Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет142/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

84

ӘОЖ 811.512.122 38



Л.Ә. ЕСПЕКОВА

Филол.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры

БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ ТЕҢЕУДІҢ ТАНЫМДЫҚ КЕҢІСТІГІ 

Мақалада батырлар жырындағы  теңеудің стильдік  ерекшеліктері қарастырылады. Теңеу батырлар 

жырына тән  тәсілдердің бірі болып табылады. Теңеулердің семантикасы қазақ халқының  дүниетанымын 

танытады. Мақалада батырлар жырындағы теңеудің бірнеше семантикалық топтары анықталды.

Түйін сөздер: батырлар жыры, теңеу, таным, халық ауыз әдебиеті, семантикалық топтар.

Халық  ауыз  әдебиеті  бұл  біздің  қазіргі  әдеби  тіліміздің  негізгі  арналарының  бірі  болып 

табылады.  Оның ішінде батырлар жырының  орны ерекше. «...жалпы  қазақ әдебиеті дүниесінде 

эпос – өте қомақты жанр. Оның тілінің әдеби тілге, қазақтың ескі жазба  әдеби тіліне, тіпті осы 

күнгі жазба әдеби тіліне қайнар көз  болудағы орны  айрықша»

 [1; 34].

Халықтың батырлар жырындағы стильдік мақсатта қолданылған бейнелеу құралдары әділдік, 

мейірімділік, ерлік, жақсылық, өмір үшін күрес секілді рухани құндылықтарды дәріптейді. 

Батырлар  жырының  көркемдік  ерекшілігі  ондағы  образдар  жүйесі  арқылы,  олардың 

экспрессивті-эмоциональды сипатымен танылатыны белгілі. Сондай  бейнелеу құралдарының бірі 

–теңеу.  Теңеуді батырлар жырының  стильдік ерекшелігі ретінде  атап көрсетуге болады. М.Фуко 

теңеуді «самый универсальный, самый очевидный, но вместе с тем и самый скрытый, подлежащий 

выявлению элемент, определяющий форму познания... и гарантирующий богатство его содержания» 

деген болатын 

[2; 66].

Жырдағы теңеулердің көпшілігі халықтың өмірімен және тұрмыстық заттармен байланысты 

этно-тұрмыстық сипатта кездеседі. Батырлар жырындағы теңеулердің дені  -дай, -дей, -тай, -тей 

жұрнақтары арқылы жасалған. Онда  қарапайым теңеулермен қатар  көркем образды теңеулердің 

көп кездесуі әрі олардың құрылымдық жағынан күрделілігі байқалады. 

Жырлардағы теңеулерді  стильдік, функционалдық және құрылымдық ерекшеліктеріне қарай 

бірнеше топқа бөліп  қарастыруға болады:

1/ дәстүрлі  теңеулер, теңеудің бұл тобы бірнеше жырда қайталанып кездеседі. Батырлар жыры 

ауызша тараған дүние болғандықтан, белгілі бір теңеулердің  бірнеше жырда қатар кездесуі халық 

ауыз  әдебиеті  үшін  қалыпты  болып  табылады.  Мысалы:  «Омырауын  көрсең  есіктей»  жолдары 

«Алпамыс батыр», «Қарасай-Қази» жырында  да кездеседі; «Омырауыңа болайын, Еділден шыққан 

аңғардай!» жолдары «Қарасай-Қази» жырында  да, «Ер Тарғын» жырында да ұшырасады;

2/  көркем  образды  түйдектелген  немесе  күрделенген  теңеулер.  Батырлар  жырында  образды 

түйдектелген теңеулер көбіне кейіпкердің бейнесін не оның тұлпарын суреттеуде жиі ұшырасады.  

Мысалы, «Алпамыс батыр» жырында Байшұбарды суреттеуде:

Омырауын көрсең есіктей,

Мойын еті бесіктей,

Талдап өрген жібектей.

Кекілі сұлу Байшұбар –

Базардағы мақпалдай.

Сымбаты сұлу жануар

Ойға тіккен ордадай.

Сауырыны сұлу жануар

Молда қиған қаламдай.

Құлағы сұлу жануар

Орыстан келген легендей.

Тұяғы сұлу жануар

Жалтыраған қояндай.

Немесе:«Қарасай-Қази» жырындаТайқара атты бейнелеуде:



Танауыңа болайын,

Түбi түскен шелектей.

Құйрықжалға болайын,       


№ 3 (106) 2015

85

Бұхардағы жiбектей.



Екi көзiң шолпан жұлдыздай,

Түгiң қара құндыздай.

Омырауың есiктей,

Ойынды етiң бесiктей.

Белдемеңе болайын,

Қайырда жатқан сазандай.

Сауырыңа болайын,

Төңкерген қара қазандай.

Омырауыңа болайын,

Едiлден шыққан аңғардай.

Тұяғыңа болайын,

Ұсталар соққан сандалдай.

Жүрiсiңе болайын,

Қыз жанаған бойдақтай.

Келбетiңе қарасам, 

Төрт қырлап жонған қайрақтай.

Жарауыңа болайын,

Үлектен туған тайлақтай.

«Ер Тарғын» жырындаТарлан атты  суреттеуде



Омыртқаң бар отаудай

Жаурыныңа қарасам,

Сыпыра шапқан тақтадай.

Құйрығыңа болайын, 

Қынаптан шыққан қанжардай!

Жалыңа сенің болайын,

Күлтеленген жібектей!

Шықшытыңа болайын,

Оралып жатқан түбектей!

Құлағыңа болайын,

Көлге біткен құрақтай!

Қабағыңа болайын,

Қара албасты қабақтай!

Бауыздау жеріңе болайын,

Піскен алма сағақтай!

Екі көзіңе болайын,

Қорқыттан жанған шырақтай!

Танауыңа болайын,

Тығынын алған шелектей!

Бауыздау жеріңе болайын,

Сарттың мақтадан соққан келептей!

Омырауыңа болайын,

Еділден шыққан аңғардай!

3/Метафоралы  теңеулер.  Батырлар  жырындағы  теңеудің  бір  тобын    метафоралы  теңеулер 

құрайды.  Олар  батырлар  жырындағы  кейіпкердің  бейнесін  беруде  айқын  байқалады.  Мысалы, 

«Күркіресем, күндей борадым» («Қарасай, Қази»), «Қарсыласқан дұшпанға, Найзағайдай жасыл-

мын» (Қарасай, Қази) [1].

Жалпы теңеулердің семантикасы қазақ халқының шаруашылық және мәдени өмірімен тығыз 

байланысты. Ол халықтың дүниетанымын танытатын бірден бір құрал болып табылады. Батырлар 

жырындағы теңеулерді халықтың ішкі дүниесінің тілдік көрінісі деп те тануға болады. Теңеулерде 

қазақ халқына тән ұлттық ерекшеліктер де айқын көрінеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет