Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет336/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

199


танылатын  үш    факторға  назар  аударған  жөн:  табиғат,  мәдениет  және  таным.  Осы  факторларды 

жеке-жеке қарастырып көрелік.     

Бірінші фактор – табиғат. Адамзат баласы өзі таныған  жан-жануарға, өсімдіктерге, жергілікті 

ортаға, өзі сезінген табиғат құбылыстарына атау береді. Табиғат немесе табиғи жағдайлар адамның 

тілдік  санасындағы  қабылдау  әркетін,  тіпті  түр-түс  құбылыстарының  қалай  қабылданатынына 

дейін  басқарып  отырады.  Түр-түстің  түрлілігі  айнала  қоршаған  ортадағы  заттарды  көру  және 

оны қабылдау қабілетінің семантикалық белгілерімен   уәжделеді. Кез келген тілде белгілі бір түс 

атаулары тұрақты түрде қолданыла келе тұрақты ассоциацияларға ие болады.  Қоршаған ортада 

өмір  сүретін  адамзат  баласы  табиғат  әлемі  туралы  о  баста  өз  тілінде  ассоциативті  қабылдаулар 

жүйесін  түзеді,    мұндай  ассоциативті  қабылдаулар  жүйесі  тілде  метафораланған  ауыс  мағына, 

коннотациялық мағына, теңеулер арқылы бейнеленеді.  

Екінші  фактор  –  мәдениет.  Мәдениет  –  адам  баласының  өзі  жасаған,  өзі  қалыптастырған 

дүниесі. Материалды және рухани мәдениет құндылықтары, әлеуметтік-тарихи, эстетика, мораль 

т.б. құндылықтар әрбір әлеуметтік қоғамда әр тілде көрініс табады. Сондай-ақ, тілдік ерекшеліктер 

ұлттық  салт-дәстүр,  фольклорлық-мифологиялық  және  символикалық  ұғымдармен  байланыста 

келеді.  Белгілі  бір  лингвомәдени  және  лингвоелтанымдық  бірліктер  арқылы  танылған  мәдени 

модельдер  бүкіл  әлемге,  тіпті  сол  халықтың  мәдениетімен  таныс  емес  елдерге  де  тарайды.  Бұл 

мәселеге соңғы кездері көптеген еңбектер мен зерттеулер арналуда.

Үшінші фактор – таным әрекеті.  Әрбір адамның әлемді не қоршаған ортаны қабылдауының 

рационалды, сезімдік және рухани тәсілдері әртүрлі. Түрлі халықтар үшін әлемді түйсіну, ұғыну 

жолдары бір-біріне сәйкес келе бермейді. Бұл туралы  тілдік сана  ерекшеліктері мен таным әрекеті 

нәтижелері көрініс тапқан тілдік  ұғымдар жүйесін негізге алсақ жеткілікті. Таным әрекетінің тілдік 

жүйеге әсерін В.Гумбольдттың айтуынша, «зат, құбылысты түрлі тәсілдер арқылы көру» деңгейінен 

байқауға болады.

Қазақ  тіл  білімінде  жеке  авторлық  сөз  қолданыстарына  байланысты      ғылыми  ой-пікірлер 

А.Байтұрсынұлы,  З.Қабдолов,  Х.Нұрмақановтың  еңбектерінде,  ал  тілдік  ғылыми  зерттеулер 

К.Аханов, Р.Сыздық, Ғ.Қалиев, Ә.Болғанбаев, Н.Уәлиұлы, Г.Мұратова, Л.Еспекова, А.Бейсенбай, 

Ж.Абдрахмановалардың  еңбектерінде  жүргізіледі.  Тіл  біліміне  «окказионал»  сөз-терминін 

енгізген Н.И.Фельдман окказионал сөздердің семантикалық құрылымына ерекше назар аударады. 

Окказионал сөздердің ерекшелігі – семантикалық жақтан үйлесуі мүмкін емес номинатив сөздердің 

тіркесуі  арқылы  жаңаша  ұғым  қалыптастыру,  номинативті  мағына  үстеу.    Окказионалды  сөздер 

туралы айтқанда, екінші дәрежелі аталым түрі сөз болады. 

Окказионалды    сөздер  –  жалпыхалықтық  қолданысқа  сай  келмейтін,  белгілі  бір  авторға 

меншікті, тосыннан пайда болатын, тілдегі сөзжасам жүйесінің мүмкіндіктеріне сәйкес жасалатын, 

әдеби  тілге  ену  қабілеті  шектеулі,  үнемі  жаңашылдығымен,  экспрессивтілігімен  ерекшеленіп, 

контекст  қалауына  қарай  қызмет  атқаратын  поэтикалық  мәнде  қолданылатын  сөздер  [2,90  б.]. 

Мұндай  номинация  түрі  қандай  да  бір  жаңа  нысанның  жаңа  атауы  ретінде  қолданылатын  бүтін 

сөзге ғана емес, оның элементтері морфемаларға да қатысты. Окказионалды сөздердің жасалуында 

бұл  процесс  семантикалық  деңгеймен  қатар,    морфемалық  құрылымды  да  қамтиды.  Мәселен, 

Үндес әйел, мұңдас әйел, Жаңа тілек негізі, Ұлы іске қолдас әйел (І.Жансүгіров) ‒ дегендегі үндес, 

қолдас сөздері -дас, -дес қосымшасы арқылы жасалып, стилистикалық нелогизмдер (окказионалды 

сөз) тудырып тұр. Берілген сөздердің экспрессивтік мәні бар, эмоционалдық бояуы күшті тілдік 

бірліктер.  Сөзжасамдық  типтен  тыс  сөзжасаушы  окказионализмдердің  жасалу  жолдарын  өз 

зерттеулерінде Г.Мұратова, Л.Еспекова қарастырады.  

Ал, Тамамы тіршіліктің – біршілікпен, Лайық бірін-бірі тұрмақ демеп (Т.Ізтілеуұлы) деген өлең 

жолдарындағы тіршілік ‒ біршілік  сөздерінің дыбысталуындағы ұқсастыққа ғана емес, сөзжасамдық 

сипатына да назар аударуымыз қажет. Мұндағы бір сан есіміне -шілік қосымшасының жалғануы 

арқылы заттанған атауын аламыз.  Ақын қолданған біршілік окказионалды қолданысының астарына 

үңілетін  болсақ,  «ынтымақтық,  татулық,  ұйымшыл»  деген  мағынаны  аламыз.  Мұны  тіліміздегі 

«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген қазақ мақалы да дәлелдей түседі.  

Окказионал сөздердің өн бойында экспрессия, эмоция басым келеді. Кез келген таңба мазмұн 

меже және тұрпат меже негізінде уәжделеді.  Окказионал сөздердің уәждемелік сипатын былайша 

қарастырған  жөн:  мазмұн  меже↔тұрпат  меже→лексикалық  уәждену.  Лексикалық    бірліктердің 

уәжденуі – жаңа сөздердің жасалуын тілдік және тілден тыс факторлармен байланыста қарастыратын 

күрделі құбылыс. Белгілі бір зерттеу нысанына алынған сөздердің сөздердің көлемі, пішіні, түсі, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет