М.К. ДЮСЕМБЕКОВА
1
, Е.А. АИТИМБЕТОВ
2
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті
1
,
Л.Н.Гумилев атындағы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ магистрі
2
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ АДАМИ КАПИТАЛ
Мақалада м
емлекеттік органдардың бәсекеге жетудегі артықшылықтардың бірі болып адами
капитал жататындығы қарастырылады. Өз кезегінде адами ресурстар мемлекеттік қызметтегі адами
капиталдың құрылымын көрсететін ресурстар болып табылады.
Сондықтан отандық және шетелдік
тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік қызметтегі адами капиталды зерттеу өзекті болып табылады.
Түйін сөздер: мемлекеттік қызмет, адами капитал, корпоративтік адалдық, корпоративтік тиімділік,
командалық келісімділік, құзыреттілік.
Қазақстан Республикасында іске асырылып жатқан құрылымдық өзгерістер, мемлекеттік
және қазақстандық демократияның әрі қарай нығайту, мемлекеттік басқарудағы жаңа тәсілдер мен
мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі,
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты»
Жолдауындағы
[1] көрсетілген қағидаларға сәйкес болатын кәсіби мемлекетік ап-
паратты қалыптастыру қажеттілігі, мемлекеттік қызметтегі адами капиталды басқару сұрақтарын
ерекше маңызды етіп көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісін [2] іске асырудағы зерттеулер мәселесі мемлекеттік
қызметтегі адами фактордың маңыздылығын мойындатуға, мемлекеттік қызметкерлерді үздіксіз
кәсіби дамыту мүмкіндігіне, жұмыс нәтижелері мен ынталандыру жүйесінің өзара байланысына,
мемлекеттік қызмет жүйесіндегі адами капиталды басқару жүйесі мен тиімді кадрлық саясатты
қалыптастыру қажеттілігі көрсетілген. Осы айтылған қазіргі таңдағы адами капиталдың сапалы
өсуін қамтамасыз ететін облыстар мен салаларда мемлекеттің басқару саясатының мазмұны мен
сипатына қойылатын жаңа талаптарды қалыптастырады.
Мемлекеттік органдардың бәсекеге жетудегі артықшылықтардың бірі болып адами капитал
жатады. Адами капиталды иемденушілер болып адами ресурстар жатады яғни, бәсекелік күрес
жүргізу үшін медициналық, психологиялық, зияткерлік, кәсіби мәдениетті параметрлерге жарамды
адамдардың саны мен сапасы кіреді. Өз кезегінде адами ресурстар мемлекеттік қызметтегі адами
капиталдың құрылымын көрсететін ресурстар болып табылады.
Мемлекеттік қызметкерлер жұмысына, көп жағдайда, мемлекет жұмысы тәуелді болады, ал
мемлекеттік қызмет мемлекеттің мақсаттары мен міндеттерін тәжірибеде іске асыруына дайын
және қолдануға болатындай мемлекет механизмін жалғастырады және аяқтайды. Сондықтан да,
елдің өмір сүруіндегі осы сұрақтың маңыздылығы мен мәнділігі, отандық және шетелдік тәжірибені
ескере отырып, мемлекеттік қызметтегі адами капиталды зерттеу өзекті болып табылады.
Кеңестік дәуірден кейін көптеген басшылар өздерінің қызметтерінде ең алдымен өндірістік,
қаржылық және материалдық ресурстарды тиімді пайдалануға көп көңіл бөлді. Осыған сәйкес,
персоналды тиімді басқару еңбек ақы қоры бойынша бюджетті үнемдеуді ұйымдастыру
мүмкіншілігімен байланысты бағаланды. Адами ресурстардың ролі бағаланбады. Қазіргі кездегі
зерттеулерде ресурстың бұл түрін адами капитал деп атайды, оны тиімді пайдалану арқылы,
экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен қалған ресурстардың барлық түрінің тиімді пайдалануы
байланысты болады.
«Адами капитал» тұжырымдамасының тарихи пайда болуы үш бағытта жүргізілді.
|