Түйін сөздер: етістік, сөз тіркесі, сөйлем мүшесі, баяндауыш, етіс, рай категориясы, сөз таптары,
есімше, оралым, бағыныңқы сыңар, басыңқы сыңар.
Синтаксис, оның үлкен бір саласы сөз тіркестері қазіргі кезде жан-жақты зерттеудің объектісі
болуда.
Қазақ тіл білімінде сөз тіркестерін М.Балақаев арнайы зерттей келе оның негізгі:
а) байланысу формалары,
ә) байланысу тәсілдері,
б) синтаксистік қатынастары,
в) түрлері сияқты басты-басты объектілерін нақтылап, соның әрқайсысы арнайы зерттелу
үстінде [1]. Әсіресе сөз тіркестерінің осы объектілерінің ішіндегі олардың түрлерін есімді, етістікті
сөз тіркестері деп топтап беру сөз тіркесінің жігін айқындаудағы ең негізгі белгі болып табылса
керек.
Сөз тіркестерін есімді, етістікті деп бөлу олардың басыңқы сыңарларының қай сөз таптарынан
болуына негізделсе керек. Соның ішінде етістікті сөз тіркестерінің морфологиялық, құрылымдық
түрлерінің рөлі әртүрлі. Етістіктердің басыңқы қызметте жұмсалуы мен оның басыңқы қызметтегі
ерекшеліктері туралы М.Балақаев, Р.Әміров, Т.Сайрамбаев, Ә.Әбілақов т.б. ғалымдар едәуір
дәрежеде пікір айтқаны белгілі. Дегенмен, етістік – сан қырлы сөз табы. Сондықтан да олардың
басыңқы қызметімен бірге енді басыңқы сыңарларының бағыныңқы сыңарларға ауысу процесіне
тоқталмақпыз. Ол үшін етістіктің әртүрлі категорияларының сөз тіркесінің басыңқы сыңарында
жұмсалу ерекшелігін сөз етелік. Есімшелі оралым синтаксистегі ең күрделі мәселенің бірі: жоғарыда
көрінгендей бұл сияқты топтарды әртүрлі түсіндіру – оның әлі де болса түбегейлі шешім таба
қоймағандығын көрсетсе керек. Әрине, есімшелі оралымдарды нақты айту ең алдымен етістіктің
негізгі ерекшеліктерін жан-жақты көрсету арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан да етістіктің
категорияларының сөйлемде қолданылу орындарын айқындаудың да негізгі мәселені шешуге себебі
|