Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет398/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

238


Мәснауидің  қайнары  –  Құран  Кәрім  және  Хадистер  болып  саналады.  Осыған  байланысты 

шығармадағы  әр  хикаяның  белгілі  бір  аятты,  немесе  белгілі  бір  хадисті  түсіндіру  үшін 

баяндалғандығын зерттеушілер айтып келеді, шындығында ол солай да. Сонымен қатар Мәснауиде  

хадиспен қоса тарих, медицина тіл, сөз өнері сияқты ғылым салаларына да қатысты баяндаулармен 

қатар сол заманғы салт дәстүрлерді, әдет ғұрыптарды, жөн жоралғылары туралы да өте көп мәлімет 

берілген.  Мәснауи дастанындағы негізгі хикаялар халық ертегілерінен, аңыз әпсаналардан алынған.  

Дастан  Құран  хадистері  мен  хикаяларына  негізделген  адаммгершілік  тақырыбындағы  діни 

адамысалдардан, әңгімелер мен оқиғаларды баяндаулардан тұрады. Сонымен бірге дастанда тарих, 

әдебиет, шариғат, салт сана, әдет ғұрып, тазалық, әділдік, нәпсіқұмарлыққа қарсылық мәселелері 

көтерілуімен қатар, менмендікті, дандайсушылдықты, арсыздықты, ұятсыздықты, өтірікшілдікті, 

айлакерлікті,  кекшілдікті,  аманатқа  қиянат  етуді,  ызақорлықты,  күншілдікті,  т.с.с.  басқа  да 

нәрселерден тиылудың амал тәсілдері, жолдары көрсетілген. Құдай тиған нәрседен тиыла білген 

адамның қалай биікке көтерілерін, ұлылыққа жететіндігін, бақытқа бөленетіндігі туралы айтылған.  

Жалал әд-Дин Руми «Мен сіздерге іштей және ашық түрде Алладан қорқуды, тамақ аз жеуді, аз 

ұйықтауды, аз сөйлеуді, күнәларыңнан арылуды, ораза тұту мен намаз оқуды тоқтатпауды, әрдайым 

нәспіқұмарлықтан қашық жүруді, қиыншылық пен азапқа шыдауды, надандардан аулақ, ал әдепті 

және  оқыған  адамдармен  дос  болуды  өсиет  етемін.  Өйткені,  адамдардың  адамы  –  басқаларға 

пайдасы тиген адам. Сөздің жақсысы қысқа әрі мәнді болады» деп, «Аз сөз алтын, көп сөз көмір» 

деген мақалдағы негізгі ойды одан әрі тереңдете, шегелей түскен. Адам баласына қайырымдылық 

жасау туралы, гуманизмді насихаттайды.

Атап айтқанда «Үлес бөлуде әдепті білмегендігі үшін арыстанның қасқырды жолға салғаны» 

туралы хикаятта былай дейді:

Ол ұлы арыстан қасқырдың басын алды, 

Екі қошқардың басы бір қазанға сыймас деді. 

Патша құзырында өзін өлік ретінде санамағаның үшін жазаңды тарт,

Міне, «Фентекамна минхум?» деген осы.

Сосын жүзін түлкіге бұрып былай деді: 

«Қане, бұларды жеуіміз үшін бөліске сен сал».

Түлкі сәждеге жығылып былай деді:

«Бұл семіз өгіз, ей, патшам, таңғы асыңыз.

Ешкі де бақыты жарқын патшаға,

Күн ортасында жеу үшін бір қуырдақ болар.

 Жақсылық пен игілік иесі патшаға,

Қоян да кешкілік асы болсын.

Арыстан да «Түлкі әділеттің нұрын шаштың, ашып айттың.

Бұлайша үлес бөлуді кімнен үйрендің?

Ей, ұлы кісі? Бұлай үлес бөлуді қайдан білесің?» дегенде

Түлкі айтты: «Патшам, қасқырдың ұшыраған халінен!»

Осыған орай: «Сен біздің махаббатымызға 

өзіңді тұтқын еткен екенсің?

Үшеуі де сенікі болсын, үшеуін де ал да кет» деді арыстан.

«Ей, түлкі, сен бастан аяқ біздікі болдың,

Сені қалай ренжітейін? Сен «біз» болдың.

Біз де сен болдық, бүкіл аң атаулы да, 

Аяғыңды жетінші қат көктің үстіне бас, көтеріл.

Ақымақ қасқырдан ғибрат алғаның үшін,

Сен түлкі емессің, менің арыстанымсың» деді.

Арыстан  қасқырды  жөн  білмегені  үшін  жазалайды.  Одан  әрі  түлкіні  сынайды.  Бір  жақты 

репликаның жауабында аң патшасымен таласпау,  бас амандығын сақтау  лебіздері жатқаны айтпай-

ақ сезіледі. Арыстан мен түлкі арасындағы диалогтің  символикалық, фабулалық, психологиялық 

белгі ретіндегі мәні зор. Өйткені М.Бахтиннің ойынша ертеден басталып, бүгінмен қабысып, ертеңге 

ұласып  жататын  диалог  ешқашан  аяқталуға  тиіс  емес.  Ол  аяқталса,  диалог  болып  табылмауы 

керек.    Көрнекті  әдебиеттанушы,  философ  М.Бахтин  диалогты  бізге  таныс  адамзаттық  сана 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет