№ 3 (106) 2015
309
жүйелері жүргізілген жерлер болғандықтан орыс әкімшілігі оларды қазақ шаруаларына бергісі
келмеді. Көп жағдайда, қазақтар өтініштеріне үкімет “будут удовлетворены в порядке очереди” -
деп берумен ғана шектеліп отырды.
Отырықшы тұрмысқа өтетін қазақ шаруаларына арналған, ресми түрде белгіленген учаскелердің
бұзылу жағдайы орын алды. Қазақтарды жерге орналастыруда переселен шенеуніктері оларды
отырықшы тұрмысқа өтуге үгіттеуді ойлап тапқан айлаларының бірінде: “егер сендерге бөліп
берілген жерлер қазір өздерің пайдаланып отырған жерлеріңнен аз болуы мүмкін, алайда ол
жерлерді сендерден ешкім, ешуақытта алып қоя алмайды. Бұған толық сенулеріңе болады” - деп
сендірді. Қазақтар шенеуніктер сөзіне сенсе де, сенбесе де олар белгілеп берген жерлерден үлес алып
орналаса бастайды. Учаскелердің пәлен жерден берілгендігі туралы уақытша комиссиялар арнайы
қаулы шығарып бекітеді. Қаулы заңдық күшіне енеді. Алайда, көп ұзамай, қазақтар орналасқан
жерге, орман шаруашылығы қызметкерлері келіп “бұл жерде орман саяжайлары құрылуы қажет”
деп, уақытша комиссия қаулысын мойындамайтындығын мәлімдейді. “Екі ортада шыбын өледінің”
кебін киген қазақтар қоныстандыру мекемелері қызметкерлерінің жауапсыз тірлігінен жерсіз
қаңғырып қалды [1, 2049-іс, 10-п.]. Мұндай жағдайлар біз зерттеп отырған Оңтүстік Қазақстан
территориясындағы 2 облыста да орын алды.
Отаршыл үкімет жерінен айрылған қазақтардың тағдырын ойлап бастарын ауыртқысы келмеді.
“Әртүрлі себептермен ертеден егіншілікпен айналысқан және де ұшы-қиыры жоқ даланың алғашқы
пионері болған қазақтар, жерін алып қойған жағдайда ешқандай қиындықсыз-ақ құнарлы жер
тауып, онда көп қаржы жұмсамай, суландыру жүйелерін жүргізе алады”[5, 22-іс, 7-п.], - деп сенімді
түрде баяндады Сырдария облысының қоныс аудару мекемесінің бастығы.
Түркістан өлкесін орыс шаруаларының қоныс аудару басталған 1860 жылдан 1917 жыл
аралығында Сырдария облысының 1816 мың га, Жетісу облысынан 3793,4 мың га жер “отарлау
қорына” тартып алынды. Әрине бұл жағдай қазақтардың отырықшы тұрмысқа өтуін тежеді [6,219].
1-кесте.
Уездер
Әкімшіліктің
қазақтардан тартып
алған жерлерінің
жалпы жер көлеміне
%-к қатынасы
Ауылдардағы
көшпенді шаруашы-
лықтар (%)
Ауылдардағы
отырықшы шаруашы-
лықтар (%)
Зерттелген
жылдары
Пішпек
Верный
Прежи-
вальск
Лепсі
Қапал
11,0
6,7
6,5
5,5
2,9
84,9
84,7
80,6
72,0
71,8
15,1
15,3
19,4
28,0
28,2
1912-1913
1911
1913
1909
1910
Бұл кестеден тартып алынған жер көлемі қанша көп болса ондағы отырықшы шаруашылықтардың
соншалықты аз екендігін байқау қиын емес. Патша шенеуніктерінің пайымдаулары бойынша
көшпенділерден жер қанша көп тартып алынса, сонша көп көлемде олар отырықшы тұрмысқа
өтулері тиіс болатын. Ал сол кезде қалыптасқан жағдай отаршылдардың бұл ойының дұрыс емес
екендігін дәлелдеді.
Қазақтардың жерге орналасуына кедергі болған жағдайлардың бірі - отырықшы тұрмысқа
өткен қазақтар иелігіне тиген жерінің көлеміне қарай емес, әрбір түтін басына міндетті түрде
салық төлеулері қажет болды. Ендігі жерде, әрине, бұрын ұлан-байтақ жерде мал бағып, еркін
жүрген қазақтарға, азғана жер алып, өзіне қыры мен сыры белгісіз кәсіппен айналысуына, алайда
бұрынғыдай мөлшерде салық төлеулеріне тура келді. Ал, бұл жағдай қазақ отбасыларына өте аур
тигені анық.
Осылайша, патша үкіметі бір жағынан, қазақтарға жер бөліп беріп жарылқаймыз, егіншілікпен
айналысуға жағдай жасаймыз деп жар салса, екінші жағынан, осы саясатты іс жүзіне асыруда, орыс
поселкелерін дамыту үшін, қазақтар иелігінен құнарлы жерлерді, дайын су жүйелерін тартып алды,
салық мөлшерін көбейтті, ақыр соңында қазақтардың жер бөліп берулерін өтініп жазған хаттарын
|