Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет400/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

240


гуманизм  мәселелері,  ұлылыққа  жету,  әулиелілікке  көтерілу  әлі  де  философтар,  әдебиетшілер, 

психологтар, теологтар  тарапынан терең зерттеуді қажет етіп отырғаны ақиқат.   

Жалал әд-Дин Руми «Мен сіздерге іштей және ашық түрде Алладан қорқуды, тамақ аз жеуді, аз 

ұйықтауды, аз сөйлеуді, күнәларыңнан арылуды, ораза тұту мен намаз оқуды тоқтатпауды, әрдайым 

нәспіқұмарлықтан қашық жүруді, қиыншылық пен азапқа шыдауды, надандардан аулақ, ал әдепті 

және  оқыған  адамдармен  дос  болуды  өсиет  етемін.  Өйткені,  адамдардың  адамы  –  басқаларға 

пайдасы тиген адам. Сөздің жақсысы қысқа әрі мәнді болады» деп, «Аз сөз алтын, көп сөз көмір» 

деген мақалдағы негізгі ойды одан әрі тереңдете, шегелей түскен. Сананы сауықтыру -  ақынның 

басты мұраты. Адам баласына қайырымдылық жасау туралы, гуманизмді насихаттайды.

Келесі  бір  мына  төмендегі  өсиетін  ұлы  Сұлтан  Веледке  арнап  айтқан:  «Бахаеддин,  егер  де 

сен дұшпаныңды қадірлегің келсе, сондай-ақ, дұшпаныңның да сені жақсы көруін тілесең қырық 

күн оның жақсылығын айт. Ол дұшпаның саған дос болады: өйткені қөңілден тілге жол болғаны 

сияқты, тілден де көңілге жол болады» дейді [2; 116 б]. Ақын адамдықты алдыңғы орынға қойды. 

Ең биік әрі ең құнды, сұлу тіршілік иесі адам деп танып, адам мен адамшылықтан жоғары тұрар 

еш нәрсе жоқ деп есептеді. Сол адамшылық сақталса қалай,  сақталмаса не болмақ деген мәселелер 

шығармаларының  негізгі  түйініне  айналды.  Ол  адамды  түсінуге,  дұшпаның  болса  да  жақсылық 

жасауға үндейді. Адамның киімін жуғандай-ақ ақын жүректі, пейілді, ниетті жуғысы келеді. Оның 

ұлылығы, өміршеңдігі осында. 

Адам баласы дүние-мүлік жинау мақсатында әр нәрсеге, кейбірі қажет жағдайда түрлі қылмысқа  

барады.  Ал  адамдардың  аш  көздігі,  қалауы  еш  таусылмайтындығы  туралы  сонау  Аристотель 

заманынан, тіпті адам баласы жаралғалы   келе жатқандығын ойшылдарымыз айтып өтті әлі де 

айта  бермек.(Абай  «Ескендір»  поэмасы,  т.т.)  Соңында  ол  бұл  өмірге  не  үшін  келгенін  де  түсіне 

алмай, бұл өмірден өтеді де кетеді. Аш көздігіміз бен қалауларымызды қанағатпен ауыздықтамасақ, 

соңы жаман болады. Жаратылуымыздың негізгі себебін түсінбестен, өзімізді арзанға сатамыз. Бұл 

туралы Жалал әд-Дин Руми төмендегіше ой толғайды. «Адам өзін арзанға сатты. Жібек еді, нәпсісін 

жылы кеудешеге сатты да кетті».

Тек қана дүние-мүлік жинауға ұмтылған адам, өзін өте арзанға сатады, рухани байлықтардың 

құндылығын түсіне алмайды дейді.

Жалал әд-Дин Руми кез-келген адам басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынаста, достық және 

сыйластық жағдайда болғаны жөн деп есептейді. “Жақсылар, қажеттіліктен мінезі нашар, жаман 

адамдармен де тіл табысуға мәжбүр болады. Сондықтан, өзара сыйластық пен құрмет тұтушылық 

адамдар үшін қажетті қасиет”.

Ақынның  еңбк туралы пікірлері де аса өміршең. «Ерік, жігерің мен күшің барда еңбек қыл. 

Сонда  қазынаға  тап  боларсың»  дейді  Жалал  әд-Дин  Руми.  Еңбегі  жоқтықтың,  жалқаулықтың 

адамды аздырушы екенін, бұған дейін де бұдан кейін де талай ғұламалар айтты.

Жалал  әд-Дин  Румидың  айтқан  ойлары,  саяси  көзқарастарының  өміршеңдігі  осы  күні  де 

маңыздылығын  жоғалтпағынан  білеміз.  Жалал  әд-Дин  Румидің  шығармашылығы  кез  келген 

қоғамда өмір сүретін адамға үлкен ғибрат береді. Оның өлеңінің әр жолынан адамшылықтың бір 

сатысына  көтеріліп  отыруға  болады.  Жалал  әд-Дин  Руми  айтқан  әр  сөзінен  рухани  азық  алуға 

болады. Сондықтан оның әлем әдебиетіндегі орны ерекше және ерекше болып қала бермек.

Жалал әд-Дин Руми және оның ізін қуғандар әлемдік поэзияға ұлан-ғайыр үлес қосты. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет