Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет19/102
Дата05.02.2017
өлшемі17,93 Mb.
#3475
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   102

Әдебиеттер

1 ҚР Білім туралы Заңы. 27.07.2007ж.

2 Мередит К. С., Стил Дж. Л., Темпл Ч. Критическое мышление: углубленная методика. Пос. IV // Подготовлено в 

рамках проекта «Чтение и письмо для Критического мышления». – М.: Изд-во «ИОО».− 1997.− 55с.



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

100


3 Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту // Білім-Образование-2006. -№6. 3-4 б.

4 Отарова Н. Сын тұрғысынан ойлау // Биология және салауаттылық негізі. -2006. - № 1. - 21-23 б.

5 Давыдов В.В. О понятии развивающего обучения. – Томск, 1995, 144 с.; Выготский Л.С. Психология. – Москва, 2000.

6 25. www. szh.kz.



References

1 QR Bіlіm turaly Zany. 27.07.2007zh.

2 Meredit K. S., Stil Dzh. L., Templ Ch. Kriticheskoe myshlenie: uglublennaja metodika. Pos. IV // Podgotovleno v ramkah 

proekta «Chtenie i pismo dlja Kriticheskogo myshlenija». – M.: Izd-vo «IOO».− 1997.− 55s.

3 Tashenova A. Syn turgysynan ojlaudy oқu men zhazu arқyly damytu // Bіlіm-Obrazovanie-2006. -№6. 3-4 b.

4 Otarova N. Syn turgysynan ojlau // Biologija zhane salauattylyq negіzі. -2006. - № 1. - 21-23 b.

5 Davydov V.V. O ponjatii razvivajushhego obuchenija. – Tomsk, 1995, 144 s.; Vygotskij L.S. Psihologija. – Moskva, 2000.

6 25. www. szh.kz. 



Р.Н. Бегалиева. Эффективность обучения посредством технологии критического мышления. 

В  статье  рассматривается  эффективность  обучения  по  технологии  критического  мышления.  Представлены 

основные  условия  обучения  критическому  мышлению  и  структурные  формулы.  Объясняется  значение  технологии 

обучения критическому мышлению, который способствует свободному общению учащегося с учителем и учащимися, 

выражать  свои  мысли,  слушать  и  уважать  мнение  других,  искать  пути  решения  актуальных  проблем,  побеждать 

трудности.

Ключевые  слова:  критическое  мышление,  ясно  выражать  свои  мысли,  быстро  принимать  решения,  новые 

взаимоотношения, повышение качество знаний.

Begaliyeva R.N. Efficiency of education through technology of critical thinking.

The article discusses the effectiveness of training in critical thinking technology. The basic conditions of training critical 

thinking  and  structural  formulas.  It  explains  the  importance  of  critical  thinking,  learning  technology,  which  promotes  free 

communication with the student›s teacher and the students to express their thoughts, listen to and respect the opinions of others, 

to seek solutions of urgent problems, to overcome difficulties.

Keywords: critical thinking, clearly express their thoughts, make quick decisions, new relationships, improving the quality 

of knowledge.

Редакцияға 25.02.2016 қабылданды

.

ӘОЖ  37.371



Г.Б. БЕЙСЕНБЕКОВА, Ж.А. КАРМАНОВА, Г.Н. МАНАШОВА

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ. 

ЖЫНЫСТЫҚ  ТӘРБИЕНІҢ  ХАЛЫҚТЫҚ  ТӘРБИЕМЕН  САБАҚТАСТЫҒЫ

Мақалада  жыныстық  тәрбиенің  халықтық  тәрбиемен  сабақтастығы  сөз  болады.  Жыныстық  мәселелерді 

қарастыру жолында халықтық тәрбиенің ұтымды үлгілі өнеге тұстары ашылып көрсетіледі. Халықтық тәрбиенің 

тәлім-тәрбиелік  мәні  сипатталады.  Қоғам  өмірін  ізгілендіру  мен  демократияландыру  жағдайында  балаларды 

жынысына,  жасына  қарай  тәрбиелеу  өзекті  мәселелердің  бірі  болып  отыр.  Сол  себепті  ғасырлар  бойы  халықтың 

жетекші  педагогикалық  құралы  болып  келген,  халықтық  тәрбиенің  құнды  жақтары  суреттеледі.  Сонымен  бірге 

жыныстық тәрбие мен жыныстық білім берудің  негізгі жақтары қарастырылады.

Түйін сөздер: жыныстық тәрбие, тән тазалығы, жыныстық жетілу, жыныстық білім беру.

Бүгінгі  күнде  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  ұлттық  мәдениет  пен  тарихымыздың  дамып,  өркендеуі, 

халқымыздың  рухани  бай  мұрасын  және  салт-дәстүрлерін  қастерлеу  –  еліміздің  дүниежүзілік  өркениетке 

таңылғанынын дәлелі. Осы өркениетті елдер қатарына қосылуға ықпал ететін болмыс – адам. Сондықтан да 

ұрпақ тәрбиесі еш уақытта ертеңгі күнге қалған емес, оның болашағын бір қадам алға салып ұрпақтан-ұрпақа 

жалғасын тапқан халық тәрбиесімен байланыстыра отырып тәрбиелеген. 



№ 3 (112) 2016

101


Жыныстық  тәрбие  –  балалардың  жыныстық  сана-сезімі  мен  тәртібін  қалыптастыруға  жүйелі,  саналы 

жоспарланып  жүзеге  асырылатын  ықпал,  оларды  отбасылық  өмірге  дайындау.  Алайда  «жыныстық  өмір», 

«жыныстық жетілу», «жыныстық ерекшеліктер», «жыныс табиғаты», «жыныс мәдениеті» сияқты ұғымдардың 

мәнін олардың жас мөлшерін ескере отырып түсіндіре білген [1]. Халық бала сезімін, мінез-құлқын туғаннан 

бақылап  отырған,  бағыт-бағдар  беріп,  біреудің  сөзіне  орынсыз  еліктеп,  соқыр  сенімге  беріліп,  абыройдан 

айрылып қалмауын қадағалаған. 

Мінез-құлық пен жыныстық сезімін нақты деректемелер арқылы қалыптастыруды көздеген болатын. Жас 

баланың бойында өтетін физиологиялық  өзгерістеріне зер қойып, жыныс жолдарының жетілуінде сәйкес 

күйзеліске түскен сәттерінде ата-аналық мейрім көрсетіп, сенім артып, олардың адамгершілік қасиеттерінің 

дамуына дұрыс бағыт беруге тырысқан. Жыныстық қатынас пен сүйіспеншілік сезіміне орай ақыл-кеңестерін 

жас балаға абайлап жеткізуді талап еткен.

Жыныстық  тәрбие  мазмұнын  шеберлікпен,  тілдесу  өнері  арқылы  үлкендердің  жеке  басының  өнегелі 

істерін үлгі етумен «ар», «ұят», «намыс» сияқты түсініктерді ұтымды әдіс-тәсілдер арқылы жеткізе білді. 

Мәселен: ар, ождан, тазалығына зор құрметпен қарап, айтылатын ой-пікірді намысқа тимей, тұспал сөзбен 

әдепті түрде жеткізуге мейлінше зейін қоя алды. 

Баланың тән тазалығына үлкен мән берген. Тән тазалығы баланың бесіктегі тәрбиесінен басталады. Ол 

баланың жөргегіндегі түбек пен шөлмек көмегімен жүзеге асты. Оның әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. 

Түбек –  ер бала, шүмек қыз – балаға арналды. 

Халықтың тән тазалығына деген талап жас баланың есейген сайын артып отырған. Мысалы, қыз баланы 

«болашақ ана»  тұрғысынан қарап, оның жыныс мүшелерінің тазалығына ерекше көңіл аударған. Қыз баладан 

үлкендер  мен  ересектер  алдында  өзін  сыпайы  ұстауды,  орынсыз  сөйлемеуді,  тар  киім  кимеуді,  омырауын 

тартып жартып жүруді, аяғын жинақы ұстауды, етегін көтеріп ашпауды және т.б. әдепсіз қылықтардын аулақ 

болуды талап етті.

Жыныстық  тәрбие  беруде  ер  балаға  байланысты  салт-дәстүрдің  бірі  -  5-7  жас  аралығында  жасалатын 

сүндеттеу рәсімі. Сүндеттеу – бала ер жетіп, азамат болды деген мағынаны білдіріп, сүндеттеумен аяқталады. 

Сүндеттеу тек мұсылман болды деген ғана факті емес: ол бәрінен бұрын осы сәттен бастап өздерін лайықты 

әрекеттер күтілетін нағыз жігітше сезіне бастайтын ұл балаларға моральдық-психологиялық тұрғыдан үлкен 

әсер етеді.

Медициналық зерттеу жұмыстары сүндеттеудің мынандай пайдалы жақтарын дәлелдеді: 

-  сүндеттелмегендерге  қарағанда,  сүндеттелген  ерлер  жыныстық  қатерлі  ісікке  (рак)  анағұрлым  аз 

шалдығады; 

- жыныстық жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі сүндеттелмегендерде жоғары болады.

Қыз және ұл баланың жыныстық жетілуі яғни, әр кезең жыныс бездерімен, жыныс белгілерінің дамуымен 

ерекшеленеді. Жыныстық жетілу кезеңдерінде жүйке жүйесінде өзгерістер байқалады. Осы тұрғыда ата-ана 

қыз және ұл баланың жетілуіне көп мән беруі қажет. Жыныстық дамуға сыртқы және ішкі факторларда әсер  

етеді. 


Жыныстық  тәрбиені  жүзеге  асыру  мақсатында  жеті  ата  мәселесін  де  естен  шығармаған  [2].  «Жеті 

атаны білу қаны таза, дені сау ұрпақ жалғасын ескеру» деген қағидаға сүйене отырып, балаларды жеті ата 

шежіресімен таныстырған. Жеті атаға дейін қыз алыспау себебі:

біріншіден,  қандастық,  жақындық  некелескен  ұрпақтың  болмауына,  яки  аз  болуына,  тіпті  оның  азып, 

тәуір қасиеттерден жұрдай болуына да әсерін тигізеді; 

екіншіден, қандас туыстар арасында жыныстық қатынастарға байланысты әдепсіздіктер көбейеді;

үшіншіден, жеті атадан асқан аталастармен қыз алысу арқылы жақындасып, құдандалық қарым-қатынас 

бірлікті ұлғайта береді деп  айтты. Міне, «жеті атасын білген ұл, жеті ру елдің қамын ойлайды» деп, оларға 

руын, ататегін үйретіп келеміз. Ағайын туысты, нағашы жұртты, алыс жақынды ел жұртты білдіруге ерекше 

көніл аударты.

Ұлы Абай ілімінде де қыздың өз арын таза сақтауын қадалағанын көреміз,  яғни «Сүйдім, күйдім» деп 

жалған сөзбен арудың ақ жүрегін алдаусырататын  екі жүзді жігіттерден бойын сақ ұстағанды қажет еткенің 

мына өлең шумақтарынан көруге болады [3]:

Құйрығы шаян, беті адам,

Байқамай сенбе құрбыға.

Жылмаңы сыртта, іші арам,

Кез болар қайда сорлыға - деді.

Дегенмен де ұрпақ тәрбиесі мақал-мәтелдерде елеулі орын алған: «Анасыз қыз ақылға жарымас, әкесіз 

ұл сыйға жарымас», «Тегіне қарап қызын ал, соғуына қарап ас», «Ата-ананың қызынан ғапыл қалма» т.б. 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

102


Қызға деген құрмет белгісі ретінде: «Қыз - жат жұрттық», «Қыз - халықтың гүлі, өлең-сауықтың гүлі», «Қыз 

- қонақ» т.б. Сонымен қатар қыздардың мінез-құлқына және сырт келбетіне орай айтылған: «Алтын жүген 

кигізсең де. Тұлпар болмас қара есек, Қамқадан тон жапқаныңмен, Ханым болмас қара күң», «Қыз қылығымен 

сүйкімді, ұл-әдебімен сүйкімді», «Қызым үйде, көзі түзде», «Арсыздан айуан артық» т.б. іс-әрекетіне қарай: 

«Ерте тұрған әйелдің бір ісі бар, Ерте тұрған еркектің ырысы бар», «Қыздың тамағы қылдай». Оқу-тәрбие 

үдерісінде  мұндай  мақал-мәтелдерді  жиі  қолдану  мүмкіндігі  бола  бермейді,  әйтседе  мұндай  інжу-маржан 

сөздерді отбасы ошақ басынан бастап бала тәрбиесіне сабақтастыру тиімді болмақ.

Дәлірек келгенде қазақ халқы қыздарын ерекше құрметтейді, әрі «қызға қырық үйден тыйым» деп қыздарды 

есейген сайын  олардың жүріс-тұрысы мен әс қимылдарын қатаң қадағалап, тәжірибесіз, албырт кездерінде 

бір  сәттік  лап  етпе  сезімге  бой  ұрып,  бірер  оғаш  іске  ұрынып  қалуынан  алдын  ала  сақтанып,  бойжеткен 

қыз баланың ар абыройы таза күйінде құтты орнына  қондыруды ата-аналық парызымыз деп түсінген. Қыз 

балалардың некеленбей тұрып жыныстық қатынас жасауы, ата анасының ризалығынсыз күйеуге еріп қашып 

кетуі, ақ некелі күйеуінің көзіне шөп салу сияқтылардың жиренішті жаман қылық екендігін жүйелі түрде 

ұғындырып отырған, тіптен қыздардың жөнсіз қыдыруына, жалғыз жарым жолаушы жүруіне жол бермейді, 

сонымен қатар «Қызды жеңге, жеңгені теңге бұзады» деп бойжеткен қыздарды жеңгелеріне орынсыз ертіп 

жібермеген [4]. Міне, қыз бала тәрбиесіне ата-ананың бей-жай қарамағанын аңғаруға болады.

Жыныс мәселесі адам өмірінде маңызды орын алады. Жыныстық адам өзгерісі дифференциациясының 

алғашқы  факторының  негізін  қалаушы  болып  саналады.  Сондықтан  дәл  осы  адам  ағзасының 

психофизиологиялық  қызметі  анықталады,  мұнда  ерлер  мен  әйелдерді  әлеуметтік  рөлдерін  анықтауға 

болмайтынын дұрыс түсінуіміз керек.

Ер мен әйел ағзасының ішкі мүшелерінің құрылымын нақты өзгешіліктерін, айырмашылықтарын айтқанда 

яғни ол ми, жоғары жүйке жүйесі, сырт пішіні мен ішкі қасиеттерімен ерекшеленеді.

Психикалық қасиеттердің ерекшеліктері, темпераменті, ойлауы және санасы әлеуметтік фактор ретінде 

ерлер мен әйелдердің ағзасымен, миының құрылымымен биологиялық өзгешеліктеріне негізделген.

Жыныстық  тәрбиені  сөз  қылғанда  сезім  тәрбиесін  қарастыруымызда  орынды.  Француз  ғалымы  Анри 

Бергсон пікірінше: тіршілік тылысымын, тек түйсік (инстинкт) қана таба алады, бірақ ол оны ешуақытта іздеп 

жатпайды. Осындай шынайы ғылыми негіздерге дес бермейтіндер ғана, жыныс қатынасындағы имандылық 

пен ізгілікті бұзбаудың орнына, қайта бар болмысын ашық жариялап көрсеткісі келеді. Баланың кәмілеттік 

жасқа келгенінде ғана оларға  ішкі сезіммен көркейтетін сүйіспеншіліктің ләзатты, әлдеқайда бай да, бақытты 

сәттерге бөлейтінін түсіндірген жөн. Әйтеуір, қалай  болғанда да жыныстық тәрбие ұрпақ тәрбиесінің ішінде 

қамтылуы  керек  екеніне  мегзейді.  Мәселен,  халық  тәрбиесінде  ұлды  тәрбиелеуде  –  әке  тәрбиесі,  жезде 

мен жеңге тәрбиесі, аға тәрбиесі, құрбыластарының тәрбиесі орын алса, ал қыз баланы тәрбиелеуде шеше 

тәрбиесі, апа тәрбиесі, жеңге тәрбиесі, құрбыластарының тәрбиесі, ене тәрбиесі болып жіктеледі. Мұндай әр 

тәрбиенің  өзінен әдептен озбауды қатты қадағалауға бағытталғандығын көреміз.

Халық тәрбиесінде – әдеп, ізгілік, үлкенді тыңдау сияқты «адамның күні адаммен» дейтін қағиданы басты 

нысана етеді. Сөйтіп баланың өзімшілдік пен өзім білемнің бас көтермеуіне пәрменді ықпал жасайтынын 

байқаймыз. 

Жыныстық  тәрбие  беру  мәселесін  зерттеген  ғалымдар  Д.В.  Колесов  және  Н.Б.  Сильверова,  олар  бұл 

мәселені жүйелі түрде қарастыруға тырысып жастарға тәрбие беру жолдарын көрсеткен. Біріншіден, жастарға 

нағыз  ер  азамат,  нағыз  әйел  қандай  болуы  керек  екенін  ұғындыру;  екіншіден  жыныстық  тәрбие  туралы 

сауаттылығын көтеру, үшіншіден, жыныстық тәрбие мәдениет жетілдіру қажет деп есептеген. Жыныстық 

тәрбие беруді 11-12 жастан бастау керек екендігін ескертіп, жасөспірім шақта аяқталуы тиіс.

Сондай-ақ жыныстық тәрбие мәселесін зерттеуге қазақстандық ғалымдар да өз үлестерін қосты. Соның 

ішінде Қарақұлов И. жыныстық жетілудің адамгершілік тәрбиесінің сан алуан саласымен байланысын және 

де Ғаббасов С. жыныс қатынастарының негіздерін сөз етсе, Жантекеева З.Ө. жыныстық тәрбиені ұл мен қыз 

баланың гигиеналық, физиологиялық және жас еркешеліктеріне қарай  әртүрлі кезеңдерге бөліп қарастыру 

керек деп көрсетті [5].

Қорыта  келгенде  бұл  мәселе  Қазақстан  Республикасындағы  адамгершiлiк-жыныстық  тәрбие  жөнiндегi 

тұжырымдамасында төмендегідей бағыттарын ұсынды: 

- сезiмге және өзара қарым-қатынасқа байланысты естiгендерiн талқылау кезiнде өзiне сенiмдi болуға; 

- жыныстық жетiлу кезеңiне дайын болуға; 

- зорлық қатерi төнген кезде үлкендердiң көмегi мен қолдауын сұрауға дайын болуға;

-  балалардың  шешiмдерiн,  пайымдауларын  және  мiнез-құлқын  айқындайтын  оң  құндылықтар  мен 

моральдық шеңберлер қалыптастыруға тиiстi.

Осы ұсыныстарды жүзеге асыру отбасы мен білім беру саласының міндеті. Жыныстық білім беру жыныстық 


№ 3 (112) 2016

103


тәрбиенің  құрамдас  бөлігі.  Ол  жыныстардың  айырмашылығы,  жыныс  физиологиясы  мен  психологиясы, 

психосексуалды  процестер  мен  қатынастар  туралы  білім.  Әрине,  әдепті,  арлы  қыздар  адамгершілік  пен 

ар ұятты бәрінен жоғары қойса, осы кездегі болып жатқан келенсіз жәйттер орын аламас еді. Бұл тәрбие 

ұрпақтарды  моралды,  әдепті,  ибалы  болуға  баулиды  және  де  тексіздік,  көргенсіздік  сияқты  қасиеттерден 

бойын аулақ ұстауға бағыттайды.

Әдебиеттер

1 Ұзақбаева С. Қазақ халық педагогикасы. Алматы: Глобус, 2013.- Б.94-103

2 Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. Алматы. 1996.-Б.128-129

3 Калиев С. Қазақ этнопедагогикасынан теориялық негіздері мен тарихы. Алматы: Білім, 2003.- 117б.

4 Кожахметова К.Ж. Ұлт тағдыры мен қыз бала тәрбиесі – біртұтас. Этнопедагогика. №1. 2005.- 68б.

5 Аманжолова А.А. Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік- жыныстық тәрбиесінде қазақ этнопедагогикасы 

материалдарын пайдалануға мұғалімдерді даярлау. автореф. п.ғ.к.- Қарағанды, 2000. 

References

1 Uzakbaeva C. Kazak halyk pedagogikasy. Almaty: Globus, 2013.- B.94-103

2 Argynbaev Kh. Kazak otbasy. Almaty. 1996.-B.128-129

3 Kaliev S. Kazak etnopedagogikasynan teoriyalyk negyzderi men tarihy. Almaty: Bilim, 2003.- 117p.

4 Kozhahmetova K.Zh. Ult tagdyry men kyz bala tarbiesy – birtutas. Etnopedagogika. №1. 2005.- 68p.

5  Amanzholov  A.A  Bastauysh  synyp  okushylarinin  adamgershilik-zhynystyk  tarbiesynde  kazak  etnopedagogikasy 

materialdaryn paidalanuga mugalimderdi dayarlau. Avtoreferat p.g.k. - Karaganda, 2000. 

Г.Б.  Бейсенбекова,  Ж.А.  Карманова,  Г.Н.  Манашова.  Карагандинский  государственный  университет  им. 

Е.А.Букетова. г.Караганда. Преемственность полового воспитания и народного воспитания.

В статье говорится о преемственности полового воспитания и народного воспитания. Выявляются вопросы полового 

воспитания    через  раскрытие  особенностей  народного  воспитания.  Именно  характеризуется  сущность  народного 

воспитания  в  педагогике.  В  условиях  гуманизации  и  демократизации  общественной  жизни  необходимо  учитывать 

возрастные  и  половые  особенности  детей.  Поэтому  на  протяжении  веков  описаны  стороны  ценностей  народного 

воспитания  как  ведущие  педагогические  способы.  Таким  образом,  рассматриваются  основы  полового  воспитания  и 

полового образования.

Ключевые слова: половое воспитание, присущая чистота,  полового созревания, половое образование.

Karmanova Zh.A., Beisenbekova G.B., Manashova G.N. Karaganda state. University named. E.A.Buketov. Succession 

of sexual education and national educationt.

The article deals with succession of sexual education and national education. Questions of sexual education are revealed 

through disclosure of features of national education. The essence of national education in pedagogics is characterized. In the 

conditions of a humanization and democratization of public life it is necessary to consider age and sexual features of children. 

That’s why during centuries sides of national education values are defined as leading pedagogical ways. So, basics of sexual 

education are revealed in the article.

Key words: sexual education, inherent purity, puberty, sexual education 

Редакцияға 25.02.2016 қабылданды.



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

104


ӘОЖ 37:173(574)

Ә.Е. БОТАБАЕВА 

пед.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.

ЭТНОПЕДАГОГИКАДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Мақалада  отбасы  тәрбиесінің  адам  өмірінде  қажетті  атқаратын  қызметтері  (репродуктивті,  тәрбиелілік, 

тұрмыстық-экономикалық,  әлеуметтендіру,  психотерапиялық)  туралы  айтылған.  Қазіргі  кезде  отбасылық 

құндылықтың  өзгеруінің  басты  себебі  қазақ  этнопедагогикасы  дәстүрлерін  жоғалта  бастағанымызға  байланысты 

екендігін көрсетіп және оның алдын алу іс-шараларын жүйелеп негіздеген.

Түйін  сөздер:  отбасы,  отбасылық  құндылықтар,  этнопедагогика,  ата-ана,  ұл,  қыз,  бала,  тәрбие,  адамгершелік 

тәрбие, мейірімділік.

Отбасылық құндылықтар мәселесіне қазақ халқы ерекше мән берген. «Үйлену оңай үй болу қиын» деп 

жас отбасыларына ақыл-кеңестерін беріп отырған. Отбасының ұйытқысы деп, қыз тәрбиесіне қатаң қараған. 

Әр  елдің  өміріндегі  шешуші  кілт  қыздарға  берілетін  тәлім-тәрбие  арқылы  өлшенеді.  Біздің  халқымызда 

қызды  әдеміліктің,  әдептіліктің,  жан-жақты  сұлулықтың  символы  ретінде  қолданады.  Адамдардың  бір-

біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды. «Тәрбие түзелмей, ел көсегесі көгермейді, отбасы 

түзелмей,  болашақ  түзелмейді».  «Бесігінде  жақсы  тәрбие  алған,  үлгі-өнеге  көрген  бала  болашақта  да  сол 

әдебін  сақтамақ»  дегедей  салиқалы  ойларын  айтқан.  Әдепті,  инабатты,  адамгершілігі  мол,  сыпайы  ұрпақ 



тәрбиелеу – ата-ананың негізгі міндеті. 

«Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» 

деп Абай атамыз айтпақшы, адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы осы отбасынан басталады. Отбасы 

–  адам баласының  алтын  діңгегі.  Себебі,  адам ең  алғаш  шыр  етіп  дүниеге  келген  сәтінен  бастап,  осында 

тәрбие алып, қалыптасады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті шағын мемлекеті.

Отбасы тәрбиесі адам өміріне қажетті негізгі қызметтерді атқарады: 

1. Репродуктивті қызметі – баланың туылуы. Латын тілінен аударғанда «қайтадан жаңарту, көбейту» деген 

мағынаны білдіреді. Отбасына байланысты қарастырсақ, бұл адамзаттың ұрпағын көбейту, оларды бағып-

қағып жетілдіру деген сөз. 

2. Тәрбиелілік қызметі – отбасының әрбір мүшесінің жеке тұлға  болып қалыптасуына тәрбиелік жағдай 

жасауы.  Баланы  отбасында  тәрбиелеу  –  әлеуметтік-педагогикалық  ең  мағыналы  құрамдас  бөлігі.  Ата-ана 

баланың іс-әрекетін болашаққа бағыттап, келешегін ойлап, оқытып, денсаулығын қадағалап өсіреді. Кейде 

баласына дұрыс тәрбие бере алмайтын ата-аналар да кездеседі. 

3.  Тұрмыстық-экономикалық  қызметі  –  жалпы  тұрмысты,  бюджетті  басқару.  Ерте  заманнан-ақ  отбасы 

адамның  тұрмыс-тіршілік  мекені  болып  келеді. Егіншілік, мал-шаруашылығы, аңшылық, қол  өнерімен  

шұғылдану – отбасының басты тірегі. Сондай-ақ қазіргі жағдайда әрбір жас отбасы өз бетінше күн көріп, 

ешкімге  бағынышты  болмауға  ұмтылады.  Әрине,  бұл  отбасының  тұрмыстық-экономикалық  қызметін 

белгілейді. 

4. Әлеуметтендіру қызметі – әр түрлі қоғамдық құбылыстарды біліп, соған бейімделіп өмір сүру, оқып, 

білім алу, кәсіп таңдау, мамандыққа ие болу сияқты әлеуметтенудің басты мақсатын меңгерту. Бала отбасында 

қоғамдық  өміріне  қажетті  қасиеттерді,  қарым-қатынасқа  ену  тәсілдерін,  әр  түрлі  байланыстар  орнату 

жолдарын іздестіреді. Сондай-ақ, әлеуметтік жүріс-тұрыс ережелерін, қоғамдық  қарым-қатынас  нормаларын  

сақтау  мен  қоғамда өмір сүруіне бейімдеу, ұлттық  әдет-ғұрыптарды  мәдениетті  танып-білу және меңгеру, 

әлеуметтік тұлға болып қалыптасуына отбасы жағдай жасау керек. 

5. Психотерапиялық қызметі. Бұл баланың үйде өзін емін-еркін де қолайлы сезініп, ата-анасының қасында 

жеке басына зиян  келтіретін барлық жат көріністерден қорғалып «отбасы – менің панам» жанымен түйсіну 

қызметі. Бала үшін отбасы мықты сүйеніш, әр түрлі сыртқы күштердің теріс ықпалынан сақтайтын қорған, 

ақыл-кеңес беретін, басына түскен қиыншылықтарды бірге көтеріп, одан шығарып алатын жәрдемшісі дегенді 

білдіреді. Отбасы бала үшін оқудан не жұмыстан соң үйіне келіп дем алып, ата-анасымен, бауырларымен 

бірге уақыт өткізіп, ертеңгі күнге даярланып, күш-жігер жинайтын жылулық мекені болуы керек [1. 86-87].

Отбасында  бала  тәрбиелеу  дәстүрлері  туралы  ойлар  Қорқыт,  әл-Фараби,  Ж.Баласағұн,  М.Қашқари, 

Қ.А.Ясауи және т.б. ғұламалар еңбектерінен  бастау алып, қазақтың ақын- жыраулары Шалкиіз, Ақтамберді, 

Асан Қайғы мен Бұқар жырау, Сүйінбай жырларында, қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, 


№ 3 (112) 2016

105


А.Құнанбаев  еңбектерiнде,  ХХ  ғасырдың  20-30  жылдарындағы  қазақ  зиялылары  Ш.Құдайбердиев, 

М.Әуезов, М.Жұмабаев, С.Көбеев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов және т.б. еңбектерiнде жалғасын тапқан. 

Қазақстандағы  отбасылық  тәрбие  мен  құндылықтар,  қазақ    қыздарының  тәрбиесi  мен  оларға  бiлiм  беру 

мәселелерiн тарихи - педагогикалық тұрғыдан қарастырып зерттеген ғалымдар К.Құнантаева, Ш.Жалғасова, 

А.Дайрабаева, Ж.Сарыбекова, т.б. болды.

