Түйін сөздер: көп мағыналы, лексикалық мағына, лексика - семантикалық (ЛСТ), жалпылаушы
сема (архисема), даралаушы сема (дифференциалды сема), коннотативтік, денотативтік, эмприкалық,
прагматикалық, ситуативтік, компоненттік талдау, оппозитивтік, дистрибутивтік, трансформациялық
талдау әдістері, семантикалық компоненттер, дифференциялды элементтер, мазмұн фигуралары,
семантикалық көбейткіштер, семалар, т.б.
Сөздің лексикалық мағынасын, көп мағыналы сөздердің құрылымын, сөздің ішкі әр түрлі
бірігуі қатынасын зерттейтін семасиологияның ғылым ретінде дамуы лексикалық мағынаның
жасалуы және оның құрылымдық түрлері жөніндегі мәселені күн тәртібінен түскен емес. Ертеректе
лексикалық мағынаның компонентті құрылымының және компонентті анализ тәсілдерінің мәселесі
талданғанға дейін сөздің лексикалық мағынасының түрлері туралы сұрақ олардың құрылымының
анализі тұрғысында емес, сөздің сөйлемде жүзеге асыру барысында пайда болатын сыртқы
сипатының ерекшелігі негізінде шешілді [1,18-19].
Осы саладағы зерттеуші М.Оразовтың еңбегінде лексикалық мағына түрлерінің құрылымы,
саны, лексика - семантикалық (ЛСТ) және тематикалық топтары біршама көбірек қарастырылса,
Г.Смағұлова, М.Ержанов, Қ.Байынқол, А.Жылқыбаева, Ғ.Хасанов еңбектері де осындай сипат
алып, сондай мағынаның құрылымдық түрлерін ажыратуға бағытталған [2,192; 3-109; 4, 39-61;
5-14].
Сөздің лексикалық мағынасының құрылымдық типологиясын жасауға бағытталған еңбек –
орыс лингвисі А.Н.Шрамм еңбегі [1].
Сөздердің лексикалық мағынасының құрылымдық типологиясы әлі де зерттей түсуді қажет
етеді. Зерттеу объектісі осындай типологияны жасауға бағытталған семеманың құрылымдық
түрлерінің шегін ажырату архисеманың немесе ядролық семаның негізгі компонентінің
мазмұнында көрінетін олардың денотативті қатынастылығындағы ерекшеліктер негізінде жүзеге
асыруды, қазіргі заманғы семасиологиялық сөздікте танылған cөздердің лексика – семантикалық
варианттарының (ЛСТ) мағыналары.
Қазіргі заманғы семасиологияның үлкен жетістігі иеарархиялық ұйымдасқан компоненттерден
тұратын сөздің лексикалық мағынасын күрделі жасам ретінде түсіндіру болып табылады. Сөздің
лексикалық мағынасының құрылымы туралы ой тілді жүйелі құрылымдық түсінуден шығады
және өте жемісті, перспективті болады.
|