№ 3 (106) 2015
89
интернационалдық құрал, оны бірінің тілін бірі білмейтін адамдар да түсіне алады. Барлық
халықта жұдырық көрсетуді қорқыту деп, қол бұлғауды шақыру деп түсінеді. Сөйленістің вербалды
тәсілдерімен бірге жүретін кинесикалық, проксемикалық, просодикалық амалдар мен қимылдар
лингвистикада бейвербалды қатынастың құрамында болатынын түсіндіреді. Паратілдік құралдар
да дыбыстық сөздер сияқты өте тиімді және ыңғайлы болып есептеледі. Шынында да, адамдар
бірін-бірі белгілі бір дыбыстар арқылы ғана емес, қимылдар арқылы да түсінісе алады [1, 34].
Адам баласына негізінен өз дене қалыбын дұрыс игере алып, айтайын деген хабарын ым-
ишараның көмегі арқылы жеткізе алуы керек. Ғалымдардың пайымдауынша, қарым-қатынаста
берілетін ақпараттың басым бөлігі, атап айтқанда, хабардың 60-80%-ы ым-ишара, бет, қол
қимылдары, көзқарас, интонация, ара-қашықтық тәрізді бейвербалды амалдармен жеткізіледі екен.
Физикалық қасиетіне қарай ым-ишаралар бас және қол қимылдары деп бөлінеді. Әртүрлі
халықтардың қарым-қатынасындағы бейвербалды амалдар бір-бірінен ерекшеленеді. Амандасу,
қоштасу, кездесу кезіндегі құшақтасу, сүйісу, сонымен бірге қол алысу, жымию сынды ым-
ишаралардың да ерекшелігі бар.
Қазақ халқының қарым-қатынасында кездесетін бейвербалды амалдардың да өзге халықтардың
қолданысындағы ым-ишаралардан айырмашылығы мен ұқсас тұстары да кездеседі. Солардың бірі
– бас қимылдары. Бас қимылдары бір дене мүшесі арқылы берілгенімен, жасалуы жағынан әртүрлі.
Сонымен бірге конткестке қарай беретін мағынасы да бір-біріне сәйкеспей жатады. Яғни бір қимыл
екі түрлі мағынада қолданылуы мүмкін. Бұлардың барлығы да бас соматизмі арқылы жасалынады.
Қазақ тілінде бас соматизмі ұйытқы болған бас ию, басын салбырату, басын көтеру және т.б.
фраземалар этикеттік форма ретінде тілде жиі қолданылады. Н.А. Казельская мен Ван Чжицзинь
орыс және қытай тілдеріндегі соматикалық тұрақты сөз тобын зерттеу барысында мынадай нәтижеге
қол жеткізген; екі түрлі тұрақты сөз тобының 86%-ы ұқсас, яғни әмбебап екенін аңғартады, ал
50%-ы айтылуы мен мазмұны жағынан да баламалы түрде беріледі екен. Олардың арасынан басын
шайқау, аузын қисайту, көзін сығырайту, басын изеу т.б. сынды кинемалар ұқсастық тапқан [2, 42].
Енді қазақ тіліндегі дене мүшелерінің қатысуымен бейвербалды амал ретінде қолданылатын
ым-ишараларға нақты мысалдар келтіре кетейік. Солардың бірі бас соматизмі арқылы берілетін
бейвербалды амалдар.
Қарым-қатынасыта көп кездесетін ым-ишаралардың бірі – бас изеу. Бас изеу кинемасы қарым-
қатынаста әртүрлі мағынада қолданылады. Бірінші, амандасуда, екінші, құптауда, келісім білдіруде,
үшінші, қоштасуда, төртіншіден, танысу барысында, сонымен қатар алғыс білдіру, келемеждеу
сынды жағдайларда да кездеседі. Біз бір ғана бас изеуге байланысты ым-ишараның неше түрлі
мағына мен жағдайда қолданатындығын көріп отырмыз. Осы сынды басқа да ым-ишаралар
әртүрлі мағынада жұмсала алады. Бұл туралы тілші-ғалымдардың құнды пікірлері мен теориялық
еңбектері де жоқ емес. Мысалы үшін бейвербалды қарым-қатынаста омонимдік ым-ишаралардың
болатындығы туралы тілші-ғалымы А.В. Филиппов «... жесты могут быть омономическими
(поднять руку, приветствуя на растоянии и точно так же поднять ее среди потока людей как знак «я
здесь», кивок в значении «да» и кивок – приветствие)» деген пікір айтады [3, 26]. Қазақ тіліндегі
бейвербалды амалдардың көп мағыналылығын зерттеген ғалым С. Мағжан да қарым-қатынаста
ым мен ишараттың омоним және көп мағыналы бейвербалды элементтердің болатындығы туралы
айтып, оларды жіктеп, көркем шығармадан алынған нақты мысалдармен дәлелдей түскен [4, 21].
Сонымен қатар Ш. Зекенова да бейвербалды амалдардың омонимдік сипаты туралы жазып, оларды
кинесикалық, такесикалық амалдар деп ара-жігін ажыратып көрсетеді [5, 13].
Бас изеу қимылы кейбір елдерде «иә» дегенді, келісуді білдірсе, болгар халқында «жоқ» дегенді
аңғартады. Ал түрік халқы «жоқ» дегенді ым түрінде білдіру үшін басын жоғары қарай көтереді,
яғни иегін шолжаң еткізіп, басын жоғары қарай көтереді. Сонымен қоса аталмыш ым-ишарамен
бірге таңдайын қағу просодикалық амалы да қосарлана жүреді. Бұл бейвербалды элемент жылдам
жасалынады.
Бас изеу (басты тігінен ұстап, бір немесе бірнеше рет жоғары-төмен изеу) – қоштасу. Шерубай
жұртқа басын сәл изеп қоштасты да, шығып кетті [6, 12].
Бас изеу – алғыс білдіру, рақмет айту. – Ол сәл тоқтады. Профессор оған ризашылығын білдіріп
басын изеді [7, 42].
Қарым-қатынастың бейвербалды түрін, оның жасалу жолдары мен қарым-қатынастағы
табиғатын ашып көрсету, көркем әдебиеттегі көрінісі мен алатын орнын талдап, жүйелеу қажет.
Адам бойындағы кемшiлiктi, оның айтқан сөзін, істеген іс-әрекетін келемеждеу, орынсыз
|