Қазіргі  кезде  отбасылық  құндылықтарға  деген  көзқарастың  әлсіреуінен,  статистикалық  мәліметтерге 

сүйенсек, жылына жас отбасылардың 30 %-ы ажырасуда. «Жастар үшін ажырасу тығырықтан шығар жол 

болып есептеледі». Жастардың көпшілігі отбасылық өмірді жақсы өтізілетін үйлену тойымен ғана елестеді, 

бірінші отбасылық қиындық пайда болғанда, ажырасуға асығады, яғни жастарымыз отбасылық өмірге дайын 

емес. Отбасылық құндылықтарға мән бермейді, әрбір жас өзінің «Менін» бірінші орынға қояды. Осы ажырасу 

салдарынан  қазіргі  кезде  қоғамымызда  жалғыз  басты  аналар  мен  жетімдер  өте  көп.  Ал  қазақ  халқының 

тарихында жесір әйелдер мен жетімдер болған, бірақ оларға қолдау көрсетіліп отырған. Біздің қазақ халқы 

жесірі мен жетімін басқа елге жібермей, өз ішінде қамқорлықтарына алатын болған, яғни әмеңгерлік дәстүр 

қалыптасқан. Әмеңгерлік - күйеуі өліп, жесір қалған әйелдің қайынағасына немесе қайынінісіне, не болмаса 

жұбайының ең жақын туыстарының біріне тұрмысқа шығуы, некелесуі. Бұл қазақ қоғамында ерте заманнан 

«аға өлсе, жеңге - мұра, іні өлсе, келін - мұра», «әйел ерден кетсе де, елден кетпейді» деген қағидаға айналып, 

әдеттік заң нормасы ретінде қалыптасқан [2]. Cондықтанда қазақ жерінде «Жетімдер үйі», «Аналар үйі» және 

«Қарттар үйлері» болған емес. Ұлы Отан соғыс жылдары кезінде қазақ халқы, бас сауғалап келген, басқа 

халық өкілдеріне де пана болған. 

Отбасылық құндылықтардың төмендеуінен елімізде «Жетімдер үйі», «Аналар үйі» және «Қарттар үйлері» 

көптеп ашылды. Әрине, бұл үйлер әлеуметтік тұрғыдан халыққа қолдау көрсету болғанымен, қазақ жерінде 

мұндай көмек беру орындары өткен ғасырдың басында болған ба? Отбасылық құндылықтардың әлсіреуінен 

қоғамда  келеңсіз,  оқыс  оқиғалардың  саны  артты.  Бұл  туралы  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты 

Қазақстан халқына Жолдауында: «Жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана 

мен баланы қорғауды жариялаймын. Мемлекет үшін және менің жеке өзім үшін де ананы қорғау – ерекше 

мәселе. Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге 

тікелей байланысты. Ең алдымен, біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Олар – болашақ 

жар, болашақ ана, шаңырақтың шырақшылары. Бейбіт өмірдің өзінде бізде мыңдаған жетімдер бар – балалар 

үйлері толы. Бұл, өкінішке қарай, жалпы әлемдік үрдіс және жаһанданудың сынағы. Бірақ біз бұл үрдіспен 

күресуіміз  керек.  Мемлекетіміз  бен  қоғамымыз  жетімдерді  асырап  алуды  және  отбасы  типіндегі  балалар 

үйлері салынуын көтермелеуі қажет.

Ерлердің  әйелдер  мен  балаларға  мүлдем  жауапсыз  көзқарас  танытқан  оқиғаларының  саны  өсуде.  Бұл 

біздің дәстүрімізге, мәдениетімізге тіптен жат. Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және 

олар құқықсыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын. 

Біздің топырағымызда туған кез келген сәби – қазақстандық. Және мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс.



Мен  ажырасуға  қарсымын,  жастарды  отбасы  құндылығы,  ажырасудың  қасірет  екендігі  рухында 

тәрбиелеу керек, өйткені, оның салдарынан, ең алдымен, балалар зардап шегеді. «Әкесі қой баға білмегеннің 

баласы қозы баға білмейді». Бала тәрбиесі – тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де міндеті. Ал болған 

іс  болған  екен,  онда  әке  алимент  төлеуге  тиіс.  Мемлекет  жалғызбасты  аналарды  қолдауы  және  алимент 

төлемегені үшін жазаны күшейтуі керек. Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге 

осылай  қарап,  балаларымызға  жақсы  білім  беруге  ұмтылуымыз  керек.  «Бар  жақсылық  балаларға»  ұраны 

барлық ата-ана үшін қағидаға айналуы қажет.

Үкіметке:

- ана мен баланы қорғау, сондай-ақ, отбасы және неке саласында заңнаманы түбегейлі қайта қарауды;

- ана мен балаға қарсы бағытталған қылмыс үшін, сондай-ақ, осы саладағы ең ұсақ деген заңбұзушылықтар 

үшін жазаны күшейтуді;

- туу мен көп балалы болуды ынталандыру жүйесін реформалауды – жеңілдетілген салық, медициналық 

және  әлеуметтік  қызмет,  еңбек  нарығында  жаңа  мүмкіндіктер  беру  және  сол  сияқты  материалдық  және 

материалдық емес ынталандыруларды қамтитын шаралар кешенін әзірлеуді;

- елде жыныстық ерекшелігі бойынша кемсітушілікке жол бермеу және іс жүзінде гендерлік теңдік пен 

әйелдерге ерлермен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл орайда мен сөзімді ең бірінші 

жұмыс берушілерге арнаймын» деп отбасындағы жағдайларды көрсете отырып, жалғыз басты аналар туралы 

ерекше  айтып  өтті.  Атап  айтсақ:  «Халқымыз  «Қыздың  жолы  жіңішке»  дегенге  ерекше  мән  беріп  айтады. 

Бойжеткеннің  жолы,  қыздың  жолы  –  қылдай,  оны  үзуге  болмайды.  Бойжеткен,  әйел  заты  әрдайым  біздің 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

106


қоғамның тең құқылы мүшесі, ал ана – оның ең ардақты тұлғасы болды. Біз әйел затына – анаға, жарға, қызға 

деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз.

Біз ананы қорғап-қолдауымыз керек. Мені отбасында әйелдер мен балаларға тұрмыстық зорлық-зомбылық 

көрсету жайттарының көбеюі алаңдатады. Әйелді құрметтемеу деген болмау керек. Бірден айтайын, ондай 

зорлық-зомбылықтың жолы қатаң түрде кесілуі тиіс.

Біздің елімізде толық емес отбасылар көп. Мемлекет баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмектесуі 

керек. Біз әйелдер үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызуымыз 

керек. Заң, мемлекет және мен біздің ханымдарымыздың жағындамыз.

Біз  бұдан  әрі  де  елімізде  әйелдердің  рөлі  артуы  үшін  барлық  жағдайды  жасайтын  боламыз.  Қазіргі 

замандағы қазақстандық әйел қызмет істеуге ұмтылуы керек. Әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару 

ісіне белсене тартқан жөн, әсіресе, жергілікті деңгейдегі өңірлерде. Олардың бизнес ашып, оны жүргізуіне 

де  қолайлы  жағдай  жасаған  абзал»  [3].  Отбасылық  құндылықтардың  төмендеуінен,  ажырасу  мәселесі 

туындайды,  ал  бұл  қазіргі  таңда  өте  өзекті  мәселеге  айналып  отыр.  Қоғамда  болып  жатқан  жағдайларды 

ескере отырып, қазіргі кезде отбасылық құндылықтың өзгеруі төмендегі мәселелерге байланысты болып 



отырғанын байқадық:

- отбасындағы балалардың аз болуы;

- жас отбасылардың көбіне ата-аналарынан бөлек тұруы;

- халықтық педагогика (этнопедагогика) дәстүрін жоғалтып алу;

- отбасының әлеуметтік – экономикалық қиыншылықтары;

- ата-аналардың балаға қарауына уақытының жетіспеуі;

- мейірімділік және адамгершілік құндылықтардың әлсіреуі.

- ерлер мен әйелдер арасындағы әлеуметтік теңсіздік, яғни ата-аналардың сәйкес білімі, қызметі, тәрбиесі 

және дағдыларының болмауынан, отбасында екі түрлі пікір мен көзқарастар туындап, ортақ шешімге келе 

алмауынан;

- қоғамда жалғыз басты аналардың көбейуі;

- өзімшілдік;

- қоғамымызда жастар арасында алған өктемшілік.

Жоғарыда  келтірілген  мәселелер  қазақ  этнопедагогика  дәстүрлерін  жоғалтып  алуынан  туындап  отыр. 

Этно  -  грек  сөзі,  тайпалар  мен  халықтарды  зерттейтін  қоғамдық  ғылымның  бір  саласы.  Этнопедагогика 

адамды  әлеуметтік  топтың  әдет-ғұрпына,  дәстүр-салтына  бейімделуге,  соның  талабына  сай  өзін  ұқсата 

білуге баулиды, әртүрлі әлеуметтік бірлестіктердің қарым-қатынасының тәлімдік және құндылық маңызын 

зерттейді, адам тәрбиелеудегі ұлттың өркениетті жетістіктерін тұжырымдайды. Этнопедагогика ғылымының 

мақсаты - әрбір халық болмысын, оның өмір сүру тәсілін тұтас қарастыру. Этнопедагогика елдік пен ерлікті, 

еркіндік пен есеюшілікті қалыптастыру, үйлестіру үшін қажет.

Қазақ  этнопедагогикасы  тіл,  дәстүр,  әдет-ғұрып,  рәсімдер  сияқты  этникалық  мәдениет  негізінде 

қалыптасты.  Қазақ  этнопедагогикасының  нысаны  –  ұлттық  мектеп,  отбасы,  ұлттық  педагогикалық 

болмыс. Қазақ этнопедагогикасы қазақ этникалық тәрбиесін зерттейді [4. 4]. Қазіргі таңда әлеуметтік орта, 

шаруашылық қазақтардың мінезіне, сана-сезімдеріне әсер етті де олар дүниені басқаша қабылдады. Өмірдегі 

құндылықтары  өзгерді,  отбасылық  құндылықтан  көрі,  материалдық  құндылықтар  алға  шықты.  Қоғамда 

адамдардың құндылық бағдарының өзгеруінен келесідей отбасы типтері қалыптасты:



1. Құрылымы бойынша:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет