№ 3 (106) 2015
251
Тілдегі лексико-семантикалық топтарды (семантикалық өріс) компоненттік талдау әдісі арқылы
зерттеу тиімді және дәлелді келеді. Бұл әдіс лингвистика және антропология ғылымдарының
қиысуы негізінде пайда болып, алғаш рет этнографиялық материалдарды талдауға қолданылған.
Компоненттік талдау – тілдің ішкі семантикалық құрыльшының құпиясын танып білуге көмектесетін
құрал. Оның көмегімен сөздердің арасындағы семантикалық қатынастар, сөздердің семантикалық
топтары мен сөйлем модельдері, тілдің семантикалық бөлшектерінің арасындағы деривациялық
қатынастар айқындалады.
Компоненттік талдау екі бағытта жүргізіледі. Бірінші бағытта семалық талдау (ары қарай
бөлшектеуге келмейтін компоненттер) және екінші бағытта семантикалық көбейткіштерге талдау
(дериваттар және дериванттар) жүргізіледі. Сондай-ақ, сөздерге өріс тұрғысынан талдау жасалып,
олардың өзегі (ядро) мен шеткергі аумақтары (периферия) анықталады.
Сөздердің семантикалық құрылымына зерттеу жүргізген проф. М.Ержанов «Сөздердің
семантикалық құрылымы туралы» атты мақаласында сөз мағынасы оның (мағынаның) ішкі
құрылымдық элементтерінің жиынтығынан құралатындығын айта келіп, соған орай сөз мағынасын
жете ұғыну үшін, оның қандай элементтерден тұратындығын ажырата білудің мәні зор екендігін
төмендеу, құлау, құлдырау етістіктерінің мағыналарына құрылымдық (компонентті талдау) талдау
жасау арқылы береді [10,109].
Зерттеуші Б.Омарова нан сөзіне компонентті анализ әдісімен семантикалық талдау жасау
арқылы 1) тамақ атауы; 2) шайнап жейтін; 3) белгілі бір формасы бар; 4) ұннан жасалған; 5)
дәмі бар; 6) белгілі бір түсі бар т.б.нан сөзінің өн бойындағы адамның сезім мүшелеріне түйсік
туғызатын және туғызбайтын белгілерін микроқұрылымдар арқылы береді. Сондай-ақ жақсы сын
есімінің құрамындағы семалардың мұндай қасиетке ие болмайтындығына да тоқталып, ондағы
семаларды былай береді: 1) адамға қатысты болуы; 2) жағымды эмоция туғызуы; 3) заттың ішкі
қасиетін білдіруі т.б. Демек жақсы сөзінде адамның сезім мүшесіне тікелей түйсік туғызатын
белгінің жоқтығын, ондай белгінің бірнеше заттың қасиетін салыстыру арқылы жасалатындығын
айтады [11,15-18].
Компонентті анализ, оған кіретін семантикалық компоненттерді бөлу мақсатындағы сөздердің
лексикалық мағынасы қазіргі таңда көптеген лингвистерді қызықтырып отыр.
Сөз мағынасын компонентті әдіспен, яғни семаларына қарай талдау сөздердің мағыналарын
қарапайым жолмен түсіндіруге жол ашады. Мұндай анализдердің белгілі шеңбері анықталды.
Яғни компонентті анализ әдісін қолдану арқылы лексикалық мағынаны зерттеу үшін біршама тиімді
материал ретінде қандай да бір жабық лексика-семантикалық микросистема – тақырыптық топ
бола алады. Анализ үшін материалды тақырыпты таңдаудың мұндай жолы сөздің семантикалық
мағынасын субъективті түрде түсіндіруге азырақ мүмкіндік береді. Мысалы, сын есімдер өзінің
семантикасы жағынан белгілі бір зат не құбылыстың денотативті қырына қатысты сапасын
не басқа бір белгісін сипаттай отырып, оның сол белгілерге байланысты бағасын білдіреді.Сын
есімдердің сындық мағынасы олардың өздерінің семантикасы ғана емес, сондай – ақ, өздері
құрамына кіретін атауыш топтардың мағынасымен де байланысты болады.Мысалы, дөңгелек бет
(пішін, жүз) және дөңгелек шеңбер деген тіркестерді салыстырсақ, алдыңғы тіркесте адамның
жүзін, бетінің сыртқы пішінін сипаттау мағынасы болса, соңғы тіркестегі дөңгелек сөзінің
мағынасы шеңбер сөзінің мағынасымен орайлас.
Лингвистикалық еңбектерде сөздің лексикалық мағынасына түрлі анықтамалар беріліп жүр
[1,3,-7] .Кейбір зерттеушілер лексикалық мағынаны нақтылы бейнелеудің ерекше тілдік формасы
десе, енді бірі дыбыстық комплекс пен ұғым арасындағы қарым-қатынас немесе ұғыммен
бірдей тілдік белгінің сипатына сай өзгерісі дейді. Қай жағынан алсақ да, мағына сөзбен тығыз
байланысты .Осыған орай мағына бірнеше түрге бөлінеді: құрылымдық (белгінің басқа белгілерге
қарым-қатынасы), сигнификативті (ұғымдық мағына, яғни белгінің білдіретін ұғымға қатынасы),
денотативті (белгінің білдіретін затқа (денотатқа) қатынасы), прагмативті (белгінің тілден тыс
құбылысқа, яғни осы белгі арқылы пайда болатын құбылысқа қарым-қатынасы)[12].
Д.Н.Шмелевтің айтуынша: ”В значении слова сосредоточены какие-то ряды признаков,
характеризующих отражение в сознании классы предметов и явлений и позволяющих
отождествлять и различать их”[13,75]. Демек, сөз мағынасы – тілдік және тілден тыс мазмұнның
диалектикалық бірлігі.
Сын есімдердің заттың сынын білдіретіні анық, бірақ сол сынның өзі тіркесетін зат есімнің
мағынасымен, оның бір семасымен ұштасып, ортақтасып жатады. Бұған мысал ретінде М.Оразов
көк сөзінің “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде ” берілген мағыналарын алып көрсетеді:
|