обучении  иностранному 

языку. Описываются примеры языковой интерференции на разных уровнях и выявляются методы преодоления. 

Ключевые слова: язык, интерференция, иностранный язык, обучение.

Accepted for publication 15.02.2016.

ӘОЖ 316

Н. АЛБЫТОВА 

пед.ғ.к., доцент, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА СТУДЕНТТІ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ

Мақала маман даярлау жүйесінде маңызды болып есептелетін студенттерді әлеуметтендіру мәселесіне арналады.  

Қоғамдағы экономикалық, мәдени, саяси, әлеуметтік жағдайларға орай туындаған әлеуметтендіруге кері ықпал ететін 

факторлар мазмұндалған, студенттерді оңтайлы әлеуметтендірудің жолдары ұсынылады.

Түйін сөздер: әлеуметтену, студенттердің әлеуметтенуі, әлеуметтену үдерісі, әлеуметтену үдерісінің мазмұны.

Мақала маман даярлау жүйесінде маңызды болып есептелетін студенттерді әлеуметтендіру мәселесіне 

арналады.  Қоғамдағы экономикалық, мәдени, саяси, әлеуметтік жағдайларға орай туындаған әлеуметтендіруге 

кері ықпал ететін факторлар мазмұндалған студенттерді оңтайлы әлеуметтендірудің жолдары ұсынылады.

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011  -  2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасында «...жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік 

жауапкершілігін  және  әлеуетін  ашу  тетіктерін  қалыптастыру  жөніндегі  шаралар  кешенін  іске  асыру» 

міндеттері көрсетіліп, олардың  коммуникативтік және кәсіптік құзыреттілігін дамыту белгіленген [1].   

Қоғамдағы экономикалық, мәдени, этносаяси, әлеуметтік және т.б. динамикалық прогрессивті өзгерістер 

Қазақстанның білім беру жүйесін түбегейлі реформалауды талап етеді. Осы орайда білім беру жүйесіндегі 

дәстүрлі білім беруден тұлғаға бағдарланған парадигмаға көшу, бірыңғай европалық білім беру кеңістігіне 

бағдарлану, бәсекелестікке жауап бере алатын мамандар даярлауды негізге алатын стандарттар қолданысқа 

енуде. Осындай ауқымды қайта құрылу үдерісі студенттің тұлғалық сапаларының, әлеуметтік білімінің, мінез-

құлық моделінің, өмірлік ұстанымдарының күрделі өзгерістері оның сәтті әлеуметтене алуына байланысты 

іске асады. 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

34

Бүгінгі таңда бірқатар ғалымдар студенттердің бүгінгі таңдағы әлеуметтену барысын зерттей келе түрлі 



қорытынды жасайды. Мәселен,Д.И.Фельдштейн студенттердің әлеуметтенуіндегі тұрақсыздық, болашағының 

бұлыңғыр болуын, шексіз өзгерістер,біле тұра қажетсіз тәуекелге бел буу, жастар тәрбиесіне позитивті әсер 

ететін әлеуметтендіру институттары жүйесіндегі тоқырау; социумдағы толеранттықтың өрістеуі; құндылық 

әлеміндегі әртүрлі  жағымсыз, төл дүниетанымға жат көзқарастардың орын алуы, заңды және заңсыз, мәнді 

және мәнсіз түрде мәдениеттің коммерциалануы, жастарға батыстың ықпал ету басымдылығын айтады [2]. 

А.А.Савенков болса, олардың өмірсүру стилінде білім алу, маман болу бағыттарының, отбасы мен ұрпақтар 

сабақтастығы  құндылықтарының  алмасуы,  оларды  әлеуметтену  барысында  қажетсінбеу  жағдайының  жиі 

кездесетіндігіне  аса  көңіл  бөлген  [3].Олай  болса,  аталған    жағымсыз  жағдаяттар  студенттің  өзіне  деген 

сенімсіздігін, агрессивтілігін тудыру нәтижесінде оларды әлеуметтік нормалар мен ережелерден алшақтатып, 

әлеуметтенуіне кері әсер етеді. 

Осыған  байланысты  жоғары  оқу  орындарында  әлеуметтік-мәдени  кеңістікте  жағымсыз  жағдаяттардың 

алдын  алу  мақсатында  студенттердің  өзін-өзі  тануына,  өзінің  қоғамдағы  орнын  тауып,  өзін-өзі  реттей 

алуына,  қоршаған  ортамен  құндылық  қарым-қатынастарын  орнатуына  ықпал  ететін  әлеуметтендірудің 

негізгі  көзін  анықтау,әлеуметтену  үдерісінің  мазмұнын  белгілеу,  әлеуметтенудің  оңтайлы  нәтижесінің 

көрсеткіштеріннақтылауды іздестіру көкейкесті мәселеге айналып отыр.

Әлеуметтенудің фундаментальдық тұжырымдарын Г.А.Андреева, И.С.Кон, Л.В.Мардахаев, А.В.Мудрик, 

Д.И.Фельдштейн  және  т.б.  зерттесе,  студенттік  кезеңнің  негізгі  сипаттамасы  ретінде  осы  жастағылардың 

жаңарған әлеуметтік рөлдерді меңгеруін, әртүрлі формада өзіндік «Менін» өзбеттімен дамытуын, әлеуметтік 

тәжірибеде  жетістікке  жетуін  А.И.Донцов,  И.С.Кон,  Х.Ремшмидт,  С.Л.Рубинштейн,  С.Б.Цымбаленко, 

Э.Эриксон  қарастырған.  Сондай-ақ  әлеуметтену  бірқатар  диссертациялық  зерттеу  жұмыстарының 

нысаны  да  болған:  О.А.Ещеркина  (гимназияның  тәрбие  кеңістігінде  жеткіншектерді  әлеуметтендірудің 

ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары); И.И.Митрофанова (жоғары білім беру жүйесінде  студент 

тұлғасының кәсіби әлеуметтену ерекшеліктері); Л.Г.Пак (студенттің субьектілік-дамытушылық әлеуметтенуін 

педагогикалық  қамтамасыз  ету);  Л.И.Шумская  [2;  3;  4;  5]  (студенттің  ЖОО-да  әлеуметтену  үдерісінде 

тұлғалық-кәсіби қалыптасуы) және т.б.

Ғалымдардың  пайымдауларынша,  әлеуметтену  үдерісі  –  социумдағы  ұрпақтардың,  мәдениеттің, 

дәстүрлердің  жалғастығын  қамтамасыз  ететін,  яғни  тұрақтылыққа  қол  жеткізетін  ең  басты  әлеуметтік 

үдерістердің  бірі.  Әлеуметтенуге  деген  қарым-қатынас  барлық  қоғамдық  құрылымның,  материалдық 

және рухани бірліктің байланыс негізі болып табылады. Десек те, әлеуметтену үдерісін «өзімнің ісім» деп 

қарастыруға болмайды, ол кең өрісті саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени факторлардың ықпалында, 

«бәрімен бәрін» деген байланыста болады [6]. Әлеуметтенудің сәтті болуы қоғам үшін ғана емес, жеке тұлға 

үшін  де  маңызды.  Өйткені  әлеуметтік  жүйені  құраушы  әрбір  тұлға  әлеуметтік-мәдени  мұраларды  сақтап, 

келешекке жеткізуге қабілетті жаңа мазмұнға ие бола отырып, сол қоғамға мүше болады.  

Л.М.Куракинаның  зерттеулерінде  әлеуметтенудегі  басты  атрибутивтік  сапа  индивидке  әлеуметтік 

өмірге  өз бетімен араласуға мүмкіндік беретін әлеуметтілік субьектілік және шынайы әлеуметтік өмірдегі 

интернализация болып табылады [7].

Әлеуметтену теориясы тұлғаның қалыптасуындағы мәнді теориялардың бірі де бірегейі екендігін атап 

айту  қажет.  Әлеуметтенудің  көпқырлылығы  оны  зерттеудегі  бірқатар  тұжырымдамалар  мен  тұғырлардың, 

ғылыми-практикалық  идеялардың  мағыналастылығын  байқатады.  Сондықтан  студенттің  әлеуметтенуін 

жан-жақты  ұғыну  үшін  оның  философия,  мәдениеттану,  әлеуметтану,  психология,  педагогика  ғылымдары 

саласындағы  зерттелу  табиғатын  анықтап,  олардың  байланысы  туралы  тұжырымдарды  меңгеру  қажеттігі 

туындайды.  Адамның  білімі  оның  әлеуметтік  дағдылары,  іскерлікті  меңгеруі,  әлеуметтендіру  процесінде 

өтеді. Тұлғаның әлеуметтенуінің белгісі оның іс-әрекетіндегі берік сенімділік десек, ол өз кезегінде рухани 

дербестікке  жол  ашады.  Ә.Нысанбаевтың  пайымдауынша,  “тұлғаны  әлеуметтендіру  процесі  дегеніміз-

бұл  тек  индивидтің  бойындағы  табиғи  қасиеттерді  біртіндеп  анықтап,  қалыптастыру  ғана  емес,  сонымен 

бірге қоғамдық орта, әлеуметтік институттар, қоғамдық ұйымдар мен құқықтық құрылымдар ықпалының 

нәтижесі”,  -  болып  табылады  [8].  Мәдениеттану  ғылымы  саласында  әлеуметтену  адамның  белгілі  бір 

қоғамда  мәдениет  пен  еңбек  субьектісі  ретінде  тұлға  болып  қалыптасуындағы  айрықша  мәдени-тарихи 

үдеріс;  қажетті  әлеуметтік  және  құндылық  сапаларды  меңгерген  субьектіні  қалыптастыруға  бағытталған 

үдеріс;  индивидтің  болмыстың  мәдени  аспектілерін  қабылдау  және  жалғастыру,  қоғамның  әлеуметтік 

мәдениетін, әлеуметтік мәнді құндылықтарын, нормаларын, үлгілерін меңгеру үдерісі деп анықталады. Ал 

әлеуметтену үдерісін зерттеу үшін мәдениеттанушылық білімнің мәні әлеумеметтенудің құндылық тұстарын 

қалыптастыруда индивидтің қоғамда ойлану, сезіну және әрекет етуінде «кеңістік», «уақыт», «субьектілік», 

«өзіндік  идентификация»,  «мәдени  трансмиссия»  дефиницаларын  ой  елегінен  өткізуімен  [9];  әлеуметтену 

үдерісінің  барысын  зерттеумен  («Homo  sapiens»  үшін  жалпы  түрде  индивидтің  мінез-құлық  нормаларын 


№ 3 (112) 2016

35

меңгеру үдерісін) және инкультурациямен (жеке этнос өкілі болып табылатын адамның өз мәдениетіне тән 



дүниетаным  және  мінез-құлықты  меңгеру  нәтижесінде  сол  мәдениетке  сәйкес  келетін,  ал,  басқалардың 

мәдениетінен бөлектеніп тұратын өз мәдениетін тану үдерісі айқындалады [10]. 

Педагогикалық  бағытта  әлеуметтенуді  зерттеу  білім  алушының  социумдағы  өмірінде,  мамандық  алуда 

өзін-өзі  реттеу  қабілеттері  мен  мүмкіндіктерін  дамыту  үшін  мақсатты  ұйымдастырылған  тәрбие  үдерісі 

ретінде қарастырылады; өзін-өзі дамыту, қалыптастыру, әлеуметтендіру, тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеу мен 

даму  үдерісінің  өзара  байланысы  айқындалады;  тәрбиеленушіні  әлеуметтендірудегі  білім  беру  жүйесі 

мекемелерінің  субьектілік  қызметтестігінің  әлеуеттік  мүмкіндіктері  анықталады;  өзгермелі  кезеңде  білім 

беру  субьектілерінің  әдістерді,  формаларды,  технологияларды  қолданып,  тиімді  әрекет  етуін  негіздейді; 

әлеуметтену факторы ретінде қоршаған ортаның мәні зерттеледі. Әлеуметтену- индивидтің әлеуметтік ортамен 

өзара әрекеттесу үдерісі мен нәтижесі, сондай-ақ тұлғаның даму және өзін-өзі дамытуда алдыңғы буынның 

тәжірибесі мен мәдениетін қайта жаңғыртуы [11]; тұлғаның қалыптасуы, оның өмір сүріп отырған қоғамды, 

қоғамдық ортаны, топты сипаттайтын тілдік түсініктерін, әлеуметтік құндылықтар мен тәжірибені (нормалар, 

мінез-құлық үлгілерін), әлеуметтік мәдениетті меңгеру үдерісі [12]; білім алушының өз іс-әрекетінде, мінез-

құлқында өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтауда әлеуметтік құндылықтар кешенін жинақтау жолын реттеп меңгеру, 

көрсете алу үдерісі [4]; тұлғаныңсоциумдағы әлеуметтік нормаларды, бағыт-бағдарды, құндылықтарды және 

қалыпты мінез-құлық формаларын меңгеру үдерісін, сондай-ақ оның қоғамдық бірлестіктерге сәйкес келетін 

жеке жаңарған әлеуметтік нормаларды орнықтыруы [13] ретінде қарастырылады. 

И.И.Митрофанова  әлеуметтену  білім  алушының  тұлғалық  даралық  әлеуетімен,  өзіндік  әрекет  етуімен, 

өзіндік шығармашылығымен анықталады деген ой-тұжырым жасайды [14]. 

Ғылыми зерттеулерде әлеуметтену үдерісі өмір бойы үздіксіз жүреді және жас ерекшеліктеріне сәйкес 

белгілі  бір  кезеңдерге,  стадияларға  бөлінеді:  алғашқы  әлеуметтену  (баланың  әлеуметтенуі),  аралық 

әлеуметтену  (жеткіншектің  әлеуметтенуі),  толықтай  әлеуметтену  (албырт  шақтан  есеюге  өту  кезеңі), 

әлеуметтенуі жетілген даму кезеңіндегі жастар [15]. Алғашқы әлеуметтену дүниеге келген күннен әлеуметтік 

жетілген  тұлға  болып  қалыптасқанға  дейін;  екінші  қайтара  ресоциализация  негізінде  (ересектердің 

әлеуметтенуі) жүзеге асырылады [16]. Осы тұжырмдарға сүйене отырып, студенттік шақты әлеуметтенудің 

аралық кезеңіне, яғни, алғашқы және екінші қайтара әлеуметтену аралығына келетіндігін ескеруіміз керек. 

Білім алушы әлеуметтенудің әр кезеңінде (алғашқы және екінші қайтара) жинақтаған әлеуметтік тәжірибесі 

арқылы жаңа әлеуметтік топта әрекет ету тәсілдерін, әлеуметтік қарым-қатынасты, нақты өмір сүріп жатқан 

ортаның  әлеуметтік  мәдениетін  меңгереді.  Сонда  студенттің  жоғары  оқу  орнында  әлеуметтенуіне  оның 

осы кезеңге дейін әлеуметтену тәжірибесі  негіз болады десек, оның жаңа әлеуметтік ортаға қаншалықты 

сәйкестігін білу маңызды.

Авторлар «студенттің әлеуметтенуі» ұғымының мазмұнын анықтауда төмендегідей тұстарға тоқталады:

- Студенттің әлеуметтенуі – бұл, бір жағынан, алғашқы және екінші әлеуметтендіруші агенттер жағынан 

мақсатты, әлеуметтік бақылауға және басқаруға болатын арнайы әлеуметтендіру институттарының қызмет 

үдерісі болса, екінші жағынан, стихиялы-  басқаруға келмейтін үдеріс (орта, бұқаралық ақпараттық құралдар).

- Студенттің әлеуметтенуі – бұл социумның жинақтаған әлеуметтік тәжірибені жаңа буын студенттерге 

тасымалдайтын  заңды  үдеріс,  олардың  бойында  уақыт  талап  етіп  отырған  әлеуметтік  мәнді  қасиеттердің 

қалыптасуы,    нақты  уақытты  өткенмен  байланыстыратын  және  болашаққа  ұмтылас  жасайтын  таным 

заңдылықтары шеңберінде әлеуметтің мәнін ұғынуы ( жеке туыстық мәннен жаңа әлеуметтік рефлексивті 

мәнге көшу).

Студенттің әлеуметтенуі интериоризация (адамзаттың әлеуметтік-мәдени тәжірибесі, рухани-адамгершілік 

құндылықтары,  бағыт-бағдары,  нормалары,  мінез-құлық  тәсілдері)  деңгейін  және  интраиндивидуальдық 

(тұлғаның белсенді рөлі, субьектілік авторлығы, оның «өз беттілігі», өзін-өзі анықтауы, өзін-өзі дамытуы, 

өзін-өзі жетілдіруі, өзін-өзі іске асыруы) деңгейін қарастырады [14];  

Зерттеу жұмыстарында берілген анықтамалардың мазмұны ғалымдарға «студенттің әлеуметтенуі» ұғымын 

«тұлғаның  жинақталған  әлеуметтік  білімді  меңгеруі,  әлеуметтік  өзара  әрекеттесу  мотивтерін  іске  асыруы 

бойынша жинақталған әлеуметтік тәжірибені көрсетудегі әлеуметтік белсенділігін танытатын көпдеңгейлі 

және динамикалық үдеріс» деп тануға мүмкіндік берді.

Білім алушының әлеуметтенуінің негізгі көзі: білім беру жүйесі, оқыту, тәрбиелеу, отбасылық және де 

басқа  әлеуметтік  институттар  арқылы  мәдениеттің  берілуі;  қарым-қатынас  барысында  адамдардың  өзара 

ықпал  етуі;  заманауи  әрекеттер,  әлеуметтік-мәдени  тәжірибе;  жас  кезеңдеріне  байланысты  жинақталған 

тәжірибе, жеке мінез-құлықты сырттай бақылаудан бірте-бірте өзін-өзі реттеуге ауысатын үдерістер [16].

Студенттің әлеуметтену үдерісінің мазмұны білім алушының әлеуметтік қалыптасуындағы инновациялық 

субьект ретінде белгілі бір әлеуметтік білім, инновациялық іскерлік, әлеуметтік-мәдени құндылық, әлеуметтік 

бағыт-бағдары  шеңберінде  анықталады;  білім  алушының  белсенділік  бағытын  танытудағы  қоғамның 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

36

оптималды  қолдауын  бөліп  көрсетеді;  болашақ  маманның  сәтті  әлеуметтенуіне  ықпал  ететін  обьективті 



факторлар мен жағдаяттарды іске асырудың жолдары мен тәсілдерін белгілейді; әлеуметтендіруші әлеуметтік 

институттардың, кәсіпорындардың, агенттік топтардың негізгі қызметтерін іске асыруын бағдарлайды [17]. 

Әлеуметтенудің оңтайлы нәтижесінің көрсеткіштері болып студенттің ЖОО-дағы когнитивтік (әлеуметтік 

әлем,  өзі  туралы  білімі;  тұлғаларалық  қарым-қатынастағы  проблемаларды  шешу  жолдарынболжай  алуы), 

мотивациялық  (әлеуметтік  өзара  әрекеттесуге  бағыттылығы;  өзін-өзі  іске  асыру  жолдарын  іздестіруде 

бағдарының  болуы),  іс-әрекеттік  (әлеуметке  бағдарланған  қызметке  кірісіп  кетуі,  әлеуметтік  тәжірибесі) 

әлеуметтік белсенділігі саналады. 

Студенттерді әлеуметтендіру жоғары кәсіби білім беру жүйесінде айтарлықтай күрделі үдеріс болғандықтан 

білім  алушылардың  тұлғалық  қалыптасуында  когнитивтік  іскерліктерін  дамытуды  жоспарлауға,  мінез-

құлықтық  және  мотивациялық  өзгерулерін,  қабілеттерін  ашуға  және  білім  алуда  алға  басу  үшін  өзіндік 

«Менін» жетілдіруге, әлеуметтік ортада жаңа уақыт талабына орай тиімді әрекет етуге бағдарланған  мақсатты, 

жүйелі  іс-әрекеттер  технологиясын  дайындау  қажет.  Демек,  мамандар  даярлау  үдерісінде  студенттерді 

әлеуметтендіру  олардың  қатысуымен  университет  (институт),  факультет,  кафедраның  бірлескен  біртұтас 

қызметінде іске асуы қажет деп, оның шешімін іздестірудің бір жолын былайша қарастыруды ұсынамыз:

- жоғары мектептің оқу-тәрбие үдерісінде студенттерге педагогикалық қолдау көрсетуді жолға қою;

- академиялық топтар арасында каучерлік жұмысқа мән беру;

- маман даярлаушы кафедрада білім алушыларға арналған дәстүрлер тұрақтылығын қамтамасыз ету;

-  салауатты  өмір  салтын  қолдау  мақсатында  оқу  орны  жанында  спорт,  би  т.б.  орындарының  болуын 

қамтамасыз ету;

- жеке студенттің, топтың жетістік картасын әрбір семестр, оқу жылы бойынша дайындау;

- Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдерін жетілдіруге және 

орындау үшін ат салысу;

- «Қазақстан студенттерінің Альянсына» араласу;

- волонтерлік қызметке қатысу.

Біз  тақырыбызға  сәйкес  шағын  мақалада  студенттерді  жоғары  оқу  орны  аясында  профессор-

оқытушылардың  назарында  әлеуметтендіруді  ұсынып  отырмыз.  Сонымен  қатар  студенттердің  жастар 

саясатына, студенттер Алянсына, Жасыл ел, патриоттық бағыттағы іс-шараларға, волонтерлік қызметке және 

т.б. араласулары азаматтық міндет деп білеміз.



Әдебиеттер

1 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2010. 

2  Фельдштейн  Д.И.  Психология  развития  человека  как  личности:  Избранные  труды:  в  2  т./Д.  И.  Фельдштейн.-

М.:МПСИ; Воронеж: НПО «МОДЭК», 2005.-Т. 1. -568 с.; Т. 2. - 456 с.

3 Савенков А. А. Социализация студентов средних специальных учебных заведений в социокультурных условиях 

современной России: автореф. дис. … канд. социол. наук/А.А.Савенков. -Курск, 2004. - 22 c. 

4 Мардахаев Л.В. Социальная педагогика / Л.В.Мардахаев. - М.: Омега-Л, 2013. - 416 с.

5 Кон И.С. Ребенок и общество / И.С.Кон. - М.: Академия, 2003. - 336 с.

6 Кубякин Е.О. Особенности воздействия массовой культуры на со- циализацию российской молодежи / Е.О.Кубякин 

// Общество: философия, история, культура. – 2011. – № 1-2. - С. 24-27. 

7 Куракина Л.М. Социализация и духовность: к проблеме взаимосвязи / Л. М. Куракина // Социально-гуманитарные 

знания. -2007. -№ 3. -С. 229-241.

8 Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ой. Ақыл. Адамгершлік. – Білім, 1994.

9 Mead, M. Socialization and enculturation / М. Mead // CA. -1963. - vol. 4. – №12. - P. 184—188.

10 Субботина А.В. Культурологическая концепция человека в теории социализации личности: автореф. дисс. ... канд. 

культурол. наук / А. В. Суб-ботина. - Шуя, 2010. - 185 с. 

11  Белик  А.А.  Культура  и  личность.  Психологическая  антропология.  Этнопсихология.  Психология  религии:  учеб.

пособие/А.А.Белик. -М.: Российск. гос. гуманит. ун-т, 2001. - 378 с. 

12 Шилова М.И. Социализация и воспитание личности школьника в педагогическом процессе: учеб. пособие для студ. 

вузов, обучающихся по пед. специальностям / М. И. Шилова.-2-е изд., переработ. и доп.-Красноярск: КГПУ, 2007 - 218 с.

13  Голованова  Н.Ф.Социализация  и  воспитание  ребенка:  учеб.  пособие  для  студ.  высш.  учеб.  заведений  / 

Н.Ф.Голованова. -СПб.: Речь, 2004. -272 с.

14  Митрофанова  И.И.Особенности  профессиональной  социализации  личности  студента  в  системе  высшего 

образования: автореф. дис. … канд. социол. наук / И. И. Митрофанова. – Хабаровск, 2004.-22 с.

15 Андриенко Е.В. Социальная психология /Е.В.Андриенко. - М.: Академия, 2008.-264 с. 

16 Комаров М.С. Социология / М. С. Комаров. - М.: Аспект-пресс, 2003. - 462 с. 

17  Кононенко  Н.В.  Преодоление  последствий  социальной  депривации  у  подростков  в  условиях  детского  дома: 

результаты эксперимента / Н. В. Кононенко. -Майкоп: Качество, 2009. - 33 с. 



№ 3 (112) 2016

37

References

1 KazakstanRespublikasyndabіlіmberudіdamytudyn 2011 - 2020 zhyldarga arnalganmemlekettіkbagdarlamasy, 2010.

2 Fel’dshtejn D.I. Psihologijarazvitijachelovekakaklichnosti: Izbrannyetrudy: v 2 t./D. I. Fel’dshtejn.-M.:MPSI; Voronezh: 

NPO «MODJeK», 2005.-T. 1.-568 s.; T. 2.-456 s.

3 Savenkov A. A. Socializacijastudentovsrednihspecial’nyhuchebnyhzavedenij v sociokul’turnyhuslovijahsovremennojRos-

sii: avtoref. dis. … kand. sociol. nauk/A.A.Savenkov.-Kursk, 2004.-22 c. 

4 Mardahaev L.V. Social’najapedagogika / L.V.Mardahaev.-M.: Omega-L, 2013.-416 s.

5 Kon I.S. Rebenokiobshhestvo / I.S.Kon.-M.: Akademija, 2003.-336 s.

6 Kubjakin E.O. Osobennostivozdejstvijamassovojkul’turyna so- cializacijurossijskojmolodezhi / E.O.Kubjakin // Obshhest-

vo: filosofija, istorija, kul’tura. – 2011, № 1-2.-S. 24-27. 

7  Kurakina  L.M.  Socializacijaiduhovnost’:  k  problemevzaimosvjazi  /  L.  M.  Kurakina  //  Social’no-gumanitarnye  znanija. 

-2007. -№ 3. -S. 229-241.

8 Nysanbaev Ә., Әbzhanov T. Oj.Aқyl. Adamgershlіk. – Bіlіm, 1994.

9 Mead, M. Socialization and enculturation / M. Mead // CA. -1963. - vol. 4. —No 12. - p. 184—188.

10 Subbotina A.V. Kul’turologicheskajakoncepcijacheloveka v teoriisocializaciilichnosti: avtoref. diss. ... kand.kul’turol.nauk 

/ A. V. Sub- botina.-Shuja, 2010. -185 s. 

11 Belik A.A. Kul’turailichnost’. Psihologicheskajaantropologija.Jetnopsihologija.Psihologijareligii: ucheb. posobie/A.A.Be-

lik.-M.: Rossijsk. gos. gumanit. un-t, 2001. -378 s. 

12 Shilova M.I. Socializacijaivospitanielichnostishkol’nika v pedagogicheskomprocesse: ucheb. posobiedlja stud. vuzov, obu-

chajushhihsjapoped. special’nostjam / M. I. Shilova.-2-e izd.,pererabot. idop.-Krasnojarsk: KGPU, 2007. - 218 s.

13  GolovanovaN.F.Socializacijaivospitanierebenka:  ucheb.  posobiedlja  stud.  vyssh.  ucheb.  zavedenij  /  N.F.Golovanova. 

-SPb.: Rech’, 2004. - 272 s.

14 Mitrofanova I.I. Osobennostiprofessional’nojsocializaciilichnostistudenta v sistemevysshegoobrazovanija: avtoref. dis. … 

kand.sociol. nauk / I. I. Mitrofanova. – Habarovsk, 2004. -22 s.

15 Andrienko E.V. Social’najapsihologija /E.V.Andrienko. -M.: Akademija, 2008. -264 s. 

16 Komarov M.S. Sociologija / M. S. Komarov. -M.: Aspekt-press, 2003. -462 s. 

17 Kononenko N.V. Preodolenieposledstvijsocial’nojdeprivacii u podrostkov v uslovijahdetskogodoma: rezul’tatyjeksperi-

menta / N. V. Kononenko. - Majkop: Kachestvo, 2009. - 33 s. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет