Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет30/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   963
Түйін сөздер: шешендік, сөз өнері, айтыс, би-шешен,жыраулар, қоғам, билік.

       


Қандай қоғамда болса да, мемлекеттік идеологияны қалыптастыруда сөз өнері тізгінін қолға 

ұстаған  тұлғалардың  шешуші  рольде  болғандығы  ақиқат.  Күшпен,  қарумен  дүниеге  келген 

идеологиялық мұраттың ғұмыры баянды болып көрген жоқ.  

Жыраулар поэзиясы бәсеңдей бастаған ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы 

қазақ қоғамында би-шешен, ақындық тұлғалардың тарих сахнасына шығып, ел мүддесіне ықпал 

етуі де табиғи заңдылық.  

 

Қазақ даласында болып жатқан түрлі өзгерістер қоғамдық болмыстың барлық салаларына өз 



әсерін тигізе бастады. 

«Қазақ жеріне, қала түсті, бекіністер салынып, орыс әскерлері кірді. Шұрайлы жерлер тартып 

алынып,  орыс  шаруалары  қоныстандырылды.  Ел  тіршілігінің  шеңбері  тарылып,    отаршылдық 

темір құрсаудай қыса бастады. Осыған орай дербес ақындық поэзия қазақ қоғамының әлеуметтік 

жағдайларын жырлауға бет бұрып, ел басындағы ауыр мұңды, қайғыны суреттеуге ойысты» [1-22-

23].


Қоғамдық  формациялардың  өзгеруі  халықтың  рухани  ой-өрісіне  де  белгілі  дәрежеде  әсер-

ықпалын тигізеді. Мәселен, кеңес заманында көркем әдебиет алдыңғы орынға шықса, өтпелі кезеңде 

публицистиканың ықпалы зор болды. Мұндай өзгерістер әр дәуірде, әр қилы қоғамдық жағдайларға 

байланысты орын алып отырды. ХІХ ғасыр айтыс өнерінің өркендеп, қанатын кеңге жайған тұс 

еді.  Қазақ  даласында  бағзыдан  келе  жатқан  айтыс,  шешендік  сөз  өнері  қоғамдық-әлеуметтік 

мәселелерге араласып, өз үнін, ықпалын таныта бастады. Ортақ жаудың тарих сахнасынан жойылуы 

қазақ тайпа-руларына бүтіндей тыныштық әкелгенімен, өз ішіндегі жер дауы, жесір дауы, барымта 

сияқты ежелден келе жатқан ескі әдет етектен тартуын қоймады. Қазақ үшін мұндай келеңсіздіктер 

кейде рулық, жүздік сипат алып, мемлекеттің іштен іруіне әкеліп соқтыратын. 

Қазақты осындай кеселден арылтуда немесе ел ішіндегі тыныштықты, бейбітшілікті сақтауда би-

шешен, ақындардың рөлі ерекше болды. Мұндай жағдайда ел басқарып отырған хан-сұлтандардың 

өзі халық ішінен шыққан қабырғалы билер мен от ауызды, орақ тілді шешендерге, ақындарға арқа 

сүйегендігі тарихи шындық еді. 

Ұлтымызға  тән  осынау  ұлы  тұлғалардың  ел  тарихындағы  еңбектерінің  елеулі  екендігіне 

олардың  бүгінге  жеткен  шығармашылық  мұрасын  зерделей  отырып  көз  жеткіземіз.  Тіпті,  қара 

қылды  қақ  жарып,  төрелік  айтқан  билер  дәуірі  біздің  заманымыздан  бұрынғы  ІІ-ІІІ  ғасырларда 

болғандығын зерттеушілеріміз дәлелдеп жазу үстінде. Ғалым Н.Төреқұлдың пайымдауынша біздің 

заманымызға дейін Нәнді би, Елсау би, Оңқай би, Майқы би Мәнұлы сияқты тұлғалар өмір сүріп, 

артына өлмес мұра қалдырған. 

Қазақ халқының тарихында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би есімдері ел бірлігі мен ынтымағы, 

мемлекет іргесінің нығаюы жолында ұлт болып қалыптасудың негізін қалаған қайраткерлер ретінде 

бағаланады. 

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», - дейді халық даналығы. Би болу, билік айту  сөз 

білетін кісінің бәріне бірдей бұйырмаған. Жоғарыда келтірілген халық даналығы би-шешеннің өзін 

ар тезіне салатын қағида іспеттес. Би-шешен атанған тұлға қашанда әділ, адал болуға тырысқан. 

Кез-келген даулы мәселені қара басының пайдасына шешкен би-шешендерге халық екінші қайта 

сенім  артпаған.  Дегенмен  де,  халық  тарихынан  арды  аттады  дейтіндей  би-шешеннің  есімдерін 

кездестіру қиын. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет