Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет659/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   655   656   657   658   659   660   661   662   ...   963
Түйін сөздер: баспасөз, қоғам, әлеумет, мәдениет, ұлт, білім беру, саясат.

1919  жылы  Семей  қаласында  шыққан  «Қазақ  тілі»  газеті  алғашқы  күннен  бастап-ақ 

халқымыздың ғылым-білімге деген ұмтылысын хал-қадірінше қолдап, елдің осы істегі әрекетіне 

бағыт нұсқап ақыл-кеңес берген басылым. Оқу-ағарту саласында үгіт-насихат жұмысын жетілдіру 

талабында ұлт зиялылары «Қазақ тілі» газеті арқылы атқарылған істердің ауқымын кеңейтті. Мұны 

«Қазақ тілі» газетінің оқу-ағарту ісін  қозғаумен қатар, халықты өнер білімге шақыруға арналған 

мақалаларынан айқын байқауға болады. Халық ағарту ісіндегі міндеттерді ұлттық сана-сезімнің 

ояну идеяларымен байланыстырған басылымның бас редакторы белгілі қоғам қайраткері Мәннән 

Тұрғанбаевтың бірнеше еңбектері газетте жарық көрді. М.Тұрғанбаев қазақ арасындағы оқу-ағарту 

ісі жайында  «Қазақ, құқыңа ие бол!» деген мақаласында «Төңкеріс уақытында ешкім өзінің бас 

қамы үшін тартысып жүрген жоқ жалпы қазақтың құқы үшін тартысып жүр. Сол тартыспен әлі 

де жүр. Қазақ сен берілген құқыққа ие болсаң барлық еңбегің желге ұшпақшы, барлық құрбаның 

заяға кеткен болып саналады. Қазақ, есіңнен шығарма, егер нұр жауса да бір тамшы сенің үстіңе 

түспей құр қаласың» [1] – деп  қазақ берілген құқыққа ие бол, қол қусырып бос отырма деп қазақ 

мектептерін ашылуына жол сілтейді. 

«Қазақ  тілі»  газетінде  оқу-ағарту  мәселесіне  ерекше  көңіл  бөлген  Мұхтар  Әуезов.  Оның 

басылымда  оқу  ісіне  арналған  «Қазақ  оқығандарына  ашық    хат»,  «Бүгінгі  зор  міндет»,  «Қазақ  

қызметкерлерінің  міндеті»,  «Қазақ  бөлімдері»  атты  мақалалары  жарық  көрді.  Солардың  ішінде 

«Бүгінгі  зор  міндет»  деген  мақаласы  «Қазақ    тілі»  газетінің  1920  жылғы  31-ші  желтоқсан  күнгі 

санында  жарияланыпты.  Өзі  де  бұл  уақытта  танымал  қаламгер  санатына  кірген  болатын.  Оқу-

ағарту ісі жайында «Кеңес үкіметінің заңынша оқу жұмысы қаншалық бағалы, қадірлі екенін іске 

араласқан  кісінің бәрі де біледі. Оқу ісіне қазіргі үкіметтің артық екендігіне барлық жаулары қол 

қойған. Ескі үкіметтің шашбауын көтерген оқытушылар да бүгінгі оҚу жолындағы кеңшілікті көріп 

әбден  риза  болып  отыр.  Иә,  оқу  ісіне  үкіметтің  істеп  отырған  қызметі,  беріп  отырған  кеңшілігі 

қайсы? Бұған дәлел: орыс, қазақ, кедей, бай, жас-кәрінің арасындағы надандықты құртуда істеліп 

отырған  қызметтер  (ликвидация  безграммотности).  Бұл  жалпы  мемлекеттің  қолданып  отырған 

ісі. Енді қазақ ішіндегі оқу ісіне келейін. Қазіргі күнде губерниялық оқу бөлімінің жасап отырған 

жобасы бойынша, келесі жазда қазақ ішінен 300-ден аса мектептер салынбақшы. Тегінде іс қылуға 

көңілі  бар  жігіттердің  бұл  жұмыстарға  ықыласын  салу  борышы.  Бүгінгі  секілді  күндердің  зор 

міндеті» [2] деп қазақ ішіндегі оқу ісіне қатты көңіл бөледі. 

Оқу-ағарту саласының белді мәселелерін көтерген зиялы қауым өкілдері мақалалары мен ой-

пікірлері газетте жиі жариялаған. Сәбит Дөнентаевтың «Қазақ тілі» газетінде «Оқу ойыншық емес» 

атты мақаласы шықты. Қаламгер қазақ балаларының оқуға ынталы екендігін айтады. Автор қырдағы 

қазақ балаларының қаладағы мектептерде білім алуындағы Қиыншылығымен сол мектепті табанды 

түрде  тәмәмдап  шығуына  оқуға  ұмтылған    әрбір  жастың,  әрбір  тиісті  мекеме  қызметкерлерінің 

жауапты  қарауын  көтеріп  былай  деп  жазады:  «Оқуға  алынатын  бала  жол  соқты  болмай,  шын 

белсеніп кірісетін болсын. «Қарағым қазынаның таңақтап берген тамағынан аштан өліп жаздапсың 

ғой, аз ғана мал аман тұрса, сенің ішіп–жеуіңе жетер. Биыл бармай-ақ қой» дейтін үлпілдек бойдың 

еріккенінен (шынында төре болу үшін) келген еркесі болмай, нағыз «тесік өкпе» кедейдің баласы 

болды.  Оннан  соң  әрбір  мекеме  һәм  қызмет  адамдары  сол  балалардың  кірген  мектебін  бітіріп 

шығуына міндетті болатын болсы. Олай болмаған уақытта оқуға алыбайтын болсын. Себепсіз оқуға 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   655   656   657   658   659   660   661   662   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет