Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет660/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   656   657   658   659   660   661   662   663   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

400


келмей қалған, яки не үшін келмегендігін хабарламаған оқушылар ширақ түрде зерттеліп, жазылып 

отыратын болсын. Мектепке кірген бала оқуын бітірімей шықпасын. Аяқсыз шыққан бала, реттесіз 

бетімен жіберілмейтін болсын. Оқу ойыншық емес. Міндетті болуға керек» [3].

М.Тұрғанбаев, М.Әуезов, Ж.Аймауытов сынды қаламгерлер басқарған газеттің  редакторларының 

бірі Шаймардан Омарұлы Тоқжігітов  қол қойған құжатта «Қазақ тілінің» көтеретін тақырыптары  

қатарында оқу-ағарту ісі де қамтылыпты .

Ш.Тоқжігітовтың  «Қазақ  тілі»  газетінде  түрлі  тақырыптарды  қозғаған  мақалаларының  бір 

бөлігі қазақ арасындағы оқу-ағарту ісіне арналған екен. «Қазақ тілі» газетінің 1923 жылғы 11 қаңтар 

күнгі санында жарияланған «Оқу майданы» мақаласынан айқын аңғаруымызға болады. Автор «Оқу 

бөлімдері ұйықтай бермей, істеген қызметтерін газетке жазып, халыққа есеп беріп отырар деп үміт 

етеміз» дей келе өткір сынға алса «Оқусыз, надандық күйімізбен ел болмаймыз. Оқуға ұмтылайық. 

Қазақ еңбекшілері оқу майданына» [4] деп елді білім – ғылымға шақырды. 

Ш.Тоқжігітовтың  ағартушылық  көзқарастарын  танытатын  тағы  бір  мақаласы  «Бейнетқор 

езілген тапты ғана қолдау керек» деп аталады. Автор мақалада «Оқу алдымыздағы өмірдің шамы. 

Ол арқылы ортақшылдық жарығына да тез жетеміз. Сондықтан төтенше жолына қарай бет алып, 

әсіресе  басқа  кейін қалып отырған қазақ елінің мойнындағы міндет» [5] деп халықты алдыңғы 

қатарлы  мәдениетті  елдердің  көшіне  ілестіру,  оны  жүзеге  асыру  жолы  –  оқу  білім тарату  дейді. 

Басылым қазақ арасындағы оқу ісінің алға басуына ұйытқы болғанына көз жеткіземіз. 

  «Қазақ  тілі»  газетінде  1923  жылдан  бастап,  «Еңбекші  жас»  арнайы  жастар  беті  ашылады. 

«Еңбекші жас» әу бастан-ақ  қазақ жастарының білім алуына, өнер мен білім жолында шыңдалуына 

көмек көрсете отырып жастарға оқу мен еңбекті ұштастыру керектігін баса көрсетті. Елдің көпшілігі 

қазақ жастарының білім алуы «Еңбекшіл жаста» қарқынды қозғалған тақырыптың бірі. 

Жастар газетінде жарияланған «Сауатсыздықты жою жолында» деген мақалада жастардың хат 

танып, қатарға қосылуы қарастырылады. Онда бұл іске белгілі қоғам қайраткері М.Тұрғанбаевтың 

айырықша атсалысқаны айқын көрінеді. Ол губерниялық оқу бөлімнің инспекторы  ретінде «Бітсін 

сауатсыздыққ!» деген баяндама жасап, жастарды оқуға шақырады [6].

Қазан  төңкерісінен  кейінгі,  ел  ішіндегі  оқу  ісін  көтерген  «Октябрь  төңкерісі  һәм  оқу»  атты 

мақаланың алар орны өзгеше. Мақалада: «Оқу кісінің өнерін арттырып, тіршілігін түзеумен қатар, 

жан сезімін де арттырар аяу, жанашу, ұялу, турашыл болу сияқты мінездерін үлкейтеді. теріс пен 

дұрыстың  арасын  ашып  көрсетеді.    Бұрынғы  жүзі  қара  патшалықтың  оқумен  дұшпан  болып, 

халықты қара ұстауы да сол оқудың, елдің пікір көзін ашумен қорыққандығы. Ел оқыса пікір көзі 

ашылады, пікір көзі ашылса-патшаның істеп отырған жауыздығын көреді…Қазақтың губернияда 

болса да оқу жұмысы бөгетсіз ілгері басулы. қазақтың ғылымды азаматтары оқу жолына күштерін 

салып шындап кіріссе, жалпы шаруа бүлінгендігі түзіле, қазақ елі он жылдың ішінде қатарға кіріп, 

мәдени ел болып шығады» [7] деп оқудың қажеттілігін көрсетіп, қазақтың зиялы азаматтыран оқу 

ісіне белсене араласуын алға қояды. 

Басылым  беттерінде  оқу-ағарту  саласындағы  жаңалықтар  молынан  жарияланған.  Сондай-

ақ,  қазақ  даласында  мектеп  қана  емес,  сол  мектепте  сабақ  беретін  мұғалімдер  даярлайтын  оқу 

орнының ашылғандығы жөнінде де хабарлар беріліп тұрған. Мәселен соның бірінде «Бүгін Семей 

қаласында қазақ мұғалімдеріне ай жарымдық курс ашылды» [8] делінсе, екіншісінде «Баймырза» 

мектебі 11-қарашада  ашылды. Оқушылардың жас реті бәрі де 7 мен 20 жастың арасындағылар. 

Балалардың барлығы бес жікке (группаға) бөлініп, екі бөлімде оқиды. Бірінші бөлімдегілер үш, 

екінші  бөлімдегілер  екі  группадан.  Оқу  мектепте  күніне  бес  сағат  болып  тұрады.  Мұның  ішіне 

сабақ арасындағы демалыс уақыттары кіреді, [9] деп ашылған мектеп туралы мағлұматтар береді. 

Газетті  шығарушылар  мен  басылымның  белді  авторларының  мақалаларынан  ағартушылық-

демократиялық,  ілгерішіл  дүнитанымы,  ұлттық  дамуды  көздеген  арман-мүддесі  айқын  көрінеді. 

Оқу-ағарту  саласындағы  ойларын  ортаға  салып,  осы  бағыттағы  игілікті  іс-шаралардың  жүзеге 

асуына  септігін  тигізеді.  «Қазақ  тілі»  өз  кезегінде  сол  дәуірдегі  қазақ  қоғамының  ағартушылық 

үлкен ықпал еткен газет. Қазақ халқының денсаулық сақтау жұмысын жүргізуде «Қазақ» тілі газеті 

зор  үлес қосты. 

Қазіргі  заманғы  тарихи  құжаттама  орталығындағы  мәліметтерге  көз  жіберсек,  «Қазақ  тілі» 

газетіне күн тақырыбына орай жазылатын жарияланымдар қатарына қазақ, арасындағы денсаулық 

сақтау жұмысы жылғы  мен тазалық ісі қамтылған екен [10]. Сонымен қатар, дәрігерлік кеңестер де 

беріліп отырған. Ел ішіндегі маңызды жұмыстың бірі денсаулық қорғау ісін жүргізуде «Қазақ тілі» 

газеті бұл мәселеге өте үлкен орын беріп «Денсаулық жайынан» атты айдармен үнемі мақалалар 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   656   657   658   659   660   661   662   663   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет