Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Қази),  «Күндей күркіреген шырақты» (Қарасай, Қази)



Pdf көрінісі
бет145/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Қази),  «Күндей күркіреген шырақты» (Қарасай, Қази),, «Маңдайы күндей балқыған» (Қарасай, 

Қази),, «Көзі судай толқыған» (Қарасай, Қази),,  «Дариядай аққан тұнармын» (Қарасай, Қази),, 

«Күркіресем,  күндей  борадым»  (Қарасай,  Қази),,  «Қарсыласқан  дұшпанға  Найзағайдай  жасыл-

мын»  (Қарасай,  Қази),.  «Екi  көзiң  шолпан  жұлдыздай»  (Қарасай,  Қази),  «Ай  менен  күндей 

қылып» (Қарасай, Қази), «Қоңыр күздей көрмедi» (Қарасай, Қази), «Жауатын қардай түнерген» 

(Қарасай,  Қази),  «Омырауы  даладай»  (Тарғын),  «Қаптаған  қара  борандай»  (Тарғын),  «Көлге 

біткен құрақтай!» (Тарғын), «Көктен құйған тамшыдай» (Тарғын),  «Жазғы да түскен сағымдай» 

(Шора батыр) және т.б. Бұл топтағы теңеулерде  адамды бірле ай мен күнге, бірде найзағайға, бірде  

қара  боранға  не  қарға  теңеу  байқалады.  Халық  қоршаған  ортаның  қыры  мен  сырын  жан-жақты  

танып  білген.  Жырдағы  оқиғаларды    дәлелді  суреттеу  мақсатында  адамның  түрлі  қимылдарын 

ашатын заттарды табиғаттан іздейді. Сол табиғат құбылыстарына теңеу арқылы жырдағы образды 

даралап, ерекшелеп береді. Бұл қазақ халқының дүниетанымы оның өмір сүрген ортасымен тікелей 

байланысты екенін дәлелдей түседі. Сондықтан да жырларда адамды табиғат құбылыстарына  теңеу 

қалыпты болып табылады [1]. 

Теңеудің үшінші тобы адамды металл атауларына теңеу. Мысалы: «Қабырғам жездей қайысқан», 

«Мен  болаттай  сарт-сұрт  сынармын»,  «Қорғасындай  басады»,  «Зәнтекті  қара  көмірдей!»,  «Шар 

темірдей шарланып», «Мыстай болып солыпты» және т.б.  Қазақ халқы ерте кезден  географиялық 

атауларды,  олардың  қасиеттерін  де  жетік  меңгерген.  Халық  өзінің  өмірлік  тәжірибесінен  жер 

қойнауының 

маңызды кен байлықтары болат, темір, мыс, жез, қорғасын құрайтынын жақсы білген

Сол кен байлықтарының ерекше қасиеттерін батырларын суреттеуде пайдаланған.



Жалпы  теңеудің  қай  семантикалық  тобын  қарастырсақ  та,  олардың  қазақ  халқының 

дүинетанымымен  тығыз  байланысты  екенін  көреміз.  Теңеу  танымдық  үрдістің  нәтижесі.  Халық 

қоршаған  ортаның  қыры  мен  сырын  бақылап,  содан  танып  білген,  жинақтаған  тәжірибесі  тілде 

көрініс тапқан.Батырлар жырындағы теңеудің семантикалық топтары жоғарыда берілген үш топпен 

(зоонимдер, табиғат құбылыстары, географиялық атаулар) шектелмейді. Бұл жырлардағы теңеудің 

танымдық кеңістігінің шексіздігін көрсетеді. Оны төменде берілген сызбадан да байқауға болады:

Батырлар жырында қолданылған теңеулердің мынандай ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:

1/ Бір теңеудің бірнеше жырда кездесуі;

2/ Жырларда теңеулердің түйдектеліп қолданылуы;

3/ Теңеулердің  қазақ халқының шаруашылық және мәдени өмірімен тығыз байланыстылығы;

4/ Батырлар жырындағы теңеулер көпфункционалды, образды құрал болып табылады;

5/ Теңеу – батырлар жырының бәріне тән  халықтық сипат алған  тәсіл;

6/ Теңеу – халықтың  ішкі дүниесінің тілдік көрінісі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет