Редакцияға 19.02.2015 қабылданды.
№ 3 (106) 2015
237
ӘОЖ 821.512.122 – 1.0
Б.М. СҰЛТАНОВА
1
, М.Ш. ТОЙҒАНБЕКОВА
2
ф.ғ.к., ҚазМемҚПУ
1
,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы
2
БАТЫС, ШЫҒЫСТЫҢ МӘШҺҮРІ – РУМИ
Бұл мақалада белгілі ақын Жалал әд-Дин Румидің адамгершілік, өмір, өлім, тылсым дүние тақырыбындағы
шығармалары талданған.
Түйін сөздер: Сопылық ағым, шығыс әдебиеті, гуманизм, әлеуметтік философия, ішкі сыр, сезімдер,
рухани құндылықтар, мысалдар, әпсана, дастан, тәмсіл.
ХІІІ ғасырда өмір сүрген, Сопылық ағымның ірі өкілі, дүние жүзіндегі ең көп оқылатын
ақындардың бірі Жалал әд-Дин Руми. Бүгінде адамзаттың жарық жұлдызына айналған, Шығыстың
ұлы ақындарының бірі болған Руми танымалдылығы мен кітаптарының таралымы жөнінен
Шекспирдің өзінен әлдеқайда шығандап кетті. Ал мұсылман әлемінде Руми туындылары көп
оқылымы жағынан қасиетті Құран мен Пайғамбар хадистерінен кейінгі алдыңғы орындарды
иеленген.
Ислам дүниесі ақынды Рум деп атады. «Рум» сөзінің мағынасы «нұр» түбіріне сәйкес келеді.
Парсыша және арабша бұл түбір «жарық» (нұр) мағынасын береді» – деп жазады «Суфизм» деген
кітабында Ыдырыс Шах. Ақын шығармашылығын зерттеуші түрік ғалымдары ақынның «Руми»
аталуын ХІІІ ғасырларда Анадолының Дияры Руми атымен аталғандығын, сондықтан ақын Дияры
Румида тұрғандықтан «Руми» аталған дейді.
Румидың әкесі Бахааддин Велед бүкіл мұсылман жұртының ықыласы мен ілтипатына бөленген
белгілі, абыройлы ғалым болған. Өз заманында Сұлтан-ул Улема – «білімділердің сұлтаны»
мәртебелі лауазымдық атақты иеленген өте ірі дін танушы ғалым. Бахааддин Веледтің отбасы
Жалал әд-Дин Румидың жас кезінде Ұлы Селжүк империясының астанасы Кония қаласына келеді.
Өте терең білімдар әрі парасатты Бахааддин Велед баласына тамаша білім берді.
Руми шығармашылығы жер бетіндегі ұлттар мен ұлыстардың татулығы, терең гуманизм,
толеранттық идеяларға толы. Жалал әд-Дин Руми шығармашылығы тек мұсылмандық Шығыс әлемі
ғана емес, бүкіл дүниежүзі халықтарының дүниетанымына, рухани өмірінің барлық салаларына
(дініне, философиясына, моральдық-этикалық және құқықтық ілімдеріне, әдебиетіне, поэзиясына,
тәлім-тәрбиесіне, т.т.) дерлік ықпал етіп, теңдессіз руханияттық құндылықтардың тууына негіз
қалаған ұлы ойшыл. Оның барлық еңбектерін сөз етпей-ақ, тек қана атын әлемге әйгілі еткен
шығармасы – «Мәснәуи» дүниежүзі халықтарының барлық тілдеріне дерлік аударылған десек
артық айтқандық емес.
Румидың шығыс фольклорындағы шағын әңгімелер, хикаяттар, тәмсілдер негізінде жазған
поэмасы «Мәснауи» деп аталады
Шығыс жұрты ақынның Мәснауиін Құран Кәрімнің тәпсірі деп танып, «Маңзы құран»
(Құранның негізі) деп атаған.
«Месневи» - өмір оқулығы» дейді Ғарифолла Есім [1; 6б].
«Мәсневи» - «Барлық тіршіліктің мән-мағынасы туралы поэма» (13 ғ.) дейді Айгүл Кемелбаева
[4].
«Мәснәуи» – «Жасырын мән хақындағы дастаны» дейді Руми шығармашылығын, өмірбаянын
зерттеуші ғалым Ахмет Шемшек [3; 65 б]..
Өмір, өлім, тылсым дүние, дүниені жаратушы құдіретті күш, дүниенің мәні, ғарыш, әлем мен
адам арасындағы байланыс, Қасиетті кітап Құран сүрелері мен аяттарының мән мағынасы, Алланың
жер бетіндегі бірден бір елшісі әрі қалаулысы ретінде Мұхаммед пайғамбардың құдай аманатын
уағыздаушы әрі қорғаушысы, барша адамға өрелі өнеге, өрісті үлгі боларлық тұлға екендігі, адамға
жақсылық жасау - құдайға құлшылық етудің ең жоғарғы түрі екендігі жайлы баяндайды. Қоғам,
әлеуметтің тұрмыс тіршілігі жайлы толғана отырып, өз көңіл күйін паш етеді. Ақынның ішкі
сыры, сезімі, толғанысы терең әлеуметтік философиялық мәселелерді қарапайым тілмен жұрттың
жүрегіне жеткізе біледі. Адамдарды әділетті болуға, жақсылық жасауға, құдайға құлшылық етуге
шақырады.