Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
90
қылықтарды мысқыл нысанасына алып, мазақтау мағынасын білдіретін бейвербалды амалдар қазақ
тілінде де бар. Келемеждеу мағынасында қолданылатын бейвербалды амалдарға тілін шығару,
ернін шығару, сонымен бірге басын изеу т.б. амалдарды жатқызуға болады. Біз мақаламызда бас
соматизмі арқылы берілетін ым-ишаралар туралы айтып отырғандықтан, бас изеу бейвербалды
амалына тоқталмақпыз.
Бас изеу (басты тігінен ұстап, бір немесе бірнеше рет жоғары-төмен изеу) – мазақтау,
келемеждеу. Мақсұт (басын кекесінмен изеп). Болар… болар… болар… (Жәлелге қарап). Не, дерің
бар ма? [8, 17].
Бас изеу – келісу. Бұл қимыл түрі алдыңғы айтылған және талдауға түскен бейвербалды
амалдардан жасалуы жағынан ешқандай айырмашылығы жоқ, дегенмен семантикалық тұрғыдан
басқаша болып келеді. Яғни алғыс білдіру, қоштасу, келемеждеу мағынасында қолданылатын
бейвербалды амалдарда – бас изеуде «рақмет», «жарайды» сынды вербалды амалдар бейвербалды
элементтермен қатар қолданылуы да мүмкін.
– Ал, кім баласысың шырағым? – деді манағы мосқал әйел, мен тойынып ап, қолымдағы аяқты
қайтарғаннан соң:
– Мұқанның баласымын, – дедім мен.
– Кәдімгі Шүкейдің Мұқаны ма, Нұртазаның ауылындағы?
– Мен басымды изедім [9, 14].
Тілдік қатынас сияқты, сөйлеу кезінде қолданылатын тілсіз қатынаста да белгілі нәрсе
хабарланады және ол хабар шартты түрде болады. Ым-ишара қимылдары осы хабардың шарты
болып табылады. Бейвербалды амалдар адамдардың өзара түсінісуіне жол ашады, адамдардың бір-
бірімен байланысын қамтамасыз етеді. Ым мен дене қимылы қарым-қатынаста белгілі бір нәрсенің
көлемін, түрін бейнелеуді, шақыруды (қол бұлғау), қорқуды (көзі бақыраю), келіспеуді (бас шайқау)
т.б. білдіре алады.
Бас шайқау қимылы туралы айтатын болсақ, біріншіден, келіспеу мағынасында қолданылатын
ым-ишара, яғни «жоқ» деген вербалды амалдың орнына жүретін бейвербалды элемент ойымызға
келеді. Мысалы, Малшылардың біреуінде бірдеңе жоқ па екен? Малшылар бастарын шайқады [7,
49]. Бұл мысалдан «жоқ» деген сөздің бейвербалды түрде берілгенін көріп отырмыз. Дегенмен,
бай шайқау ым-ишарасы әртүрлі жағдайда, әртүрлі мағынада қолданылады. Бас шайқау қимылы
арқылы берілген бейвербалды амалдардың қарым-қатынастағы көп мағыналылығына тоқтала
кетейік. Солардың біріншісі – келіспеу, әріптесінің ойын құптамау.
Басын шайқау, шұлғу – (басты оңды-солды бірнеше рет бұрып шайқау, шұлғу) – Әріптесінің
пікірімен келіспеу немесе құптамау. Әйгерім. Қызық үстінде қызық өссін деуші едім, Әбішім! Мен
сенің Мағыш туралы жауабыңа қана алмадым ғой!
– Әбдірахман (басын шайқап): Тағы айттыңыз ба? Әйгерім. Айтамын, қарағым. Не ойлағаның
бар? [8, 345].
Басын шайқау (басты оңды-солды бірнеше рет бұрып шайқау, шұлғу) – рұқсат етпеу. Домбыра
іздегенімді кескінімнен түсіне қойған Қайыз көз қырын бұрышта жатқан ағасына ымдады да,
«домбыра әкелуге ұлықсат етпеді» дегендей, ақырын ғана басын шайқап, ернін тістеді [9, 35].
Басын шайқау – таңғалу, таңырқату, қайран қалу, аяу. Адам өзін таңғалдыратын әңгіме естігенде
немесе қандай да бір ғажайып құбылысты көргенде басын шайқап таңырқайды. Мысалы, Құраннан
өз бетімен мағына айырып кетеді.
– Япырай! – деп Таспай басын шайқап, таңдайын қағып қояды [9, 201]. Бұл мысалдан басын
шайқау және таңдайын қағу сынды бейвербалды амалдарды көріп отырмыз. Олар әртүрлі дене
мүшелері арқылы жасалғанымен бір мағынаны, яғни таңдану, таңғалу дегенді білдіреді. Сонымен
қатар басын шайқау, таңдайын қағу дегендер тілде фразеологизм ретінде де кең тараған, мағынасы
жағынан да қарым-қатынастағы бейвербалды амалдардың беретін мағынасына ұқсас. Аталмыш
ым-ишара – қарым-қатынаста тек қана таңғалуды білдіретін амал ғана емес, сонымен бірге аяу,
мүсіркеу мағынасында қолданылатын бейвербалды амал. Мысалы, Киім алып беруші әйел арбаның
соңынан қарап басын шайқады, – сорлы жандар, – деді аяған дауыспен, – әйелі күйеуге шыққан
жылы үйдің төбесінен құлап, бел омыртқасын жарақаттап алыпты. Содан бері, ері осылай арбамен
... [7, 57].
Тілдік амалдарынсыз қарым-қатынасқа түсу бұл – тілдік емес таңбалар жүйесін қолдану
арқылы сөйлесімге қатысу болып табылады. «Көз – адам жанының айнасы» дегендей ым-ишара дене
қимылы емес, ол – жан қимылы. Ол сөйлесіп тұрған уақыттағы адам жанының қалауы мен тілеуінен
|