Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
252
1. ашық аспан тәрізді түс.
2. қаулап өскен шөп
3. жеміс-жидек, көкөніс
Сондай - ақ бұл сөздің жас,буыны қатпаған деген мағынада да қолданылатынын айтады [2].
Сын есімдердің семантикалық сипаты барлық сөз таптарының мағыналық сипаты сияқты, өте
күрделі, сан салалы құбылыс. Сын есімдер мағынасының күрделілігі, көп қабаттылығы олардың
семантикалық топтарының ерекшелігінен де байқалады. Семантикалық компоненттің сапасы
архисема немесе дифференциалды семалар сияқты компонентті анализдің деңгейіне қарай жүзеге
асырылуы тиіс. Басқаша айтқанда тап осы семема кіретін парадигманың ерекшелегі анықтауыш
болып табылады .Өйткені архисема түрлі мағынаның семасы ретінде осы парадигманың барлық
мүшелеріне ортақ болуы тиіс. Мысалы: ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, сөздерімен жасалатын
парадигмада “ұзындық өлшемдер” потенциалдық семасы архисема болып табылады. “Ұзын-
қысқа” парадигмасында екі соңғы нүктелердің арасындағы ұзындықты білдіретін семалар
диффренциалды семалары болып табылады.Сапалық сын есімдер мағынасындағы архисемалар
белгілі затқа қатысын көрсететін семантикалық компоненттер болып табылады. Белгілі затқа
жатады немесе жатпайды. Белгінің бұл қасиеті “ бар болуы, немесе болмауы” архисемаларымен
беріледі немесе бір заттың екінші бір затқа әсерін білдіретін белгілер көбінесе адамға (мысалы:
жаман,көңілсіз ауа - райы, қуанышты хабар) әсер етуші архисемасымен беріледі; немесе заттың
белгісі бір нәрсенің анықтаушы құралы ретінде көрінеді. Бұл білдіруші архисемасымен рәсімделеді
(қу күлкі).Семалардың ауызша ашық мағынасына потенциалды семемалар қатыспайды, бірақ оған
серік болады.Біздің тілдік санамызда оның серігі болып жүреді және қажетті жағдайда маңызды
бола алады. Потенциалды семалардың алғашқы туынды мағыналарымен байланысты ауыспалы
мағынасын заттың үзындық өлшемін білдіретін сын есімдерде кездестіреміз ( ұзын-қысқа, кең-
тар, жуан - жіңішке, .б.); салмақты білдіретін сын есімдер (жеңіл ауыр), дәмді білдіретін белгілер(
тәтті-ащы-қышқыл-тұзды), ішкі сапаны білдіретін сын есімдер(күшті-әлсіз, ақылды-ақымақ, қу
т.б.) және басқа да көптеген сапалық сын есімдердің категорияларынан көреміз. Архисеманың
мағынасының ерекшелігі негізінде барлық сапалық сын есімдердің мағыналарын 2 топқа бөлуге
болады: 1) затта белгінің шынай бар екенін білдіретін сын есімдердің семемаларын қамтиды; 2)
затқа шын мәнінде қатысты емес (жатпайтын) белгілерді білдіретін сын есімдерді құрайды.
Қорыта келе сөздерге талдау жасауда «Компонент талдау әдісі» (КТӘ) арқылы, сөздердің
стилистикалық, экспрессивтік, эмоционалдық қызметі, сонымен бірге, тақырыптық шектің
семантикалық құрылымын анықтауда міндетті түрде жалпылаушы сема (архисема), даралаушы
сема (диф-ференциалды сема) секілді сема түрлері ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |