Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
236
күнде мүлдем қолданылмайтын, орыстың өз тілінде де жоқ «законшік» сөзі Абай тілінде «орыс
империясы правосын пайдаланып, соған сүйеніп, басқаларды жазғыру, сотқа тартуға тырысушы
адам» мағынасын білдіреді [7,201]. Сонымен қатар жаңа мағыналық сипатқа ие болған куә, айғақ,
қылмыс т.б. сөздер талданып, заң-сот жүйесінің жаңа түрі – Ресей империялық правосының қазақ
тіліне, оның жазба әдеби үлгісіне көптеген жаңа ұғымдар, жаңа сөздер әкелгендігіне де назар ауда-
рылады.
Сондықтан қазақ заң лингвистикасының қалыптасу тарихын саралауда Абай шығармаларындағы
қазақ заң-сот істері лексикасының да өзіндік маңызы бар.
Заң тілін зерттеуге деген ғылыми қызығушылықтың артуы лингвистика мен заңтану немесе
құқықтану салаларының тоғысуынан жаңа сала – заң лингвистикасының қалыптасуына негіз
болды. Заң лингвистикасы тіл білімінің жаңа қалыптасқан бағыттарының бірі болғандықтан, бұл
салада зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелер жеткілікті. Бұл қазақ заң лингвистикасының да
ғылыми-әдіснамалық негіздеріне де қатысты. Сондықтан мәселенің теориялық негіздерін айқындау,
ең алдымен, оның тарихын саралаудан бастау алады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Голев Н.Д. Юридический аспект в лингвистическом освещении. -Барнаул, 1999.
2 Макешова Ж. Қазақ іс қағаздары тілінің мағыналық-құрылымдық сипаты. - Алматы, 2003.
3 Ибатов А. ХІV ғасырдағы хандар жарлықтарының тілі. - Алматы: Ғылым, 1990.
4 Мами Қ. Бабалардан қалған жауһар // «Егемен Қазақстан» газеті. 11.11.2012.
5 Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. -Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.
6 Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Абзал-Ай, 2014.
7 Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. 1-том. - Алматы: Ел-шежіре, 2014.
REFERENCES
1 Golev N.D. Yriditzеskii аspekt v lingvistitzеskom оsvetzеnii. - Bаrnaul, 1999.
2 Маkеsоvа Zh. Qazaq іs qаgazdary tіlіnіn mаgynаlyq-qurylymdyq sipaty. - Аlmaty, 2003.
3 Ibatov А. ХІV gаsyrdagy khandar zharlyqtarynin tili. - Аlmaty: Gylym, 1990.
4 Маmi Q. Babalardan qalgan jaukһаr // «Еgеmеn Qazaqstan» gаzеtі. 11.11.2012.
5 Qazaq adebieti. Entziklopedialyq аnyqtamalyq. - Аlmaty: «Аruna Ltd.» JZhS, 2010.
6 Kеnеsbaiev І. Qazaq til bilimimin maseleleri. - Аlmaty: Аbzal-Аi, 2014.
7 Syzdyqova R. Аbai cygarmalarinin tili. 1-tom. - Аlmaty: Еl-cеzhire, 2014.
Достарыңызбен бөлісу: |