Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет152/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

91

хабардар ете алады. Ал күнделікті өмірде бір қарым-қатынасушы тарапынан қолданылатын, әдетке 



айналған ым-ишарасы оның мінез-құлқынан ақпарат бере алады. 

Бас шайқау (басын оңды-солды бірнеше рет шайқау, шұлғу) – қиналу, өкіну. Сабыр (шұғыл 

қиналып, өкініп). О-х-х! Қап! қап! (Басын шайқап). Қайыр, сіздің атыңыз бір күшті дерт. Шипасыз 

дерт [10, 8]. 

Ал  кейбір  елдерде  бас  шайқау  қимылы  «иә»  деген  мағынаны  білдіреді.  Мысалыға  айтатын 

болсақ, Үндістан мен Шриланкада. Осыдан біз қарым-қатынастағы белгілі бір қимыл әр халықта 

басқаша мағынада жұмсалатындығына, әр халықтың өзіне тән ым тілі болатындығына, сонымен 

қоса ол түрлі жағдайға байланысты түрліше көрінуі мүмкін екендігіне көз жеткіземіз. Бас шайқау 

қимылымен берілетін көп мағыналы бейвербалды амалдарды кесте түрінде былай беруге болады.

 

 



келіспеу, құптамау

 

таңғалу

 

аяу, мүсіркеу

 

қиналу, өкіну

 

Бас шайқау

 

 



Кестеде көрсетілген бас шайқау қимылының қарым-қатынаста әртүрлі мағынада қолданатындығы 

көрсетілген. Қарым-қатынастағы бас изеу, бас ию, бас сипау, басы салбырау сынды қимылдарды да 

дәл осындай үлгіде беруге болады. Олар да коммуникацияда омонимдік қатар құрай алады.

Адамның  психикалық,  эмоциялық  жағдайын,  қалпын  суреттеп  бейнелейтін  бас  соматизмі 

арқылы  берілетін  ым-ишаралар  көптеп  кездеседі.  Әрине,  бұл  ым-ишара  көркем  шығармаларда 

баршылық және күнделікті өмірде кездесіп жатады. Солардың бірі – басы салбырау. 

Басы салбыру – қамығу, мұңаю. Көңіл-күйінің жоқ екендігін, адамның көңілсіздігін білдіреді. 

Иығының басы салбырап, екі қолы жең түпке тек әншейін іле салғандай салақтап барады [11, 516]. 

Басы салбырау немесе басын төмен салу, төмен қарау – ұялу, қымсыну. Осы аталған ым-ишара 

ұялу эмоциясына мысал бола алады. Мысалы, Мәрия кідіріп тұра қалды.

–   Бірдеме айтайын дедің бе?

–   Айтайын деп едім.

–    Айта  ғой.  Раушан  айта  алмай  күрмеліп,  төмен  қарады  [12,  27].  Бұл  көркем  шығармадан 

келтірілген  үзіндіде,  мысалда,  басы  салбырау  деген  бейвербалды  амал,  сонымен  қатар  ұялуды, 

қысылуды  айшықтап  көрсететін  вербалды  тәсіл  де  қолданылмаған.  Бір  қарағанда  төмен  қарау 

«көзін  төмен  салу»  сияқты  ым-ишараға  ұқсап  кеткенімен,  бұл  жерде  негізгі  дене  мүшесі  бас 

қатысып, басты төмен салып, салбыраған тәрізді ұстап тұрады. Бір сөзбен айтқанда, бұл бірнеше 

дене  мүшесінің  қатысуы  арқылы  жасалған  күрделі  бейвербалды  элемент  деп  қарауға  болады. 

Халқымыздың тіліндегі басын салбырату тұрақты тіркесі осыған байланысты пайда болса керек. 

Балалар тіліндегі ым-ишараттарда басын салбырату бейвербалды амалы көп кездеседі. Біріншіден, 

балалардың істеген іс-әрекетіне ұрысып, кейігенде кінәлі екендігін мойындап, басын салбырататыны 

бар, екіншіден, бейтаныс адамнан, таныс емес ортадан ұялып, қыслып-қымтырылғанда да осы ым-

ишараны қолданады. Яғни бұл – басын салбырату қимылы ұялу, қысылып-қымтырылу кезінде де 

қолданылатын, тілде ұялу сезімін білдіретін ым-ишарат деуге толық негіз бар деген сөз. 

Адам  баласы  біреудің  істеген  ісіне  емес,  өзінің  жасаған  қылығына  немесе  басқа  біреудің 

алдында өзін ыңғайсыз сезіну сәтінде, сонымен қатар басқалар сол адам туралы әңгіме етіп жатқан 

кезде ұялып басын сипай беретін кездері де болады. Осы сынды ұялу эмоциясынан хабар беретін 

бейвербалды амалдар көбінесе кинесикалық, просодикалық амалдар арқылы беріледі. Бейвербалды 

амалдарды  саралай  отырып,  біз  қарым-қатынасқа  қатысушының  не  айтайын  дегенін  ғана  емес, 

сонымен  бірге  қандай  күйде  екенін,  яғни  оның  ұялғанын,  ашулы,  қуанышты  екендігін  де  біле 

аламыз. Адам баласы табиғи жолмен берілген мұндай табиғи қасиеттерді жасыра алмайды. Қанша 

жасырмақ болғанымен оның астарында табиғи қасиеті жатады. Мысалы, адам өзінің қуанышын 

жасыруға тырысқанымен, оның күлімдеп, от шашып тұрған жанарынан қуанышты күйде тұрғанын 

айтпай-ақ аңғаруға болады. 

Ұялу  эмоциясын  білдіретін  ым-ишараттар  теріс  қарау,  бетін  басу  сынды  бейвербалды 

амалдары арқылы да беріледі. Аталған ым-ишараттар әйел адамдардың қарым-қатынасында жиі 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет