Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет662/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   658   659   660   661   662   663   664   665   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

402


жерлерде  әкімшіл-әміршілдік  басқару  жүйесін  тудырды.  Мәселен,  1916  жылмен  салыстырғанда 

егістік жер көлемі 3,8 млн. Десятина болса,  ал 1920 жылы 3,3 млн. Десятинаға дейін қысқартылды. 

Осыған орай  астықтың шығымдылығы әр десятинада 40 пұттан 13 пұтқа дейін азайды. Астықтың 

жалпы түсімі 1916 жылы 148 млн. пұтқа дейн болса, 1920 жылы бар жоғы 40 млн. болды. Осы кезде  

ірі қара мал басы 1,5 млн есе, жылқы 1,1 млн., қой 5 млн. дейін кеміп кетті. Әсіресе, осы кезде 

ауыл шаруашылығындағы ең қауіпті стихиялы апат бұл аштық және қуаңшылық болды. Бұл жағдай 

1921-1922 жыдардың қысында күшейе түсті. Қазақстан территориясында  егістің көбі күйіп кетіп, 

малға азық болмай, қырыла бастады.

Экономиканың  тоқырауы  елдің  саяси  өміріне  де  әсер  етті.  1921  жылдың  ақпан-наурыз 

айларында  кеңес  үкіметі  мен  большевиктік  партия  басқарып  отырған  экономикалық  саясатқа 

еңбекшілердің  наразылық  білдірген  толқулары  болды.  Әсіресе,  мұндай  жағдайлар  Ақмола, 

Көкшетау, Петропавловск және тағы басқа уездерде орын алды. Осыған байланысты шаруашылық 

саясатының  негізі-  қала  мен  ауыл  арасындағы  қатынастарды  қамтамасыз  ету  үшін  «азық-түлік» 

салғыртынан «азық-түлік салығына» көшу туралы мәселе қойылды.

Жаңа  экономиалық  саясатқа  көшу  проблемасына  1921  жылдың  2-16  наурызында  өткен 

Партияның  Х  сьезінде  басты  назар  аударылды.Осы  сьезде  жаңа  экономикалық  саясатқа  көшуді 

мақұлдап,  азық-түлік  салғыртын  азық-түлік  салығымен  алмастыру    туралы  шешім  қабылдады. 

Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты (НЭП-ті) іске асыру 1921-1923 жылдарда Қазақ АКСР 

Орталық  Атқару  Қомитетінің  азық-түлік  салығына  көшу  туралы  шешімі  негізінде  жүргізілді. 

Елдегі салық салу саясатындағы тиімді өзгерістер шаруалардың шапшаң жұмыс істеуіне әкелді.

Ел  арасында    акция  құру,  несме,  жер  саясаты,  саяси-құқылық  актылар  сынды  экономикалық 

қатынастарда нәтиже беретін мәселелер алдыңғы кезекке қойылды.

 Азық-түлік салғыртын азық-

түлік салығымен алмастыру ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартуға әсер етті. Атап айтқанда, 

Орал, Ақмола, Семейде егістіктің көлемі арта түсті. Егер 1922 жылы 46 млн. пұт астық жиналған 

болса,  ал  1925  жылы  92  млн.  жиналды.  Мал  шаруашылығында  да  өсім  болды.  1922    жылмен 

салыстырғанда 1925 жылы ірі қара малының саны көбейді.

Кооперация  өрістету  жақсы  жолға  қойылды.  1920  жылдардың  ортасында  Қазақстанда  900 

тұтыну қоғамы, соның ішінде 832-ауыл-селода болды.Тұтыну қоғамдарында 185 мың, пайщиктер 

кооперациясында 323 мың мүшесі бар 2811 кооператив жұмыс істеді. Демек 27,1 пайыз қазақ және 

қоныс аударушылар шаруашылықтары кооперацияға біріктірілді.                            

Шаруалар кооперациясы мемлекеттік қысым күшімен емес, экономикалық тиімділік шарттарын 

сөзсіз орындау арқылы жүзеге асатын эволюциялық процесс ретінде қаралды. Кооперация, басқа 

да  шаруашылық  ұйымдардың  баламалы  әдістерімен  бәсекелі  күрес  барысындп  айырықша  көзге 

түскен экономикалық арқықшылықтарға шешуші ынталандыру рөлін тапсыратын.

Кооперация индустрияландыру ісімен өзара байланыста қаралды. Қоғамға реформа жасаудың 

жаңа экономикалық саясаттың моделіндегі принципті жәйт, индутрияландыру да, кооперация да 

өзіндік мәні бар мақсат деп қаралып қана қоймай, халықтың материалдық әл-ауқатын мен мәдени 

дәрежесін арттыруға жеткізетін фактор ретінде қаралды, мұның өзі социалистіктің басты критериі 

деп түсінілді.   

Жаңа экономикалық саясаттың маңыздылығын алғашқы көтерген газеттердің бірі - Семейде 

шығып тұрған «Қазақ тілі» газеті болды. «Қазақ тілі» газетінде Ш.Тоқжігітовтың «Байлық үкіметте 

ғана болу керек», «Бейнетқор езілген тапты ғана қолдау керек»,«Қазақ болисполкомдары», «Іске 

есеп керек» мақалалары, Имам Әлібековтың «Шаруа ұйымдарын ашу керек» мақаласы,  «Шаруа 

қарызы туралы», «Ауыл шаруашылық жабдығы» бас мақалалары, Ж.Шанинің «Ұлт мәселесінде 

бірінші қадам» мақаласы,  Ділдә Шайх Шарапиевтің «Қазақты жерге орналастыру туралы», «Қазақ 

арасындағы  істер»,  «Бейнетқор  мен  ауыл  шаруа  иелерін  жақындастыру  туралы  істеген  шара» 

мақалалары,  М.Әуезовтың  «Егінге  дайындалыңдар  мақаласы,  Ж.Тәттімбаевтың  «Бос  жүрген 

жұмысшыларға» мақаласы жарық көрді. 

«Қазақ тілі» газетінің 1921 жылғы 6 мамыр   күнгі санында   Ш.Тоқжігітовтың «Байлық үкіметте 

ғана болу керек» мақаласында Кеңес үкіметінің «әскери коммунизмнен жаңа экономикалық саясатқа 

көшуіндегі табыстары сөз болады. Автор мақалада «Шаруашылық жұмысының байланысы көбейіп, 

шаруашылық орындарының тамырына сезім кіре бастады. Жөнделіп жүріп жатқан шойын жолдар, 

қайнап  жатқан  базар  саудасы:  айырбастың  күшеюі,  сыртқы  сауданың  жүруі  бізге  шаруамызды 

анық  суреттейді.»  [14]-  деп  шаруашылық  саласында  істелген  алғашқы  жұмыстарға  тоқталады. 

Халық  шаруашылығын  дамыту  үшін    «Енді  бізге  халық  шаруашылығының  барлық  бұтақтарын 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   658   659   660   661   662   663   664   665   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет