Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет337/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

200


иісі, қызметі, жасалу материалы, екінші бір затқа қатыстылығы сияқты уәждеуші белгілері болады. 

Окказионал сөздердің уәжділік сипатын айқындауда уәждік белгілердің маңызы зор. 

Қазіргі  тіл  білімінде  тілші-ғалымдардың  көпшілігі  окказионал  сөздерді  неологизмдердің 

қатарында  қарастырса,  кей  ғалымдар  авторлық  қолданыстарды  неологизмдер  жүйесінен  бөліп 

алып қарастырады. Дегенмен, жеке авторлық қолданыстағы жаңа сөздердің уақыт өте келе сөздік 

құрамның  қатарына  өтіп,  жалпыхалықтық  сипат  алып  жататындары  да  кездеседі.  В.Гактың 

айтуынша,  бұл  сөздерді  неологизмдерден  ажырататындай  негізгі  критерийлер  айқындалмаған. 

Мұндай  окказионал  сөздер  неологизмдер  құрамынан  стилистикалық  неологизмдер  деген  атауды 

иеленген.  Р.А.Будагов  көркем  әдебиеттегі  жаңа  сөз  қолданыстарын  тілдік  және  стилистикалық 

неологизмдер  деп  қарастырады  [3].  Ал  Р.Сыздық  стилистикалық  неологизмдерге  мынадай  

анықтама  береді:  «Тілдік  немесе  лексикалық  неологизмдер  –  қоғамдық  қатынастардың,  техника 

мен шаруашылықтың, ғылым мен мәдениеттің өзгерістері мен дамуына байланысты жалпы әдеби 

тіл нормасына енген жаңа сөздер» болса, «стилистикалық неологизмдер –жеке қаламгерлер тілінде 

стилистикалық мақсат негізінде пайда болған, жазушы сөздігіне тән, әдеби тілдің актив қорына 

енбейтін, авторлық-индивидуалдық қолданыстағы сөздер» [4, 8 б.].

Затты,  құбылысты  бейнелеп  жеткізу  арқылы  мұндай  атаулар  баспасөз  беттерінде  біршама 

қолданыс тауып отырады.  

Әрбір сөйлеушінің мақсаты –қабылдаушы жаққа өз ойын толыққанды әрі 

көркемдеп жеткізу. Осындай коммуникация процесінде номинация актісі маңызды роль  атқарады. 

Номинация актісі тілде бұрыннан бар немесе индивидтің өмір сүру тәжірибесінің жеке үзігі ретінде 

таңбаланатын реалиялар арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеуші тарапынан танылған, қабылданған 

сөз мағынасының уәжі (сөздің ішкі формасы) номинацияның ең негізгі қасиеттерінен саналады. 

Қажетті деген лексикалық бірлікті тудыруда сөздің ішкі формасы индивидуалды шығармашылықтың 

негізі саналады. 

Окказионалды  сөз  –  сөзжасамдық  модельдерге  сәйкес  түзілетін,    мәнмәтінге  тәуелді, 

бейнеленетін ойдың көркемдігімен ерекшеленетін, индивидтің сөйлеу тілінде туындайтын жаңа сөз 

қолданыстары; ал неологизмдер – кірме немесе индивид тарапынан түзілген, уақыт қажеттілігіне 

орай,  тіл  фактісіне  айналып,  сөздік  арқылы  бекітілген  жаңа  сөз  қолданыстары.  Өз  кезегінде, 

окказионалды қолданыстар екі жақты сипатқа ие: егер окказионалды сөз қоғамдық  қажеттілікке  

ие  болмаса,  ол  потенциалды-окказионалды  сөздер  мәртебесін  иеленеді,  егер  окказионалды  сөз 

қоғамдық  сұранысқа  ие  болып,  сөздіктерде  бекітілетін  болса    неологизм  мәртебесін  иеленіп  тіл 

фактісіне  айналады.  Олай  болса,  «окказионализмдер»,  «потенциалды  сөздер»,  «неологизмдер» 

жаңа сөздердің даму кезеңдерін сипаттайды деуге болады.  А.Г.Лыков жаңа сөздерді олардың өн 

бойындағы көптеген тілдік белгілері негізінде қарастыруды ұсынады: сөйлеу тіліне тән екендігі; 

шығармашылық;  бір қолданымдық сипат; сөзжасамдық сипат; контекске тәуелділігі; лексикалық 

мағынаның жаңашылдығы;  экспрессивтілік; номинативтілік; синхронды және диахронды сипат;  

жаңашылдық белгісі; индивидуалдық [5, 34 б.]Бірақ, бұл тілдік белгілердің  жаңа сөздердің өн 

бойындағы көрінісі әртүрлі. Оны кесте түрінде былайша көрсетуге болады:     

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет