|
БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАРДЫҢ ОМОНИМДІК ҚАТАРЫБайланысты: 3-106-2015-1-chastБЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАРДЫҢ ОМОНИМДІК ҚАТАРЫ
Мақалада қарым-қатынаста қолданылатын бейвербалды амалдардың қатары мен контекстегі,
коммуникациядағы мағынасы айқындалады. Автор коммуникациядағы бас қимылдары жасалу жағынан
ұқсас болғанымен, семантикасы тұрғысынан әртүрлі мағынада қолданылатындығын көркем шығармалардан
алынған мысалдар арқылы дәлелдеп отырады.
Қарым-қатынастағы бас шайқау, бас изеу, басын сипау т.б. бас соматизмі арқылы берілетін
бейвербалды элементтер бір дене мүшесі арқылы жасалынып, қилы мағыналық реңкті білдіруі мүмкін.
Бас шайқау қимылы келіспеуді, таңдануды, қиналуды, өкінуді білдіреді. Яғни тілдегі бас шайқаумен келетін
ым-ишара «бар», «жоқ» модальды сөздердің орнын ауыстырумен қатар, адам көңіл-күйінен де сыр шерте
алады, оның вербалды түрін алмастырады. Бас изеу, бас сипау, басын салбырату секілді бейвербалды
амалдар да омонимдік қатар түзе алады. Тілде осы сынды бейвербалды амалдар көптеп кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|